Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2014 в 17:57, курсовая работа
Бұл курстық жұмыста бірінші тарауда мен өзім инфляцияның экономикалық өміршеңдігін, оның түрлеріне анықтама жасау, себептерін ашу, инфляцияның қалыптасуы және көрсеткіштерінің сипатын анықтау, оның қалай өлшенетіндігін ашып, тұжырымдап көрсету болды.
Екінші тарауда инфляцияның әлеуметтік-экономикалық қайшылықтарын қадағалау және инфляциялық шараларды суреттеп көрсету, оған қолданылған әрекеттерді айшықтап берілуіне арналған.
Кіріспе.....................................................................................................................3
І. Инфляция және оның экономикалық мәні.
1.1. Инфляцияның мәні, пайда болу себептері..................................................4
1.2. Инфляцияның түрлері мен әлеуметтік зардаптары.....................................7
1.3. Инфляцияның бәсендету шаралары............................................................11
ІІ. Инфляцияның Қазақстандағы жағдайы.
2.1.Қазақстан Республикасында инфляцияның пайда болу себептері мен ерекшеліктері........................................................................................................15
2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат........................19
2.3. Инфляцияны реттеу мәселелері ..................................................................22
Қорытынды.........................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер..............
Мемлекеттің ақша жүйесін өзгерту, жүргізіліп жатқан экономикалық реформадан, яғни бір мезгілде жүзеге асырылатын экономиканы тұрақтандыру, бейтараптандыру, жекешелендіру шараларынан тыс жағдайда өте қауіпті болуы және гиперинфляцияның күшеюіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Сондықтан, ұлттық валютаны енгізу үшін қажетті алғышарттар жасалуы керек. Бірінші кезекте ішкі республикалық нарықты орнықтыру міндеті тұр. Бұл өте күрделі міндет, дегенмен республикада оны жүзеге асырудың барлық мүмкіндіктері бар: шикізат, ресурстар, экономикалық потенциал. Ол үшін өндірісте аса ірі құрылымдық өзгерістер жасау, шикізат өндіруден тұтуныға дайын түпкі өнім шығаруға көшу қажет. Экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту арқылы валюталық түсімді молайту, республикаға шетел инвестицияларын тарту, жеткілікті дәрежеде мемлекеттің алтын резервін жасауда аса маңызды шаралар болып табылады. Өзіміздің ақша бірлігіміз бюджеттің тапшылығы жойылғанан, белсенді төлем балансы жасалғаннан кейін ғана жақсы нәтиже беруі мүмкін.
Ұлттық валютаны енгізудегі ең басты нәрсе – қалыптасқан жағдайда оны өндірудің барынша дұрыс механизмін табу және қажетті ақша мөлшерін анықтау.
ІІ. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ.
2.1 Қазақстан Республикасында
инфляцияның пайда болу
Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болашақта, сондай-ақ ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде, инфляцияның басты факторы ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.
КСРО халық шаруашылығындағы инфляцияның барлығын көптеген жылдар бойы мойындамай келген. Инфляция бұл тек капитализмге ғана тән, ал социализм жағдайында жоспарлы экономика тұсында, ол болуға тиіс емес деген фактілер оған себеп болды. Шындығында да, директивті түрде баға белгілеу барысы, халықтың күнделікті қажеттілігіндегі тұтыну заттарының бағаларын тұрақты деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік берді. Бірақ тұтыну бағаларының деңгейі бір өзі ғана инфляцияны өлшейтін құрал болып табылмайды. Инфляция, сондай-ақ өнеркәсіптегі және ауыл-шаруашылығындағы көтерме сауда бағасының деңгейімен ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) дефляторымен деп сипатталуы мүмкін.
