Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2014 в 17:57, курсовая работа
Бұл курстық жұмыста бірінші тарауда мен өзім инфляцияның экономикалық өміршеңдігін, оның түрлеріне анықтама жасау, себептерін ашу, инфляцияның қалыптасуы және көрсеткіштерінің сипатын анықтау, оның қалай өлшенетіндігін ашып, тұжырымдап көрсету болды.
Екінші тарауда инфляцияның әлеуметтік-экономикалық қайшылықтарын қадағалау және инфляциялық шараларды суреттеп көрсету, оған қолданылған әрекеттерді айшықтап берілуіне арналған.
Кіріспе.....................................................................................................................3
І. Инфляция және оның экономикалық мәні.
1.1. Инфляцияның мәні, пайда болу себептері..................................................4
1.2. Инфляцияның түрлері мен әлеуметтік зардаптары.....................................7
1.3. Инфляцияның бәсендету шаралары............................................................11
ІІ. Инфляцияның Қазақстандағы жағдайы.
2.1.Қазақстан Республикасында инфляцияның пайда болу себептері мен ерекшеліктері........................................................................................................15
2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат........................19
2.3. Инфляцияны реттеу мәселелері ..................................................................22
Қорытынды.........................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер..............
Мазмұны
Кіріспе.......................
І. Инфляция және оның экономикалық мәні.
1.1. Инфляцияның мәні, пайда болу
себептері.....................
1.2. Инфляцияның түрлері мен
1.3. Инфляцияның бәсендету
ІІ. Инфляцияның Қазақстандағы жағдайы.
2.1.Қазақстан Республикасында инфляцияның
пайда болу себептері мен ерекшеліктері.................
2.2. Қазақстан Республикасындағы
инфляцияға қарсы саясат.......
2.3. Инфляцияны реттеу мәселелері
..............................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе.
Мемлекеттің басшылығы жас мемлекеттің алғашқы қадам басқан жылдарында мемлеттіліктің қалыптасуы мен орнығуы мәселелерін кеңейтіп және оны шешу жағын қарастыру керек еді. Қазақстанның жалпы экономикалық стратегиялық бағыты ең бірінші кезекте экономиканың өзекті құрылымы оның қаржылық стабилизациясының қамтамасыз етілуін шешті. Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы- тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша масасымен лықа толып кетіуі, оның құнсызданыуы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсіуі ; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетіуі. Инфляция кезенде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады. Инфляцияның тауарбағасының өсіуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігіне туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі. Қазіргі таңда инфляция бағаның өсіуі нәтижесінде ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты.Бұл ғылыми жұмыстың басты мақсаты елдегі болып жатқан инфляцияны зерттеу, макроэкономикалық қорытындыларды қолдана отырып, осы тұрғыдағы атап айтқанда, Қазақстанда қалыптасқан факторлық мәселелерді, оның шешу жолдарын табу, дағдарыстағы қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын анықтау болып табылады. Сонымен қатар инфляцияға жалпылама түсініктеме беру.
Бұл курстық жұмыста бірінші тарауда мен өзім инфляцияның экономикалық өміршеңдігін, оның түрлеріне анықтама жасау, себептерін ашу, инфляцияның қалыптасуы және көрсеткіштерінің сипатын анықтау, оның қалай өлшенетіндігін ашып, тұжырымдап көрсету болды.
Екінші тарауда инфляцияның әлеуметтік-экономикалық қайшылықтарын қадағалау және инфляциялық шараларды суреттеп көрсету, оған қолданылған әрекеттерді айшықтап берілуіне арналған.
І. ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ.
1.1. Инфляцияның мәні, пайда болу себептері.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.
«Инфляция» термині (латынның inflatio сөзінен шыққан – қампаю, кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1868-1865 жж.) қағаз долларының («гринбектердің») қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-сыншы жылдары жазыла бастады.
Күн заңы әрекетімен анықталатын тауар-ақша қатынастарының болуы инфляциялық процестерді тудырады. Инфляцияның себебі, әрекет ету механизмі, көрінуі және оның зардаптарымен күресу жолдары бұрын сонды біздің елде терең зерттелмеген. Инфляцияның басты ерекшелігі – қоғамдық ұдайы өндірістің барлық факторларына қатысты сан алуан себептерден туады. Басқаша айтқанда, инфляция бүкіл шаруашылық механизмінің қызметінен туындайды.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лыққа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады:
айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
қолайсыз төлем балансы;
үкіметке сенімнің жоғалуы;
инфляцияның көріну нысандары;
тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі, оның үстіне бірқалыпты емес өсуі, мұның өзі ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу жарамдылығының төмендеуіне ұрындырады;
ұлттық ақша бірлігінің қатысты бағамының төмендеуі;
ұлттық ақша бірлігінде көрінетін алтынның бағасының көтерілуі.
Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциясын стихиялық реттеу, соның ішінде ақшаның қазына жинау құралы қызметі механизмін атқару кезеңінде қалыптасқан айналым саласында, алтын монометаллизмі жағдайында инфляцияның созылмалы ауру ретінде дамуына кедергі жасалды. Еркін бәсеке кезеңіндегі капитализм жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстар, стихиялық апаттар кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айырбасталуының тоқтауы кезде пайда болды. Капитализмнің жалпы дағдарысы кезінде инфляция жалпы созылмалы сипат алып, маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемалардың біріне айналды.
Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша өлшемдері мөлшерінің товарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Оның мәнін түсіну үшін мынадай мысал келтірелік. Айталық, тауар айналымы үшін 10 млрд. алтын доллар керек екен, ал қағаз ақша 20 млрд. доллар шамасында шығарылды делік. Мұның өзі қағаз доллардың екі есе құнсыздануына әкеліп соқтырады. Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлкекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауға тырысады. Ақшаның құнсыздануы халықтың әл-ауқатының дәрежесін төмендетуге әкеп соқтырады.
Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар мен азық-түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Инфляция кешенді себептердің негізінде пайда болады және оның маңыздылары болып мыналар саналады: мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны азайту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар немесе жәй қағаз ақшалар шығарылады. Тұтыну игіліктерінің көбеюіне айналмайтын, адамзат еңбегінің мақсатынсыз шығындарына жол беретін мемлекеттің өндірістік емес шығындары (әсіресе әскери шығындар).
Сұранымды ұсынымнан алшақтататын тауар тапшылығы және соның негізінде бағаның өсуі, бірқатар өндірушілердің өз өнімдеріне, олардың тұтыну сапасын арттырмай-ақ жоғары баға қою және негізінен қымбат тұратын өнім шығаруға мүмкіндік беретін монополиялық үстемдік жағдайы, жалақының өсуінің еңбек өнімділігінің өсуінен алшақтауы және басқа себептер. Бұл себептер мемлекеттік бюджеттің тапшылығының тұрақты ұдайы өндірілуіне және жиі-жиі артық ақша эмиссиясына (эмиссия – айналысқа ақша және бағалы қағаздар шығару) жағдай жасайды.
Жұмыссыздықпен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланыс болады. Экономикалық ғылымда бұл құбылыс Филипс қисық сызығы деп аталады (ағылшын экономисі А.В.Филипстің атымен аталған және жұмыссыздықты қысқарту салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің «заңдылығын» ол алғаш рет 1958 ж. график түрінде бейнелеген болатын).
Бұл Филипс қисық сызығы график түрінде былай көрсетіледі:
Филипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздықпен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді. Бұндай қисық сызық нысаны, жоғары жұмыссыздық жағдайына инфляция төмен болатынын білдіреді. Және керісінше, жұмыссыздықтың азайуы жиынтық сұранымды арттырады, бағаның өсуін итермелейді.
Нақты іс жүзінде Филипс қисық сызығы тек қысқа мерзімді уақытта ғана пайдалануға келеді. Ал, ұзақ мерзімді 5-10 жыл алатын болсақ, ол тік сызыққа айналады. Ұзақ уақытта тіптен жұмысқа қамтылу денгейі төмен болған өзінде, ол инфляция өсімін тоқтата алмайды. Монополистер, кәсіподақ, ұйым және фирмалар еңбек ақы мен тауар бағасын тоқтаусыз өсіріп, өз үстемдігін жүргізеді. Бұған қоса сұраным ме ұсыным графигін тіке және көлденең қозғалауын араластыруға күтпеген кенет көптеген экономикалық күйзелістер Филипс қисық сызығын сынық сызыққа айналдырады. Ал бұның теориясын және практикалық жағынан жарамдылығы шамалы болады
Батыс елдерінде жұмыссыздық деңгейімен инфляция деңгейінің арасындағы өзара байланысты талдау негізінде жиынтық сұранымды реттеудің экономикалық саясатымен оларды азайтудың шаралар жүйесі (салықтар нарқы және басқа тұтқалар) жасалып шығарылды. Швед экономист-ғалымдары Еста Рен (1913 ж. туған) және Рудольф Мейднер (1914 ж. туған) 50-жылдары жұмыссыздыққа қарсы әрекет етумен инфляцияны ұстаудың экономикалық моделін ұсынды. Ол тарихта «Рен-Мейднер моделі» деген атпен белгілі. Бірақ Филипс қисық сызығындағы қалыптасқан экономикалық байланыстар жағдайында, барынша көп еңбекпен қамтуға қол жеткізу инфляциясыз мүмкін емес.
