Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 17:13, реферат
Поль Мари Годме (Франция) қаржы құқығы аумағына тек мемлекеттік қаржы жатады деп санайды. Жекеленген тулғаларға немесе жеке бірлестіктерге тиісті құндылықтар, ақша, ақша міндеттемелеі сияқтылар жататын жеке қаржыларға билік ету жеке құқық нормаларымен сәйкес жүзеге асырылады. Мұнымен қоса, оның көрсетуі бойынша, мемлекеттік және жеке қаржыларждың арасындағы неғізғі айырмашылығы: жеке қаржының жай-куйі мен өсуі нарықтық экономиканың зандарына тәуелді болады, ал мемлекеттік қаржының жай-куйі мен өсуі мемлекеттің шешімімен және жария билігінің іс-әрекеттерімен анықталады.
Кіріспе
1. Экономикалық дағдарыс: мәні, түрлері, себептері
1.1. Әлеуметтік-экономикалық дамудың дағдарыстары
1. 2 Экономикалық дағдарыстың пайда болу көздері
2. Экономиканың дамуына дағдарыстың тигізетін әсері
2.1. Дағдарыстан кейінгі елдің дамуын қамтамасыз ету
3.Дүниежүзілік дағдарыс салдарынан экономиканы шығару жолдары
3.1.Әлемдегі қаржылық дағдарыс
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Нақ осындай үрдіс
Қазақстанда бәрінен бұрын
Қазақстан Үкіметі айқындаған бірлескен іс-қимыл жоспарының негізгі мақсаты таяудағы екі жылда жаһандық қаржы дағдарысының еліміздегі әлеуметтік-экономикалық ахуалға тигізетін кері әсерлерін барынша жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу жағдайы үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін Үкімет, Ұлттық банк, Қаржы қадағалау агенттігі басты 5 бағытты айқындады. Атап айтқанда, қаржы секторын тұрақтандыру, жылжымайтын мүлік рыногындағы проблемаларды шешу, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру. Жоспар бойынша осы жобаларды қаржылық қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан 10 млрд. АҚШ доллары (1 трлн. 200 млрд. теңге) көлемінде қаржы пайдаланылатын болады. Үкімет, Ұлттық банк пен Қаржы қадағалау агенттігі Ұлттық қордан бөлінген осы қаржының ел экономикасының қай салаларына жұмсалатындығына дейін нақтылап, қолға қойғандай белгілеп берді. Бұл қаржының жұмсалуына және экономикалық салаларда нақты жұмыс істеуіне Үкімет тарапынан негізгі оператор болып “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры белгіленді. Ол үшін Үкімет “Самұрық-Қазына” қорына тағы да 607,5 млрд. теңге қосымша капиталдандыру қаржысын құйды.
Бұдан басқа еліміздің қаржы рыногын тұрақтандыруға 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастайтын жаңа Салық кодексінің де тиімді ықпалы болмақ. Онда салықтық жүктемелерді, оның ішінде экономиканың шикізаттық емес секторы үшін салықтық жүктемелерді едәуір төмендету көзделген. Салықтық жүктемелердің төмендеуі тек 2009 жылы кәсіпорындарға 500 млрд. теңге шамасында қаржы үнемдеуге және оны экономиканы дамытуға жұмсауына мүмкіндік береді. Сонымен бірге екінші деңгейлі банктердің өтімділігін арттыру мақсатында Ұлттық банк тарапынан жасалып отырған шаралар нәтижесінде 350 млрд. теңге көлемінде қосымша қаржы қарастырылады.
Қазақстандық банктердің кредиттік қоржындарының сапасын жақсарту мақсатында Стресті активтер қоры құрылғаны белгілі. Бұл қор банктердің сенімсіз активтерін сатып алу және оны кейіннен басқарудың тиімді тетігі болып табылады. Стресті активтер қорын құру арқылы еліміздің қаржы жүйесін сауықтыруға тағы да 122 млрд. теңге қосылады. Жалпы алғанда, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың нақты тапсырмалары негізінде іс-жүзіне асырылғалы отырған бірлескен іс-қимыл жоспары бойынша тұрақтандыру шараларын іске асыруға Қазақстан экономикасына қосымша 2 трлн. 172 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілгелі отыр. Бұрын-сонды экономикаға мұндай үлкен көлемде қаржы құйылып қолдау көрсетілген жоқ.
