Экономикалық дағдарыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 17:13, реферат

Краткое описание

Поль Мари Годме (Франция) қаржы құқығы аумағына тек мемлекеттік қаржы жатады деп санайды. Жекеленген тулғаларға немесе жеке бірлестіктерге тиісті құндылықтар, ақша, ақша міндеттемелеі сияқтылар жататын жеке қаржыларға билік ету жеке құқық нормаларымен сәйкес жүзеге асырылады. Мұнымен қоса, оның көрсетуі бойынша, мемлекеттік және жеке қаржыларждың арасындағы неғізғі айырмашылығы: жеке қаржының жай-куйі мен өсуі нарықтық экономиканың зандарына тәуелді болады, ал мемлекеттік қаржының жай-куйі мен өсуі мемлекеттің шешімімен және жария билігінің іс-әрекеттерімен анықталады.

Содержание

Кіріспе


1. Экономикалық дағдарыс: мәні, түрлері, себептері

1.1. Әлеуметтік-экономикалық дамудың дағдарыстары

1. 2 Экономикалық дағдарыстың пайда болу көздері


2. Экономиканың дамуына дағдарыстың тигізетін әсері

2.1. Дағдарыстан кейінгі елдің дамуын қамтамасыз ету


3.Дүниежүзілік дағдарыс салдарынан экономиканы шығару жолдары

3.1.Әлемдегі қаржылық дағдарыс


Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

эконом реферат.doc

— 253.50 Кб (Скачать документ)

Ал неоклассиктик бағыттағы  мектептердің айтуы бойынша экономикалық дағдарыстың пайда болу негізінен ″ тенсіздіктен″, яғни экономикалық дамудағы сыртқы және ішкі факторларға байланысты

Фон Хайек – еркін  нарыктың қолдаушысы және мемлекеттің  араласуына қарсы адам болған, онын айтуы бойынша, негізінен дагдарыстар  мемлекет қарамағынан кайта өндірістің артығынан қаржыландырғаннан болады деп айтқан ( арзан кредиттерден, сұранысты ұлғайтканнан, жалған түрде субсидиялар мен дотациялар санын көтеру, мемлекет тарапынан халыкқа трансфертердің берілуі )

Ал Шумпетер көзқарасы  бойынша , экономикалық дағдарыс негізінен псмхологиялық көңіл күйге байланысты, яғни әр экономикалық айналым фазаларыны өзгеруіне әр касіпкер дайын болуы тиіс.

Жалпы экономикалық дағдарыс 2 тұжырымдамадан тұрады:

1. «іскерлік айналымның теңдігі» – бұл тұжырымдама, мемлекеттік экономикаға араласу арқылы өзіндік ақшалай « естен тану « генераторы болады, яғни шаруашылық жүйені тенсіздік жағдайынан шығарады және сол арқылы қоғамдық өндірістегі айналым тербелісінен ұстайды Булмонетаризм ойларының дамуын бейнелейді.

2. тужырымдама, «саяси іскерлік айналым» – бұл тұжырымдамаға сәйкес басқару партиясы, яғни олар сайлаудағы күрестін жұмысбастылығымен және бағалармен манипуляциялайды, экономикалық дағдарыстың жоқтығын дәлелдейді. Ал сайлауда женіске жеткен соң үкімет жалған түрде жұмысбастылықты көтереді және бағаларды да көтереді.

Қоғамдық өндірістін классикалық айналымы 4 фазадан тұрады: дағдарыс, күзеу, тірілу, көтерілу.

Дағдарыс - қоғамдық өндірістін бірінші айналым фазасы бұл кезде іскерлік белсенділік пен өнімнің көлемі қысқартылады, бағалар құлайды жұмыссыздық өседі және құлдырауға түсу саны лезде өседі. Себебі экономикалық дамуына сыртқы жағдайлардың әсері көп. Кейбір салалар күнделікті сұранысқа ие заттардың шығарылымы, яғни өндірілуі қысқарады  Кейбір кәсіпкерлер осындай экономикалық дағдарысқа байланысты тұрмыстық техника мен құрал жабдықтарды алуды мүлдем тоқтатады. Себебі металлургия, ауыр өнеркәсіптердегі, тағы басқа салалардағы өнімдердің шығарылымы төмендейді.

