Эконамиканы дамытудағы өнеркәсіптердің рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 12:24, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанда шағын кәсіпорындардың даму тенденциясы мынадай:
• шағын кәсіпорындардың және онда жұмыс істейтіндердің санының тұрақты өсуі;
• өнеркәсібі дамыған аудандардағы шағын кәсіпорындардың шоғырландыруы;
• шағын кәсіпкерліктің сауда мен қызмет көрсетудегі үлесінің көптігі;
• осы уақытқа дейін шағын кәсіпорындардың салық салу, несиелендіру, мемлекеттік органдармен арадағы мәселенің шешілмей келе жатқандығы шағын кәсіпорындардың маңыздылығын мемлекетіміз ғана емес нарықты экономикасы бар елдердің барлығы мойындап отыр. Оны экономикадағы үлес салмағынан көруге болады.

Содержание

I тарау. Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің дамуы....................................5
1.1. Шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының ғылыми негізделуі......5
1.2. Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуының ерекшеліктері...............10

II тарау. ЖШС “Меркур Строй Сервис” экономикалық және кәсіпкерлік белсенділігін талдау................................................................................................13
2.1 ЖШС «Меркур Строй сервистің» жалпы сипаттамасы..............................13
2.2 ЖШС “Меркур Строй Сервис” экономикалық тиімділік көрсеткіштерін талдау.......................................................................................................................18

III тарау. Қазақстан Республикасында кәсіпорындарды дамыту болашағы...................................................................................................................23
3.1. Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің бағдарламасы............................................................................................................23
3.2 Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу болашағы мен кейбір мәселелері...............................................................................................................25
3.3.Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері мен болашағы.................................................................................................................29

Қорытынды.................................................................................................................33

Қолданылған әдебиеттер........................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая моя.doc

— 280.00 Кб (Скачать документ)

 

      Кәсіпорынның  іскерлік белсенділігі қызметі  оның қаржыларының айналым жылдамдығынан  көруге болады Оның белсенділігін  талдауда әртүрлі қаржылық коэффиценттердің  айналуының деңгейі мен өзгеруін зерттеу арқылы кәсіпорынның өз қаржыларын қалай қолданылып жатқандығын көруге болады. Кәсіпорынның жағдайы салынған активтердің қанша уақытта нақты ақшаға айналатындығына тәуелді.

      Негізгі  құралдардың айналу коэффиценті  қор қайтарымдылықты білдіреді. Кәсіпорындағы негізгі құралдардың айналуын, олардың үлесінің аздығымен түсіндіруге болады. Ол 2010 ж 3,6 рет болса, 2011 ж 2,1рет болған.

     Меншікті  капиталдың айналым коэффицентінің  жоғарылығы олардың жетіспеушілігін көрсетеді. 2010 ж 5,54 болса 2011 ж 21 рет айналған. Бұл жерден біз сатылу көлемінің салынған актив деңгейінен жоғары екендігін көруге болады. Ағымдағы активтердің айналымы 2010 ж 0,5, 2011 ж 0,4- ке төмендеген. Дебиторлық берешектің айналу коэффиценті оның сапасы мен көлемінің мөлшерін білу үшін қолданылады. Ол 2010 ж 4,7 реттен 2011 ж 6,1ге өскен.Несиелік қарыздың айналу коэффиценті коммерциялық несиеліктің өскендігін не төмендегенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш талдау кезеңінде 175%- өскен.

      Кәсіпорын  ісінің тиімділігін өндірістің нәтижесі мен оның шығындарын немесе қолданылған ресурстарын салыстыра отырып көруге болады. Алынған тиімділікті жиынтық капиталмен немесе салыстыра отырып         кәсіпорынның ісінің тиімділігінің бірнеше көрсеткіштерін анықтауға болады. Оларды екіге бөліп қарастыруға болады: 1) Жалпылама және 2) технико- экономикалық . Бірінші топқа табыс деңгейі, еңбек өнімділігі, қор, материал сиымдылықтары жатса, екіншісіне өндірісте қолданудың тиімділік көрсеткіштері жатады.

     

 

 

 

3. тарау. Қазақстан Республикасында кәсіпорындарды дамыту болашағы.

3.1. Мемлекеттік  кәсіпкерлік және макроэкономикалық  реттеудің бағдарламасы.      

