Касипкерлик-бул новаторлык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 13:54, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол өнертапқыш. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
І тарау Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы...............................................................5
1.2 Кәсіпкерліктің мәні, формалары және бағыттары..................................12
ІІ тарау Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары
2.1 Қазақстан Республикасындағы көп деңгейлі кәсіпкерлікті дамыту жағдаймен талдау..............................................................................................20
2.2 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару бағыттарының ерекше түрі......................................................................................................................23
ІІІ тарау Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу негіздері
3.1 Мемлекеттегі кәсіпкерлікті реттеу мен оны дамыту шаралары............................................................................................................26
3.2 Кәсіпкерлік мемлекеттік қолдауда дамыту мен жетілдіру жолдары..............................................................................................................29
Қорытынды........................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Касипкерлик Санимdoc.doc

— 173.00 Кб (Скачать документ)

Аталған классфикацияға сәйкес кәсіпкерлікті басқару жүйесіне келесідей анықтама беруге болады. Кәсіпкерлікті басқару жүйесі бұл болжамсыздық пен тұрлаусыздық эелменттерімен сипатталатын жаңа құрылымдар мен қасиеттергеие болуға қабілетті, сатылық қосалқы жйүелерден тұратын сыртқы ортамен тығыз байланысы бар, үлкен күрделі және нысаналы ашық  ұйымдық жүйе.

Кәсіпкерлікті басқару  жүйесі бұл мақсатты көп деңгейлі басқару жүйесі, басқару обьектісіне  кәсіпкрелік қызмет  жатады, ал басқару  субьектісі ретінде кәсіпкерлікті басқару органдары жүйесі орын алады. [3.18]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау  Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары

2.1 Қазақстан Республикасындағы көп деңгейлі кәсіпкерлікті дамыту

жағдайын талдау

Ұйымдық шағын кәсіпкерлікті басқару жүйесі дегеніміз эконмоиканың шағын секторында кәсіпкерлік қызметті жандандыру есебінен жалпы ұлттық өнімді көбейту сияқты мақсаттарға жету үшін элементтердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жүйе. Ұйымдық жүйенің мақсаттарын талдау процесінде олардың жіктелу жағдайлары мен бір қатар принциптері ұсынылады. Мақсаттарды жалпы және жеке, ішкі және сыртқы, сандық және сапалық деп жіктейді. Осы жіктеуден шыға отырып кәсіпкерлікті басқару жүйесінің масқаты қоғамның эконмоикалық өмірінің әртүрлі аспектілерін қамтитындықтан жалпы мақсаттар категориясына жатады. Тұжыырмдалған мақсат сыртқы сипатқа ие, себебі ол жалпы Қазақстанның экономикалық жүйесі жағдайында анағұрлым жоғары деңгейде болады, соңында мақсат бұл сандық емес сапалық қасиетке ие дегенмен бұл бөлшектеп байланыстыру процесінде кәсіпкерлік қызметін жандандырудың  нақты сандық көрсеткіштеріне шығу ұйғарылуда.

Кәсіпкерлікті басқару  бұл сатылы жүйе олай болса мақсаттар  деп саты деңгейлері бойынша айрықшаланады. Төмендегі келесі мақсат деңгейлері, анағұрлым деңгейлі мақсаттарға қол жеткізу құралы ретінде орын алады. Осыған орай ұйымдық жүйенің кешенді мақсаттарын қалыптастыру кезінде бөлшектеп байланыстыру жүзеге асырылады. Мемлекеттік деңгейде қалыптасатын бірінші ретті мақсаттар, бөлшектеп байланыстыру процесінде екінші ретті мақсаттарға немесе аймақтық басқару органдар мақсаттарына айналады. Мақсаттардың одан әрі бөлшектеп байланыстырылуы, жергілікті кәсіпкерлікті басқару органдары үшін мақсаттарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қалыптастырылған мақсаттардың тікелей іске асырылуы нақты кәсіпорындар деңгейінде жүргізіледі.

Тиімді басқару мақсатында кәсіпкерлікті көп деңгейлі басқару  жүйесін құру ұсынылуда, ол басқарудың негізгі деңгейлерін қамтуы тиіс, соның ішінде:

  • табиғи монополияларды басқару және шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігінің басшылығындағы кәсіпкерлікті басқарудың мемлекеттік деңгейін;
  • кәсіпкерлікті басұарудың аймақтық деңгейін;
  • шағын кәсіпкерлікті дамытудың аудандық орталықтарын құру түріндегі жергілікті деңгейін;
  • кәсіпкер мен оның командасы ретіндегі фирма деңгейін.