Күйзеу (депрессия, стагнация) - қоғамдық өндірістің екінші айналым фазасы , ол 1 немесе 3 жыл ішінде жүреді ,яғни шаруашылык өмірдің және шарттарына үйренуі, жаңа теңдіктің пайда болуы Бұл фазаға көбнесе : сенімсіздік, кәсіпкерлер ісінің бейберекеттілігі, банк пайыздарының мөлшерінің құлауы, бағалардың біртіндеп тұрақтануы есебінен сенімдіктері жатады.

Тірілу -  қоғамдық өндірістің тұрақтану фазасы болып табылады. Олар: капитал салымдары пайда бола бастайды, бағалар өнім өндіру, жұмыс бастылық өседі, өндіріс салалары тұрақталады. Яғни экономика қайта жанданады.

Көтерілу бұл - тездету фазасы, бұл кезде техникалық жаңару, жаңа тауарлар және жаңа кәсіпорындар пайда болады.    

            

1.3 Дағдарыстық жағдайды мемлекеттік реттеу

Дағдарысқа қарсы реттеу – бұл үкметтің саясаты экономиканың барлық саласындағы дағдарыс дамуының алдын-ала  тоқтатады, және жүйені өзіндік ұсына отырып, кәсіпорындағы дағдарыстың жағдайды және құлдырау ісін реттеу үшін корғаныс болып табылады.

Реттеу заңды және шығындық түрде болады . Дағдарысқа қарсы реттеуде ақпараттық базаның  маңызы зор .

1.Мемлекеттік реттеу жағынан келесідей болып бөлінеді: реттеу - дағдарысқа карсы реттеуде заңды негізін жасау, яғни жалған құлдыраудан және жалған жағдайларды зерттеу жүргізу

2.Әдістік реттеу - кәсіпорын жағдайының маниторингін жүргізу арқылы әдістік камтамасыз ету, яғни соттық істердің, құлдыраудың алдын-алу

3.Акпараттық реттеу - әлеуметтік экономикалық маңызы бар кәсіпорындардың төлеу кабілеттілігінің анализі

4.Экономикалық және әкімшілік ретқеу - экономиканы тұрақтандыру жағдайында нәтижелі өлшемдер мен әдістермен әсер ету

5.Ұйымдық реттеу - карызданушының төлеуге кабілетсіздігі жайындағы жан жалдарды шешу

6.Әлеуметтік реттеу - құлдырауға ұшыраған кәсіпорындардың жұмысшылырын әлеуметтік қорғау, яғни оларға жәрдем ақымен көмектесу

7.Кадрлық реттеу - кәсіпорындағы дағдарысқа карсы басқаруы жағынан мамандарды іздеу және дайындау және олардың тәжірибелігінің көтеру

8.Экологилық реттеу - кәсіпорынның айналасын корғау өздерінің қызметінің нәтижесінде табиғи ортаны ластануының алдын алу

Кәсіпорын жағдайына  мемлекеттің экономикалық әдіспен әсері салықтар, кірістерді орналастыру және ресурстар, бағаны калыптастыру, каржы қайта несиелік мехнизм, жекешелендіру тағы басқа, ал кәсіпорын жағдайына орындалуын кадағалау

Мемлекеттің экономикалық мемлекеттің әкімшілік әсер етуіне – заңды реттеу және саясат келесі элементтер кіреді :

1.Фискалдык саясат- бұл  мемлекеттің бюджетің және салық  салу арқылы реттеу. Бұлар көбінесе  өндірістің түсуі кезінде немесе  көтерілуі кезінде бөлінеді 

2.Құрылымдық саясат  – мұнда мемлекеттің әсері  мен өндірстің нәтижелілігінің реттеу

3.Қаржы несиелік саясат  – бұл мемлекеттік банк пайыздарын  басқару, ақшалай масса және  кредиттердің тұтынушылық және  инвестициялық сұранысқа әсері.

