Касипкерлик-бул новаторлык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 13:54, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол өнертапқыш. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
І тарау Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы...............................................................5
1.2 Кәсіпкерліктің мәні, формалары және бағыттары..................................12
ІІ тарау Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары
2.1 Қазақстан Республикасындағы көп деңгейлі кәсіпкерлікті дамыту жағдаймен талдау..............................................................................................20
2.2 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару бағыттарының ерекше түрі......................................................................................................................23
ІІІ тарау Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу негіздері
3.1 Мемлекеттегі кәсіпкерлікті реттеу мен оны дамыту шаралары............................................................................................................26
3.2 Кәсіпкерлік мемлекеттік қолдауда дамыту мен жетілдіру жолдары..............................................................................................................29
Қорытынды........................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Касипкерлик Санимdoc.doc

— 173.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................................3

І тарау Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері

1.1 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы...............................................................5

1.2 Кәсіпкерліктің мәні, формалары және бағыттары..................................12

ІІ тарау  Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары

2.1 Қазақстан Республикасындағы көп деңгейлі кәсіпкерлікті дамыту жағдаймен талдау..............................................................................................20

2.2 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару бағыттарының ерекше түрі......................................................................................................................23

ІІІ тарау Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу негіздері

3.1 Мемлекеттегі кәсіпкерлікті реттеу мен оны дамыту шаралары............................................................................................................26

3.2 Кәсіпкерлік мемлекеттік қолдауда  дамыту мен жетілдіру жолдары..............................................................................................................29

Қорытынды........................................................................................................31

Қолданылған әдебиеттер..................................................................................33

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол өнертапқыш. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

Қазақстан экономикасы  әкімшілік-әміршілдіктен нарықтық экономикаға өтудің қиын кезеңінде болды. экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес, оның мәні экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы бар екендігінде. Өтпелі экономика кезеңінде экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экониканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадам болып табылуы мүмкін.

Кәсіпкерлікті дамыту саласында  методологиялық дәрежеде шетелдік атап айтқанда американдық ғалымдармен көптеген зерттеулер жасалынған. Бұл осы елдің шағын кәсіпкерлікті дамытуда 200 жылдық тарихы бар екендігін көрсетеді.

Жалпы өркениетті елдердің қай-қайсысын алсақ та өздерінің  экономикалық және әлеуметтік мәселелерін  шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде қалыптасу кезеңінде экономикалық реформалардың табысты жүзеге асуына ерекше назар аударады. Өйткені ұзақ жылдар бойы үстемдік еткен жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту тұсында оның маңыздылығы жоғары болады. Осыған байланысты елімізде меншіктің әртүрлі нысандарының қалыптасуы мен соның негізінде кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне жол беру кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының бастапқы алғышарты болып табылады. Кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының көптеген факторларының ішінде кәсіпкерлік қызмет және оның субьектілері, яғни кәсіпкерлер маңызды роль атқарады. Кәсіпкерліктің мәні мен маңызын ашу, оның негізгі белгілерін анықтауға экономика ғылымы үш ғасырдан астам уақыттан бері өз үлесін қосып келеді. Осыдан келіп тақырыптың өзектілігі туындайды.

Курстық жұмыстың мақсаты экономикамызды әрі қарай индустриялық жағынан дамыту мәселесі, монополияның төңірегінде жүрген бизнестің бәрін кәсіпкерлікке беру, қабылданған бағдарламалардың бәрін орындау әрі оларды аяғына дейін жеткізу мәселесі.

Курстық жұмыстың міндеттері: 

-экономикамыздың, мемлекетіміздің  дамуының қазіргі кезеңінде кәсіпкерлікті  одан  әрі дамыту;

- кәсіпкерлікті барынша  дамытуға барлық мүмкіндіктер туғызуды талап ету;

- кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдауда жетілдіруді дамыту;

Бұл курстық жұмыс  негізінен  екі бөлімнен тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпкерліктің дамуы мен кәсіпкерлікті басқарудың жүйелік бағыттары қарастырылған.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы мен оны қазіргі тұрғыдан толықтай қарастыру мәселесі қойылған.

