Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2013 в 14:54, курсовая работа
Нарықтық экономикаға өту нәтижесінде халықты жұмыспен қамту құрылымы да айтарлықтай өзгерді. Республика бойынша материалды өндіріс сферасында жұмыс істейтіндердің саны жыл сайын төмендеуде. Ал өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіндердің саны жыл сайын азайғанмен, еңбек ресурстарының жалпы санына шаққандағы пайыздық үлесі біршама өскендігін көрсетеді. Материалдық өндіріс сферасының ең басты бөлігін ауыл шаруашылығы саласы алып отыр. Олай болса халықты жұмыспен қамту саясатын ең алдымен ауыл шаруашылығын көтеруден бастау қажет.
Кіріспе......................................................................................................................3
І. Еңбек нарығының мәні және оның экономикадағы рөлі
1.1 Еңбек нарығының қалыптасу механизмі және теориялық талдау..............5
1.2 Еңбек нарығына сұраныс пен ұсыныс........................................................9
1.3 Еңбек нарығы және еңбек биржасы............................................................11
ІІ. Еңбек нарығы: Қазақстан Республикасында қалыптасу ерекшеліктері және проблемаларын талдау
2.1 Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы және дамуы................................................................................................................13
2.2 Қазақстандағы еңбек нарығы: жағдайы, мәселелері, тенденциялары.......17
ІІІ. ҚР – дағы еңбек нарығын мемлекеттік ретттеуді жетілдіру жолдары
3.1 ҚР – дағы еңбек нарығын мемлекеттік ретттеуді жетілдіру.......................25
3.2 Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді дамыту............................................28
Қорытынды.....................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................33
Кәсiби даярлау мемлекеттiң ең басты қамқорлығында болуға тиiс. Бұл әсте мемлекеттiк бюджет қаражатынан мiндеттi түрде көп соманың бөлiнуi көзделуге тиiс дегендi бiлдiрмейдi. Халықтың тұрақты табысын және оның еселенуiн қамтамасыз ететiн еңбекке қабiлеттi халықтың едәуiр бөлiгiнiң өнiмдi жұмыспен қамтылуына бағдар ұстай отырып, адам ресурстарын дамыту бағдарламалары арқылы халықтың жұмыспен қамтылуы саласындағы мемлекеттiк саясатты түзету қажет.
Жұмыссыздықтан шегiлетiн қоғамдық шығын көбiне, кейбiреулер жұмыс iстемеген жағдайда, өндiрiлмейтiн тауарлар мен қызметтер көрсету көлемiне қатысты терминмен өлшенедi. Бiрақ жұмыссыздықтан шегiлетiн жеке шығындары қызметкерлер мен олардың отбасылары үшiн мұнан да күрделi және күйзелiстi болуы мүмкiн: табыстарын және салымдарын жоғалтатыны сөзсiз, ал кейбiр жағдайларда мүлкiнен және баспанасынан да айырылады, мұның өзi толқуларға, психологиялық тоқырауға, отбасындағы жанжалға, ал кейде тiптi қылмысқа алып келедi. Осындай себептер бойынша нарықтық экономикадағы елдердiң үкiметтерi уақыттың әртүрлi кезеңдерiне арналған жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы, сондай-ақ қайта даярлаудың көптеген әртүрлi бағдарламаларын ұсынады.
Барлық деңгейлердегi кәсiптiк бiлiм беру жүйесi кәсiптiк мектептер, лицейлер, колледждер және жоғары оқу орындары түлектерiнiң жұмысқа орналасу қызметiн құруға тиiс.Бiлiм беру жүйесi бiлiктi маманды еңбек нарығына шығару тетiгiн жасауға тиiс.
Жұмыссыздарды қайта мамандандыруды ұйымдастырудағы нақты мақсат: олардың мiндеттi түрде еңбекке орналастырылуы көзделуге тиiс. Осыған байланысты жұмысқа орналастыру қызметтерi iске асыратын жұмыссыздарды қайта даярлау бағдарламаларының тиiмдiлiгiн арттыру қажет.