Аймақтың экономикалық өсуі мен шағын бизенстің даму базасныда жаңа жұмыс орындарын  құру бағдарламалары: шағын кәсіпкерлікке  технологиялық көмек көрсету, қазіргі  бизнесті кеңейту, оның әртараптандырылуы, шағын кәсіпкерліктің қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында мемлекеттік және аймақтық ресурстарды университеттер мен колледждер базаларымен біріктіру, шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарының сыртқы экономикалық қызметтеріне көмек көрсету, шағын кәсіпкерлік бағдарламаларын қаржыландырудың мемлекеттік емес көздерін тарту бағдарламалары шағын кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағдарламалары болып табылады.

Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау: бизнеске ақпараттық қолдау көрсету, тиісті салық салу жүйелері мен басқа да реттеуші механизмдер арқылы кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру, қоғамда кәсіпкерлік климат құру, мемлекеттік деңгейдегі шағын кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі бағдарламалары бола алады.

Кәсіпкерлік бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және тәуекелсіздікке өз бетінше жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі. [4.56]

Еркін кәсіпкерлік –  барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік  қолдау мен ынталандыру қажет  кәсіпкерлік негізделген бастама. Осы тәрізді кәсіпкерлік кәдімгі  күнделікті бизнестен түбірінде ұқсамайды және әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын – жаңа индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.

Кәсіпкерлік дамытудың  басты сті нарық экономиғкасында  бәсекелестік ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады.

Атақты ағылшын ғалымы, экономисі Альфред Маршалл атап көрсеткендей, нарық экономикасының негізгі қасиеті – «кәсіпкерлік пен                                                                                                              процесстерді жеделдетуші.

Нарық экономикасына  өтуеркін кәсіпкерлікке жол ашты, біақ барлық мәселелерді шешкен жоқ. Оларды шешу үшін мемлекеттің үйлестіру рөлі қажет.

 

 

2.2 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару бағыттарының ерекше түрі

Республикамызда нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды міндеттердің бірі – шағын кәсіпкерлікті дамыту. Шағын кәсіпорындар экономиканың құрылымдық қайта құруын жеделдетеді, тұтынушылардың сұранысына жедел әрекет етеді. Республикада шағын бизнестің дамуы мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шарттарды қалыптастырудың алғашқы қадамдары жасалуда. Оған келесі жағдайлар бекітілген:

-шағын кәсіпорындар  кез келген халық шаруашылығының  саласында, кез келген меншік  формасы негізінде құрыла алады.

-өнеркәсіп пен құрылыста  жұмыскерлер саны 200-ге дейін;

                                                                                                                             

         -ғылым мен ғылыми қызмет көрсету  саласында: жұмыскерлер саны 100 адамға  дейін; 

-өнеркәсіптік сфераның  басқа салаларында: жұмыс істейтіндер  саны 25 адамға дейін;

-бөлшек саудада: жұмыс  істейтіндер саны15 адамға дейін.

Шағын кәсіпорындарды азаматтар, мемлекеттік, ұжымдар, біріккен кәсіпорындар, шаруашылық ассоциациялары, мемлекеттік  органдар құрады. Шағын кәсіпорын  мемлекеттік тіркеуден өткен  күннен бастап заңды тұлға статусына  ие болады. Кәсіпорын шаруашылық қызметін жүргізуде, шығарған өнімге, міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайдаға тәуелсіз иелік етеді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың түпкі мақсаты әлеуметтік проблема, ол халықтың өмірн жақсарту проблемасын шешуге бағыттылған. Ол үшін экономиканы «тұтынушығы қызмет ету» режиміне ауыстыру қажет. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл мақсатқа экономикалық қатынастардың кәсіпкерлік типі сәйкес келеді. Оның негізгі белгілері: батыл инициатива, толық еркіндік пен жауапкершілік, нарық коньюктурасын бақылау мен  қажеттілікті іздеу, бәсекелік күрес тактикасы мен инвестициялау мәселелерін талдау.

Республикамыздағы шағын  бизнестің экономикалық мәнін тереңнен түсінуге «Қазақ КСР-індегі шаруашылық қызмет еркіндігі мен кәсіпкерліктің дамуы» туралы заңның қабылдануы жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік шаралар мен кепілдіктерді анықтап береді.

Қазақстанда шағын кәсіпорындар Одағы құрылды. Бұл орган шағын кәсіпкерлікті қорғау, қолдау қызметін атқарады, олардың қызметін жүйелейді.

