Инфляцияның Қазақстандағы жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2014 в 17:57, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыста бірінші тарауда мен өзім инфляцияның экономикалық өміршеңдігін, оның түрлеріне анықтама жасау, себептерін ашу, инфляцияның қалыптасуы және көрсеткіштерінің сипатын анықтау, оның қалай өлшенетіндігін ашып, тұжырымдап көрсету болды.
Екінші тарауда инфляцияның әлеуметтік-экономикалық қайшылықтарын қадағалау және инфляциялық шараларды суреттеп көрсету, оған қолданылған әрекеттерді айшықтап берілуіне арналған.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3


І. Инфляция және оның экономикалық мәні.
1.1. Инфляцияның мәні, пайда болу себептері..................................................4
1.2. Инфляцияның түрлері мен әлеуметтік зардаптары.....................................7
1.3. Инфляцияның бәсендету шаралары............................................................11


ІІ. Инфляцияның Қазақстандағы жағдайы.
2.1.Қазақстан Республикасында инфляцияның пайда болу себептері мен ерекшеліктері........................................................................................................15
2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат........................19
2.3. Инфляцияны реттеу мәселелері ..................................................................22



Қорытынды.........................................................................................................24

Қолданылған әдебиеттер..............

Прикрепленные файлы: 1 файл

ИНФЛЯЦИЯ ТУРАЛЫ.doc

— 332.50 Кб (Скачать документ)

Шетелдік экономистер сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияны екі типке бөледі: а) сұраным инфляциясы, б) ұсыным инфляциясы.

Сұраным инфляциясының мәнін бір сөзбен былай деп сипаттауға болады: «Тым көп ақшалар тым аз тауарларды аулайды». Сұраным инфляциясы нарықтық байланыстарды монополизм мен әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесінің ұсақ үстемдігі болған жағдайда да орын алады. Олар өзіндік айрықша нысан сипатында болады. Мысал ретінде біздің экономиканы алсақ, онда ұзақ жылдар бойы жасанды түрде төмен жұмыссыздық деңгейі сақталды. Оған табыссыз жұмыс жасайтын бірталай кәсіпорындардың санын және артық  жұмыс орнын, ең көп еңбек шығынын қажет ететін өндірісті сақтау арқылы қол жетті, ал ол еңбек өнімділігіне кері әсер етті. Ал жалақының еңбексіз табылған табысқа айналуы, оны сұраным инфляциясына айналдырады, бағаны өсіреді.

Ұсыным – өндіріс шығындарының өсуінің немесе жиынтық ұсынымның азаюының нәтижесінде болатын инфляция.

Ұсыным инфляциясы ұсыныммен шығындарды  өзгерту нәтижесінде болуы мүмкін. Ұсыным инфляцияның екі түрі бар:

а) жалақының өсуі әсерінен болатын инфляция;

б) ұсыным экономикасы механизмнің бұзылуы пайда болатын инфляция.

 

 Инфляцияның зардабы  көптеген факторлар әсер ету  салдарынан болады:

Табыс пен байлықтың қайта бөлініуі  Инфляция табыс пен байлықты қайта бөледі, Мәселен, борышкерлер, кредиторлар есебінен байи түседі. Мұнда дебиторлар барлық деңгейледің бәрі де ұтады, өйткені  қарыз алғандағы ақшаның сатып алу мүмкіндігі сол қалпында қалады, қарыз қайтарылғанда бұл жағдай ескіріледі, сонда қайтарылғанда, ол ақшаға аз тауар сатып алынады. Сөйтіп, инфляциядан саяжай меңгеру үшін несиеге ақша алған адамдар қарызды болған кәсіпорын да, көп қарызды болған үкімет те ұтады.Баға өсімі неғұрлым шапшаң, әрі күтпеген жағдайда болатын болса, ол нарық экономикасының бір субьектісіне жақсы, ал екінші біреулерге жаман әсер етеді. Мысалы, егер кәсіпкерлер мен кәсіподақ арасында бес жыл мерзімге ұжымдық шарт жасалған болса, онда бағаның күрт өсімі ескерілмеген жағдайда, жалдамалы жұмыскерлердің ұтылыуы мүмкін. Егер басқа тауарлар бағасы қымбаттаса, кәсіпкерлер де зардап шегіп қалуы мүмкін. Сонымен, кім ақша беретін болса соның есебінен инфляция байлық пен табысты  қайта бөледі.  Мұндай қайта бөлу процесін инфляцияның қарқыны күтпеген жағдайда кенет болуы, баланстылық болмауы күшейте түседі.инфляция қозғалмайтын мүліктер құнын қымбататады. Сол себептен де өзінің үйі, саяжайы, жері, пәтері бар жанұлар мен фирмалардың ауқаты арта береді.