Жұмыссыздарды қайта даярлаудың тиiмдiлiгiн арттырудың бұдан басқа, неғұрлым оңтайлы жолы, ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендер қатарындағы адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелерi бойынша кәсiпорындардың жұмысқа орналастыру секторымен өзара iс-қимылы болуы мүмкiн. Осыған байланысты жұмыссызды алдағы уақытта аталған кәсiпорынға жұмысқа орналастыру шартымен, кәсiпорынның қызметкерлердi қайта даярлау курстарында жұмыссызды қайта мамандандыруға мемлекет тарапынан қосымша ақы төлеу тетiгiн енгiзу мүмкiндiгiн зерделеу қажет.
Көптеген кәсiпорындардың өз мамандары мен жұмысшыларын кәсiби тұрғыдан қайта мамандандыруды қамтамасыз етуге шамасы келмейдi және олар фирмаiшiлiк кәсiби оқыту мен қайта оқытуды ұйымдастырудағы өз тәжiрибесiн жоғалтып алды. Әйтсе де таяудағы кеңестiк кезде олардың бұл үшiн тиiстi базасы болып, осы мiндеттi ойдағыдай атқарып та келген едi. Кәсiпорындардың осындай практиканы қолға алуы немесе қайта түлетуi қажет. Бұл жұмыс берушiлердiң өз қызметкерлерiн кәсiби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыруды ынталандыру тетiгiнде көрiнiс табуға тиiс. Алайда мұның iрi кәсiпорындар туралы сөз болғанда ғана мәнi болады. Шағын бизнестiң субъектiлерiне қатысты бiршама өзге көзқарас қажет. Мысалы, қызметкерлердi қайта даярлаудың салалық курстарын құру.
Бiздiң бiлiм беру жүйемiзде кәсiпкерлер тәрбиелеу туралы айтуға әлi ерте. Бiз кредиттiк ресурстарға қол жеткiзу жеткiлiктi қамтамасыз етiлсе, кәсiпкердің өзi қажеттi нәтижелердi көрсетiп, кәсiпкерлер табын қалыптастыруды қамтамасыз ете бастайды деген болжам жасап отырмыз. Алайда таяудағы өткен кезеңде бiздiң елiмiзде өз iсiн құрып, жұмысқа жалдамалы қызметкерлер алудан гөрi, жалданып жұмыс iстеуге әзiр мамандар көбiрек болды және бұл жағдай әзiрше өзгерген жоқ.
Осының бәрi ел экономикасын сапалы адам ресурстарымен қамтамасыз ете отырып, осымен бiр мезгiлде нағыз кәсiпкерлер тәрбиелеудi ұйымдастыра алатын кәсiптiк бiлiм беру жүйесiн құру қажеттiгiн алдыңғы қатарға шығарады.[2].
Құзыретiне қазiргi заманғы менеджмент (корпоративтiк, жобалар, адам ресурстары және т.б.) принциптерiн енгiзу мен өнiмдiлiктi арттыру мәселелерi кiретiн ұйым (менеджмент мәселелерi жөнiндегi қауымдастықтар) құру мәселесiн пысықтаған жөн.
Жұмыссыздарды әлеуметтiк
қамсыздандырудың көптеген мәселелерi
халықты жұмыспен қамту мәселелерi
жөнiндегi мемлекеттiк саясатты дамытуда
әлеуметтiк серiктестiктi жетiлдiру үшiн
негiз болуға тиiс.
Жалдау жөнiндегi әлеуметтiк агенттiктердi,
мемлекеттiк емес еңбек биржаларын дамытуды
ынталандыру тетiгiн әзiрлеп, енгiзу қажет.
Халықты әлеуметтiк қорғаудың
тиiмдiлiгiн арттыруға
Күш-жiгердi ана мен баланың денсаулығын қорғауға бағыттау керек - ана мен баланың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар бала кезiнен мүгедектердiң үлесiн азайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан өзге, халықтың тұрмыста және өндiрiсте мүгедектiкке ұшырауын болдырмау жөнiндегi алдын ала шаралар жүйесiн әзiрлеу керек. Мүгедектер үшiн оңалту жағдай туғызу қажет.
