Еңбек нарығының мәні және оның экономикадағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2013 в 14:54, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикаға өту нәтижесінде халықты жұмыспен қамту құрылымы да айтарлықтай өзгерді. Республика бойынша материалды өндіріс сферасында жұмыс істейтіндердің саны жыл сайын төмендеуде. Ал өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіндердің саны жыл сайын азайғанмен, еңбек ресурстарының жалпы санына шаққандағы пайыздық үлесі біршама өскендігін көрсетеді. Материалдық өндіріс сферасының ең басты бөлігін ауыл шаруашылығы саласы алып отыр. Олай болса халықты жұмыспен қамту саясатын ең алдымен ауыл шаруашылығын көтеруден бастау қажет.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

І. Еңбек нарығының мәні және оның экономикадағы рөлі
1.1 Еңбек нарығының қалыптасу механизмі және теориялық талдау..............5
1.2 Еңбек нарығына сұраныс пен ұсыныс........................................................9
1.3 Еңбек нарығы және еңбек биржасы............................................................11

ІІ. Еңбек нарығы: Қазақстан Республикасында қалыптасу ерекшеліктері және проблемаларын талдау
2.1 Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы және дамуы................................................................................................................13
2.2 Қазақстандағы еңбек нарығы: жағдайы, мәселелері, тенденциялары.......17


ІІІ. ҚР – дағы еңбек нарығын мемлекеттік ретттеуді жетілдіру жолдары
3.1 ҚР – дағы еңбек нарығын мемлекеттік ретттеуді жетілдіру.......................25
3.2 Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді дамыту............................................28

Қорытынды.....................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Еңбек рыногы 1.doc

— 280.00 Кб (Скачать документ)

 

        Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар түрінде  сату – сатып алуға  байланысты  болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификация еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді, осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады, жұмыскерлерге және олардың еңбегінің сапасына деген талап күшейеді.

     Еңбек нарығында  барынша қабілетті және іскер  жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде  іріктеу тән. Еңбек нарығы жұмыс  күшін толық бағалауды қамтамасыз  етеді, оның жоғары жылжымалығына, қозғалысына, ширақтығына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады. Нарықта жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді, ол еңбекке төленетін ақының шамасын белгілейді. Бұл жерде жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер  жұмыс күшінің сатып алушылары болады.

      Еңбек  нарығын мойында жұмыс күшінің  әлеуметтік – экономикалық табиғатын  және оның өндіріс құрал – жабдықтарымен қосылу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Қазірде, біздің қоғамымызда жұмыс күшінің тауар табиғаты жөніндегі ғылыми да негізінен аяқталды деуге болады. Еңбек нарығының әрекет ету жағдайында жұмыс күші тауарға айналады, ал оны өндіріс құрал – жабдықтармен қосу нарықтық тәсілмен жүзеге асады.

   Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасы әлі де болса аса күрделі өтпелі кезеңді бастан кешіруде, бұл сөзсіз еңбек нарқына кері әсерін тигізуде. Жұмыссыздық проблемасы, дер кезінде еңбекақыны төлеу және тағы басқалар өте шиеленіскен жағдайда болып отыр. Міне, сондықтан да еңбек нарқы жөніндегі  мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруді қажет етеді.

      Еңбек нарығының негізгі мақсаты – еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және  нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси – экономикалық және әлеуметтік қатынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып,  оларды шаруашылық салалары және аймақ бойынша бөлудің тепе – теңдік  үлесімділігіне жету. Қорыта айтқанда, республикамызда еңбек нарқын қалыптастырудың және дамытудың негізгі мақсаты осындай. Оның мәні рентабельділігі төмен кәсіпорындардың бағытын өзгерту немесе мүлде тарату, нарықтық жағдайға байланысты өндірісті қысқарту, сұраныстың  кемуі, өндірістердің салалық құрылымының өзгеруі және басқа да әлеуметтік – экономикалық процестер салдарынан халықтың еңбекке  жарамды бөлігінің жұмыспен қамтамасыз етілмей отырғаны белгілі.

