Касипкерлик-бул новаторлык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 13:54, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол өнертапқыш. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
І тарау Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы...............................................................5
1.2 Кәсіпкерліктің мәні, формалары және бағыттары..................................12
ІІ тарау Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары
2.1 Қазақстан Республикасындағы көп деңгейлі кәсіпкерлікті дамыту жағдаймен талдау..............................................................................................20
2.2 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару бағыттарының ерекше түрі......................................................................................................................23
ІІІ тарау Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу негіздері
3.1 Мемлекеттегі кәсіпкерлікті реттеу мен оны дамыту шаралары............................................................................................................26
3.2 Кәсіпкерлік мемлекеттік қолдауда дамыту мен жетілдіру жолдары..............................................................................................................29
Қорытынды........................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Касипкерлик Санимdoc.doc

— 173.00 Кб (Скачать документ)

Харви Либенстейн кәсіпкерлік  белсенділіктің 2 түрін сипататйды: қызметтің бірінші түрі менеджментке тән ескішілдікке негізделген күнделікті операцияларды орындаумне байланысты, екінші түрі жаңартпашылық. Қызметтің бірінші түрі орныққан, жақсы зерттелген нарықтық ортада жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды басқаруды білдіреді. Жаңартпашылық қызмет жаңа нарықтар жағдайындағы жұмыс істеу, қызмет көсрету мен өнімнің жаңа түрлерін өндіру. Кәсіпкер әртүрлі нарық жағдайында тиімді жұмыс жасай білуі керек.

Шет елдік теорияда және практикада кәсіпкерлік қолда бар  қаржы материал немесе еңбек қорларын игеру базасында қызмет көрсету  немесе өнімге деген белгілі бір  қажеттілікті қанағаттандыратын жаңа бизнесті құру процесі ретінде қаарстырылады. Кәсіпкерліктің көрсетілген анықтамаларын талдай отырып, біздің көзқарасымыз бойынша кәсіпкерліктің келесі анықтамасын қисынға қарай мазмұндауға мүмкіндік беретін сипаттамалардың ең маңыздыларын бөліп көрсетуге болады.

Кәсіпкерлік феномені жер, еңбек, капитал сияқты өндіріс факторларын  жұмыс істеуге мәжбүрлейтін қорғаушы күш болып табылады. Бірінші кезекте, сөз кәсіпкердің фирманы құрудағы немесе барлық өндіріс факторларының  белсенділігін арттыру арқылы қазіргі кәсіпорынды дамытудағы зор еңбегі жөнінде болып отыр. Сондықтан, кәсіпкерліктің соңғы уақыттағы негізгі өндіріс факторларымен бір қатарға қойылып жүргені де кезедйсоқтық емес. Кәсіпкерлік экономиканың дамуына үлес қосады, себебі осы қызметтің арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болады, техника мен технология дамиды, жаңа өндіріс және қызмет көсрету салалары қалыптасады, жаңа аймақтарды игеру жүзеге асырылады, ұлттық кірістің көлемді бөлігі жасалады.

Кәсіпкерлікті тек жаңа бизнестің басталуымен жиі байланыстырады. Шындығында, кәсіпкерлік қызмет саласы әлдеқайда кең. Бүгінгі фирмаларда өндіірс көлемін ұлғайтуға, фирма қызметінің географиясын кеңейтуге, фирманың дамуына жаңа күш беруге немесе жай фирманың өмір сүру қабілеттілігін қолдауға және күш беруге немесе жай фирманың өмір сүру қабілеттілігін қолдауға және тақырға отырудан құтылуға деген қажеттіліктер жиі туындайды. Кәсіпкерлік қызметтің бұл элементтерін бюджеттік былайша айтқанда пайдасыз деп аталатын ұйымдарға да байланысты айтуға болады. (қосымша 1) [1.35]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Кәсіпкерліктің мәні, формалары және бағыттары