 

 

І тарау Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері

1.1 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы

 

Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы орта ғасрылардан бастау алса, кәсіпкерлер түсініктерін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Контильон ХVІІІ ғасырдың басында енгізген. Оның пікірінше кәсіпкер ол тәуекел жағдайында іс-әрекетін жүзеге асыратын адам. Кейін оны атақты фарнцуз экономисі Ж.Сэй кәсіпкерлік қызмет негізгі үш өндіріс факторының, яғни жер, капитал, еңбектің өзара үйлесуі мен бірігуі нәтижесінде орын алады деп сипаттаған. Ол кәсіпкерді тәуекелге бара отырып, өз есебінен өз пайдасы үшін қандай да бір өнім өндіруді қолға алған адам деп есептейді.

Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде кәсіпкерлік теория әртүрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды да олар бірте-бірте кәсіпкерлік бұл адамның тәуекел мен жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта келгенде кәсіпорын құруды білдіретін ұғым деген пікірге келді.

Алғашқыда кәсіпкерлік  термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің  өзі тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алатын адаммен байланыстырылды. Мысалы, 1725 жылы Кантиллион кәсіпкерлікті өз мойнына тәуекелді алумен байланыстырды,  сонымен қатар ол капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, ресурстарын қолданушыларды ажыратып отырды. Ол кәсіпкерді өзіне өзі жұмыс орын жасайтын адам ретінде қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы сыйақы үшін жұмыс істеу қанағаттандырмаса ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантиллонның пікірінше кәсіпкерлердің басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеуі. [1.32]

Кейінірек ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Квинсей сияқты физиократтар кәсіпкерлік концепциясын кеңейте  түсті. Олар Кантиллион сияқты кәсіпкерлерді  тұрлаусыздық иелері деп санады, бірақ  ілгері жылжи отырып бұл анықтамаға өндіріс процесін енгізді, демек сонымен бірге кәсіпкерлердің пайда табуы үшін белгілі экономикалық ресурстарға ие болу қажеттілігі де енгізілді. Олардың түсінігінше кәсіпкер өнім өндірісін ұйымдастыру, жаңа әдістерді енгізу және жаңа өткізу нарықтарын іздестіруі қажет.

Басқа бір физиократ  дін қызметшісі Николас Бауде  өндірушілер мен фермерлер топтарының гүлденуі, олардың жаңалықтарға яғни жаңартпа мен менеджментке деген  бейімділіктеріне байланысты деп санады. Бауде еңбек өнімділігінің ұлғаюындағы ғылым мен технологияның маңыздылығына әрдайы ерекше көңіл аударып отырды. Ол кәсіпкерлер мен меншіктенушінің өзара айырмашылықтары бар деп ұйғарды. Меншіктенушілер кәсіпкерде капиталмен қамтамасыз етеді, олар өз кезегінде бұл қаржы құралдарын шикізат алуға және жұмысшыларға еңбек ақы төлеуге пайдалана отырып тәуекелге барады.

Өз ілімінде ол жаңа енгізілімдерді басқарудың қажеттілігін сондай-ақ тәуекел  деңгейін тек білім арқылы төмендетуге  болатындығын дәлелді түрде сипаттады. Ол сондай-ақ кәсіпкерлердің кемшіліктерін және оларды өндірісті ұйымдастыру өнері сияқты маңызды салада оқытып үйрету қажеттілігін көрсетті әрі мемлекетті өзінің әкімшілік билігі мен заңдарын осныдай адамдарды қолдау үшін пайдалануға шақырды. Сонымен қатар, ол сол кезде-ақ монополиямен күресу қажеттілігін және салық жүйесінде тәртіптің жоқтығын көрсетті.

