Кәсіпорынның инновациялық және инвестициялық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2014 в 06:53, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорын экономикалық қызмет көрсететін заңды категория, олар халыққа қажетті тауар өндірумен айналысады.Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.
Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен өз капиталың салушы адам. Ал, Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор – бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы делдал.

Содержание

І. КІРІСПЕ........................................................................................................3-4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ........................................................................................5-47
2.1Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні мен маңыздылығы…………………………………………...……………….......5-8 2.2Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері....….........…9-13
2.3 Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау................14-21 2.4“Raimbek agro” ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау ......21-25
2.5Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда сапа және баға саясатын жетілдіру…….............................................................................................26-29
2.6 Кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру – бәсекеге қабілетті өнім шығарудың тиімді тетігі....................................................................29-47
III ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................50

Прикрепленные файлы: 1 файл

Инкар Курсовой.doc

— 585.50 Кб (Скачать документ)

 


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

І. КІРІСПЕ........................................................................................................3-4

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ........................................................................................5-47

2.1Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні мен маңыздылығы…………………………………………...……………….......5-8 2.2Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін  бағалау  көрсеткіштері....….........…9-13

2.3 Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау................14-21 2.4“Raimbek agro” ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау ......21-25

2.5Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда сапа және баға саясатын жетілдіру…….............................................................................................26-29

2.6 Кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру – бәсекеге қабілетті өнім шығарудың тиімді тетігі....................................................................29-47

III ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................48

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................50

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Менің таңдап алған курстық жұмысымның тақырыбы «Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдар». Қазіргі таңда Қазақстан нарықтық экономикалық ел ретінде танылған мемлекетке айналды, ол жаңа экономикалық даму кезеңіне жол ашты. Ондаған жылдар бойы қалыптасқан жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшуі, экономикада жаңа ұғымдардың пайда болуына әкелді. Сол ұғымдар арсында "Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі" ұғымы қазіргі таңда кең қолданысқа түскенін аңғаруға болады. Өнімнің сапа және бәсекеге қабілеттілігі мәселесі қазіргі жағдайда әмбебап сипатты иеленуде.

       Қазақстан Республикасының президенді Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылы  наурыз айының 24жұлдызында Республика кәсіпкерлерінің (бәсеке қабілеттілігі мен өнімділігін арттыру) конгресінде сөйлеген сөзі: “Бірінші – ол отандық кәсіпкерліктің бәсеке қабілеттілігі мен өнімділігін арттыру деп атап қөрсетті”. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру еліміздің экономикасы үшін үлкен маңызға ие болып отыр. Соған байланысты отандық тауарлардың шетел тауарларына бәсеке бола алатын деңгейге жеткізу алға қойған мақсаттардың бірі болып табылады.

       Халықаралық бәсекелестік жағдайында елімізде өндірілген өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте тұр. Ал халықаралық нарыққа шығу үшін сапалы өнім қажет және жоғары сапалы өнім өндіретін салалар білікті мамандармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонда ғана белгілі нәтижелерге қол жеткізгенімізге сенім артуға болады. Елімізде жүзеге асырылып жатқан индустриялық – инновациялық даму стратегиясы да дәл осы мақсаттарды көздейді.

      Статистика мәліметтеріне жүгінсек республика бойынша 700 – ге тарта кәсіпорын халықаралық сапа белгісі ИСО – 9001 – ге ие болды.

      Алайда бұл бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін әлі де аздық етеді. Сондықтан да, қол жеткізген табыстарға тоқмейілісіп, бір орында тұрып қалуға болмайды, сонымен қатар алдымызға әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу міндеті тұр. Осы өскелең міндетті жүзеге асыру жолында қыруар істер тындыру қажет. Шындығына келгенде, бұл – осыған дейінгі табыстардан да күрделі мәселе.

       Қарастырылып отырған мәселенің өзектілігі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша, өнімнің сапалық қасиеттерін жақсарту, кәсіпорынның баға саясатын, өнімнің табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде маңызды болып табылатын, маркетинг жүйесін жетілдіру қажеттілігі туындап отырғандықтан, курстық жұмысымның тақырыбын “Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеру жолдары” деп таңдауға себеп болды.

       Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің теориялық - әдістемелік, тәжірибелік негіздерін зерттеу және бәсекеқабілеттілігін арттыру жолдарын анықтау. 

       Анықталған мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттер шешілуі тиіс:

      - Өнімнің бәсекеқабілеттілігінің экономикалық мәні мен маңызын ашып көрсету;

      - Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін  бағалау  әдістемелерін қарастыру;

     - Кәсіпорынның ұйымдық – экономикалық сипаттамасын қарастыру;

      - Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін талдау;

     -  Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтауда, кәсіпорын өнімінің сапалық қасиеттерін жақсарту және баға саясатын жетілдіру.

