Қазақстандағы лизингтік қатынастарды жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2014 в 20:09, курсовая работа

Краткое описание

Белгіленген реформаларды және Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағдарламалары тиімді экономиканы дамыту, прогрессивті технологияны енгізу, бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруды алға қойып отыр.Сондықтан әр-түрлі меншіктегі кәсіпорындардың материалды-техникалық базасын жаңарту және негізгі өндіріс қорларын уақытында модернизациялау үшін жаңа түрдегі қаржы құралдарын іздеу және енгізу қажет. Қазіргі кезде өндіріс салаларына үлкен көлемде қаржы тартудың әлемдік тәжірибеде негізгі құралдарының бірі және инвестицияның ерекше түрі – бұл дүние жүзінде кеңінен қолданылып жүрген лизинг болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
I Тарау. Лизингтің даму тарихы және лизинг ұғымының экономикалық мазмұны
1.1 Лизингтің даму тарихы және лизингтің Қазақстанда қалыптасуы ........
1.2 Лизингтің классификациясы ........................................
1.3 Лизингтің экономикалық мәні және оның тиімділігін бағалау
II Тарау Қазақстан Республикасындағы лизингтің
2.1 Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларды жүргізуін талдау (АҚ «Қазақстан Халық Банкі» мысалында),,,.....................................

2.2Лизингтік бизнестер және оның ерекшеліктері...................................
III ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІК БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің дамуы.............................
3.2 Қазақстандағы лизингтік қатынастарды жетілдіру жолдары........................

Қорытынды
Қолданылған оқулықтар

Прикрепленные файлы: 1 файл

лизинг (2).docx

— 266.89 Кб (Скачать документ)

 Инвестор (несие беруші) – бұл лизинг мүлкін алуға қаржы инвестициясын (несие түрінде) беруші тұлға.

 Кепілдік беруші (гарант) – бұл лизинг беруші немесе лизинг алушының міндеттемелеріне кепілдік беруші тұлға.

 Делдал – бұл лизинг берушінің шартпен бекітілген тапсырмасы бойынша керекті құрал-жабдықты жасаушыны тауып, онымен сатып алу (жеткізу) шартын дайындаушы тұлға.

 Сақтандырушы – бұл сақтандыру ұйымы, лизинг алушының болашақ кәсіпкерлік тәуекелділігін лизинг мүлкінің бұзылуынан, жоғалуынан, жетіспеуінен сақтандырушы.

  Сыртқы лизингті жүргізгенде лизингі беруші немесе лизингі алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып саналмайды.Қазір дамыған елдердің  шаруашылық практикасында лизингтің әр-түрі қолданылады. Лизингтік мүлікті пайдалану уақытына және осыған байланысты амортизация жағдайы бойынша келесілерге айырады:

  • тұтас құнын төлеу арқылы лизинг алу, яғни мүліктің толық амортизациалануы негізінде. Бұл жағдайда, шарт бойынша белгіленген уақыт мүліктің норматив бойынша жұмыс істеу мезгілімен сәйкес, яғни осы уақыт аралығында мүліктің толық құны өтеледі;
  • бөлінбелі лизинг, яғни мүліктің толық емес амортизацияланбауы негізінде. Бұл жағдайда, шартта  көрсетілгенген уақыт мүліктің норматив бойынша жұмыс істеу мезгілінен аз, ал сол уақыт ішінде  лизингтік мүліктің тек қалған бөлігі ғана өтеледі.

     Шаруашылық тәжірибесінде  лизингтің келесі түрлерін айырады:  толық лизинг; жедел (оперативті-сервистік)  лизинг; қаржы  лизингі; қайтарылма  лизинг; үлестік лизинг (үшінші тұлғаның  қатысуымен); тікелей лизинг; сублизинг  және сатуға көмек көрсету  лизингі. ҚР-ның «Қаржы лизингі»  Заңы лизингтің үш негізгі  түрін реттейді: жедел, қаржы және  қайтарылма (бұл негізінде қаржы  лизингінің бір түрі).

     Жедел (оперативті-сервистік)  лизинг – бұл көлік құралдарын, құрылыс техникасын, приборларды, аппаратураны және басқа техникалық құралдарды қысқа мерзімге (бір жылға дейін) келісімшарт арқылы жалға беру. Лизингтік шарт бойынша белгіленген  уақыт мүліктің амортизаиялық мерзімінен аз. Сондықтан жалгерлік төлем көрсетілген уақытта мүліктің толық құнын өтей алмайды, яғни лизингті бірнеше рет жалғастыруға мәжбүр қылады. Аталған құралдардың  пайдаланылғаннан кейін иесіне – лизингілік фирмаға (жалға беретін кәсіпорынға) қайтарылатыны жедел лизингтің ерекшелігі болып табылады.