Қорытынды
Сонымен, еңбек рыногы саясатының тікелей мақсаты -жұмыссыздықтың деңгейін төмендету, жұмыс күшінің сапасын көтеру және ықпалды жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету арқылы оны реттеу болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін қаралатын мәселелер:
- келешекте өндірістегі жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын көбейту арқылы халықтың жұмыспен қамтылуын қолдау;
- жұмыспен қамту саясатында
әлеуметтік қорғаудың қосымша
шараларын қарастыру (оқушы
- халықтың нысаналы
топтарын жұмыспен қамтуда
- ақылы қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру,
- еңбек рыногының жағдайын
есепке ала отырып, оларды кәсіптік
оқыту және қайта оқыту арқылы
жұмыссыз азаматтардың жұмыс
күші рыногында бәсекеге
- еңбек күші - оны
реттеу арқылы енбек
Астана қаласының 2004 жылға арналған халықты жұмыспен қамту аймақтық бағдарламасынынң мақсаттары:
- халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыс күшінің сапасы мен бәсекеге жарамдылығын көтеру;
- кәсіптік білімді жұмыссыз азаматтардың нарық еңбегінің қажеттілігіне сай болуын қамтамасыз ету;
- жұмыс күшінің белсенді жұмсалуын болжау;
- экономика салаларында
жұмыссыз азаматтар үшін ақылы
қоғамдық жұмыстар түрін,
- жүмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын қамтамасыз ету;
- халықтың мақсатты тобына жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және оларды әлеуметтік қорғау.
Сонымен, жұмыссыздық, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі.
Нарықтық жағдайда кәсіпорындарда еңбек ресурстарына деген
көзқарастар өзгереді. Жұмыскер өндіріс процесінде бір ғана факторына емес, ал кәсіпорын басшылығы тарапынан түпкілікті қамқорлықтың мақсаты мен көзіне айналып отыр.
Әрбір кәсіпорында кадр саясатының бағдарламасы болғаны жөн.
Оның негізгі бағыттары мыналарды қамту қажет: жұмыс күшінің саны және кәсіпқой біліктілік жағынан қажеттілікті анықтау; нысандарды тарту, кадрларды пайдалануды жақсарту жөнінде шаралар әзірлеу.
Егер де бұрын
кәсіпорындарда кадрларды
еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға қамқорлық жасалынған болса, ал қазіргі кезде аса маңызды әлеуметтік проблема – ең алдымен түрлі себептермен босап қалғандарды жұмысқа орналастыру.
Қорыта айтқанда, республикамызда еңбек нарығын қалыптастырудың және дамытудың негізгі мақсаты осындай. Оның мәні рентабельділігі төмен кәсіпорындардың бағытын өзгерту немесе мүлде тарату, нарықтық жағдайға байланысты өндірісті қысқарту, сұраныстың кемуі, өндірістердің салалық құрылымының өзгеруі және басқа да әлеуметтік – экономикалық процестер салдарынан халықтың еңбекке жарамды бөлігінің жұмыспен қамтамасыз етілмей отырғаны белгілі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Бердалиев К.Б «Қазақстан
экономикасын басқару
Алматы – 2001.
2. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2002.
3. Жатқанбаев Е.Б. «Аралас
4. Жүнісов Б, МәмбетовҰ, Байжомартов Ү. «Нарықтық экономика
негіздері» / Алматы «Экономика»-2000ж /
5. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О «Экономиканы мемлекеттік реттеудің
өзекті мәселелері», Алматы – 2002.
6. Куликов А. «Экономикалық
7. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. «Қаржылық есеп», Алматы – 2001.
8. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы»,
Алматы - 2003.
9. Радостовец В.К., Шмидт О.Т.
«Кәсіпорындағы бухгалтерлік
Алматы – 2003.
10. Райханов Н. «Қазастанның
/ Ақиқат -1996ж/
11. Тасмағанбетов Т.А. «Бизнестегі есеп пен талдау», Алматы-2002.
12.Тасмағанбетов Т.А, Омаров
Алматы-2000.
Информация о работе Еңбек нарығының мәні және оның экономикадағы рөлі