Экономикалық дағдарыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 17:13, реферат

Краткое описание

Поль Мари Годме (Франция) қаржы құқығы аумағына тек мемлекеттік қаржы жатады деп санайды. Жекеленген тулғаларға немесе жеке бірлестіктерге тиісті құндылықтар, ақша, ақша міндеттемелеі сияқтылар жататын жеке қаржыларға билік ету жеке құқық нормаларымен сәйкес жүзеге асырылады. Мұнымен қоса, оның көрсетуі бойынша, мемлекеттік және жеке қаржыларждың арасындағы неғізғі айырмашылығы: жеке қаржының жай-куйі мен өсуі нарықтық экономиканың зандарына тәуелді болады, ал мемлекеттік қаржының жай-куйі мен өсуі мемлекеттің шешімімен және жария билігінің іс-әрекеттерімен анықталады.

Содержание

Кіріспе


1. Экономикалық дағдарыс: мәні, түрлері, себептері

1.1. Әлеуметтік-экономикалық дамудың дағдарыстары

1. 2 Экономикалық дағдарыстың пайда болу көздері


2. Экономиканың дамуына дағдарыстың тигізетін әсері

2.1. Дағдарыстан кейінгі елдің дамуын қамтамасыз ету


3.Дүниежүзілік дағдарыс салдарынан экономиканы шығару жолдары

3.1.Әлемдегі қаржылық дағдарыс


Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

эконом реферат.doc

— 253.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Дүниежүзілік дағдарыс салдарынан экономикасы

 

3.1 Әлемдегі қаржылық дағдарыс

Әлемдегі қаржылық дағдарыс жұртшылықты алаңдатып, билік тарапынан  осы бағытта қолға алынған шаралар көңіл аудартуда. Бұған көптеген кәсіпорындардың жағдайы тығырыққа тіреліп жұмысшылардың ақысыз демалысқа жіберілуі де қосылуда.  Осы орайда өңірде еңбек адамының құқығын қорғау, жұмыссыздықты болдырмау мақсатындағы ұйымдастыру мәселелері қолға алынып, облыс әкімдігі ірі кәсіпорын басшыларымен келісім-шарт жасасып, екі жаққа да тиімді мәселелерді ортаға салды.

Әлемдік қаржы дағдарысы  дүниежүзіндегі барлық мемлекеттердің бір-бірімен тығыз байланыста екендігін  айқын көрсетті. Бұл – жаһандану  үрдісінің кең қанат жайып  келе жатқанының белгісі. Алдымен ең ірі экономикасы бар АҚШ-та ипотекалық дағдарыс басталды. Ол біртіндеп осы елдің және Европа мемлекеттері мен Жапонияның қаржы саласына әсер етті.

Дағдарыс шырмауы .

Әлемге дендеп енген  қаржы дағдарысы барлық елдердің экономикасын әлсірете түсті. Әсіресе, шикізат өндіретін дамушы мемлекеттер аяғына жем түскен жануардай қиналып қалды. Тіпті қуатты елдердің өзі тығырыққа тіреліп, өндіріс қарқындарын едәуір төмендетті. Мәселен, АҚШ-тың ішкі жалпы өнімі 2008 жылдың 4-ші тоқсанында 3,8 пайызға төмендеген. Бұл – 1982 жылдан бергі ең ірі құлдырау. Германияда Еуропа елдеріне өндіріс тауарларын сату деңгейі 12 пайызға кеміген. Экспорт 8,2 пайызға, ішкі нарықтағы сұраныс 5,1 пайызға азайған. Қытай экономикасы да өндіріс көлемін кемітіп, тікелей инвестиция мөлшері 2008 жылы 32 пайызға, импорт ауқымы 18 пайызға төмендеген. Үндістанда экспорт деңгейі 12 пайызға, Ресейде өндіріс көлемі 2 есеге кеміген. Қаржы дағдарысының алғашқы 4 айының ішінде Араб елдері шетелдік активтерінің 40 пайызын жоғалтып, 2,5 триллион шығынға батқан. Исландия сияқты тұтас бір мемлекет банкротқа ұшырады. Дүниежүзілік дағдарыс салдарынан экономикасы әлсіреген елдер Халықаралық валюта қорынан көмек алу үшін кезекке тұрды.