Қаржы дағдарысының негізгі ауыртпалығы қарапайым халыққа түсетіндігі даусыз. Халықаралық еңбек бюросының (МБТ) мәлімдеуінше, 2009 жылы дүние жүзіндегі жұмыссыздар саны 210 миллион адамға жетуі мүмкін. Осы бюроның бас директоры Хуан Самовия: “Жаһандық қаржы дағдарысы терең де ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Сондықтан барлық мемлекеттер біріге отырып, жұмыс істейтін отбасыларын және нақты экономиканы құтқарудың шұғыл шараларын жасауы қажет” деді. Бұл орайда біздің елімізде алдын ала қабылданған іс-шаралар нәтижесінде кәсіпорындарда өндіріс көлемі қысқарған жағдайда Үкімет ірі компаниялар мен қызметкерлерді толық жұмыспен қамту мәселелері бойынша жұмыс жүргізетін болады. Қажет болған кезде Үкімет барлық өңірлердің әкімдіктерімен бірлесе отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, оның ішінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандардың ауқымды құрылысы арқылы, “100 мектеп, 100 аурухана” жобасы шеңберінде халықты жұмыспен кеңінен қамтудың іс-шараларын жасайтын болады.
Тағы бір айта кететін мәселе, бүгінде әлемдік беделді ұйымдар көп мемлекеттерде байлар мен кедейлердің арасындағы айырмашылық ең қауіпті шекке жеткендігін мойындады. Бұл мәселе Қазақстанда да өткір екендігі даусыз. Қаржы дағдарысы кезінде әлеуметтік тұрақсыздық туғызатын басты себептердің де бірі осы екендігін естен шығармауымыз керек.
Сонымен әлемдегі барлық дамыған мемлекеттер жаһандық қаржы дағдарысынан шығудың қазіргі таңдағы бір тиімді жолы – банктердің активтерін сатып алып, экономикаға орасан зор мемлекеттік қаржы құю екендігін алға тартуда. Қазір әлем бойынша миллиардтаған қаржы банктерге берілуде. Бұрын да дүние жүзі бойынша ақша массасы аз емес еді. Енді ол одан сайын көбейді. Сонда барлық артық ақша қайда жоғалып кетті? Әлемде ақша массасының соншалықты көп болуына қарамастан, неге ақша ең тапшы құралға айналды? Бұл сұраққа әлі ешкім де нақты жауап таба алмай отыр. Түбінде әлемнің озық ойлы қарапайым адамдары бұл сұраққа біріге жауап іздеуі әбден мүмкін.
Бірлескен іс-қимыл жоспары ауқымында еліміздің экономикасына бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде орасан зор қаржы құйылғалы отыр. Бүгінгі таңда көпшілікті толғандырып отырған басты жәйт, осы қаржы нақты экономикалық салаға жете ме? Банктерге берілген бұл қаржыны нақты іске жаратудың қандай тиімді тетіктері белгіленді, оған кім бақылау жасайды? Экономикаға құйылған көп қаржы ырықсыз инфляцияны одан әрі жүгенсіз жіберіп, қарапайым халықтың тұрмысын ауырлатып жіберуі мүмкін. Ендеше, экономикаға құйылған орасан мол қаржы қалай жылдам жұмыс істеп кетеді, оған қаншалықты дәрежеде бақылау жасалады, бұл қаржының жұмсалу үдерісіне ашық жариялылық бола ма, міне, көпті толғандырған барлық толғақты проблемалар осыған байланысты болмақ.