      Қазіргі   нарықтық экономика жағдайындағы  жұмыссыздық мынадай сипатқа  ие. Біріншіден, болып жатқан технологиялық жағдайлар мен компьютерлендіру жұмысшы күші мен жұмыс уақытын  ұтымды пайдалануға жұмыс орны ғана емес, жұмыс күшінде лайықты, орынды пайдаланып, қолдануға мүмкіндік береді. Екіншіден жұмыссыздық экономикалық өркендеу мен халықты жұмыспен қамтудың арасындағы тікелей байланыссыз – ақ өсуді көрсетеді.

       Дегенмен, жұмыссыздықтың ауыр жүгімен  қатар бағаның босатылуы және  жеке меншік пен кәсіпкерліктік  пайда болуы жұмыссыздықтың бірте  – бірте азая бастауына   себепкер болмақшы.

               Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның  еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік - әміршілдік әдіске қарама – қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.

       Осы  уақытқа дейін біздің елімізде  еңбек нарығы болмады. Мамандарды  қайта дайындаудың тым қарапайым  жүйесінің болуы – тұрғындарды  толық, бірақ тиімсіз түрде  жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі  бір дәрежеде қоғамның өндіргіш  күштерінің дамуын  тежеді. Әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесі  жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына  сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды. Бұл қардарлық интенсивті типтігі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендегінің және жұмыскерлерді  өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға  пайдаланудың  орнын толтыруға тиіс еді.

        Оның есесіне жұмыскерге, белгілі  бір жұмыс орнына ие болуға  нақты кепілдік берілетін және  оны жұмыстан шығару іс жүзінде  мүмкін болмады. Соның нәтижесінде жұмыс күшіне сұраным еркіндігі мен ұсыным еркіндігі қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен  қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана мемлекет белгіленген   еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етілді.

       Кадрларды  тұрақтандыруда «жас маман» институты,  белгілі бір кезеңге мерзімдік  шартқа қол қою сияқты тікелей  әдістер, тиісті жұмыс уақыты  өтелгеннен кейін пәтер беруге  уәде беру, бір кәсіпорында істеген   үзіліссіз жұмыс стажын жоғалту  қатері сияқты  жанама  әдістер де қолданылды. Өздерінің қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін  жұмыс іздеу ұмтылысы – қалада төлқұжат тәртібі түрінде, елде керісінше колхозшыларға төлқұжат бермеу, жұмыстан шығуға кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты әкімшілік механизмі кедергілеріне тірелетін. Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу экономикалық тұрғыдан да және  әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылды. Соның нәтижесінде  еңбекті ауыстырудың экономикалық заңы бұзылды. Оның мәні  - адам өзінің экономикалық жағдайын жақсарту  үшін белсене  жұмыс істеуі керек, ал ол, үнемі өзін - өзі жетілдіруді қажет етеді, соған сәйкес  жұмыс істейтін өмірінің барлық кезеңі бойына еңбек ету нысанын ауыстырып отырады.

      Қазіргі  таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз  ету шамасы қандай? Біздің елде  еңбек ресурстары және халықтың  жалпы санының 55 процентін құрады. Халық шаруашылығы  қызметінің  салаларында  7,4 миллион адам  жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяу ы немесе 81 проценті экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындардың  әлі басым екендігін, яғни  нарық механизміне тән еңбекпен қамту  қатынастарының  қалыптасуы  өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді. Сонымен қатар  қазіргі еңбекпен қамту қатынастары, әкімшілдік экономика жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастарының терең дағдырысын көрсетіп отыр. Біздің қоғам әкімшілдік  экономика жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастарының терең дағдырысын көрсетіп  отыр. Біздің қоғам  әкімшілдік басқару  жүйесі жағдайында  халықты толық, әсіресе тиімді еңбекпен қамту мәселесін шеше алмады.

      Еңбекпен  толық  қамту дегеніміз, ол  халық  шаруашылығы көлемінде   еңбекке деген қабілеті бар  халықты жұмыс орындарымен  қамтамасыз ету. Ал тиімді еңбекпен қамту дегеніміз – қоғамдық қажеттіліктерді минималды еңбек шығындарымен қанағаттандыру.

     Өндірісі  дамыған батыс  елдерінің тәжірибесі, тиімді еңбекпен қамту тек  еңбек нарығы өмір сүрген жағдайда ғана болатындығын көрсетті.