     Жедел лизингтің,  әсіресе жалгерге тиімді екені  сөзсіз. Мысалы, қаржы қиыншылығы  туғанда жалгер шартты ерте  бұзып жалға алған мүлікті  иесіне қайтарып береді. Шартты  ерте бұзу құқығы  ескі құрал-жабдықтан  құтылуға және оларды жаңасына  айырбастауға мүмкіндік береді.

    Жедел лизингтің кемшіліктері: лизингтің басқа түрлеріне қарағанда  жалгерлік төлемнің көптігі; аванс  және алдын ала төлем жасау  талабы; келсілген уақытты бұзғаны  үшін айып төлеу; мүлік иесінің  тәуекелдігіне байланысты жасалатын  компенсациялық төлемдер.

     Қаржы лизингі (финансовый лизинг) – бұл лизингтің кәдуілгі, ең көп қолданылатын нысаны; шарттардың орта мерзімділігімен сипатталады, бұл шарттарды іске асыру барысында мүліктің құны толық немесе оның көп бөлігі өтеледі. Лизингтің осы түрінде жалға алынған құрал-жабдықтардың толық амортизациясы жалға алушының енгізген төлемімен жабылады. Шарт бойынша жалдық қатынасты күні бұрын бұзуға болмайды, белгіленген уақытында келісілген төлемді өтеп отыру қажет, мүлікті орналыстыру және оны пайдалану үшін жасалатын қызметтерді жалға алушының өзі жасайды. Көп жағдайда шарт бойынша жалдық уақыт біткенде жалгер пайдаланған мүлікті қалдық құны немесе жеңілдік бағамен өзіне иемденуіне болады.

     Қаржы лизингтің жедел  түрінен айырмашылығы, ол мүлік  иесінің тәуекелдігін төмендетеді.Қаржы  шарты көп жағдайда ұзақ мерзімді  банк несиесіне ұқсас болып  келеді, өйткені мүліктің толық  құны өтеледі; төлем ақысы мүліктің  құны мен пайдаланушының табысын  қоса әр уақытта беріліп отырады;  жасалған шарт өрескел бұзылғанда

жалгерді банкрот деп жариялау құқығы және т.б.

 Таза лизинг –  мүлікке қызмет көрсету жұмыстарын лизингі алушы өз міндетіне алады, сондықтан мүлікке қызмет көрсету шығындары лизингтік төлемдер құрамына кірмейді. Таза лизингпен айналысатындар: банктер, сақтандыру компаниялары және басқа да лизингтік бизнеспен айналысатын қаржы ұйым

Сурет3 – Қайтарылма лизинг (возвратный лизинг) сызбанұсқасы

   Қайтарылма лизинг (возвратный лизинг) - екі келісім-шарттан

тұратын қаржы лизингінің бір түрі. Дайындалушы (иеленуші) мен жалға  беруші бір адам болып табылатын  лизинг нысаны. Оның мәні мынада. Машинаның  немесе жабдықтың иесі оларды лизингілік фирмаға сатады, бұл фирма кейіннен оларды тікелей бұрынғы иесіне қайта  жалға береді.Сатып алушы ретінде  көбіне коммерциялық банктер, инвестициялық, сақтандыру немесе лизингтік компаниялар  есептеледі. Осы операцияны жүргізу  барысында тек мүлік иесі ғана ауысады, ал оны пайдаланушы бұрынғы  орнында қалады, ол сонымен қатар қосымша қаржыға ие болады. Бұндай операциялар кәсіпорындардың қаржылық жағдайын тұрақтандыру және экономикалық тоқырау кезеңдерінде жиі пайдаланылады.

 Сурет 4 – Тікелей лизинг (прямой лизинг) сызбанұсқасы 

  Тікелей лизинг (прямой лизинг) – бұл лизингте жалгер (арендатор) лизингтік фирмамен қажетті құралдарды сатып алуға және оған жалға өткізуге келісім жасайды. Көбіне жалдық(арендалық) келісім тікелей өндіруші фирмамен лизингтік шарт арқылы жасалады. Олар көбіне ірі фирмалар. Мысалы, автомобиль нарығындағы «Даймлер-Крайслер» және  ВМW концерндері машиналарды дүние жүзінің көптеген елдеріне сатушы лизингтік компаниялардың құрылтайшылары.

     Сатуға көмек көрсету лизингі – мүлік беруші (сатушы) және лизингтік компания арасында лизинг негізінде жасалған бөлек келісім бойынша мүлікті сату. Бұл келісімдердің әр түрі бар. Көпшілік жағдайда мүлікті лизингке өткізу мәселелерін лизингтік компания шешеді. Бірақ кейде лизингтік компанияның атынан лизингтік келісімді

мүлікті сатушының өзі де жасай  береді.