 Қоғамдық санада  кәсіпкер – бүл тек адам, индивидум деген пікір берік орнаған. Нарық қатынастарының құрылу және даму практикасы мемлекеттік қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына ерте қосылады, соғұрлым өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің әріден ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы бағдарына бола нарық экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте халықаралық инвестициялық ахуал өте жақсы,соғұрлым әлемдік экономикада осы мемлекеттің мәртебесі биік болады.       

 Өтпелі экономика  жағдайында мемлекеттік кәсіпкердік ерекше сипатқа, ерекше мәнге  ие болады. Мемлекет нарықтық жүйе жолында заңды тұлға ретінде жаңа функцияны – кәсіпкерлік қабілетті игенру қажет.      

 Қазақстан Республикасында  2001 жылдың басында мемлекеттік  кәсіпорындардың үлесі олардың жалпы санының 23,5% құрады.      

 Нарықтық экономикасы  дамыған елдерде мемлекет меншігі  үлесі көп емес, бірақ, нақ осы  ұлттық экономиканың дамуы үшін  қажет қызметтер мен тауарлар  шығарушы өздерінің меншікті  кәсіпорындарының болуына және  бір уақытта мемлекет бюджетін толтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік береді.      

 Келтірілген кәсіпорындар  Қазақстан Республикасында коммерциялық  және коммерциялық емес бастаулардың  қосылуында жұмыс істейді.     

 Мемлекет кәсіпорындарды  олардың дербестігінің сипатына байланысты үш топқа бөледі:

1). Бюджеттік (ведомстволық);

2). Қоғамдық (корпорациялар);

3). Аралас акционерлік  қоғамдар (холдингтер).     

 Қазақстан Республикасында  мемлекеттік кәсіпорынға мына  кәсіпорындар жатады:

1). Мемлекттік, шаруашылық жүргізуге құқығы бар, толық шаруашылық есепке негізделген (қорғаныс зауыттары, дәрі-дәрмек дайындау және т.б.)

2). Қазыналық, жедел  басқаруға құқығы бар, толық  емес шаруашылық есепке негізделген  (байланыс, телекоммуникация, геодезиялық  жұмыстар өндірісі және т.б.).     

 Бірақ мемлекеттің  кәсіпкерлік қызметі аталған  кәсіпорындармен жұмысын шектемейді. Мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет  ұлттық экономиканың барлық және  мемлекеттің экономикалық әуелетінің  дамуына әсер ететін, мемлекеттік  бюджетті айтарлықтай толықтыруға, өтпелі экономиканың тұрақсыздығын тұрақтандыруға жол ашатын қызметтің сыртқы экономикалық саласына таралады.     

 Оған 90-шы жылдардың  ортасындағы Қазақстан Республикасы мемлекетінің кәсіпкерлік қызметі мысал бола алады: Қазақстанның кен өндіру, отын-энергетика және металлургия кешендерінің аса ірі өнеркәсіп өндірістерін төлем төлей алмаушылықтан қорғай алып, дәл уақытында шетел капиталын тарта білді.    

 Қазақстан мемлекетінің  кәсіпкерлік қызметінің келесі  мысалы 1996 жылдың басында  Қазақстан территориясы арқылы өтетін Еуроазия темір жолы бойынша транзиттік, жүк және контейнерлік тасымалға қатысты Еуропа мен Азияның жеті мемлекеттерінің арасында құжаттарға қол қойылуы бойынша оның инициативасынан көрінді.    

 Оңтүстік-Шығыс Азия  елдерінің жүктері келісімдерге сәйкес Батыс Еуропа елдеріне тасымалданады, ал осы елдерден Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне белгілі ақыда тасымалданады.     

 Қазақстан территориясы  арқылы төрт трансконтиненталды  темір жол магистральдары өтеді:  Трансазия (Қытай – Қазақстан  – Түркия), Еуроазия (Қытай – Қазақстан – Ресей – Еуропа), Орта Азия және Ақтау теңіз порты арқылы Батыс магистралы. Еуропа – Скандинавия – Иран (Парсы шығанағы) арасында жүктердің тасымалдау уақытын қысқартуды қамтамасыз ететін «Солтүстік – Оңтүстік» жоба қаралуда.     

 Осы аталған магистральдарды  жандандыруға және қайта жаңартуға,  барлық магистральдар бойынша  қосымша жұмыс орындарын құруға, осы магистральдар жоғары табыспен  қамтамасыз етуге жол ашады.  Мемлекеттік кәсіпкерлік өтпелі  экономикада макроэкономикалық процесстерді реттеумен тығыз бірлікте болады.     