1776 жылы Адам Смит  өзінің «Халық байлығының табиғаты  мен себептері туралы зерттеу»  атты еңбегін жазған кезде  ол негізгі өндіріс факторларын  бөліп көрсетті: жер, еңбек, капитал бірақ кәсіпкерлің ролі туралы ештеме айтылмады. Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің ролі мен  мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерді, ол индустриялық төңкеріспен қатар кәсіби менеджменттік төңкерістің де сап ете қалатынын айтты. Сэйдің айтуынша «Өндіріс шеберлері» келесі қасиеттер мен дарындарға ие болуы қажет.

*  Төлем қабілетті, тәртіпті, сақ, адал және тұрақты болуы;

* Қарыз түрінде капитал тарта білу және несиені уақытында қайтара білу.

*  Өз бойына әділеттілік пен бизнесті жете білушілік пен табандылық сияқты басқа да моральдық қасиеттерді қалыптастыру.

Кәсіпкерлер әрдайым  алдына қойылған мақсаттарды және экономикалық көрсеткіштерді қадағалауды көздей отырып керекті қызметкерлерді тарта  білулері, қажетті материалдарды ала білулері және де сатып алушыларды таба білулері керек, сонымен қатар басқаша айтқанда олар әкімшілік ету мен басқару шеберлігіне ие болулары керек. Олар өнімді сатудан бұрын, оның бағасы мен құнын дұрыс есептей білулері керек.

Субьективті австралиялық экономикалық мектептің негізін қалаушы Карл Менеджердің кәсіпкердің шешім қабылдау концепциясын жасауға қосқан үлесі аз емес. Ол белгілі бір тәуекелді мойнына алу, кәсіпкердің қызметінде үлкен роль ойнамайтындығын сендірді. Тәуекелдер өте сирек кездесетін және эпизодтық сипаты бар құбылыс. Менеджер кәсіпкердің қажетті ресурстарды табу және өнімді өндіру түрін таңдау туралы шешім қабылдау процесінің 4  негізгі сатыларын жасады:

а) экономикалық жағдай туралы мәліметтер жинау;

б) экономикалық есеп;

в) кәсіпорынның мақсаттарына ең көп сай келетін өнімді таңдау;

г) негізгі экономикалық нәтижелерге жету мақсатында өндіріс  жоспарларының орындалуын басқару.

1890 жылы  кәсіиби менеджмент  салыстырмалы түрде құбылыс болды,  бірақ біз осы уақытта да Альфред Маршалдың кәсіпкерлер мен менеджердің арасындағы айырмашылықтардың бар екенін алғаш рет көрсеткен зерттеулерін табамыз. Менеджер кәсіпорында белгілі бір қызмет атқарады, бірақ Маршалдың пікірінше тек  кәсіпкер ғана бизнестің табыстылығына байланысты толық жауапкершілік серіктестік пен тәуекелді өз мойнына алады,  сондықтан ол менеджерге әрі кәсіпкерге қажетті қасиеттерге ие болуға тиіс. Сонымен бірге Маршал, өте оңды кәсіпкерді сипаттайтын қасиеттердің көп екендігін және тек кейбіреулері ғана жоғары дәрежеде сол қасиеттерге ие екендігін атап көрсетеді. негізінен кәсіпкерлер бір жағынан өте  мықты, бір жағынан әлсіз болуы мүмкін, бірақ кәсіпкердің негізгі міндеті капиталым еңбекті қозғалысқа келтіру, негізгі жоспар мен оны орындаудың егжей-тегжейлі шараларын дайындау болып табылады. Кәсіпорынның өсуімен қатар кәсіпкерлік қабілетте өсуі қажет, сонымен қатар ол өзінің сопылығын, жан-жақтылығын бастамашыл  іс-әрекеттерге деген қабілетін, табандылығын сақтауы керек, тек сонда ғана ол табысты кәсіпкер болып қалады. Сонымен Маршалдың сіңірген еңбегі алғаш рет кәсіпкер мен менеджер арасындағы айырмашылықты жиі көрсетуі.