Дағдарыс әлемдік ірі  компаниялардың өзін жан алқымнан алып, құтын қашырды. Жылдық табыстары азайып, шығынға батқан алпауыттар амалдары таусылған соң, жұмысшылардың санын қысқартуға мәжбүр болды. Мысалға, мұнай алыбы Royal Dutch Shell Plc компаниясы 2008 жылдың 4 тоқсанында 2,9 миллиард шығын шекті. Ал Exxon Mobil-дің кірісі, 8 миллиард долларға қысқарды. 2007 жылы ғана аталмыш компания 12 миллиард доллар көлемінде пайда тапқан еді. Мұнай алпауыттарының шығыны қара алтын бағасының айтарлықтай төмендеуінен қалыптасты. Бір жыл бұрын ғана рекордтық көрсеткіш барреліне 147 долларға дейін көтерілген мұнай бағасы 2008-дің желтоқсанында бес жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткішке құлдырап, 33 долларға дейін түсті. Дағдарыс салдарынан ірі көлік шығаратын компаниялар да едәуір зардап шекті. 2008 жылдың 3-ші тоқсанында «Тойота» компаниясының шығыны 1 миллиард доллардан асты. Бір жыл бұрын оның табысы 5 миллиард доллардан көп еді. «Мерседес-Бенц» кәсіпорны өнімінің сатылымы да төмендеді. 2008-ші жылдың қаңтарында сатылған көліктердің саны 32 пайызға кеміген. Ал Оңтүстік Кореяның «Саньён мотор» автоконцерні төлем дағдарысына ұшырап, корпорация президенті қызметінен кетті. Бұрындары жылына 200 мың көлік сатып келген ұжым тек 92 жарым мың өнімін ғана сата алған, өндіріс көлемі 30 пайызға азайып кеткен. Әйгілі көлік компанияларының құлдырауына өнімге деген сұраныстың төмендеуі себеп болды. Мәселен, АҚШ-та Тойотаға сұраныс бірден 32 пайызға кеміген. Әлемде тіпті күнделікті тұрмыстық заттарға деген сұраныс та азайған. Электроника саласындағы көшбасшылардың бірі «Сони» компаниясы 2008 жылды 1,1 миллиард доллар шығынмен жапты. Теледидар шығаратын европалық алпауыт «Филипс» бұл жылды 1 миллиард 47 миллион еуро шығынмен аяқтады. Міне, осындай шығынға батқан әлемдегі үлкенді-кішілі компаниялар жұмысшылар санын қысқартуды қолға алған соң, жұмыссыздық деңгейі өсіп кетті. Дүниежүзілік банктің президенті Роберт Зелликтің айтуынша, экономикалық дағдарыс нәтижесінде әлем бойынша 60 миллионға жуық адам кедейлікке ұшыраған. Германияда 3 миллионнан астам адам жұмыссыз қалды. Ұлыбританияда жұмыссыздар саны 2 миллионға жуықтаған. Ресейде 5 миллионға жетті.

Дағдарыс ірі мемлекеттердің амбициясына да әжептәуір әсер еткен  сыңайлы. Әсіресе, АҚШ пен Еуропа елдерінің «жүні жығылыңқырап» қалды. Бұрындары өздерін өктем ұстайтын бұл мемлекеттер экономикалары мен қаржыларын тізгіндей алмай әуреге түскенін дүниежүзі көріп, бақылап отырды. Олар мың жерден мықты ел болса да, төтеден келген дағдарыстан абдырап қалды. Бір сарапшылар Ресей мен АҚШ-тың Грузиядағы оқиғаларға қатысты текетіресі дағдарыстың күшеюінің арқасында сейіліп қалды деген пікір білдірді. «Байтал түгілі бас қайғы» демекші, АҚШ Ирактағы әскерилерінің санын да қысқартқаны белгілі.

