Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2014 в 17:57, курсовая работа
Бұл курстық жұмыста бірінші тарауда мен өзім инфляцияның экономикалық өміршеңдігін, оның түрлеріне анықтама жасау, себептерін ашу, инфляцияның қалыптасуы және көрсеткіштерінің сипатын анықтау, оның қалай өлшенетіндігін ашып, тұжырымдап көрсету болды.
Екінші тарауда инфляцияның әлеуметтік-экономикалық қайшылықтарын қадағалау және инфляциялық шараларды суреттеп көрсету, оған қолданылған әрекеттерді айшықтап берілуіне арналған.
Кіріспе.....................................................................................................................3
І. Инфляция және оның экономикалық мәні.
1.1. Инфляцияның мәні, пайда болу себептері..................................................4
1.2. Инфляцияның түрлері мен әлеуметтік зардаптары.....................................7
1.3. Инфляцияның бәсендету шаралары............................................................11
ІІ. Инфляцияның Қазақстандағы жағдайы.
2.1.Қазақстан Республикасында инфляцияның пайда болу себептері мен ерекшеліктері........................................................................................................15
2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат........................19
2.3. Инфляцияны реттеу мәселелері ..................................................................22
Қорытынды.........................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер..............
Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасында да, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қатысты материалдық өндіріс сферасында да таратуды қажет етеді. Бұл жерде мынаны ойда ұстаған жөн: соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас бөлігіне – шығындар немесе өндірушілер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады. Бұл жөнінде инфляцияның екі түрі мен қарсы әрекеттің кешенді әдістері себептерінің өзара байланысы байқалады.
Жалпымемлекеттік және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары жайында басты бағыт барлық мүмкін болатын баптар бойынша оларды ьарынша қысқарту болып табылады. Әлбетте, зейнеткерлерді, оқушыларды, тіркелген кірістері бар қызметкерлерді қорғау жөніндегі өміршендік маңызды әлеуметтік қажеттіліктер қамтамасыз етілуі тиіс.
Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:
а) тура әдістермен – шектеумен (рестрикциялармен), яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;
ә) секвестрлеу әдісімен – барлық шығыстарды әр түрлі факторлармен анықталатын төмендетудің берілген жалпы мөлгеріне сәйкес пропорционалды төмендетумен;
б) қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен;
в) мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейін шектеумен.
Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген ұлттық бағдарламаларының іс-қимылын, тез қайтарым бермейтін әр түрлі лайықты жобалардан, шаралардан бас тартуды және т.с.с. шалады.
Мыналардың нәтижесінде инфляцияның екінші типін – шығындардың (өндірушілер инфляциясының) өсуінен туатын инфляцияны жою проблемаларын шешу неғұрлым қиынырақ болып келеді:
1) жалақыны көбейту;
2) ұйымдық сипаттағы себептер
бойынша шаруашылық
3) шикізат және энергетикалық
ресурстар иелерінің
Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою өзара байланысты проблемалардың бірнеше күрделі блоктарын шешуді қажет етеді.
Инфляцияны төмендету проблемаларының бірінші блогі экономикалық тұрақтандырудың бүкіл жүйесінің орталық буыны ретіндегі өндірістің құлдырауын жоюда болып отыр. Өз кезегінде ол мына өзара тәуелді проблемаларға ыдырайды.
Біріншіден, еңбек өнімділігінің уәждемелік ынталандырмаларын, оның тиімді нәтижелеріне ынталылықты күшейту мәселелерін шешу, басымдық ретіндегі өндірістік еңбек қызметін қалпына келтіру. Бұған қажырлы еңбек пен оның нәтижелерінің арасында тікелей байланыс болатын жекеше өндірістік секторды дамыту негізінде қол жетеді.
Сауда-делдалдық сфераға қарағанда өндірістік сфераның басымдығын қамтамасыз ету қажет. Өндірістік сфераның дамуын көтермелеуге салықтардың жеңілдік жүйесімен, кредитті кедергісіз алумен және кредиттер бойынша төмендетілген пайыздық мөлшермелермен, ұдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу қорларына даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді, аударымдарды белгілеумен және т.с.с. жетуге болады, қажетті жағдайда өндірістік сектор қызметінің басым түрлерін қаржыландыру жолымен тікелей қолдау жүзеге асырылды.
Инфляцияны жеңіп шығу жөніндегі шаралар жүйесіндегі қажетті элемент нарықтық бәсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің экономикалық жауапкершілігі механизмі жасау болып табылады; аталған механизмдердің іс-қимылы мына сызбаға саяды: шығындардың төмендеуі – бағалардың төмендеуі – өндірістің өсуі есебінен таза табыс көлемінің сақталуы – ұсынымның көбеюі – сұранымның қанағаттандырылуы.
Бәсеке механизмін жасау монополияға қарсы шараларды жүргізумен, меншіктің тұрлі нысандарын дамытумен, шаруашылық-қаржы қызметіндегі олардың теңдігін заңнамалық түрде қамтамасыз етумен байланысты болады.
2.3. Инфляцияны реттеу мәселелері.
Инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде баға мен жалақыға бақылау қою болып табылады. Баға мен жалақыны реттеудің ауқымдарын таңдау қысқа мерзімді саясат бағдарламаларында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп отырады. Базалық технологиялық шекте – шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор. Тап олардың құны келесі технологиялық шектердің өнімі бағасының бүкіл пирамидасының негізіне қойылады.
Жалақыны реттеу бастапқы (қол жеткен) деңгейден еңбек өнімділігінің нақтылы артуына байланыста жүзеге асырылады, өйткені номиналды жалықы мөлшерлемелерінің еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына тең өсіммі өзінің сипаты бойынша инфляциялық емес болып табылады.