Орта ғасырлық менеджмент тарихын зерттеуші Джозеф Шмуптерді  қазіргі заман кәсіпкерлігінің  атасы деп те жиі атайды. Өзінің ілмдерінде Шмуптер кәсіпкер бейнесінен жай бизнесті басқаратын менеджер роліне алшақтаған. Кәсіпкердің мәні, бұл оның өндіріс күштерін жаңадан ұйымдастыруы, ұластыруы, ал олардың қозғалысы өз кезегінде өндіріс циклының тездетілуіне және жалпы экономикалық өсімге алып келеді. Шмуптер кәсіпкердің өз қызметтерінде қолдануға болатын келесі бағыттарды анықтайды:

  1. Жаңа өнімдер немесе қызмет көрсетулер;
  2. Жаңа өндіріс әдістері;
  3. Жаңа өткізу нарықтары;
  4. Жаңа жабдықталу көздері;
  5. Жаңа ұйымдастыру түрлері.

Шумпетер кәсіпкерлерді  жай алыпсатарлар мен инвесторларға қарағанда әртүрлі бағыттар мен әрекеттерді байланыстыру арқылы жаңа бизнес құратын әлеуметтік экономикалық жаңашылдар деп те атайды. Шумпетер кәсіпкерлік еңбектің ерекшелігі туралы ойын саралай келіп, оның өндіріс құралдары мен әртүрлі материалдардың жай ғана жиынтығынан тұрмайтындығын, ол таура мен қызмет көрсетудің жаңа түрлерін, өндірістің жалпы әдісін, жаңа өткізу нарығын, жабдықтаудың жаңа көздерін және ұйымдастырудың жаңа түріне іздеп енгізу арқылы оларды тиімді қолданудан тұратындығын атап көрсетті. Сонымен қатар олар өз еңбектерімен осы уақытқа дейін теңдесі болмаған пайда табады және ол кәсіпкерлік пайда деп аталады. Қазіргі заманғы авторлардың ұстанымдарын қарастырайық. Давид Минкеланд кәсіпкерге мынадай сипаттама береді:

  • Дәлелденген тәуекелдерге бара білу;
  • Жігерлік және іскерлік белсенділік;
  • Жек дербес жауапкершілік;
  • Қабылданатын шешімдердің салдарын білу;
  • қабылданған шешімдер нәтижесінің белгісі ретіндегі болжай білу;
  • Болашақта қоршаған ортада болатын өзгерістерді болжай білу
  • Ұйымдастыру шеберлігі

Питер Друкер алғашқылардың  бірі болып, кәсіпорынды ұйымдастыруға  арналған мүмкіндік ұғымын енгізді. Жаңа кәсіпорын үшін қорларды іздеу  мен орналастырудан бұрын бизнесті дамыту үшін қолайлы мүмкіндіктерге ие   болу керек. Экономистер кәсіпорынның пайдалы жолын айтуда. негізінде, сөз пайда табу мүмкіндіктерін көбейтуде болып отыр. Атап айтқанда кәсіпкредің жұмысы бизнеске қолайлы мүмкіндік ізденіп тұрады, нәтижесінде кәсіпкер қорларды тиімділігі төмен салалардан, жоғарырақ нәтиже беретін салаларға ауыстырады. Кәсіпкерлік қызметтің ерекшелігі тиімділігі төмен салалардан, жоғарырақ нәтиже беретін салаларға ауыстырады. Кәісіпкерлік қызметтің ерекшелігі тиімділіг жоғары кәсіпорындар құра білу қабілеттілігінде. Питер Друкер мұның сыртында кәсіпкердің бизнестің әртүрлі саласында жұмыс істеуге дайын болу керектігін атап көрсетеді.

Информация о работе Касипкерлик-бул новаторлык