 

Ақша қаржысының материалға айналыуы Инфляция кезінде нарыққа сұранымы бар тауар мен материалдар бағасы өседі. Сондықтан халық және кәсіпорын өздерінің тез құнсызданатын қордағы ақшасын құнды материалдық затқа айналдыруға тырысады. Мұның өзі жалпы қарапайым  халықтар мен  кәсіпорындарда  ақша қаржысының жетіспеушілігін туғызады. Материалдық заттар сатып алу нәтижесі сұраным инфляцичсын күшейтеді. Бұл жағдады болдырмау үшін мемлекеттің қатаң ақша саясаты қажет.

 

Ұзақ мерзімді мақсатқа ынтаның төмендеуі Инфляция ұзақ мерзімді инвестицияға қаржы жұмсауды  ешкімге де пайдалы етпейді. Өйткені, бұл мақсатқа ақша салғанда оның сатып алу мүмкіндігі бір басқа да, ал ол инвестициядан табыс алған езде оның сатып алу күші одан басқа болады. Егер оның пайдалылығы инфляция өсімінің қарқынынан жоғары болатын болса ғана, сол инвестиция тиімді болып табылады. Инвестицияның мерзімі неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым көп құнсызданатын болады. Бұған мысалы, жаңа жоба 200 мың тенге инвестицияны қажет етеді десек, бірінші, жылдың аяғында 100 мың тенге табыс алу, екінші жылда 200 мың теңге, ал үшінші жылдың аяғында 50 мың теңге табыс алу жобалансын. Бұл жағдайда инвестицияға бірден ақша жасау қажет, ал табыс біраз уақыт өткен соң ғана болатыны белгілі. Егер инфляция қарқыны 15 % деңгейінде болады деп жобаласақ, онда бірінші жылдың аяғында алынатын табыс 100 мың тенге (1+0.15)= 87 мың теңге болуға тиіс. Ал, екінші жылдың аяғында 200 мыңтеңге табыс алу белгіленсе, уақыт факторына байланысты нақты алынатыны : 200*(1+0.15) = 151.5 мың теңге. Осыған  сәйкес үшінші жылдың аяғында алынатын  табыс: 50 *(1+0.15)= 33.3мың теңге. Сонда бұл бөлінген қаржыдан барлық алынатыны : 87+151,5+33.3 = 271.8 мың тенге Демек, инфляцияны есептегеннің өзінде де бұл жоба тиімді болып отыр

 

 Сақтық қорда жиналған ақшаның құнсызданыуы Инфляция  сонымен қатар фирманың амортизациялық қорын да құнсыздандырады, ал бұл ұдайы өндірістің қалыпты жағдайда болуын қиындата түседі. Инфляция бұған қоса сақтауға жиналған қордың бәрін мейлі, ол банкіге салынса да, облигация түрінде болса да , сақтандыру және қолда ұсталған ақша болсын бәрібір олардың нақты құнын төмендетеді. Адамдар бұл жағдайда  сақтану қорын жинағысы келмейді. Фирмалар өз пайдасының біраз бөлігін күнделікті тұтынуға жұмсайды. Мұның өзі қоғамдағы қаржы ресурвтарын қысқартады.