 Нарықтық экономикада  макроэкономикалық процесстерді  реттеу тікелей және жанама  әдістер көмегімен жүргізіледі.     

 Өтпелі экономикада  мемлекеттік реттеудің объектілері  ең алдымен экономиканы тұрақтандыру саясаты немесе циклге қарсы саясат, ақша айналымына, инфляцияға, мемлекеттік бюджет балансын бақылау, халықты жұмыспен қамту саясаты, монополияға қарсы саясат, яғни нарықтық бәсеке жағдайына бақылау, халықты әлеуметтік қорғау саясаты болып табылады.     

 Халықаралық тәжірибе  көрсеткендей, тікелей әдістер кіші  мерзімді, орта мерзімді және  ұзақ мерзімді міндеттерді шешу  үшін мемлекеттік экономикалық  бағдарламаларды жасау мен іске  асыру арқылы жүзеге асыралады.      

 Осындай бағдарламалардың  мысалы соғыстан кейінгі Оңтүстік Корея экономикасын қалпына келтіру бойынша төтенше бағдарламалары, ал Жапонияда «Автомобиль жолдарының құрылысы бойынша төтенше шаралар туралы» заң қабылдануы болады. Жапонияда мемлеттің оннан астам институттары нарықтың даму бағдарламаларын және жоспарларын құрады. Қазіргі жағдайда мемлекеттің кез келген реттеу шаралар негізінде ақша айналымы болады. Өтпелі экономика үшін ақша айналымы мемлекет бақылауынан шықпауы тиіс. Бұл мемлекеттің макроэкономикалық деңгейіндегі ең маңызды реттеу функциясы. Осы жағдай «экономикалық құдіретті» тудырған Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань елдерінде тәжірибемен бекітіледі.     

 Осы елдерде ең  қиын жылдары (1970-80ж) өнеркәсіпті  реформалау және құрылымдық қайта құру кезеңінде ақша айналымы, инфляция, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы әрқашан мемлекеттің бақылауында болды және бұл олардың қирату салдарынан жұмсартуға және тіпті болдырмауға жол ашты.    

 Қазақстан Республикасы  нарыққа өтудің басында (1990ж)  басқа старттық жағдайда болды.  Республика экономикасы Кеңес Одағының халық шаруашылығы кешенімен тығыз біріккен болды. Өндірістің құлдырау жағдайында ақшалай табыстардың өсуі тауар массасымен қамтамасыз етілмеді. 1990ж халықтың жинақтағы қалдықтары 13млрд. сом құрады, ал қанағаттандырылмай қалған сұраныс 17млрд. сом немесе жылдық тауар айналымы мен ақылы қызметтердің  76%-нан көбін құрады. Жабық инфляция ашық инфляцияға ұласты және қаржы жүйесі бақылаудан шықты.     

 Қазақстан реформаны  дербес тек 1993 жылдың қараша  айында ұлттық валютаны енгізгеннен  кейін, 1994 жылдан бастап, жүргізе бастады. Реформа жылдарында мерзімдік баспасөз келтіргендері бойынша инфляция деңгейі  13250 есе өсті, өндірістің құлдырауы 1991 жылдың деңгейінің 50%-ға жетті.

3.2. Қазақстанның  халықаралық еңбек бөлінісіне  қатысу болашағы мен

кейбір мәселелері       

 Қазақстан Республикасының  халықаралық еңбек бөлінісі сферасындағы  рөлін жоғарлату үшін мемлекеттік  ресурстық потенциалын толығымен  жүзеге асыру қажет, сонымен  қатар өнеркәсібі дамыған елдерден  тәуелділік жағдай болмас үшін  дайын өнім өндіретін салалардың ролін жоғарлату керек. Бұған, елге жаңа серіктестіктерді тарту жолы, сонымен қатар экспорттық-импорттық саясатты жақсарту және Қазақстанды ғылыми сыйымды өнімдер нарығына тарту арқылы жетуге болады.      

 Жаңа серіктестіктерді  іздеу. Қазақстан үшін капиталын тарту технологиялық артта қалушылықты жеңудің және т.б. кедергілерді жоюдың негізгі факторы болып табылады. Ол үшін тұрақты инвесторларды іздеу керек.        