4.Ғылыми техникалық  саясат - бұл кәсіпорынды ғылыми және техникалық жағынан дамыту.

5.Өнеркәсіптік саясат- бұл өндірістік құрылымды мемлекет  тарапынан реттеу

6.Амортизациялык саясат

7.Инвестициялық саясат - өндіріс көлемінің деңгейінің реттеу және экономиканың кейбір салаларына әсер ету

8.Болжау және жоспарлау - мұнда экономиканы дамытудағы индикативтік жоспарлау.

Дағдарысқа қарсы техникалық реттеу - әдістердің,түрлерінің, өлшемдердің жиынтығы. Яғни мемлекет тарапынан реттеу көмегімен кәсіпорынның дағдарысын жеңу

Кәсіпорынның  дағдарысқа қарсы тұраксыздығына байланысты:

1.Дағдарысқа карсы реттеудің профилактикалық өлшемдері - бұл кәсіпорындарды дағдарыстың болуын алдын-ала ескертеді. Осы дағдарысқа қарсы істерге: құқықтық, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды көтеру жатады.

2.Дағдарыс жағдайында тұрган кәсіпорындардың мералары және мемлекет тарапынан заңдылық шешімдер. Кәсіпорынның тұрақсыздығын  сауыктыру істері болып табылады.

Кәсіпорынның санациялық жағдайы келесідей: соттан тыс санация, сот алдындағы санация және арбитражды .

1.Соттан тыс санация - бұл кәсіпорын санациясы, яғни құлдырауды ресми жарияламай, сонымен қатар арбитражды соттың қатысуынсыз  жүргізіледі.

2.Сот алдындағы санация - бұл кәсіпорын санациясы , кұлдырауды жарияламай тұрып , оны алдын-ала болжау және сауықтыру қажет.

3.Арбитражды санация - бұл санация, арбитражды соттың шешімі заңды түрде іске асырылады.

Бұлар белгілі бір  саясатпен жүргізіледі. Соттан тыс  және сот алдындағы санация –  бұлар кәсіпорын дағдарысын жеңу натижесіндегі саясат , ал арбитражды санация - дағдарысты жеңу нәтижесінде қатаң заңдылық шектеулер негізінде жүреді.

Дағдарысқа карсы реттеуге казіргі заманғы профилактикалық  өлшеулер:

-құлдырау жайында  заңдылыктар туралы сұрактарға  кәсіпкерлер мен менеджерлерге  кеңес беру;

-дағдарысқа қарсы  басқару жөніндегі мамандандырылған  компнияларды құру;

-кәсіпорындарды инновациялық қызметтері үшін тиімді шарттармен қамтамасыз ету. Яғни инфракурылымдық инновациялық процессті дамыту, құқықтық нормативті камтамасыз етудегі қайта өңдеу, инновациялық сферадағы интеллектуалдық қоргау, техникалық және конструкторлық , ғылыми ізденіс жұмыстарының нәтижесіне кәсіпорындардың толық қамтамасыз етілуі,бәсекелестікке кабілетті технологиялардың кәсіпкерлер арасындағы сұранысы инновациялық кызметтің нәтижесінде экспорттың мүмкіндіктері, аймақтық қорлардың нәтижелі проекттердің кұрылуы;

-аймактағы инвестициялық  проекттердің кітапханасының кұрылуы,  аймақтың қаржылық – экономикалық  атағын ұйымдастыру, аймақтың  инвестициялык кызметтің көтеру.

Кәсіпорындағы  құлдырау жөніндегі сұрақтарға ар туралы көзқараста қарайды. Мысалы, кұлдырау жөніндегі заңдылығында келесі түсініктер қолданылады. Кұлдырау - арбитражды сотпен танылған немесе қарызданушының жариялауымен қарызданушы кредитордың қалауы бойынша оның сұрағанын орындауға тиіс.