Отандық және шетелдік әдебиеттерде кәсіпкерлікті жіктеудің нақты  анықталған жүйесі жоқ. Оны әртүрлі  белгілері бойынша жіктеуге болады. Кәсіпкерлік көлеміне қарай шағын, орта, және ірі болып табылады.  (қосымша №1) Мұндағы  негізгі критерий қызметкерлер саны мен активтерінің орташа жылдық мөлшері болып табылады. Мысалы, шағын кәсіпкерлікке жатқызу үшін жұмыскерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан, активтерінің мөлшері 60 000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Ал орта кәсіпкерлікте жұмыскерлері 50 адамнан 250 адамға дейін, активтерінің орташа жылдық құны 325 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Меншік нысаны бойынша  мемлекеттік жеке және шетелдік болып бөлінеді. Осы меншік нысандарына байланысты кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ұйымдық құқықтық нысандарын бөліп көрсетуге болады.

Ұйымдық құқықтық нысандары  бойынша:

Дара кәсіпкерлік

Өндірістік кооператив

Толық серіктестік

Командиттік серіктестік

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

Акционерлік қоғам

Мемлекекеттік кәсіпорындар

Территориялық орналасуы  бойынша жергілікті, аймақтық және халықаралық болып бөлінсе, салалық  бағытына қарай өнеркәсіптік, аграрлық, құрылыс, сауда және басқа да салалар бойынша бөлінеді.

Жүзеге асыратын қызмет түріне қарай кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық, қаржылық және кеңес  берушілік болып бөлінеді. Олар өз ішінен тағы бірнеше түрге бөлінеді.

Кәсіпкерлік процесін қозғаылсқа келтіретін іргелі күштерге біріші кезекте, фирманы құруды және негізіні салушы болып табылатын кәсіпкердің өзі және бизнесті жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік пен қажетті қор жатады.  (қосымша 2)

Тағы да ескеретін  маңызды фактор ол кәсіпорынның болжамсыздығымен қарама-қарсылықпен және тұрақсыздықпен сипаталатын нақты әлемде өмір сүруі. Сондықтан кәсіпкерлік процесс бұл технологиядағы маркетингтегі, менеджменттегі әрдайым болып жататын өзгерістер процесі, сәтсіздіктер және қателіктер арқылы дұрыс инвестциялық шешімдерді интеративті іздестіру процесі. Жаңа фирманың шешуші мезеттері тек қоршаған әлемге ғана емес, сонымен қатар бір-біріне де бейімделген болулар қажет. Кәсіпкер жаңа бизнес мүмкіндіктерін ұғынып қана қоймай, сондай-ақ осы мүмкіндіктерді іс жүзінде қалай жүзеге асыра білетін жаттықан пікірлер командасына ие болуы тиіс. Соңында олардың бәрі фирма жұмысын бірге баста уүшін және оның әрі қарай жұмыс істеуін жалғастыра беру жеткілікті қорларға ие болулары керек. [2.24-25]

Монополия мемлекеттік экономика  жағдайында кәсіпкерлік қызметке құқ тек қана мемлекетте болды. Нарықтық экономика кәсіпкерлік қызмет үшін тек қана мемлекетке ғана емес, сонымен бірге әрбір кәсіпорынға әрбір жеке адамға мүмкіндік ашты, бұл жағдай нарық экономикасының тұтынушылар қажеттіліктері мен ҒТП-ке жедел түрде қарауын қамтамасыз етеді.

Кәсіпкерлік қызметті құру - өтпелі кезеңде мемлекеттің алдында  тұрған басты міндеттердің бірі. Барлық деңгейдегі кәсіпкерлік құрылым, халықты  барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және халықтың өмір деңгейін көтеруге Қазақстан Республикасының одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қажетті. Әлеуметтік ахуалды жақсартуды қамтамасыз етуге қабілетті.

Нарық жағдайында кәсіпкерлік  қызмет көп нышанда болады, оларды мына түрде бөлуге болады:

-масштабы бойынша  шағын, орта және ірі кәсіпкерлік;

-кәсіпкерліктің субъектілері  бойынша.

Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әртүрлі  қатысушылары – жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерімен және де ортақ  экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы яғни, ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар, холдингтер мен осы тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.

Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік  қызметтің даму кешенді және көп  деңгейлі сипат алуы керек.