 

Ақша қорын жасырын конфискациялау және нақты поценттін төмендеуі.Инфляция салық арқылы халықтар мен кәсіпорындардың ақша қорын жасырын түрде конфискациялайды. Бұл жағдай былайша Болады: салық төлеушілер номиналды табыстың өсіуінен автоматты түрде  салықты көп төлейтін топқа қосылады. Соның нәтижесінде халықтар мен кәсіпорындар өздерінің күнделікті қажетіне жұмсайтын табыстың бір бөлігінен айырылады. Батыс елдерде мұндай жағдайды болдырмау үшін инфляция қарқынын еске ала отырып, салық мөлшеріне индексация жасайды. Мұндай индексация әрине баға өсімінің әрқилы жағдайында байланыстылықтың бұзылуына байланысты болмашы ғана иімдік береді. Инфляциядан мемлекет те зардап шегеді, өйткені, салық мемлекеттік қазынаға келіп түскенше, ол құнсызданып кетеді.

 

Инфляцияның сипаты қоғамдық ұдайы өндірісті дамыту барысында елеулі түрде өзгереді. Осыған байланысты инфляцияны кейбір елдер де орын алатын жергілікті инфляция, барлық елдерді қамтитын бүкіл әлемдік инфляция, елде бір ішкі экономикалық факторлардың әсерінен болатын индуцирленген инфляция, мөлшерден тыс несие экономикасынан туындайтын несие инфляция, сыртқы себептерден туындайтын сырттан әкелінген және сыртқа шығарылатын инфляция, инфляциялық процестің бірқалыптылығы еместігімен байланысты болатын сатылы инфляция деп ерекшелейді.

Инфляцияның философиясы мынада: бірте-бірте тереңдеуіне байланысты экономиканы уақытша жандандыратын фактордан ұдайы өндіріс процесіне кедергі жасайтын факторға айналады.

Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады, ақша-несие, қаржы және валюта механизмі бүлінеді, елде әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық экономикалық қарым-қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, капиталды экономиканың ең пайдалы салаларына салуды ынталандырады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканың дамуын жеделдетеді.

Инфляция баға индексі (екі әр түрлі уақыт кезіндегі тауарлар мен қызметтердің ара қатынасын білдіретін көрсеткіш) арқылы өлшенеді. Ағымдағы жылдың инфляция деңгейі төмендегі формуламен анықталады:

 

U = Ра – Рө / Рө х 100%

 

Бұнда U – инфляция деңгейі,

Ра – ағымдағы мерзім бағасы,

Рө – өткен мерзімдегі баға.

Енді инфляция түрлерін баға өсімінің қарқыны тұрғысынан  қарастырайық (бұл бірінші критерий). Мұнда сандық  өлшем алынады. Осы тұрғыдан алсақ, инфляцияның үш түрін бөліп алүға болады: баяу – баға өсімі жылына  10 % -ке дейін болады, ұшқыр  (үдемелі) – баға өсімі жылына 10% -тен 100- 200% -ке дейін және геперинфляция – баға өсімі 200% –тен жоғары болады. Баға өсімінің баланстылық дәрежесіне қарай инфляция екі түрге бөлінеді: балансты инфляция  және балансты емес инфляция. Балансты инфляцияда әр түрлі тауар бағасының бір- біріне қатынасы өзгеріссіз болады, ал балансты емес инфляцияда әр түрлі тауарлар  бағасының бір-біріне қатынасы әрқашанда өзгеріп отырады және бұл әр түрлі пропорцияда болады. Үшінші критерий бойынша алсақ, инфляция: алдын ала айтуға , болжауға болатын және алдын-ала  айтуға, болжауға болмайтын инфляция деп бөлінеді. Бағаның өсуі артық ақшаның пайда болуы – бұл тек қана инфляцияның сыртқы көрінісі, ал оның ішкі мәніне тереңірек үңілсек, мұның бәрі ұлттық шаруашылықта пропорциялылықтың бұзуылында болып отыр.