 Қазіргі кезде Қазақстан  мұнайлы аймақтарды игеру жөнінен  шамамен 30 мұнай жобасы бар. Теңізден Қара теңіз портына дейін мұнай құбырлары салынуда. Иран Ислам Республикасының территориясы арқылы өтетін және мемлекет территориясында мұнай құбырларын салу туралы мәселелер қаралып жатыр. Мұнайдан түрлі өнімдер жасап шығаратын және қазіргі бар зауыттарды қайта құру туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Мысалы, ел экономикасының құрылымын айтарлықтай өзгерте алатын және белгілі бір дәрежеде бар сәйкессіздіктерді жоя алатын Қарағанды металлургия комбинатын және басқа да ірі объектілерді қайта құру.        

 Республиканың көптеген  елдермен экономикалық байланыстары  бар: АҚШ-мен, Алманиямен, Франциямен, Австриямен, Турциямен, Оңтүстік  Кореямен және басқалармен. Мұнай  газ кен орындарын игеру үшін  шетел капиталын қатыстыру көпшілік мақұлдаған дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес жүргізілу керек. Біздің қимылымыздың бастамасы дүниежүзілік ортақ ережелер, дүниежүзілік тәжірибе болу керек, әйтпесе біз өзіміздің байлығымызды жоғалтып аламыз. Осы ережелерден басқа, үкімет 1993 жылдан бастап сыртқы экономикалық байланыстардың дамуы аймағында қатаң шараларды қолдана бастады.        

 Инвестициялық саясатты  жақсарту үшін, Қазақстан елдің  экспорт және импорт баланстарын  жасауы керек.        

 Экспорттық-импорттық  стратегия. Экспорттық-импорттық  стратегияны “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасына сәйкес дайындау керек. Оған сәйкес экспорт, импорт сферасында Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнын және рөлін өсіретін бағыттары бар.        

 Республиканың экспорттық  стратегиясын нақты бір нарықтардың ерекшеліктерін есепке ала отырып дайындау керек. Сондықтан, жаңа дүниежүзілік нарықтарға ену мүмкіндіктерін зерттеу кезінде ең алдымен коньюктуралық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру маңызды болып табылады.        

 Жаңа технологияны  сатып алу және біріккен кәсіпорындар құру арқылы, өндірісті ұйымдастыру мүмкіндігі болса да, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің кейбір түрлерін, медициналық құрал-жабдықтарды және медикаменттерді сатып алуға мүмкіндік беру керек.        

 Екінші бағыт –  республиканың халық шаруашылығының әрбір саласы импорттық саясатын дайындауы керек, әсіресе аграрлық секторда, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде, машина жасау өнеркәсібінде.        

 Үшінші бағыт –  бұл едәуір аз шығындармен  өнім шығаруға және қажеттіліктерді  қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар импорты. Бізбің елімізде лизингті ұйымдастырып, дамыту қажет. Бұл мәселелерді шешу дүниежүзілік экономикалық жағдайға күрделі талдауды қажет етеді. Барлығын қымбатырақ сату және арзанырақ сатып алу саясаты – бұл люмпен саясаты.        

 Ғылыми сыйымы тауарлар  импортымен ғана шектелуге болмайды, сонымен қатар халықаралық экономикалық  қатынастарда мемлекетіміздің рөлін  жоғарылатуға мүмкіндік беретін  жаңа техника мен технологияларды  шығару керек.        

 Қазақстан ғылыми-сыйымды өнімдер нарығында. Ғылыми сыйымды өнімдермен айырбас қызмет көрсетуді, тауарлармен жасалынатын сауданы, лицензиялар мен патенттерді сату, сатып алуды төмендетеді. Ғылыми сыйымды өнімдер әлемдік нарығының субъектілері болып мемлекеттер, фирмалар, университеттер, қорлар, жеке тұлғалар, ғалымдар мен мамандар табылады. Ғылыми сыйымды өнімдер әлемдік нарығының объектілері болып заттай формадағы (агрегаттар, инструменттер, технологиялық желілер, өнеркәсіптік үлгілер және т.с.с.) және заттай емес формадағы (патенттер,  лицензиялар, “ноу-хау”, тауарлық белгілер және т.б.) интеллектуалды қызметтің нәтижелері табылады. Халықаралық маманданған ұйымдардың терминологиясын қолдана отырып, заттай емес формадағы технологиялық айырбастың немесе ғылыми сыйымды өнімдер айырбасының объектісі болып өнеркәсіптік меншік, яғни изобретение, тауарлық белгілер және өнеркәсіптік үлгілер табылады.        

Информация о работе Эконамиканы дамытудағы өнеркәсіптердің рөлі