Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2014 в 20:09, курсовая работа
Белгіленген реформаларды және Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағдарламалары тиімді экономиканы дамыту, прогрессивті технологияны енгізу, бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруды алға қойып отыр.Сондықтан әр-түрлі меншіктегі кәсіпорындардың материалды-техникалық базасын жаңарту және негізгі өндіріс қорларын уақытында модернизациялау үшін жаңа түрдегі қаржы құралдарын іздеу және енгізу қажет. Қазіргі кезде өндіріс салаларына үлкен көлемде қаржы тартудың әлемдік тәжірибеде негізгі құралдарының бірі және инвестицияның ерекше түрі – бұл дүние жүзінде кеңінен қолданылып жүрген лизинг болып табылады.
КІРІСПЕ
I Тарау. Лизингтің даму тарихы және лизинг ұғымының экономикалық мазмұны
1.1 Лизингтің даму тарихы және лизингтің Қазақстанда қалыптасуы ........
1.2 Лизингтің классификациясы ........................................
1.3 Лизингтің экономикалық мәні және оның тиімділігін бағалау
II Тарау Қазақстан Республикасындағы лизингтің
2.1 Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларды жүргізуін талдау (АҚ «Қазақстан Халық Банкі» мысалында),,,.....................................
2.2Лизингтік бизнестер және оның ерекшеліктері...................................
III ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІК БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің дамуы.............................
3.2 Қазақстандағы лизингтік қатынастарды жетілдіру жолдары........................
Қорытынды
Қолданылған оқулықтар
Осындай жұмыстар атқарылғаннан кейін лизингтік компания белгілі бір құрылғыларды лизингке беру үшін конкурс жариялауы керек. Лизингтік қатынастар механизмін жетілдірудің бұндай жолын лизингтік компаниялардың қосымша қызметтерін дамыту стратегиясы деп те атауға болады. Бұл жағдайда лизингтік процесті шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
І-кезең дайындық жұмыстарын жүргізу, яғни шағын кәсіпорындар үшін перспективті құрылғыларды таңдау және талдау кезеңі. Осы дайындық кезеңінде лизингтік компаниялар өте көп жұмыстар атқаруы қажет. Ол үшін ең алдымен құрылғыларды өндірушілерден немесе т.б. көздерден шағын кәсіпорындар мен әртүрлі құрылғылар үшін перспективті нарықтар туралы ақпараттар жинақтау керек. Осы жинақталған ақпараттардың ішінен белгілі бір белгілерге сүйене отырып құрылғылар таңдалады. Содан кейін таңдалған құрылғыларды лизингке беру бойынша схемалар құрастырылады. Бұл жағдайда тәуекелділіктерді басқару, қаржыландыру көздерін оптимизациялау сияқты факторлар да ескерілу қажет. Осы кезеңнің негізгі мақсаты лизингке алынған құрылғылар есебінен өндірілетін өнімдер немесе көрсетілетін қызметтерге деген төлем қабілеттілігі бар сұраныс мөлшерін бағалау. Міне осындай болжам жасау кезіндегі жіберілген қателер қаржылық шығындар әкелуі мүмкін.
Егер осындай бағалау білікті түрде жүргізілсе, онда нарықтан өз орнын тапқан лизингке берілген құрылғылар есебінен отандық нарық өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтерге тола бастайды, яғни тауарларды немесе қызметтерді сату және еткізу процестері жылдамдатылады.
Әрине, бұндай қызмет (қосымша қызметтер көрсету) лизингтік компанияның міндетіне жатпайтындығы белгілі. Сондықтан осындай сұрақтарды шешу үшін басқа ұйымдардың қызметтеріне сүйену қажет болады. Бұл жерде көптеген жүмыстарды жеткізушілердің өздері орындауы да мүмкін. Себебі, олар өз құрылғыларының нарығымен, оның болашағы-мен, өздерінің потенциалды клиенттерімен неғұрлым жақсы таныс.
Сондықтан, олар лизингтік компаниялар үшін мейлінше толық, ақпараттар бере алады. Осы механизмге лизингтік компаниялар мен құрылғыны сатушылар немесе өндірушілердің бір-біріне жақындасуы да үлкен қозғау салуы мүмкін. Осындай схеманың негізінде лизингтік компанияның құрылғыларды сатушылармен (өндірушілермен) қарым-қатынастарын дұрыс ұйымдастыру идеясы жатыр. Құрылғыларды сатушылар немесе өндірушілер үшін лизингтік компаниямен бірлесіп жұмыс істеу өз құрылғыларын өз атынан болмаса да жарнамалау, ұсыну мүмкіндіктерін тудырады.