Өнімнің көтерме бағасы, оларды дайындауға кететін шығындардың өсуімен байланысты өсіп отырады. Экономикада әр түрлі секторларындағы табыстарды мемлекет тарапынан қайта бөлу есебінен кейбір тауарлар шеңберіне бөлшек сауда бағасы тұрақты болып отырды. Сонымен қатар тауарларды тапшылығына байланысты арзан тауарларды шығару орын алды. Кейбір тауарлардың бөлшек саудада болмағанына қарамай, төменгі бағалары сақталып қалды. Мұның барлығы жабық инфляцияның болғандығы туралы айтуға мүмкіндік берері сөзсіз. Кеңес одағының ыдырап, тәуелсіз 15 мемлекеттің соның ішінде Қазақстан Республикасының құрылғанына да он жылдан астам уақыт өтті Біз орталықтан басқару жүйесінің жойылыуы, салалар мен кәсіпорындарды басқаратын дайын органдардың болмауы республикаларда сауда экономикалық айырбастың бұзылыуына әкеліп соқты. Өндірістің біразы тоқтап қалуға мәжбүр болды. Соның нәтижесінде бұрынғы одақтық республикалардың экономикасы көптеген параметрінен бірнеше жыл артқа шегерілді. Қазақстан экономикасы өндірістік қатынастар жүйесінің терең дағдарысы тұсында реформалануға кірісті. Экономика дағдарысы тауар- ақша қатынастарының бұзылыуынан, көптеген салалар мен сфералар бәсекелестігінің болмауынан, нарықтық қатынастарды қамтамасыз ететін институттар мен кадрлардың жоқтығынан болды. Елдің экономикалық дамуының динамикасы және сипаты экономистер мен саясаткерлердің ерекше назарында болды. Дамудың деңгейі мен динамикасында қандай процестердің болуы, мұның өзінде ұлттық экономика құрылымында қандай өзгерістердің болуына елдің қазіргі өмірі және оның болашағы тығыз байланысты болды. Экономикалық даму деңгейін талдауда негізгі көрсеткіші ретінде жиынтық ішкі өнім ЖІӨ алынады. Қазақстан Республикасының ЖІӨ динамикасының тұрақты бағасы % есебімен бұрынғы жылдармен салыстырылып, кейінгі он жылдағы көрсеткіштер мына суретте берілген.
Қазақстандағы және басқа да ТМД елдеріндегі қазіргі инфляцияның себептеріне: 30-жылдардан басталған өндіріс құралдары мен тұтыну заттары өндірісінің дамуындағы аяқ асты орын алған сәйкессіздік; қорғанысқа кететін үлкен шығыстар; Қазақстандағы өнеркәсіптердің өндіру салалары мен ауыл шаруашылығының дамуына салынған капитал жұмсалымдарының тиімсіздігі; баға белгілеудегі қателік пен бағаның өзіндік құннан өте көп мөлшерде алшақ болуы. Бағаны ырықтандырмайынша нарықтық қатынастар өту мүмкін еместігінің салдарынан, бағаның бірден өсуі инфляцияға жол берілді.
Қазақстанда 1992 бастап нарықтық өзгерістер аясында жүргізілген баға белгілеуді босату шаралары бағаның кенет көтеріліуіне, сонымен бірге инфляцияның қарқындап өсіуіне әсер етеді. 1993 жылы айналымдағы ақша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе өсті.1994 жылы ақша массасы мен инфляция қарқыны әрқайсысы 845 және 125 процентке өсті, осы көрсеткіштер 1995 жылы 216 және 160 процент болды. Ал,1996 жылы ақша массасының өсу қарқыны одан әрі баяулап, инфляцияның біртіндеп төмендеуін байқатты.тАЛ инфляцияның 2006 жылғы Республика облыстары бойынша көрсеткіштері 1- кестеде беріліп отыр
1-кесте. Инфляцияның 2006 жылғы көрсеткіштер
Барлық тауар және қызмет көрсету |