Атақты неміс ғалымы, экономист  Йозефа Аиза Шумппеттердің (1883-1950жылдар) пікірі бойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті жасауға немесе осы не басқа игіліктің жаңа сапасын жасауға шикізат немесе жартылай фабрикаттардың жаңа көздерін табуға сәйкес келетін қайта құруды жүргізуге бағытталған.

Кәсіпкерлік бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және тәуекелсіздікке өз бетінше жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі.

Еркін кәсіпкерлік – барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік  негізделген бастама. Осы тәрізді  кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбірінде ұқсамайды және әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын – жаңа индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.

Кәсіпкерлік дамытудың басты сті  нарық экономиғкасында бәсекелестік ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады.

Атақты ағылшын ғалымы, экономисі  Альфред Маршалл атап көрсеткендей, нарық экономикасының негізгі қасиеті – «кәсіпкерлік пен                                                                                                       процесстерді жеделдетуші.

Нарық экономикасына өтуеркін кәсіпкерлікке  жол ашты, біақ барлық мәселелерді  шешкен жоқ. Оларды шешу үшін мемлекеттің үйлестіру рөлі қажет.

Нарықтық орта жағдайында кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша  міндеттер жүктейді. Сөйтіп кәсіпорынның айналысатын қызметі, шеңбері кәдімгідей ұлғаяды. Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті  тек қана өндірістік қызметпен тұйықталады. Кәсіпорын өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады. Аралас әрі әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпорынға иелік құқық бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.

Сондықтанда барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз-ақ экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті. Ендеше экономикалық қызметтің құрылымын қарастырамыз:

-өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру үшін қажетті тауар мен қызмет көрсету өндірісімен байланысты;                                                                                 

-алынған табысты бөлу мен  мақсатты қолдану қызметі, мұнда  өндіріс іс-әрекетінен алынған  табыс өндірісті ұлғайтуға және  ұжымды әлеуметтік дамытуға жұмсалады;

-жаңа жағдайда кәсіпорын өндірілген  өнімді өткеру қызметімен  айналысуға  мәжбүр, мұнда ол нарықтық коньюктурамен,  бәсекелестік орта жағдайымен, сұраным  төлем қабілеттлігімен және нарықтық  ортаның басқа да факторлармен  есептесуі керек;

-жаңа жағдайда кәсіпорын иығынан мемлекеттік экономикадағы кәсіпорында кездеспеген – кәсіпкерлік  қызмет жүктеледі.

Осы қызмет бұрындары және қазіргі  кезде де дәстүрлі түрде шағын  бизнеспен байланыстырылады. Қазіргі  нарықтық жағдай кәсіпкерлік жайлы  ескі көзқарасты барынша жоюда.

Экономикалық әдебиеттерде бизнес саласындағы кәсіпкер жетістігін, олардың  бизнес жүргізу мүмкіндігін ашу  қабілеттілігі және оны қолдану  шеберлігімен байланыстырылады. Жалпы  кәсіпорын кәсіпкер ретінде мынаны шешуі қажет:

- нарықтық тұтыныстардың құрылымын дұрыс бағалау керек және олардың ішінен қанағаттандырылатындардың қайсысы көп эффект беретіндігін анықтау;

-өзінің меншікті табысын қалай  максимилизацияласа, сатып алушылардың  пайдалылығын да солай қол  жеткізу үшін ұйымдастыру керек.  Ол үшін оған ынталандыру мен мотивация құрылады.

Сондай-ақ осыдан туындайтын нарықтық экономиканың жаңа жағдайында кәсіпорынға  басқада бірнеше қызметтерді  жүзеге асыруға тура келеді:

-нарықтық ортаның жағдайында  кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін  қолдау;

-менеджмент жүйесін қолдана отырып, ішкі ортаны басқару қызметі;

-қазіргі маркетингтік жүйені  қолданып, сыртқы нарықтық ортаны  басқару қызметі. 

Осы аталған үш қызметті кәсіпорынның атқаруы оған өзінің нарықтық ортадағы мінез-құлқының сипатын анықтауға  көмектеседі.