Ол мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

-Қазақстанда шағын  кәсіпорындарды қолдау қорын  құру;

-жеңілдік жағдайымен  несиелеу;

-шағын кәсіпкерлікті  қаржыландыратын инвесторларға төмендетілген салық мөлшерлемесін қолдану;

-шағын кәсіпорындарды  несиелеу және сақтандыру бойынша  кепілдіктер 

 беру;

-шағын кәсіпорындар  мемлекеттік тұрақты бағалар  мен тарифтерді қолданған кезде, олардың орнын толтыру үшін қаржыландыру;

-шағын кәсіпорындарға  сыртқы экономикалық қызметпен  айналысуға көмек  көрсету.

Кәсіпкерлікті қолдаудың, дамытудың жоғарыда аталған бағыттардан  басқа шағын кәсіпкерлікке көмек  көрсетуге арналған аймақтық құрылымдар құрылған. Ол құрылымдарға кәсіпкерлікті қолдаудың орталықтары мен инновациялық орталықтарды жатқызуға болады.

Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев кәсіпкерлікке барынша  қолдау көрсету мәселелеріне айрықша  көңіл бөлуде. Оның «Шағын кәсіпкерлікті  дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту  және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы осы мәселеге арналған. Мемлекет басшысы құқықтық және қаржы-материалдық базаны одан әрі жетілдіріп, жер –жерде азаматтардышағын бизнеске тарту үшін қолайлы жағдай жасалуына жоғары талап қойып, бұл мәселені ұлттық экономиканың стратегиялық аса маңызды секторы ретінде қарастырып отыр. Алайда, қабылданған шаралардың іс-жүзінде нақты жүзеге асуы жеткіліксіз болып отыр. Шағын бизнеске қолдау көрсетуге бөлінетін қаржы мардымсыз болып тұр. Шағын кәсіпорындарды қаржыландырудың ықтимал көздерін іздестіру жұмысының жолға қойылуы да қанағаттанғысыз. Екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта кәсіпорындарға бірінші кезекте несие беру тәртібі баяу енгізілуде.

Шағын бизнесті дамыту мемлекеттік  мыңызы бар, күрделі іс болып саналады. Бұл арада халықпен тығыз байланыс жасмай, оның қолдануына                                                                                                                           сүйенбей ілгері басу мүмкін емес. Жеке және шағын бизнестің дамуына заңдық база жасау және оған мемлекеттік қолдау көрсету шағын бизнеске үлкен серпін береді. [5.30]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ тарау Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу  негіздері

3.1 Мемлекеттегі кәсіпкерлікті реттеу мен оны дамыту шаралары

 

Кәсіпкерлік бірқатар экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуде маңызды  рөл атқарады. Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы барысында мемлекеттік  қолдауды талап етеді. Себебі ірі  кәсіпорындардың монополиялық әрекетінен, экономикалық өзгерістер кезінде шағын бизнес қиын хал-жағдайда болады. Мемлекет бизнестің алдында тұрған кедергілерді жоюға, құқықтық жағынан көмек көрсетуге, өркениетті нарықтық қатынасты орнатуға ықпал етуге тиіс.

Республикада қабылданған  «шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдау туралы» заңға сәйкес ел экономикасының маңызды салаларының бірі – ауыл шаруашылығында бизнесті дамытуда орындалуы тиіс шараларды атап өткен қажет.

Мемлекеттің агробизнес жүйесіне араласының қажеттілігі бақылау  мен реттеуге жататын негізгі  параметрлері, тіпті дамыған нарық жағдайын да да орын алатын обьективті факторлармен анықталады.

Кез келген экономикалық жүйеде нарыққа бағынбайтын, мемлекеттің  араласуын қажет ететін: бюджеттік, несиелік, салықтық, инвестициялық  сферасында мемлекеттік реттеу проблемалары бар.

Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен  қоғамның орташа топтарына жататындығы  емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы  меншікке негізделуі болып табылады. Қазіргі уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Республикада шағын бизнеспен бір миллионнан аса адам айналысады.

                                                                                                                          

        Шағын бизнесті дамыту үшін  үш факторлық жағдайды ескеру  қажет Олар:

-кәсіпкерлердің құқығын  қорғайтын жүйе жасау;

-тексеруші органдардың  санын азайту;

-рұқсат берушіқұжаттардың  санын азайту.

Шағын және орта бизнестің күрделі проблемаларының бірі несиелік ресурстарды алудың қиындығы.

Кәсіпкерлер банктен  несие алудан бес түрлі себеппен бас тартады:

-пайыздық өсімнің  жоғары болуы;

-кепілдік талаптың  тым қатаң болуы;

-ақпараттың жетіспеушілігі;

-несие алу мүмкіндігіне сенімнің жоқтығы;

-банктердің кәсіпкерлерден  аймақтық алшақтығы.

     Шағын кәсіпкерлікті  мемлекеттік негізгі қағидалары:

-шағын кәсіпкерлікті  дамытудың басымдылығы;

Информация о работе Касипкерлик-бул новаторлык