Осындай механизмді пайдалану кезінде лизингтік компанияға темендегідей сипаттамаларға жауап беретін құрылғылармен жүмыс істеу неғұрлым тиімді дөп ойлаймыз:
- құрылғының стандарттылығы;
- құрылғыны өндіріс процесінде бірнеше рет қайталап пайдалану мүмкіндігі, яғни құрылғының құны ол пайдалануға енгізілгеннен кейін тез төмендемеуі қажет;
- құрылғының өтімділігі. Осындай сипаттамалардың барлығы мүліктік тәуекелділіктерді темендетуге және құрылғының белгілі бір түрін бағалау процедурасын арзандатуға мүмкіндіктер береді. Сонымен бірге, белгілі бір сүранысқа ие құрылғылар түріне нарықтық бағалардың, яғни, транспорттық, техникалық қызмет көрсету бағаларының тарифтерінің өзгеруі сияқты факторлардың да әсер ететіндігі ескерілуі керек.
Сонымен, осы кезеңде жүргізілетін жұмыстарды жүйелеу үшін лизингтік компанияларда лизингке берілуі мүмкін әртүрлі құрылғылардың түрлері бойынша мәліметтер жүйесі болуы қажет. Сонымен бірге құрылғыларды сатып алу-сату туралы бекітілетін келісімдерде көрсетілген шарттарды дұрыс бағалау, құрылғылардың номенклатурасы туралы тиімді шешімдер қабылдау және лизингтік компания үшін оның шарттарын жақсарту мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Осындай жүмыстар толық орындалғаннан кейін лизингтік қатынастарды жүзеге асырудың екінші кезеңі басталады.
ІІ-кезеңді лизингке алушыларды таңдау кезеңі деп те атауға болады. Осы кезеңде лизингтік компанияның алдында лизингке алушылар үшін осы жобаның мүмкіндіктері туралы ақпараттарды тарату, жарнамалау міндеттері түрады. Себебі, лизинг біздің отандық нарық үшін қаржыландыру құралы ретінде әлі де болса кең түрде мәлім емес. Сондықтан лизингтік компания жарнамалау жұмыстарын жүргізу кезінде осы құралдың экономикалық мәніне ерекше көңіл аудармай, керісінше өзіндік бизнесті жүргізу үшін құрылғыларды пайдалану мүмкіндіктеріне мән беруі керек. Яғни, біздің айтайын дегеніміз, жарнамалау кезінде лизингтің барлық заңдылықтарын егжей-тегжейіне дейін көрсетудің қажеттілігі жоқ.
Содан кейін
лизингке алушылардан өтініштер
жинақталынады. Өтініштер жинақталынып
болғаннан кейін лизингтік
Перспективті клиенттер анықталғаннан кейін лизингтің құны бекітіледі және сәйкесінше лизингтік келісім-шарт толтырылады да лизинг объектісі лизинг алушыға пайдалануға беріледі. Міне осындай жұмыстар нақты атқарылғаннан кейін III-кезең басталады. Бұл кезең міндеттемелердің орындалу кезеңі немесе лизингтік процестің соңғы кезеңі деп те аталады. Негізінен лизингтік процесті ұйымдастыру бойынша негізгі жүмыстар алғашқы екі кезеңде жасалады және егер олар дүрыс жасалынса, онда үшінші кезеңде кездейсоқ қиыншылықтар пайда болмайды. Лизингке алушы өз міндеттемелерін орындамаған жағдайдың өзінде де, алғашқы екі кезеңде жасалынған жұмыстарды қайта қарау туралы қажеттіліктер туады. Лизингке алушы өз міндеттемелерін орындалмаған жағдайда лизингтік компания лизингке берілген құрылғыларды конфискациялауға кіріседі. Әдетте, бүл кезеңде лизингтік операциялар бухгалтерлік есеп пен қорытынды есепте көрсетіледі, лизингктік компанияға лизингтік төлемдерді төлеу іске асы-рылады және лизинг мерзімі аяқта-лғаннан кейін мүлікті одан әрі қарай пайдалану бойынша қатынастар анықталады.
Қорыта айтқанда, лизингтік компаниялардың қосымша қызметтер атқаруын дамыту механизмі арқылы біз лизингтік қатынастарды жетілдіруге ешқандай ерекше жаңалық негізген жоқпыз, Бірак, біз лизингті өмірлік қабілеттілігі неғұрлым жоғары қаржыландыру құралы ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін ерекшеліктердің бірі ретінде лизингтік келісімді бекіту лизингтік компаниядан басталу керектігін құптаймыз. Себебі, бұл жағдай лизингтік қызметтің осы сегментін дамытуға кедергі жасайтын негізгі мәселені шешуге көмектеседі.