 

 

1.3. Инфляцияның бәсендету  шаралары.

 

Инфляция зардаптарын бейтараптандыру мақсатымен мемлекет инфляцияға қарсы саясат жүргізеді. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, несие экспансиясын тежеу, ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады. Инфляция экономикалық «аурудың» ерекше түрі. Ол бір мезгілде материалдық-қаржылық сәйкессіздіктің әрі салдары, әрі себептері ретінде көрінеді. Оны бүкіл шаруашылық механизмімен емдемей жеңуге болмайды, яғни, егер инфляциялық вирус инфляцияға қарсы саясаттың жүзеге асуын қиындататын болса, экономиканы сауықтыру нәтижесіз болуы мүмкін. Қазақстанда өндірісті дамытуға бағытталған экономикадағы сәйкессіздіктерді біртіндеп жоймай инфляцияға қарсы саясатты құру мүмкін емес.

Инфляцияға саясаттың маңызды элементтерінің бірі қаржыны сауықтыру және халық шаруашылығын тұрақтандыру, шығыны көп және табыстылығы (рентабальділігі) төмен шаруашылық субъектілерін қысқарту болып табылады. Бұған халық тұтынатын тауарларға бағаны өсіру арқылы емес, өндірістің тиімділігін арттыру негізінде жетуге болады. Сондай-ақ шетелдік несиелерді пайдалану да маңызды. Бірсыпыра шетел мамандарының пікірінше Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп және туризмді дамытуда инфляция салдарын баяулатады. Сондықтан, бұл салалардың дамуына айрықша көңіл бөлінуі керек. Сыртқы саудамен айналысатын кәсіпорындарды толық өзін-өзі валюталық ақтауға көшіру қажет. Бір сөзбен, инфляция халықтың әл-ауқатының деңгейіне теріс әсер ететін нәтижелерін азайту керек. Мұның сандық бағалауы былайша: инфляцияны 1 процентке кеміту үшін бір жыл ішінде жұмыссыздық өзінің табиғи деңгейінен 2 процентке жоғары болуы тиіс. Оның заңы бойынша бұл нақты жалпы ұлттық өнімді оның потенциалды қалпынан төрт процентке кеміту деген сөз. Сонымен бағана айтылғанымыздай былайша қорытындауға болады: инфляцияны жұмсарту және жеңуге мемлекет оған қарсы нақты шаралар жүргізеді, оған мыналар жатады:

    • баға мен еңбек ақыны реттеу немесе бір деңгейде тоқтатып қоюға дейін
    • еңбек ақыны және басқа табысты индексациялау, бағаның өсіуіне байланысты оларды да ұлғайту
    • қаржы –несие жүйесін сауықтыру өндірістік емес шығындарды азайту мемлекет қаржысының тапшылығын жою, несие экспансиясын тоқтату, ақша эмиссиясын доғару
    • күшті инфляция мен экономиканың құлдырауы кезінде ақшаны жаңадан пішіндеу, яғни ақша жүйесін толық және бөлшектеп жаңарту
    • дефляция-айналыстан артық ақшаны алып тастау арқылы оның көлемін кішірейту
    • деноминация – ақша  құнын толықтыру және ақша бірлігін ірлендіру
    • девальвация- елдің ақша бірлігінің ресми алтындық мәнін азайту және оның шет ел валютасына алмастыру қабілетін шектеу
    • ревальвация- девльвацияға қарама- қарсы ақшаның алтындық мәнін жоғарылатып , ақшаның валютаға қарағандығы бағытын өсіру. Ол инфляциядан кейін ақшаның сатып алу қабілетін қалпына келтіру және елдің ақша жүйесін қалпына келтіру мақсаында жасалады.

 

Батыс елдерінде инфляцияны жиынтық сұранымның жыл сайынғы өсу қарқынынан асып кетпеуімен түсіндіреді. Оны толық жұмыспен қамтумен байланыстырады, себебі ол ақшаның көп болуы экономикалық өсуді шектейді (басқаша айтқанда жалақы мөлшерінің көп болуы материалдық мүдделікті төмендетеді, ол өңдірістің даму қарқынын баяулатады). Американ ғалымы Мильтон Фридмен (1912 жылы туған), инфляцияны «өнімді шығаруға қарағанда ақшаның артықшылығымен шақырылатын ақша феномені» болып табылады деп көрсетеді.