     Осы уақытқа  дейін, біздің елде жұмыссыздық  жоқ және бұның өзі ұлы жетістік  деп есептелді. Еңбекпен қамту  қызметіне  жұмыс іздеп жүрген 185 мың адам өтініш білдірді  оның  785 мыңы еңбек биржасы  арқылы жұмысқа орналасты. Бірінші 5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді, оның 75 проценті  әйелдер болды. Ал ресми түрде 70,5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді. олардың 54 проценті жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алды. Жұмыссыздардың 80 процентіне дейінгісі әйелдер, ал олардың жартысына жуығы 29 жасқа дейінгі жастар. Әрбір жұмыссыздың бесеуі – жоғары білімді, әрбір екеуі – орта кәсіпті маман, әрбір үшеуі – жалпыға бірдей  орта білімді.

     Қазақстанда  тіркелген жұмыссыздардың саны 250-600 мың адам болуы мүмкін деп  күтілуде. Сондықтан мемлекет, дүние жүзінде жинақталған тәжірибеге сүйене отырып бұл процесті реттеуді үйренуі қажет. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін соңғы 20 жыл бойына нарық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері жұмыссыздарға жәрдем берудің әртүрлі жүйелерін қолдануда. Халықты еңбекпен  қамтудың мемлекеттік реттеу механизмі оның хұқтық негізін жасауды, әртүрлі мамандандырылған мекемелердің, экономикалық тұтқалардың кең жүйесін қолдануды қажет етеді. Осылармен бірге мемлекет қайта маманщдандыру, жаңа жұмыс оындарын құру және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы төлеу сияқты  әлеуметтік саясат шараларын жүзеге асыруы қажет.

      Жұмыссыздыққа   берілетін жәрдем ақшаның мөлшері  мен оны төлеу мерзімі: АҚШ  – та 26-34 апта бойына жалақының  50 процентін, кейбір штаттарда 47 аптаға дейін; Жапонияда – жұмыссыздық жасына және басқа көрсеткіштеріне қарай 3-12 ай бойына жалақының 60-80 процентін; Францияда – 1-2,5 жыл бойына жалақының 42 процентін, оған қосымша күніне 40 франк жәрдем – ақша; Ұлыбританияда – 52 апта бойына  28,58 фунт стерлинг құрады.

Қазақстан Республикасының  статистика  және сараптау  комитеті ай сайын қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін анықтау мақсатында  арнайы  статистикалық  бақылау  және зерттеу  жұмыстарын жүргізеді. «Қазақстан - 2030»  ұзақ мерзімдік даму  стратегиясында  халықты  әлеуметтік  қорғау, жұмыссыздық пен кедейшілікті жою бірінші  кезекте тұрған негізгі  әлеуметтік мәселе  ретінде атап көрсетілген. Статистикалық  мәліметтер  бойынша  Қазақстанда  2011 жылы орташа табыс деңгейі 34 024 теңге  болған және 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өскен. 2001 жылдың соңында (желтоқсан айы) орташа  табыс деңгейі 13 195 теңгеге жеткен, бұл 2000 жылдың  желтоқсан айындағы көрсеткіштен 15 % жоғары. 2011 ж. тұтыну шығындары орта есеппен 33 193 теңге болған екен. Бұл мәліметтер нені көрсетеді? Орташа табыс (2001 ж.) 34 024 теңге болса, оның 33 193 теңгесі тұтынуға  және басқа төлемдерге шығындалған, яғни сақталған табыс деңгейі 831 теңгені құраған.

        Жалпы 2008 – 2011 жылдары Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың саны өндірісте – 20 712 мың адамға, ауыл шаруашылығында – 287 мыңға, транспорт пен байланыс саласында – 68 мыңға, құрылыста – 747 мыңға өскен.