Дегенмен, 2007 жылдың екінші жартысында АҚШ-та орын алған ипотекалық дағдарыс әлемдік қаржы рыноктарында тұрақсыздық орнатып, экономикалық дағдарыстың алғашқы легін туындатты. Осындай сәтте Қазақстан оның зардаптарын алғашқылардың бірі болып сезінді. Сөйтіп, қазақстандық банктердің сыртқы қаржы ресурстарын тарту мүмкіндігі күрт шектелді, соған орай ішкі экономиканы несиелеу көлемі де қысқарды. Ел өмірінде пайда болған осындай күрделі жағдай шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін алға тартты. Сөйтіп, ел басшылығы отандық экономиканы сыртқы теріс ықпалдардан тиімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін қабылдау жөнінде ұйғарым жасады.
Сөз ретінде ішкі жалпы өнімдерінің жиынтығы бүкіләлемдік байлықтың 85 пайызын құрайтын экономикадағы әлемдік жетекші елдер басшыларының Вашингтонда өткен саммитінің де жаһандық дағдарыстан қалай шығу керек деген сауалға жауап бере алмағанын айта кету қажет. Осыдан кейін-ақ шетелдік қауымдастықтан көмек күтуге болмайтыны белгілі бола бастады. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Қазақстан басшылығы отандық экономиканың ішкі ресурстар есебінен қызмет істеуін қамтамасыз ету жөнінде шешім қабылдады.
Қазіргідей экономикалық өсім мен іскерлік белсенділіктің төмендеуі жағдайында да Үкімет әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесін басты назарда ұстамақ болып отыр. Сондықтан әлеуметтік саланы дамыту және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету басым бағыттардың бірі болып қала бермек. Бұл ретте әңгіме, бірінші кезекте, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері туралы екенін атап көрсету орынды.
Ең басты мәселе, бұрын белгіленген әлеуметтік жобалардың бәрі де сол күйінде қалып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы халықтың әлеуметтік хал-ахуалын жақсартуға бағытталған пункттердің бәрі де жүзеге асырылатын болады.
Сол үшін Үкімет елде еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету жөнінде икемді саясат жүргізбек. Бұл тұрғыда, бірінші кезекте, кәсіпорындардағы өндіріс көлемі төмендеген жағдайларда онда еңбек ететіндерді жұмыспен қамту жөнінде ірі-ірі компаниялармен жүргізілген келіссөздердің әлеуеті пайдаланылатын болады.
Ішкі рынокта тауарлар тапшылығының орын алуына және бағаның өсіп кетуіне жол бермеу мақсатында Үкімет ет, құрғақ сүт, өсімдік майы, қант және күріш сияқты бірінші кезекте қажетті тауарлардың тұрақтандыру қорларын құру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыратын болады.
Үкімет адамдық капиталды дамыту ісіне елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы басты факторлардың бірі ретінде қарайды. Жоғарыда аталған шаралардың түпкі мақсаты да дәл осы маңызды мәселені тиімді шешу жолдарын көздестіреді.
“Өмір сапасының стандарттары адам капиталын дамытудың және Қазақстанды әлеуметтік жаңартудың тиімді нарықтық құралына айналуы тиіс, бұл ретте масылдық пиғылды орнықтыруға жол беруге болмайды”, деп атап көрсеткен болатын Мемлекет басшысы үстіміздегі жылдың ақпан айында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.
Үкімет алғашқы кезекте білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін жеделдете инфрақұрылымдық қамтамасыз ету ісіне айрықша салмақ салуды көздеп отыр. Сол үшін де “100 мектеп пен 100 аурухана” бағдарламасы шеңберіндегі әлеуметтік инфрақұрылымдар құрылысын жүргізу 2010 және 2011 жылдардан 2009 жылға көшірілді. Бұл шара сонымен қатар өңірлерде халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуге де ықпал етпек.
Екіншіден, Үкімет ұлттық медициналық холдинг пен “Өркен” акционерлік қоғамын құру арқылы медициналық және білім беру қызметтерінің сапасын арттыру жұмыстарын одан әрі жалғастырмақ. Жаңа институттардың қызметі медициналық қызмет пен мектептерде білім берудің халықаралық стандарттарын енгізуге, корпоративтік басқару принциптері мен қаржыландырудың қазіргі заманғы модельдерін енгізуге бағдар ұстайтын болады.