Көптеген елдердің экономикасында кейде мынадай жағдай қалыптасады: бағаның жалпы деңгейінің өсуі өндіріс көлемінің қысқаруымен бір мезгілде болады. Экономиканың бұндай жағдайын стагфляция деп атайды. Стагфляцияның барынша айқын себебі – жиынтық ұсынымның азаюы, яғни өндіріс шығындарының инфляциясы. Бірсыпыра ғалым-экономистер стагфляцияның себебін нарықтың құрылымдық жетілмегендігімен, ең алдымен бәсекенің тиісті деңгейінің болмауымен түсіндіреді. Шындығында жоғары бәсеке жағдайында бір тауарлардың қымбаттауы басқа тауарлардың арзандауына әкеліп соқтырады. Жалпы бұл тұрақты макроэкономикалық баға деңгейін қамтамасыз етеді. Ал егер бәсеке жеткілікті дәрежеде болмаса, онда бағаның, оның  төмендеуіне деген «қаттылығын» көреміз, яғни бір тауарларға бағаның өсуі басқа тауарларға барабар бағаның төмендеуіне әкеліп  соқтырмайды. Нәтижесінде тауарларға және өндіріс факторларына қойылған бағалардың жалпы деңгейі ұдайы көтеріле бастайды..

Стагфляция себептері туралы теориялық  даудың тәуелсіз Қазақстан мемлекеті үшін де үлкен практикалық маңызы бар. Себебі біз қазірде терең стагфляция жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Мамандардың пікірінше, стагфляцияны қоғамдық өндірістегі құрылымдық сәйкессіздіктер (диспропорциялар), басты өндіріс салаларындағы дағдарыстар, қалыптасқан басқару нысаны, тағы басқа жағдайлар тудырады. Мысалы, ішкі сомдық аймақта төлем дағдарысынан туындаған өнім өткізу дағдарысы халық шаруашылығының құлдаруына әкеліп соқтырады. 1992-шы жылдың шілдесінен бастап Ресейдің орталық банкісі мемлекеттер арасында төлем айыруларды ұлттық банктердің біртұтас корреспонденттік есебі арқылы өткізуді жүзеге асыруы, шын мәнінде есеп айырысудың күрт кідіруін туғызды және іс жүзінде сом аймағының ыдырауын бастап берді.

Бұндай жағдайда, дағдарыстан шығу үшін ақша бірлігінің  теңгермелілігі (балансы) мен тұрақтылығы, оған деген сенімді нығайту қажет. Онсыз құнсызданған Ресейдің ақша бірлігі – рубль, барған сайын бартерлік айырбаспен немесе халықаралық айналыс құралы қабілеті бар валюталармен (СКВ) ығыстырылады, ал рубльді ондай валютаға айналдыру өте күрделі мәселе. Яғни, қазіргі таңда жаңа ақша бірлігін, дәлірек айтса Қазақстанның ұлттық валютасын енгізу аса маңызды экономикалық қажеттілікке айналып отыр. Сонымен бірге, ұлттық вавлютаны енгізу мемлекеттік тәуелсіздіктің айқын белгісі болып табылады. Дегенмен мынаны мойындауымыз керек – оны енгізу жолында қазіргі қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты көптеген қиындықтар тұр. Жаппай өндірістің құлдырауы, бюджет тапшылығы, инфляция, ұтымсыз салық салу жүйесі, бәсекелі индустриальды өндіріс құрылымының болмауы. Достастық мелекеттер арасындағы экономикалық байланыстардың шиеленістілігі бұл процесті жүзеге асыруды күрделендіріп отыр.

Информация о работе Инфляцияның Қазақстандағы жағдайы