Азық түлік тауарлары |
Азық түлік емес тауарлар |
Ақылы қызмет көрсету түрлері | |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Қазақстан Республикасы бойынша |
109,8 |
112,8 |
106,1 |
107,1 |
Ақмола |
110,8 |
114,9 |
105,5 |
107,4 |
Ақтөбе |
107,8 |
108,8 |
106,3 |
107,2 |
Алматы |
109,0 |
112,2 |
102,7 |
108,2 |
Атырау |
108,1 |
108,6 |
106,3 |
108,5 |
Шығыс Қазақстан |
111,1 |
115,9 |
107,1 |
105,2 |
Жамбыл |
111,5 |
113,6 |
103,6 |
114,4 |
Батыс Қазақстан |
108,4 |
114,3 |
103,6 |
100,6 |
Қарағанды |
109,1 |
113,3 |
105,1 |
104,1 |
Қостанай |
108,7 |
113,3 |
103,4 |
108,1 |
Қызылорда |
109,7 |
110,4 |
111,2 |
106,8 |
Маңғыстау |
105,1 |
107,4 |
104,3 |
101,3 |
Павлодар |
108,8 |
110,5 |
105,5 |
108,3 |
Солтүстік Қазақстан |
109,3 |
112,2 |
104,5 |
107,7 |
Астана қаласы |
110,0 |
112,0 |
108,8 |
106,8 |
Алматы қаласы |
112,2 |
114,2 |
110,2 |
109,7 |
Жалпы экономикадағы инфляция деңгейін тұтыну бағасының индексі (ТБИ) көрсетеді. Ол үй шаруашылығының “тұтыну қоржынының” үлес салмағын есептеу арқылы негізінде бірсыпыра тауарлар мен көрсетілген қызмет бағасының өсу индексінің қорытындысымен есептелінеді. Г. КӨПбергеновнаның деректері бойынша Қазақстанда ТБИ 1991 жылы белгіленді. “Тұтыну қоржынына “ біздің елде 275 тауарлар мен қызмет түрлері кіреді. Бағаның және тұтыну тауарлары құрылымының өзгеріуі ескеріліп, ТБИ-дің құрылымы да әлсін-әлі қайта қаралады. 1995 жылғы әр отбасының бюджетін тексеру нәтижесіне байланысты 1996 жылғы шілдеден бастап “тұтыну қоржынының” төмендегідей құрамы бекітілді: азық-түлік 62,6 процент (бұрынғысы 58,2 процент), азық-түлік емес тауарлар –23,2 процент ( бұрынғысы 30 ) процент көрсетілетін ақылы қызмет 14,2 прцент (11,8) құрайды. Каренов Р:С өзінің !региональная экономика” атты кітабында Қазақстандағы инфляцияға келесі мінездеме берген: “Елдегі инфляция бағалардың күрт өсіуімен, сонымен қоса инвестициялармен бірге өндірістің төмендеуімен айқындалады. Валюталық нарықтық құлдилауымен қоса қатты инфляцияға қарамастан проценттік кері мөлшер дұрыс жүргізілді. Сондықтан да мемлекеттегі инфляция дамығаннарықтық экономиканың инфляциялық проценттеріне кірмейді”
Тәуелсіз Қазақстанның тәжірибиесі инфляцияға қарсы күресте энергия ресурстарына , монополиялық құрылымдардың өніміне және тасымал қызметтеріне баға белгілеуде, сондай-ақ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға қайшысын жоюға мемлекеттік реттеудің қажеттілігін аңғартты.
Шартты түрде инфляцияны мынадай түрлерге бөлуге болады: глобалдығына қарай – локальдық, яғни жекелеген елдерде ғана орын алатын және дүниежүзінде; даму қарқынына қарай – төмен, бәсең, гепиринфляция және суперинфляция, яғни бағаның өсуі 5%-дан аспайтын болса; циклдігіне қарай – жылжымалы (бағаның біртіндеп өсуі), тұрақты, сатылы.
Егерде инфляция экономикадағы құлдырауға байланысты болса, онда бұл стагфляция деп аталады.
Көп уақыттар бойы айналыстағы ақша массасы мен инфляция арасындағы тәуелділік экономис-монетаристердің назарында болды, солардың ішінде танымал Милтон Фридмэн де бар. Монетаристер ақша массасындағы өзгеріс – инфляцияның негізгі факторы болады деп санайды.