Үшіншіден, Үкімет білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы құрылымдық реформаларды жеделдетпек. Ол үшін жан басына шағып қаржыландыру жүзеге асырылмақ. Ол білім беру мен денсаулық сақтауға бөлінетін мемлекеттік шығындарды өңірлер бойынша теңдестіруге жағдай жасайды. Осылайша 2011 жылы денсаулық сақтау мен білім беруді мемлекеттік қаржыландыру үстіміздегі жылмен салыстырғанда 60 пайыздан астамға ұлғайтылатын болады, ал оның бюджеттің жалпы шығындарындағы үлесі үштен бірге дейін артады.
Білім беру мен денсаулық сақтау саласына бөлінген мемлекеттік шығындардың ең жоғарғы нәтижелілікке жетуі үшін 2009 жылдан бастап республикалық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттердің нәтижелері туралы салалық министрліктер мен жергілікті атқарушы органдар арасында келісімдер жасасу тәжірибесі енгізілетін болады.
Тұрғын үй саясатын Үкімет Мемлекет басшысының 2007 жылдың тамызындағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асыруды мақсат етіп отыр.
2008 жылдың шілдесінде мемлекеттік бағдарламаға “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ жүйесі арқылы бөлінетін несиелік қаржылар есебінен салынып жатқан тұрғын үйлерді алу үшін азаматтардың басымдықтарға ие топтарына бастапқы жарнасыз-ақ 4 пайыздық несиелер беруді қарастыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оның сыртында мемлекеттік арендалық тұрғын үйлер салудың және жеке тұрғын үйлер салу үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға берілген жер телімдеріне инженерлік желілер жүргізудің көлемдері ұлғайтылды.
Әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыстың биылғы қазан айында шиеленісе түсуіне байланысты Үкімет 18 қарашада мемлекеттік тұрғын үй саясатына түзетулер енгізуді көздейтін жаңа шаралар пакетін бекітті. Мұндағы негізгі өзгерістер 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету механизміне қатысты болып отыр. Осылайша бүкіл өңірлердің әкімдіктері жаңа құрылыс салудың орнына бағалары мемлекеттік бағдарламадан жоғары емес деңгейде салынып біткен тұрғын үйлерді сатып алатын болады. Бұл шаралар азаматтардың аталған бағдарлама бойынша тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз етеді деп күтілуде.
Оның сыртында үстіміздегі жылдың қазан айында Үкімет шетелдерде тұратын қандастарымызға қолдау көрсетуге бағытталған “Нұрлы көш” бағдарламасын әзірлеп, қабылдады. Ол бойынша алыс және жақын шетелдерден келетін қандастарымызды қабылдаудың, орналастырудың және олардың қазақстандық қоғамға жедел бейімделіп, кірігіп кетуі үшін әлеуметтік, тұрмыстық, экономикалық жағдайлар жасаудың жаңа тетіктері белгіленді. Бағдарлама бойынша жылына 60 мың отбасы елімізге оралып, олар “30 корпоративтік көшбасшы” бағдарламасы шеңберінде ашылуға тиісті жаңа кәсіпорындар жоспарланған өңірлерге мақсатты түрде орналастырылатын болады.
Үкімет халықтың нақты табыстарын сақтау және Мемлекет басшысының әлеуметтік төлемақыларды, зейнетақыларды және бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақыларын 2009-2011 жылдары ұлғайту жөнінде берген тапсырмаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету тұрғысында да барлық шараларды қабылдамақ.
Атап айтқанда, 2009 және 2010 жылдары зейнетақылардың, еңбекақылар мен стипендиялардың мөлшері 25 пайызға ұлғайтылатын болады. Ал мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар көлемі де жыл сайын 9 пайызға өсіріліп отырмақшы. Сол сияқты 2010 жылдан бастап төрт және одан да көп бала туғандарға берілетін біржолғы жәрдемақылар мөлшері 50 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылып, 2007 жылмен салыстырғанда бір жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақы 2,5 есеге көбейтілмек.