Қарызданушы – ол азамат сонымен қатар жеке кәсіпкер өзінің ақшалай міндеттерін орындай алмаған жағдайда, онда бекітілген заңмен міндетті төлемдерді белгіленген уакытта кайтаруы тиіс.

Ақшалай міндеттемелер - азаматтық құқықтық келісім шарт бойынша кредиторға қарызданушы ақшалай сомманың белгілгілі бір соммасын бөлігін қайтару тиіс.

Міндетті төлемдер - салықтар, белгілі бір деңгейдегі   бюджетке түскен кірістер және жинақтар, шарттар жүзіндегі бюджеттен тыс қорлар.

Конкурстық кредитторлар - ақшалай міндеттер жөніндегі кредитторлар, өмірі мен денсаулығына кауіп төндіргені үшін қарызданушы жауапкершілікті көтереді .  Ақшалай міндеттер мен міндеті төлемдердін көлемі және кұрамы  мына жағдайларда анықталады , яғни  арбитражда соттың шешімімен карызданушының кұлдырағаны жайында. Кәсіпорынның құлдырауына байланысты заңмен рұксат етілген істерді карастырсақ . Оларга :

Өзіндік еркін ликвидациясы – өзін камтамасыз ете алмайтын кәсіпорынның соттан тыс ісінің ликвидациясы . 

 

 

1.1 Қазақстан Үкіметі айқындаған бірлескен іс-қимыл жоспарының

 

1. Қаржы дағдарысына  қарсы жоспарлар

Қаржы дағдарысына қарсы  бағытталған осы бірлескен іс-қимыл жоспарын талдамастан бұрын жаһандық қаржы дағдарысы дегеніміз не, оның пайда болуының себеп-салдары қандай деген сұрақтар төңірегінде ой қорытып көрелік. Иә, қазір “жаһандық қаржы дағдарысы” деген сөз озық ойлы адамзаттың азаннан бастап ақшамға дейін бір күмән, бір күдікпен қайталайтын “жарапазанына” айналды. Әлемдік дәрежедегі саясаткерлер мен оқымысты мамандар жылға тарта уақыттан бері “жарғақ құлақтары жастыққа тимей” бұл күрделі дағдарыстың шығу себебі мен одан құтылудың жолын іздеп, шарқ ұруда. Бірақ әлі күнге дейін дүние жүзінің атышулы ғалымдары да, аузы дуалы  қайраткерлері де ашық күнде жай түсірген “жаһандық қаржы дағдарысының” басты себебін де, қарсы тұрар тиімді амалды да тап басып айта алмай отыр. Ал аурудың диагнозын дұрыс қоймасақ, оны емдеу шаралары да нақты нәтиже бермейтіні белгілі.

Қаржы дағдарысы болса, жаһанды жалпағынан жайлап, мұхиттан асып, қатері шарпымаған құрлық қалдырмады. Бұл дағдарыс мұхиттың арғы жағындағы өзінің шыққан “отанының” қаржы жүйесін шынымен қақыратып кетті. АҚШ-тың атышулы банктері қаржы тапшылығына тұншығып, бірінен кейін бірі тұралап қалды. Американың “Gentral Motors”,  “ChrysLer”, “Ford” сияқты автомобиль алыптарының аяғына жем түсті. Алып елдің экономикасы соңғы 20 жыл көлемінде болып көрмеген рецессияға тап болды. Ірі компаниялардың акциялары қараша айының басында 38 пайызға дейін төмендеді. Жыл басынан бері 1 миллион 200 мың адам жұмыссыз қалды. Қазан айында жұмыссыздық деңгейі 6,5 пайызға жетті. Сөйтіп, 100 жыл бойы әлемдік экономика үлгісі болып келген америкалық экономикалық жүйе тығырыққа тірелді. Дүниежүзілік валюта болып табылатын АҚШ долларына көлеңке түсе бастады. АҚШ-тың жаңа президенті Барак Обама алғашқы баспасөз мәслихатында “өзіміз қазған ордан шығу оңай болмайды” деп мойындады.