Инфляция процесінің Қазазқстандағы дамуы да осы көз-қарасты куәландырады. Айналыстағы ақша массасының өсу қарқыны бағаның үнемі өсуін ынталандырады. Осылайша, 1993 жылы ақша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе; 1994 жылы ақша массасы мен инфляцияның өсу қарқыны соған сәйкес 245% және 125%; 1995 жылы – 216% және 160% құрады. 1996 жылы ақша массасының өсуі баяулап, инфляцияның біршама төмендеуіне жол берді.
Қазақстан тәжірибесі инфляциямен күресу тек қана фискалды-ақша саясаты көмегімен жүзеге асырылатынын куәландырады. Бірақ дүниежүзілік тәжірибеде, соның ішінде Бразиялияда жоғары инфляция жағдайында өмір сүру тәжірибесі бар. Бұл облыстағы көптеген экономистердің зерттеулері, қай елде болмасын, жылына 30-40%-дан асатын инфляция жағдайында экономикалық өсуге қол жеткізу мүмкін еместігін көрсетеді. Ендігі кезекте елімізде инфляцияның болжану процесіне көңіл аударайық, құл процесс төмендегі графиктерде анық көрветілген. Мысалға 2004 жыл алынған
2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат.
Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды.
Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады:
1. бейімделу саясатын жүргізу инфляцияға бейімделу; бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық мөлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады; компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және т.с.с.
2. инфляцияны төмендету немесе
басу жөніндегі инфляцияға
Инфляцияны жою жөніндегі шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік-экономикалық, құқықтық, институционалдық, моралдық-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десек те олардың шешушісі базалық, өндірістік-экономикалық сфера болып табылады.
Сұраным инфляциясын жоюға ақша және фискалдық саясаты пайдаланудың біршама қатардағы макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.
Инфляцияға қарсы саясат – инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мұндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген: дефяциялық саясат кірістер саясаты.
Дефляциялық саясат – мемлекеттің шығындарын азайту, кредит үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-кредит және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.
Кірістер саясаты – бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін.
Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі әдістерін қамтиды:
1. Орталық банктің нақты ақша
эмиссиясын қысқарту арқылы
2. Барлық кредит ресурстарын
қымбаттату және оларға қол
жететіндігін азайту
3. Кредит мультипликаторын қысу және коммерциялық банктердің кредит экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру.
4. Сондай мақсаттарда Орталық банктің кредиттерін тікелей қысқарту.
Инфляцияға қарсы фискалдық саясат салықтарды көбейту, мемлекеттің шығыстарын қысқарту және осының негізінде мемлекеттік бюджеттің тапшылығын төмендету арқылы жүргізіледі.
Салық саясаты инфляция жағдайында екі өзара байланысты, бірақ қайшылықты міндеттерді шешуі тиіс:
біріншіден, мемлекеттік бюджеттің теңдестігіне жету және тапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін көтеру керек;
екіншіден, экономиканың бастапқы буындарында – өндіріс пен айырбас сферасында экономикалық белсенділікті жандандыру қажет.
Инфляцияға қарсы салық саясаты жанама салық салуды қысқартуда болып отыр. Жанама салықтардың инфляциялық сипаты болады, өйткені олар бағаны өсіреді, сұранымды қысқартады. Жоғары салықтардың іс-әрекетінің екінші аспектісі өндіріске олардың қысымы болып табылады, бұл ұсынымды шектейді. Үшіншіден, едәуір салық ауыртпалығы, әдеттегідей, салық жүйесін күрделілендіретін көптеген салықтардың іс-әрекетімен байланыстырылады, мұның өзі салықтан жалтарынуға әкеп соқтырады.
Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға салық салуға акцентпен жеңілдіктеудің шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қарапайым және сенімді салық жүйесі тәуірірек болады. Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде табысқа салынатын салық пен мүлік құнына қарай мөлшерлемелерді жіктеудің жоғары дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді.Төменде соңғы жылдардың инфляциялық көрсеткіштері келтірілген:
жыл |
инфляция |
2001 |
6.1% |
2002 |
6.4% |
2003 |
6.7% |
2004 |
6.9% |
2005 |
7.5% |
2006 |
8.6% |
2007 4 ай |
3.1% |