Сыртқы экономикалық қызметті қамтып көрсететін төлем балансы тарапынан инфляцияны төмендету шаралары оның құрылымын жақсартуда болады. Бірінші кезекте бұл тауарлар мен қызметтердің, яғни экспорттық-импорттық операциялардың қозғалысымен байланысты болатын ағымдағы операциялар бойынша теңдікке жетуге қатысты болады.
Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы импортталатын тауарлар мен қызметтерге ішкі сұранымды отандық тауарлар мен қызметтерге ауыстыру есебінен, сондай-ақ сыртқы сұранымға қарағанда экспорттық өндірістің икемділігін арттыру есебінен жету керек. Бұған реалистік деңгейде валюта бағамын белгілеу саясатын жүргізу, инфляциялық серпіліс кезеңінде сауда және валюталық шектеулердің ұтымды ұштасуы және инфляция қарқыны төмендеген кезде сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру арқылы жетеді.
Сөйтіп инфляциямен күрестің негізгі нысандары ақша реформалары және инфляцияға қарсы саясат болып табылады.
Ақша реформасы – ақша айналысын ретке келтіру және нығайту мақсатымен мемлекет жүргізіп отырған ақша жүйесін толықтай немесе ішінара өзгерту. Ақша реформасы елдің экономикалық жағдайына, ақшаның құнсыздану дәрежесіне, мемлекет саясатына қарай түрлі әдістермен (нөлдендіру, қалпына келтіру, девальвациялау мен деноминациялау) жүзеге асырылады.
Өршімелі инфляция кезінде бірқатар елдер пайдаланған инфляциямен күрестің айрықша нысаны – естен тандыру терапиясы. Оның мәні – нарықтық қатынастарды дамытуды көтермелеуде, еркін бағаларды белгілеуде, бағаларды реттеуден бас тартуда және осылардың нәтижесі ретінде – халықтың тұрмыс дәрежесінің төмендеуінде болады.
Қорытып айтқанда, Қазақстандық экономикадағы инфляциялық процестер шаруашылықтың жалпы құлдырауымен, экономикалық байланыстардың бұзылуымен, тым өсіп кеткен басқару аппаратын қаржыландырумен байланысты. Сондықтан ресурстарды жалпы үнемдеу және бюджет тапшылығын жою инфляцияға қарсы саясат жүргізудің басты мәселесіне айналды. Қазақстан бәсекелестігі бар түпкі өнім өндіруді көбейте түсіуі қажет. Мәселен, өндірістің даму проблемасын шешуге барынша күш жұмсап , мұнай-химия шикізаттарын, металл бұйымдарын , тамақ өнеркәсібін қайта өңдеуге басты назар аудару қажеттілігі туып отыр. Приоритетті салаларға – көлік, коммуникация, қаржы секторы . геологиялық барлау жұмыстары мен машина жасау өндірістері бөлініп отыр. Отандық экономиканың тұрақтаныуы Қазақстанға жыл сайын ЖІӨ 5-7% -ке өсіруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының сауда саяаты- елдің сауда саясатына приорететті бағытты анықтап, сыртқы нарыққа тауарларды көбірек жөнелту
Қорытынды.
Макроэкономикалық стабилизацияның жетістіктерін ары қарай дамыту жолындағы жетістіктерді жалғастыра отырып, басты мақсат алдыңғы қатарға құрылымдық-инвестициялық саясатты шығару, қаржылық-өндірістік қатынастарды және мемлекеттік кәсіпорындар туралы реформаны іске асыру, ең соңғы қорытындысында дағдарыстан шығу жолын қамту.
Бұл бағдарламадағы негізгі бағыттар:
- жергілікті халықтың өсу деңгейін қалыптастыруға, әр түрлі топтардың мүдделерін есепке ала отырып белсенділік саясаты арқылы қол жеткізу;
- өндірістердің стабилизациялық
жетістіктері және
- мемлекеттік басқару
Экономикалық дағдарыстан шығу мақсатындағы арнайы бағдарламаларды, реформаларды іске асыру, инфляцияға қарсы саясатты қолдау барысында қабылданған шаралардың топтамасын жинақтау, өндірістің стабилизациясына бағытталған саясатты іске асыру.
Инфляция – бағаның жалпы деңгейлік сипаты, ақшаның құнсыздануын алып жүретін бағыт.
Бағаның тәуелділігінің көлемі үш түрге бөлінеді:
Инфляцияның көптеген келеңсіз әлеуметтік-экономикалық көріністері әр елдің үкіметін инфляцияға қарсы саясатты жүргізуге мәжбүр етеді. Оны күрестін әдіс-тәсілдері инфляцияның сипатына қарай, т.б. оның қалыптасуына қарай байланысты болады. Сонымен, инфляциямен күрестің негізгі қағидасы (принципі) – оның алғышарттарын жою болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер
1. Экономикалық теория негіздері. Я.Әубәкіров, М.Есқалиев, Е.Жатқанбаев. Алматы, 2004ж.
2. Қаржы. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Алматы, 2003ж.
3.Экономикалық теория. С.Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Астана, 2002ж.
4.Нарықтық экономика
5. Экономикалық теория. С.С.Мәуленова. Алматы, 2004ж.
6. Қаржылық есеп. Қ.К.Кеулімжаев. Алматы, 2001ж.
7. Жалпы экономикалық теория. Шеденов Ө.Қ. Ақтөбе, 2004ж.
8. Кәсіпорын экономикасы. А.Қ.Мейірбеков. Алматы, 2003ж.
9. Ақша, несие, банктер. Ғ.С.Сейтқасымов. Алматы, 2001ж.
10. Экономикалық теория негіздері. Осипова Г.М. Алматы, 2002ж.