Мұхиттың арғы жағынан  бастау алған қаржы дағдарысынан кәрі құрлық – Еуропа да сырт қалмады. “Түйені шайқалтатын дауыл тұрса, ешкіні аспаннан көресіңнің” кері келіп, Еуропаның бірқатар елдерінің экономикасы күйзеліп кетті. Тіпті, Исландия, Венгрия сияқты мемлекеттер тұтас банкрот болу қаупінің алдында тұр. Исландия мемлекетінің  ақшасы – крона соңғы екі-үш айда 40 пайызға құнсызданды.  Күні кеше Брюссельде өткен ЕО-ға мүше елдер басшыларының саммитінде Франция президенті Николя Саркози “Біз Еуропада экономикалық тоңырау басталғанын мойындауымыз керек” деп атап көрсетті. Тура Еуропа елдеріндей болмағанымен Ресей мен Қазақстан да қаржы дағдарысының салқынын сезінуде.

Сонымен жаһанды жайлаған қаржы дағдарысының шығу себебі неде?

Қаржы мамандарының айтуы  бойынша, оның себебі – қаржы саласы активтерінің шектен тыс көтеріліп, ішкі  жалпы өнімдердің нақты өсімінен әлдеқайда асып түсуінде болып отыр. Экономикалық ғылымда дамудың неоклассикалық және кейнсиандық модельдері деген ұғымдар бар. Оның біріншісі – еркін рынок деген ұғымды білдірсе, екіншісі – нарықтық экономиканы мемлекеттің араласуы арқылы  дамыту деген сөз. Яғни, бүгінгі таңда дамыған елдердің мемлекеттік саясатында неоклассикалық экономиканың даму үрдісі белең алып, іргелі экономика мен қаржы саласының дамуы сәйкессіздікке ұшыраған.

Қарапайым тілмен айтқанда, біздің түсінгімізше, қаржы саласы қандай да бір бақылаудан сырт қалған. “Ақша есепті сүйеді” деген ұғым ұмыт қалып, банктерге шектен тыс  еркіндік берілген. Қаржы жүйесін бақылайтын халықаралық және мемлекеттік органдардың жауапкершілігі жойылған. Тіпті батыра айтсақ, бетімен кеткен банктерді бақылайтын органдар сыбайластыққа ұшыраған. Банктерге құйылатын қаржы мен мемлекеттік органдардағы лауазымды шенеуніктердің қалтасына  құйылатын қаржы қабысып кеткен.

Бүгінде қаржы дағдарысына  ұшыраған мемлекеттердің қай-қайсысын алып қарасаңыз да, мемлекеттік жауапты органдардың тізгінін ұстап отырған лауазымды шенеуніктері  белгілі бір банк акционері (өзі немесе қосалқы туыстары арқылы) болып табылады. Сол лауазымды шенеунікке мемлекет тарапынан экономиканы дамыту міндеті де жүктелген. Сонда ол өз банкінің активін арттыруды ойлай ма, әлде экономиканы дамытуды бұрын ойлай ма? Әрине, банк активін арттыруды бұрын ойлайды. Ендеше негізгі гәп те осында.

Хош делік, бір гәп  осында екен. Енді жаһанды жайлаған қаржы дағдарысынан қалай шығамыз? Оған да әлі тоқ етер жауап жоқ. Дағдарысқа қарсы тұрудың бүгінгі таңдағы ең тиімді жолы ретінде бірқатар мемлекеттер банктер, қор  рыногы, мемхолдингтер арқылы экономикаға  орасан зор қаржы құюда. Мәселен, АҚШ, Еуропа елдері, Жапония және Ресей банктердің, сақтандыру компанияларының, инвестқорлардың активтерін көптеп сатып алып, кейбір банктерді мемлекет меншігіне де алып жатыр. Бұл қазіргі таңдағы ең дұрыс шешім. Себебі, әлемдік экономика қаржыға, ақша-несие үдерісіне өте зәру болып отыр.

Информация о работе Экономикалық дағдарыс