Инфляцияның болуының басты себептері тауар айналымы және тауар өндірісі арасында болғанмен, оған қоса елдегі саяси жағдайлар да әсер етеді. Инфляцияға әсер ететін бірінші топтағы факторлар ақша сұранысының тауар ұсынысынан жоғары болуы, оның нәтижесінде ақша айналысы заңы талаптарының бұзылыуы, яғни қаржы тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс ақша шығаруға байланысты айналыстағы ақша массасының көбеюі, халық шаруашылығындағы несие ақшаның көптігі, ұлттық валютаның курсын бір қалыпта ұстау үшін үкіметтің қолданылатын тәсілдері, ұлттық валютаның қозғалысын шектеу және тағы басқа факторларды атаууға болады. Екінші топқа тауалар бағасын және шығындарды өсіретін ақшадан басқа факторлар жатады. Олар қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымының үйлеуспеушілігі, шаруашылық механизмнің әрекеті мен мемлекетің экономикалық саясаты, сыртқы экономикалық іс-шаралар және сол сияқты факторлар. Шын мәнінде екі топтағы факторлар бір- бірімен тығыз байланысты болады және тауарлар мен көрсетілетін қызмет түрлерінің бағасы өседі, соның салдарынан инфляция тереңдей түседі.
1.2. Инфляцияның түрлері
мен әлеуметтік-экономикалық
Шетел мамандары инфляцияның өту қарқынына байланысты оны үш түрге бөледі:
а) баяу немесе сұлама инфляция;
б) қарқынды инфляция;
в) ұшқыр инфляция.
Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де (жылына 10-20%-тен аз) ақша негізінде өз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде халықта да, мемлекетте төтенше жағдайда тап болмайды. Нарықтық экономикада инфляция 2-3% деңгейінде қалыпты құбылыс деп есептеледі. Мысалы, 1992 жылы инфляция Францияда – 2,7%, Германия мен АҚШ-та – 3,8% құрады. Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10-20% -тен 200-300 %-ке дейін өседі. Соның салдарынан жалақы өсіп ол бағаның одан әрі өсуіне әкеп соқтырады. Ал ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға астрономиялық қарқынмен (500-1000%-тен жоғары) өседі. Баға мен жалақының арасы алшақтап, бай адамдардың да тұрмыс тіршілігі қиындай бастайды. Экономикалық тарих ұшқыр инфляцияның таңқаларлық мысалын келтіреді. Инфляция 1985 жылы Боливияда – 3400%, ал Аргентинада – 2000% құрады.
Шет ел нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік нысандарына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы деп бөледі. Еркін баға белгілеу экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді. Ашық инфляция кейбір тауар нарығындағы бағаның оқтын-оқтын төмендеуімен немесе оның өсуінің баяулауымен сыйыса береді. Ал ол ашық инфляцияның нарық механизмін едәуір бұрмалағанымен өйтсе де оны толық бүлдіре алмайтынын көрсетеді.
Жасырын инфляция деп аталатын басылыңқы инфляция реттелмелі бағалар қолданылатын экономикаға тән, ол тауар тапшылығында, өнімнің сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда, астыртын экономикада, бартерлік айырбастың дамуында көрінеді. Басылыңқы инфляция, ақшаның жалпылама төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда тауар бағасын сұраныс мен ұсынымның тепе-теңдік бағасынан төмен ұстап отыруды мемлекетпен қолдау нәтижесінде пайда болады. Бұндай жағдай ұзақ уақыттан бері біздің экономикамызға тән болып отыр.
Басылыңқы инфляция өнім сапасының төмендеуімен, ақшаның амалсыз жиналуымен, астыртын экономиканың, бартерлік келісімнің дамуымен көрінеді. Басылыңқы инфляция мемлекет тауар бағасын сұраным мен ұсыным тепе-теңдігі бағасынан төмендеуін қолдау әсерінен туады, онда ақшалар жалпы төлем құралы және тауарларды бөлу өлшемі ретінде қызметін атқарудан қалады. Егер біздің осы уақытқа дейінгі экономиканы алсақ, онда ол ұзақ жылдар бойы басылыңқы инфляция жағдайында болды. Және болашақ экономика үшін бұл қауіпті емес, одан әлі де болса құтылуға болады.