Қазақстан да қаржы дағдарысының толқынына ілікті. Ипотекалық дағдарыс белең алған тұста еліміздегі құрылыс саласы кібіртіктеп қалды. Үлескерлер қаржысына салынуы тиіс тұрғын үйлер құрылысы тоқтады. Банкілер ипотекалық несие беруді қойды. Біртіндеп қаржы мекемелері орта және шағын бизнеске беретін несиелерін де қысқартты. Сыртқа шикізат өндіретін өндіріс орындары өнімінің бағасы төмендеп, шығындары көбейді. Қалыптасқан бұл жағдайды дереу реттеу үшін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасын» іске қосты. Оған сәйкес, негізінен 5 бағыт бойынша қаржы секторы, шағын және орта кәсіпкерлік, тұрғын үй құрылысы, индустриялық және инфрақұрылымдық жобалар және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөнінде үкіметке нақты тапсырмалар жүктелді. Осы талапқа сай, үкімет дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітіп алып, жұмыс істеді. Алғашқы кезекте еліміздің негізгі мұнай-газ, атом, электр энергетикасы, металлургия, тау-кен, көлік, коммуникация салаларындағы және жеке компаниялардағы мемлекет активтерін, даму қорлары мен басқа да қаржы тетіктерін бір мүддеге, бір мақсатқа тиімді жұмылдыру үшін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры құрылды. Ол экономиканы тұрақтандыру бағдарламасының негізгі операторы болды. Елбасы бұл қор басшылығы мен үкіметке әлемдік қаржы дағдарысының зардаптарын жою тетіктерін, экономиканы диверсификациялау арқылы жаңа отандық өнім өндіруге негізделген өндіріс орындарын құру, ішкі инфрақұрылымды жаңалау жобаларын жасауды міндеттелді. Бұл мақсаттарға бюджеттен арнайы қаржы бөлініп, экономиканың негізгі салаларын тұрақты сақтауға жағдай жасалды. Осы басты жоспар қаржы дағдарысының зардаптарына төтеп беруге көмектесті. Экономиканы тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан қаржы алынды. Мұнай өндіруден жиналған қор қаражаты қысылтаяң сәтте көмекке жарады. Бұл қорды құрудағы негізгі мақсаттың бірі де сол болатын. Ұлттық қордан бөлінген қаражат та 5 бағыт бойынша жұмсалды. Қаржы саласын тұрақтандыруға 4 миллиард, шағын және орта бизнеске 1 миллиард, ауыл шаруашылығы жобаларына 1 миллиард, инфрақұрылымдық және серпінді жобаларға 1 миллиард доллар бөлінді. Ең алдымен экономиканың күре тамыры қаржы саласының түйткілдерін шешуге айрықша назар аударылды. Мемлекет 4 ірі негізгі банктің акцияларын сатып алып, олардың тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік жасады. Әр банк бір-бір саланың операторы атанып, нақты секторға қажет қаражат айналымына қан жүгірді. Олар арқылы құрылыс саласына да қаржы аударылып, үлескерлер мәселесін шешуге мән берілді. Мемлекет құрылысы тоқтап қалған тұрғын үйлердің толық бітуіне көмек жасады. Әсіресе, Астана мен Алматы қалаларындағы құрылыс компанияларына қаржылық қолдау көрсетілді. «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры арқылы жеңілдетілген несие беретін арнайы желі ашылды. Оларға ипотекалық несиені 10,5 пайызбен беру талабы қойылды. Екінші тетік ретінде дайын пәтерлерді коммерциялық банктер арқылы нарық бағамымен несиелеу ұсынылды. Үшінші мәселе, бұған дейін берілген ипотекалық несиенің пайызы бір баспана алғандарға 9 пайызға дейін төмендетілді. Экономиканың тұрақты тірегі болғандықтан орта және шағын бизнеске ұлттық қор қаржысынан бұрын «Даму» кәсіпкерлік қоры арқылы 10 миллиард теңге бөлініп, ірі банктер арқылы 156 миллиард теңгелік несие беру бағдарламасы да іске асты. Бұл қаржылар отандық тауар өндірушілерге зор қолдау болды. Бұған қоса үкімет елдегі өндіріс орындары мен мекемелерге отандық өнімдерді тұтыну жөнінде ұсыныс жасады. Мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық компанияларға отандық өнімдерді алу талабы қойылды. Орта және шағын бизнес нысандарын тексеруге мораторий жарияланды. Жаңадан «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы жасалды. Бұл да мемлекет тарапынан жасалған оңтайлы қадам еді. Экономиканы тұрақтандыру бағдарламасына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға да зор көңіл бөлінді. Өйткені дағдарыс шикізат өндіруден гөрі, нақты өнім өндіру тиімді екенін көрсетті. Бұл сала бірден табыс әкелмесе де, біртіндеп қор жасауға болатынын байқатты. Ең бастысы, тәуекел аз