Кәсіпорынның инновациялық және инвестициялық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2014 в 06:53, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорын экономикалық қызмет көрсететін заңды категория, олар халыққа қажетті тауар өндірумен айналысады.Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.
Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен өз капиталың салушы адам. Ал, Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор – бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы делдал.

Содержание

І. КІРІСПЕ........................................................................................................3-4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ........................................................................................5-47
2.1Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні мен маңыздылығы…………………………………………...……………….......5-8 2.2Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері....….........…9-13
2.3 Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау................14-21 2.4“Raimbek agro” ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау ......21-25
2.5Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда сапа және баға саясатын жетілдіру…….............................................................................................26-29
2.6 Кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру – бәсекеге қабілетті өнім шығарудың тиімді тетігі....................................................................29-47
III ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................50

Прикрепленные файлы: 1 файл

Инкар Курсовой.doc

— 585.50 Кб (Скачать документ)

    Кез келген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін қазіргі жағдайдағы маркетингтің әдістері арқылы нарықты кешенді зерттеу керек. Осының нәтижесінде тұтынушы өзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын өнімді сатып алуға жағдай жасайды.

         Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру нарықта өнім өндірудің негізгі шешуші факторларының бірі болатыны сөзсіз. Өнімнің бәсекелестік қабілеті сапа белгісімен қоса тұрғын халықтың өмірі үшін қауіпсіз және экологиялық таза өнім ұғымында қарастырады.

         Тауардың бәсекеде жеңіске жетуі оның техникалық-экономикалық көрсеткіштері мен өнім өндірудегі технологиясынық сапасына және қолдану қасиеттеріне (сенімділігі, төзімділігі) байланысты болады. Ал соңғы кездері, әсіресе, тауардың айналадағы ортаға зиянсыздығына, кейбір эргономикалық, жалпы гигиеналық, антропометрикалық, психологиялық және басқа да талаптарға сәйкестігіне бас назар аударылуда. Бұған қоса, шетке шығарылатын өнімдер міндетті стандарттық сапаға сәйкес келуі тиіс.

         Тауардың бәсекеге төзімділігін бағалағанда оның сату немесе сатып алу бағасы қарастырылады. Осыған қатысты мына жайттар ескерілгені жөн: нарықты және ақырғы тұтынушылардың сұранысын зерттеудің сапасы, тауарды нарыққа жеткізу мен оны сатуды ынталандырылып отыру, жарнама және тауардың өмірлік цикілін есепке алуға байланысты жүргізілетін жұмыстың тиімділік дәрежесі, баға стратегиясын таңдап алудың дұрыстығы, тауар өткізу мекемелері мен тауардың қозғалу бағаттарын белгілеу кезінде тауардың бәсекелік артықшылығы мен кемшіліктерін (маркетингтік құрастырушыларды) анықтау.

       Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру кез келген кәсіпорының алға қойған мақсаттарының бірі екендігі сөзсіз. Курстық жұмысымда талдау жасаған “Raimbek agro” ЖШС Қазақстан нарығында сүт өнімдерін өндіретін танымал, алдыңғы қатарлы кәсіпорын болып табылады. Сонымен қатар оның өнімдері сапасы жағынан жоғары, нарықта үлкен сұранысқа ие, тұтынушы көңілінен шығатын, бәсекеге қабілетті өнім болып табылады. Алайда, отандық кәсіпорындардың өндірген өнімдері шетел нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Отандық кәсіпорындар жаңа стандарттарға сай келетін, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті бола алатын өнімдерді шығару үшін, әлі көп істер мен мақсаттарды жүзеге асыру қажет.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан кәсіпорындардың сапалы өнім өндіруіне көп көңіл бөліп, жеңілдіктер жасап, қаржы жағынан қолдау көрсетуде. Соның біріне Қазақстан Республикасы Президентінің “Сапа саласындағы жетістіктері үшін” сыйлығын алуға арналған конкурсы және “Алтын сапа” республикалық көрме конкурсы дәлел болады. Озық көрсеткіштерге жеткен өндірісшілерді, қызмет көрсетушілерді марапаттау тәжірибесі әлемнің 40 жуық елінде бар екен. Сонымен қатар Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды - инновациялық даму Стратегиясында өңдеуші және ғылыми сыйымды жоғары технологиялық индустрияға аса зор көңіл бөлініп отыр. Инновацияның дамуы сапалы, бәсекеге қабілетті өнім өндіруге әсер ететін, бірден – бір факторы болып табылады,

      Елбасы Н.Ә. Назарбаев  Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына қосу міндетін қойып отыр. Егер болашақта алға қойған мақсаттарымыз бен міндеттерімізді уақытында іске асырсақ, біздің де бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіріп, әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің арасынан көрінетінімізге сөзсіз сенемін.

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. “Сапалы өнімге берілген лайықты баға” С. Шайынғазы.// Егемен Қазақстан 2006 жыл  10 қараша.

2. “Конкуренция и конкурентноспособность” Лифиц И.М.// Минск: ООО "Новое знание", 2008ж

3. “Бәсекелік экономика” О. Сәбден

4. “Маркетинг негіздері”  Есімжанова С.Р.// Алматы: “Экономика” баспасы 2008ж

5. “Оценка конкурентноспособности  продукции” Нурмагамбетов К// Мысль 2009ж

6. “Елулікке сапалы өніммен” Қ. Қайранбаев // Жетісу 2007жыл 24 ақпан.

7. ҚР Президентінің халыққа жолдауы. 4.04.04// Егемен Қазақстан 5 сәуір

2005 ж.

8.  “Қазақстан Республикасы Президентінің “Сапа саласындағы жетістіктері үшін” сыйлығын алуға арналған конкурсы және “Алтын сапа” республикалық көрме конкурсы туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы // Астана, Ақорда, 2006жылғы  9 қазандағы № 194 жарлығы.

9. “Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтауда кәсіпорынның баға саясатын жетілдіру” Өмірзақов С.Ы. // Қаржы – қаражат 2007жыл

10. “Бәсекеге қабілетті өнім шығарудың тиімді тетігі – кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру” Әмірбекұлы Е // ҚазЭУ хабаршысы 2008ж

11. Вестник КазНУ экономики "Основные принципы конурентноапособности" - №6 (26) – 2009ж

12.Белоуов В.Л. "Анализ конкурентноспобобности фирмы" Маркетинг в России и зарубежом – 2007ж

13. ҚР Президентінің халыққа жолдауы. 4.04.04// Егемен Қазақстан 5 сәуір

2005 ж.

14. Лобанов М. "Конкурентноспособность и качества продукции" – Маркетинг №2 – 2008 г.

15. Мақыш С.Б. “Коммерциялық банк операциялары” Алматы 2007 ж.

16 Смирнова Т. и др. “Проектирование экономических информационных систем ”.

17 Стороженко Л.А., Матвеева И.А.  Информационно-компьютерные системы учета в Республике Казахстан./ Сборник статей “Информационные системы в экономике”. - Алматы: Экономика – 2009 г. - с.87-93.

18 Қ.С. Байшоланова Ақпараттық жүйелер теориясы, Алматы: Экономика -2002ж.

19 Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова, Н.Л.Гагарина “Экономикадағы ақпараттық жүйелері”. Оқу құралы. Алматы, 2009 ж.

20 Н.Б.Бралиева, Л.А.Байбөлекова, Қ.Т.Балашов “Ақпараттық менеджмент негіздері”. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2008 ж

 

 

 


Информация о работе Кәсіпорынның инновациялық және инвестициялық саясаты