        Сонымен, жұмыссыздық, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан  экономикасында  күрделі  де  қарқынды  өндірісаралқ құрылымдық өзгерістер жүруі қажет. Осы құрылымдық  даму стратегиясы бір – бірімен байланысты жалпы ұлттық экономикалық, әлеуметтік және  технологиялық мақсаттар мен міндеттердің  орындалуын көздеген. Қазақстанда  еңбек  сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс  салаларын  қалыптастыру  және  дамыту; ауыл шаруашылық  шикі заттарын терең  технологиялық  өңдеу және  түпкі өнім өндіру экономикасын мемлекет тарапынан басым түрде  қолдап – дамыту  мақсаты және міндеті  анықталған. Бұл міндетті  іске асыру  біріншіден, көптеген жұмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады; екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек өнімділігі және  жалпы экономика тиімділігі артады; үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады; төртіншіден, салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.

        Әрине бұл Қазақстанның  ұзақ  мерзімдік  әлеуметтік – экономикалық  және құрылымдық  даму бағдарламасы  екені  түсінікті. Ал нақты   әлеуметтік  жағдайлар, оның ішінде, жұмыссыздықпен табыс табу  мәселесі  күнделікті  және тоқтаусыз   шешімдер мен іс - әрекеттерді қажет ететіні  де белгілі. Сондықтан, Президенттің Үкімімен орталық Үкімет пен жергілікті әкімшіліктер алдына  басым міндет ретінде  жұмыссыздық пен кедейшілікті  жоюдың жалпы  мемлекеттік және әрбір жеке аймақтың орта мерзімдік  және қысқа, әрбір кезекті  жылға арналған арнайы  бағдарламаларын жасау, олардың орындалуын қамтамасыз ету, Үкімет пен президент Кеңестерінің кеңейтілген мәжілістерінде есеп беру тәртібі белгіленді.

       

2.2 Қазақстандағы еңбек нарығы: жағдайы, мәселелері,  тенденциялары

 

Еңбек нарығында мамандардың сұранысы мен ұсынысын реттеу, олардың өзгеруін болжау Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрліктерімен, және одан бұрын экономика және бюжетті жоспарлау Министрлігімен, себебі мамандарды дайындау экономиканың даму тенденциясымен тығыз үйлесіп іске асу керек.

Бюджетаралық  қатынас проблемелары сақталуда. Әлеуметтік трансферттер мен мекен жайы әлеуметтік көмектің көздері - жергілікті бюджеттердің қаражаттары. Оңтүстік аймақтағы облыстарда халықтың әр түрлі саны, экономикалық дамудың бірдей емес деңгейі бір тұрғынға кеткен жергілікті бюджет шығындарының саралануын тудырады.

Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту  саласындағы үдерістер әрқашан  әлеуметтік-экономикалық даму аспектілерінің орталық мәселелері болып табылады. Өйткені елдің тұрақты дамуы тікелей тұрақты жұмыспен қамтылу және еңбек нарығы саласындағы әртүрлі қолайсыз жағдайлардың алдын алумен байланысты.

Нарықтық  қатынастарға көшу мен экономикалық реформалауға байланысты жаңа тәуелсіз елдерде жұмыспен қамтылу, жұмыссыздық мәселелері пайда болады. Еліміздегі нарықтық экономикаға әсер ететін қаржылық және экономикалық тұтқалардың, нарықтық инфрақұрылымының жетілдірілуі көптеген әлеуметтік мәселелерді, әсіресе еңбекке және жұмыспен қамтылу саласындағы мәселелерді өте маңызды ете түсті.

Жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақстандық еңбек нарығы аймақтық еңбек нарықтарының қарама-қайшылықтарын  бойына жинақтаған. Сондықтан да жұмыс  күші еңбек нарығын саралау үшін және сол негізде макродеңгейде  біртұтас стратегия құру үшін республикадағы жұмыспен қамту мәселесіне толық талдау жасау қажет. [19, 54-58 б]

Қарағанды облысы Қазақстан экономикасындағы халықты жұмыспен қамту үдерісінің ерекше жетекші индустриалдық орталықтарының бірі болуына байланысты, осы аймақты мысалға алдым . Аймақ экономикасында өтпелі кезеңде құрылымдық диспропорциялар күшейе түсті, нәтижесінде 2010 жыл металлургиялық кешеннің үлесіне өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 78,3 пайызы тиесілі болды. Бұл сектордың негізгі шаруашылық субъектілері шет ел компаниялары: “Испат-Кармет және “Қазмыс” корпарациясы” болып табылады. 

Информация о работе Еңбек нарығының мәні және оның экономикадағы рөлі