да, тұрақты табыс бар. Бұған қоса Қазақстан экономиканы диверсификациялап, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға мүмкіндік туындағанын дөп пайдаланды. Осы бағытта «Қазагро» ұлттық холдингі арқылы бір жылда 199 жаңа инвестициялық жоба қаржыландырылды. Оның ішінде азық-түлік өнімдерін өндіретін жобаларға басымдық берілді. Агроөнеркәсіп саласы алдағы уақытта да тұрақты дамудың кепілі ретінде қалыптаса түспек. Мемлекет дағдарыс кезінде инфрақұрылымдық және инновациялық жобаларды да ұмытқан жоқ. Мұндай қысылтаяң сәтте мемлекеттің ішкі инфрақұрылымдық жобаларға қаржы құюы тиімді екенін заманында АҚШ президенті Рузвельт те атап өткен. Америка ұлы депрессия тұсында көпірлері мен жолдарын жөндеуге мән бергені тарихтан белгілі. Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та бұл тәжірибеден бас тартқан жоқ. Үкіметке «Жол картасы», «Индустриялық-инновациялық» бағдарламаларын тиянақты жүзеге асыруды тапсырып,оның орындалу барысын қадағалап отырды. Республикалық бюджеттен қаржы бөлінудің арқасында қалалар мен қоса ауылдарда да жолдарды жөндеу ісі жүргізілді.Мектеп, денсаулық сақтау, басқа да әлеуметтік мекемелердің құрылыстары жалғасты. Бұл бір жағынан ішкі өндірістік белсенділікті арттырып, жұмыс орындарының ашылуына тікелей әсер етті. Ірі жобаларды қаржыландыру да тоқтаған жоқ. Мәселен, 2009 жыл бюджетінен Бейнеу-Шымкент газ құбыры магистралін салуға 32,8 миллиард, Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізіне 31,3 миллиард, Атырау облысындағы газ-химиялық кешен құрылысына 4 миллиард теңге қарастырылды. Мемлекет ірі өндіріс орындарынан жұмыс орындарын қысқартпауды да талап етті. Олар мен облыстық әкімшіліктер меморандумдарға қол қойысты. Арнайы бағдарлама жасалып, мамандарды қайта оқыту ісі қолға алынды. Бұл жұмыссыздықты ауыздықтауға бағытталған қадамдар болды. Ең бастысы, дағдарыс кезінде бюдджеттегі әлеуметтік шығындар қысқартылған жоқ. Жоспарланған төлем уақытында тұрғындарға беріліп отырды. Тіпті ақылы бөлімде оқитын студенттерге жеңілдікті несие беру жобасы да ұсынылды. Үкімет мемлекеттік органдардың шығындарын үнемдеуге де барды. Ұлттық компаниялар басшылары мен қызметкерлерінің бонустары, сыйақылары азайтылды. Дағдарыс барысында теңгеге девалвация жасалды. Теңгенің долларға шаққандағы бағамы өсті. Бұл әлемдік тәжірибе де бар үрдіс, еліміздегі сыртқа шикізат және өнім жіберетін компаниялар үшін үлкен қолдау еді. Міне, Қазақстанның дағдарыс кезінде жүзеге асырған кешенді іс-әрекеттері осындай болды. Сарапталып барып іске асырылған дағдарысқа қарсы бағдарламаның алғашқы оң нәтижелері 2010 жылдың алғашқы жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық қорытындыларынан анық байқалды. Жалпы ішкі өнімнің өсуі 8 пайызды құрады, өндіріс көлемі 11 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде – 18,3, кен өндіру өнеркәсібінде 6,3 пайыздық өсім қалыптасқан. Іске қосылған агроөнеркәсіптік жобалардың арқасында тамақ өнеркәсібінің өндірісі 14,6 пайызға өскен. Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі 3,1 пайызға өсті. Бұған дейін төмен көрсеткіш көрсетіп келген құрылыс қарқыны маусым айында 0,5 пайызға көтерілген. Инфляция деңгейінің төмендеу үрдістері байқалды. Жыл басынан бері жалпы инфляцияның деңгейі 4,4 пайызды құрады. Бірақ бұл көрсеткіштер дағдарыстың толық еңсерілгенін көрсетпесе керек. Кейбір әлемдік сарапшылардың дағдарыстың әлі де бір құйтырқысы шығуы ықтимал екендігін болжаған жорамалдары да БАҚ-та оқтын-оқтын жарияланып қалып жүр. Сондықтан «сақтансаң сақтармын» дегендей, қазіргі әлемдегі қаржы орталықтары мен қор биржаларындағы жағдай әрдайым сақтықты қажет етеді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын бәріңіз көріп, біліп отырсыздар.  
Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ.Оқтын-оқтын айналып соғатын әр деңгейдегі дағдарыстарға біз бұған дейін де төтеп беріп келгенбіз.  
Тәуелсіздік шежіресін парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бізге оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған экономиканы қайта қалпына келтіру, оны жаңаша даму жолына түсіру – тақыр жерден тау тұрғызғанмен бірдей еді. Ел болып ол қиындықтарды да еңсеріп өттік.