       - Бәсекеге қабілетті өнім шығарудың тиімді тетігі – кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру;

       Курстық жұмысымның теориялық және әдіснамалық негізіне Қазақстан Республикасының Заңдары, Үкіметтің Қаулылары, Президент Жолдаулары, ҚР Статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері мен  “Raimbek agro” ЖШС деректері құрайды.

       Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

       Бірінші бөлімде өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні мен маңыздылығы және бағалау  көрсеткіштерін анықтаудың теориялық мәселелері қарастырылады.

       Екінші бөлімде “Raimbek agro” ЖШС ұйымдық – экономикалық сипаттамасы қарастырылады және өнімінің бәсекеге қабілеттілігіне талдау жасалынады.

       Үшінші бөлімде кәсіпорынның сапа, баға саясатын және маркетингтіқ жүйесін жетілдіру мен қатар  “Raimbek agro” ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру жолдары қарастырылады.

        Қорытындыда зерттеу тақырыбы бойынша жалпы қорытындылар мен ұсыныстар жасалды.

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні мен маңыздылығы.

 

        Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – бұл оның нарықтағы сәттілігін анықтайтын тауардың тұтынушылық және құндық сипатының жиынтығы. Бұл тауарға сәйкес нарық шарттарымен, тұтынушылардың техникалық, эстетикалық сипаттарымен қоса сапасы бойынша, сонымен қатар оны таратудағы экономикалық және коммерциялық жағдайларын сипаттайтын күрделі категория, көп функциялы ұғым.

       Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі жөнінде көптеген экономист ғалымдар әртүрлі анықтамалар берген. Мәселен: Ресейлік ғалым И.В. Сергеев  өнімнің бәсеке қабілеттілігіне “тұтынушының қажетін өтейтін және сатып алу мүмкіндігіне сай келетін тауардың сапалық және құндық көрсеткіштерінің жиынтығымен сипатталады және осы тектес бәсекелес өнімдерден ерекшеленеді ” – деген анықтама берген. Ал И.Н. Герчикова: “Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі-тұтынушының жеке сұраныстарын қанағаттандыратын, бағасы жағынан тиімді және сапасы жоғары, ұқсас тауарлардан айырмашылығы артық тауардың жиынтық  қасиеті” – деп айтады. Отандық ғалымдар: ”Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – бұл өнімнің, бәсекелес өндірушулердің ұқсас өнімдермен салыстырғанда, жоғары тұтынушылық қасиеттерімен, төмен бағамен, тартымдылығымен және оның қажеттілікті өтеу құндылығымен ерекшелену сипаты ” – деген пікір айтқан. Сонымен өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – бұл өнімнің бәсекелес өнімнің ұқсас қасиеттерінен, өндіруші және тұтынушы үшін екі жақты тиімді өндіру, сатып алу–сату және түтыну көрсеткіштерімен ерекшеленетін техникалық, функционалдық және экономикалық қасиеттерінің жиынтығы.

       Кез келген тауар ішкі нарықта бәсекеге қабілетті, ал сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігі төмен болуы әбден мүмкін. Соған байланысты сомалық көрсеткіштердің өзгеріссіз, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі кең шеңберде өзгеруі мүмкін. Ол нарық конъктурасының өзгерісіне жарнама және т.б. тауарға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар негізінде жүзеге асады.

        Ішкі факторлар – кәсіпорынның тиісті сапаға сай өнім өндіру қабілетіне байланысты болып келеді. Олар төмендегідей жіктеледі:

  1. Техникалық факторлар
  2. Ұйымдық факторлар
  3. Экономикалық факторлар
  4. Әлеуметтік – психологиялық факторлар

       Техникалық факторлар – өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы болып табылады. Сондықтан да жаңа техника мен технологияны енгізу, жаңа материялдар мен сапалы шикізатты қолдану бәсекеге қабілетті өнім өндірудің материялдық негізі болып табылады.

       Электронды есептеуіш техниканың жылдам дамуы үлкен көлемде ақпаратты жинақтауға, сақтауға, өңдеуге мүмкіндік береді. Жаңа күрделі ақпараттық техника фирманың құрал – жабдықтарының тиімділігін бақылауға, көрсеткіштерді басқаруға мүмкіндік береді. Ал үнемі жаңартылып, жетілдіріліп отыратын ақпараттар көмегімен фирма басшылығы перспективалы шешім қабылдауға қажет, нақты, қазіргі заманға сай ақпараттарды алады.

       Ұйымдық факторлар – өндірістік және еңбек ұйымдарының жетілуіне, өндіріс тәртібі мен өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қатысты жауапкершіліктің жоғарлауына, өндіріс мәдениетіне, ұйымды жоғары деңгейлі квалификациямен қамтамасыз етуге, сапаны басқару мен оның сертификациялау жүйесін енгізуге  байланысты болып келеді.

       Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қатысты жауапкершілік  фирманың бірнеше мамандандырылған  бөлімшелеріне бөлінуі тиіс. Бұрында сапаға тек шеберлер мен инженер – конструкторлар ғана жауап беретін болса, қазір өнім  өткізуді ұйымдастыру тобы әр бөлімге талаптарды бөліп береді. Мысалы: Техникалық топ, талаптарға сай  келетін жобаға жауап береді. Бұл топтың міндеті –  өндірісті дайындау мен ұйымдастыру. Сапаны басқару тобы, талаптарға сай сапаның мінездемесін жоспарлауға және өнімді өндірістік үрдіс кезінен, дайын өнім болып шыққан сәтке дейін сапамен қамтамасыз етуге міндетті.

       Экономикалық факторлар – өнімді өткізу мен шығаруға кеткен шығындармен, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін керекті деңгеймен қамтамасыз етуге кеткен шығындармен, баға белгілеу саясатымен және жоғары сапалы өнім өндіру үшін,  ұйымды  экономикалық  жағынан ынталандыру жүйесімен байланысты болып келеді. 

      Сапалы емес өнім өндіруге кеткен қосымша қаржылық шығындар кәсіпорын үшін қауіпті болады. Белгілі бір деңгейде шығындардың өсуінен, фирма басшылығы сол облысқа көңіл бөліп, шығындарды төмендетуге және табысты өсіруге тырысуы керек.

       Әлеуметтік – психологиялық факторлар – ұйымда мықты  әлеуметтік – психологиялық  орта құруға, жұмысқа қолайлы жағдай жасауға, қызметкерлерді кәсіпорынға адал етіп тәрбиелеуге, қызметкерлердің өз жұмыстарын шынайы ниетпен істеуіне әсер етеді.

       Көптеген индустриалды дамыған елдер компаниялары өнімнің бәсекеге қабілеттілігін ішкі нарықта шешуге тырысады, өйткені болашақта өз тауарын сыртқы нарықта тарату мүмкіндігіне толық сенімді болады.

       Сыртқы факторлар – нарықтық ортада өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырады. Оларға жататындар:

  1. Бәсеке
  2. Нормативтік құжаттар
  3. Нарықта белгілі бір орынға иелену
  4. Имиджбен қамтамасыз ету

        Ішкі және сыртқы факторлар бір – бірімен  тығыз байланысты және олар өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететіні сөссіз.         

       Өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін көтерудің экономикалық маңызы өндіруші мен тұтынушының екі жақты тиімділігінде анықталады. Өндірушіде − бұл нарықты жеңіп алу, келісімшарт бағалар мен өнім рентабельділігін арттыру, ал тұтынушыда − өнімді өндіруде материалдық−техникалық және еңбек ресурстарын үнемдеу болып табылады.

       Еркін нарық жағдайында өндірушіге де тұтынушыға да өндіріс тиімділгін көтеру,құнын төмендетумен қатар, сапаны көтеру шешуші фактор болып табылады.

       Біріншіден, өнім сапасын көтеру пайдалы әсер бірлігіне материалдық−техникалық және еңбек ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді.

       Тұтынушыға ағымдық шығындардың мұндай үнемделуі жаңа техниканың жақсартылған көрсеткіштерін береді:

                           ,   (1)

Мұндағы: материалдық−техникалық және еңбек ресурстарын үнемдеу; , және    − жаңа техниканың өнімділікті, сенімділікті және табиғи өміршеңдігі арттыру коэффициенттігі; Рсб−базалық техниканың ресурс сыйымдылығы; Жжт−жасалған келісімшарттар мен маркетингтік зерттеулер мәліметтері бойынша техниканың жоспарланған сату көлемі.

       Өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін көтеру өңдеушіге баға мен оның ретабельділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

       Екіншіден, жаңа техниканың сапасын көтеру тұтынушыға құндық фактор есебінен өнімнің бәсекеге қабілеттігін көтеру арқылы оның сату көлемін арттыру есебінен өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді (Эөқ(т)):

                           Эөқ(т)   Штшн х (Кжтө− ),            (2)

Мұндағы:  Штшн −негізгі кезеңдері тұтынушыдағы өнімнің құнының шартты −тұрақты шығындары;  Кжтө − жаңа техника өнімділігін арттыру есебінен нарықтық қажеттілік шегінде өнім шығаруды көбейту.

       Үшіншіден, жаңа техниканың сапасын көтеру тұтынушыға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге жұмсалатын шығындарды салыстырмалы түрде қысқартуға мүмкіндік береді (Этқж(т)):

Информация о работе Кәсіпорынның инновациялық және инвестициялық саясаты