Нарықтық экономикада кәсіпорынның қызмет жасауы үнемі айқынсыздықпен және тәуекелмен байланысты. Сондықтанда  кәсіпорын жайлы мыңдаған мінез-құлық  теорияларынан ерекше мәнге ие теориялар  – ол нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның мінез-құлқын қарастыратындары болып табылады.

Кәсіпкерлікті қоғамның экономикалық дамуының негізгі факторларының  бірі ретінде қарастыратын экономикалық дамудың секторындағы басқару жүйесінің обьективтік бағалауға мүмкіндік беретін тиісті методологиялық және әдістемелік база құруды талап етеді. Бұл зерттеудің концепциялық негізі оны кәсіпкерлік жүйелік тәсілдің принциптері негізінде басқарылатын күрделі жүйе ретінде қарастыру болып табылады. Жүйелік тәсілдемеге сәйкес кез келген жүйе, соның ішінде кәсіпкерлікті басқару жүйесі де бір қатар белгілермен сипатталады.

Жүйені қалыптастырушы маңызды қасиеттердің бірі байланыстылық пен тұтастық. Байланыстылық  дегеніміз жүйені физикалық немесе концепциялық түрде бір-біріне өзара тәуелді көптеген элементтердің тұтастығы ретінде қарастыру. Тұтастық дегеніміз әрбір элементтің, оның қасиететрі мен қатынастарының жүйедегі орнына тәуелді болуын ғана емес, сонымен бірге тұтастай бірыңғай мақсаттың бар екендігінде білдіреді. Кәсіпкерлікті басқару жүйесін құра отырып басқарудың барлық деңгейлеріне кәсіпкерлікті қолдайтын тиісті инфрақұрылым құру арқылы кәсіпкерлік қызметті жандандыруды мақсат етіп аламыз. Шағын кәсіпкерлікті басқаруда жүйені құраушы элементтер ретінде кәсіпкердің өзін және басқару обьтектісі ретінде кәсіпорында құруға және жұмыс істетуге қажетті қорларды айтуға болады.

Кәсіпкерлікті басқару жүйесінің тұтастығы дегеніміз жүйе қасиеттерінің барлық уақытта тек қана оның элементтерінің қасиеттерінен тұруын білдірмейді. Кәсіпкерлікті басқару жүйесі біртұтас жүйе ретінде, оны құрайтын элементтерінің қасиеттерінен ерекше жаңа қасиеттермен сипаталады. Барлық элементтер тікелей немесе жанама түрде жойылуы немесе бір эелменттің қосылуы жалпы алғанда жүйенің қалған элементтері арасныдағы қарым-қатынастың өзгеруіне алып келеді. Әрбір жүйені жүйенің анағұрлым жоғары ретті элементі ретінде қарастыруға болады. Кез келген жүйенің эелменттері өз кезегінде анағұрлым төменгі жүйе де бола алады. Кәсіпкерлікті басқару жүйесіндегі жергілікті басқару жүйесі аймақтық басқару жүйесінің элементі болып табылады, ал ол өз кезегінде кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі элементі болып табылады.

Кәсіпкерлікті басқару  жүйесі құрамына техникалық қосалқы  жүйелермен бірге, адамдар да  жататындықтан  ұйымдық тапқа жатады. Олардың  қатарына мыналар жатады: жүйенің  нысаналы сипатта жұмыс істеуі сатылы тәртіптілігі.

Жүйелер теориясына сәйкес жүйелер жабық және ашық болады, күрделі және үлкен құрылымдар мен  ықтимал сипаттары бар күрделі  жүйелер. Кәсіпкерлікті басқару  жүйесі эелменттерінің көбісі, мысалы, кәсіпкерлікті аймақтық басқару  жүйесі өз алдына бір жүйе, сондықтан кәсіпкерлікті басқару жүйелерінің барлығы да күрделі жүйелер категориясына жатады Кәсіпкерлікті басқару жүйесі, ұдайы даму үстінде болатындықтан және барған сайын эаңа элементтермен толықтырылып отырғандықтаны үлкен болып табылады.

Информация о работе Касипкерлик-бул новаторлык