Өткен ғасырдың соңында  Шығыс Азияда басталған кезекті  дағдарыс тұсында тәуелсіздігіміз  тағы бір сынаққа түскен болатын.  
Дер кезінде қабылданған дұрыс шешім, ұтымды іс-қимылдың арқасында біз одан да аман-есен өте шықтық. Біз осылайша сындарлы жылдар мен күрделі кезеңдерде лайықты тәжірибе жинақтап, ысылып, шыңдала түстік. Ел дамуының жаңа бағыттарын айқындап, қарыштап алға басумен болдық. 
Сол сияқты қазіргі әлемдік дағдарыс та өткінші құбылыс. 
Халқымыз мұндай күйзелістер кезінде “көппен көрген ұлы той” деп, сабыр сақтап, ынтымақ-бірлігін бекіте түскен. Қиындықтарды бірлесіп жеңіп отырған.Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлінген ауқымды қаражат қазір отандық экономиканың кідіріссіз жұмыс істеуіне қызмет ете бастады. Әлеуметтік кепілдіктер толығымен сақталып отыр. Олай болса, бұл дағдарыстан да біздің аман-есен өтетініміз айдай анық. Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады.

Алдымызда бізді үлкен белес күтіп тұр. Ол – Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығы. Дүние дамуымен есептегенде жиырма жыл деген көп те емес шығар. Бірақ біз үшін үлкен кезең тұтас бір дәуірмен барабар. 
Олай болатыны, тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Сол себепті тәуелсіздіктің әрбір жылының біз үшін мәні бөлек, маңызы айрықша.  
Халқымыздың басына түскен қандай да бір сынаққа қарамастан біз тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы жасампаз істерімізді жалғастыра бермекпіз. Барша қазақстандықтардың жұмған жұдырықтай бірлігінің арқасында біз алмайтын асу, біз жеңбейтін кедергі болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Банки и банковские операции: Учебник. (Под. ред. Проф. Е.С. Жуков. – М: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998. – 471 с.
  2. Банковское дело (Под ред. О. М. Лаврушина. – М: Финансы и статистика, 1998.
  3. Банковское дело: Учебник./Под. Ред. В.И.Колесникова, Л.П.Кроливицкой. – М: Финасы и статистика, 1996.
  4. Вестник Национального банк Республики Казахтан за 1999, 2000 годы.
  5. Долан Э.Д., Кемпбелл К.Д., Кемпбелл Р.Д.. Денги, банковское дело иденежно-кредитная политика. – М., 1994.
  6. Денги, кредит, банки: Учебник/Под ред. Проф. Г.С.Сейткасимова – А., “Экономика” 1999.
  7. “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1995 ж. 30 наурыздағы (өзгерістермен бірге) №25557
  8. “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1995 ж. 30 тамыздағы №2444 (енгізілген өзгерістермен бірге).
  9. Усоскин. Современный коммерческий банк. М. – 1994.
  10.   Шабанова Н.Н. Денежное обращение и кредит СССР. Учебник. – Ташкент. 1985.
  11. Web sait – WWW.national bank. kz.

12. //Вестник НацБанка РК 2000, №10 (с  17-30). “Ставки учета за прошедший год”.

13.  //Панорама 2000, №6 (с7). “О чем  думает Национальный Банк”.

14.  Панорама 2003, 22 февраля (с7). “Лучшая банковская система в СНГ”.

15.  //Панорама 2004, 8 марта (с7). “Процентные ставки на 2004 год”.

16.  Рынок ценных бумаг 2003, №7 (с36-43).

 

 

 

 

    


Информация о работе Экономикалық дағдарыс