Әсіресе, шағын кәсіпорындар біліктіліктерінің жеткіліксіздіктерінен жобаның инвестициялық мүмкіндіктерін тиімді бағалай алмайды, бұл жағдай олар үшін жоғары тәуекелділікті тудырады. Сондықтан да біз лизингтік компания инвестициялық жобаларды таңдау және бағалау процестеріне неғұрлым белсенді түрде қатысу қажет деп ойлаймыз. Яғни, олар шағын кәсіпорындардың тәуекелділіктерінің біраз бөлігін өздеріне алуы немесе мүмкіндіктері болған жағдайларда басқаларға беруі қажет. Бұл жерде біздің көзқарасымыз бойынша, тәуекелділікті құрылғыны жеткізушіге берген неғұрлым тиімді, себебі ол өз құрылғыларының нарығымен неғұрлым толық таныс және сонымен қатар, «тәуекелділікті, оны неғұрлым тиімді басқаратын түлғаларға беру керек деген қағиданы ескерсек, онда жеткізушілер тәуекелділікті басқаруды лизингтік келісімге қатысушы басқа түлғаларға қарағанда неғұрлым тиімді атқара алады. Ал, осындай қосымша қызметтерді лизингтік компаниялардың өзіне алуы шағын кәсіпорындар тұрғысынан лизингтік қызметтерге деген сұранысты жоғарлату арқылы орны жабылады.
Бұл схема белгілі-бір түрдегі шағын кәсіпорындарды қаржыландырудың базалық моделі болып табылады. Сондықтан жоғарыда көрсетілген схемаға оған әсер ететін әртурлі себептерге, факторларға байланысты өзгерістер енгізуге болады. Мысалы, құрылғылар мен жеткізушілерді таңдау кезеңінде келісімді қаржыландыруға қатысатын банктер немесе тәуекелділіктердің белгілі-бір бөліктерін өздеріне алатын сақтандыру компаниялары сияқты басқа қатысушылар да тартылуы мүмкін. Сонымен, лизингтің көмегімен жасалатын қаржыландыру схемасы нақты жағдайларға және келісімге қатысушы түлғаларға тікелей байланыста бола-ды.
Лизингке
алушылардың келесі бір типі орта
және ірі кәсіпорындар болып табылады.
Осы екі топты бір сегментке
біріктіру себебіміз, олардың лизингтік
қызметтерге деген
Айырмашылықтары тек қана қаржыландыру мөлшерінде болуы мүмкін. Нарықтың осы секторында жұмыс істеу лизингтік компаниялардан өте көп мөлшердегі қаржылық ресурстарды және арнайы қаржылық схемаларды құруға қабілеттіліктері бар біліктіктері жоғары мамандарды талап етеді. Осы сегменттерде лизингтік қатынастарды орнатудың неғұрлым перспективті механизмдерінің бірі біздің ойымызша лизингтік холдингті дамыту болып табылады.
Сонымен, лизингтік қызметтер нарығын жоғарыда көрсеткендей белгілі бір белгілері бойынша сегменттерге бөліп қарастыру, лизингтік қатынастар механизмін жетілдіруге мүмкіндіктер береді. Осы лизингтік келісімдерді қандай сегментте болсын жүзеге асыру кезінде міндетті түрде тәуекелділіктерді ескеру қажет деп ойлаймыз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстандағы
лизингтік қатынастарды басқару
тетіктерін жетілдіру бойынша жүргізілген
зерттеу нәтижелері, бірқатар теориялық
және тәжірибелік тұжырымдамалар мен
ұсыныстар келесідей
1. Отандық
және шетелдік авторлардың
- лизинг
– бұл инвестицияның нақты
түрі, оның мәнісі ақша капиталын
өндіргіш күшке айналдыру,
- лизингтік ұсыныстар.
2. Өндірісті
дамытуға қаржы ресурстарының
жетіспеушілік жағдайында
3. Болашақ
лизинг мәмілелеріне
4. Лизингтің
одан әрі дамуы үшін мемлекет
торабынан инвестицияларға
Мемлекеттік әлеуметтік және экономикалық саясатты қалыптастырғанда лизингті жай қаржы құралы ретінде ғана емес, инвестицияның нақты экономикны ұзақ мерзімді дамытуға бағытталған тиімді нысаны ретінде қарастыру керек.
5. Лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру үшін макро, медиа, микродеңгейлерде басқару ретінде, оларды ұдайы жетілдіріп отыру керек. Әсіресе нарықтағы шағын кәсіпкер үшін лизингті тартымды құрал ретінде қажет.
6. Еліміздегі
лизингтік келісімде инвестор
ретінде қатысып отырған
- банктер
үшін белгіленетін міндетті
- коммерциялық
банктердің лизингтік
7. Клиенттерді
лизингтік операциялардың мәні
туралы таныстыру жұмыстарының
әлісздігі және лизингті
Информация о работе Қазақстандағы лизингтік қатынастарды жетілдіру жолдары