Сурет 5 – Толық лизинг (полный лизинг) сызбанұсқасы

Толық лизинг (полный лизинг) – бұл мәмілеге кіретін қызметтер: жан-жақты техникалық қызмет көрсету жүйесі, жөндеу, сақтандыру, сонымен қатар жұмыскерлерді дайындау, маркетинг қызметі және реклама. Лизинг беруші мүлікке иегерлігін сақтай отырып мәміле біткенше мүлік салығын өтеп отырады. Лизинг беруші лизинг алушымен қашанда болмасын жұмыс істеуге мүдделі болғанымен бүкіл шарт уақатында мүліктің дұрыс пайдалануын қадағалап отырады. Лизингтің бұл түрінің басқалардан артықшылығы, оның лизинг берушінің мүлікті өткізгеннен кейін де жан-жақты қызмет көрсетуінде (мүмкін мүлікті өдірушінің қатысуыиен).

      Үлестік лизинг ( үшінші жақтың қатысуымен) – қаржы лизингінің тағы бір түрі. Бұл мәміле үшінші жақтың – инвестордың (банк, сақтандыру немесе инвестициялық компания) қатысуымен жасалады. Бұл жағдайда лизингтік компания алдын ала жасалған ұзақ мерзімді жалға алу келісімшарты бойынша мүліктің бір бөлігін қарызға алған ақша арқылы өтеп оны өз меншігіне алады. Қарыздың кепілдігі ретінде жаңа алынған мүлік қойылады, ал жалдың қалған болашақ ақысы тікелей инвесторға төленеді.Бұл жерде құралдың амортизациясы мен борышты өтеу жағдайына байланысты лизингтік компанияға жеңілдік жасалады. Мұндай коммерциялық мәміле өте қымбат активтерді (табиғи ресурстар, кен орындары, осы салада қалданылатын машиналар мен құрал-жабдықтар) пайдалану барысында жасалады.

     Сублизинг  – бұл лизингтік қатынастардың ерекше түрі, лизингтік мүлікті пайдалану құқығы үшінші тұлғаға  сублизингтік шарт жасау арқылы  берілуі.Оның мәні–сублизинг жасаушы мүлікті лизинг берушіден лизинг шарты  бойынша алады да оны сублизинг шарты мен лизинг алушыға уақытша пайдалануға береді. ҚР «Қаржы лизингі» Заңы бойынша лизингтік  ақы міндеттемелерін  үшінші тұлғаға төлеуге болмайды. Лизинг мүлкін сублизингке бергенде лизингі берушінің жазбаша түрде рұқсаты керек.

     Халықаралық сублизинг – халықаралық лизингтің бір түрі. Бұл лизингтің ерекшелігі, лизинг мүлкінің ҚР-ның кеденінен ішке және сыртқа өту жағдайы сублизингтік шартта көрсетілген уақытқа байланысты.

     Сублизингте жалгерлік  ақыны алуда негізгі жалгердің  құқығы жоғары болады. Қабылданған  шарт бойынша үшінші тұлға  банкрот болса, онда жалгерлік  ақыны негізгі жалгер алады.

     Осы көрсетілген келісімдердің  барлығы лизингтің негізгі екі  формасының түрлері болып саналады:жедел  және қаржы лизингтерінің. 

       «Жылбысқы» лизинг(мокрый лизинг) – бұл лизинг түрінде мүлкке техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтандыру және басқа да операцияларды жасауға лизинг беруші (мүлікті жасап шығарушы) өз міндетіне алады. Қаржы ұйымдары және банктер қарамағында техникалық жөндеу орталығы болмағандықтан лизингтің бұл түрімен айналыспайды.

     Мәміленің көлемі  бойынша шаруашылық тәжірибесінде  лизинг  шағын, орта және ірі  лизинг болып бөлінеді.

     Шағын лизинг (400-800 мың. тен.) көп елдерде жақсы дамыған. Бұл мәмілелер бойынша өндіріс процесіне кірмейтін мүліктер жатады: компьютерлер, оргтехникалар, телефон станциялары, сақтандыру жүйелері және т.б. ҚР-да шағын лизингілік мәмілелер әзірше өзінің қарқынды дамуын таппай отыр. Лизингілік компаниялар ұйымдастыру жұмыстарының көлемі орта лизингтікімен бірдей болғасын және түсетін пайданың аздығына байланысты шағын мәмілелермен айналыспайды. Керісінше дамыған елдерде шағын мәмілелер лизинг саласының үлкен көлемін құрайды. Бұның мәнісі мынада, шағын мәмілелерде бизнеске келетін қауіп төмен және пайда нормасы жоғары деңгейде.

     Орта лизинг 1,0 – 10,0 млн. тен. көлеміндегі мүліктерді қамтиды: мини-заудтар, технологиялық жабдықтар және т.б. Лизингтің бұл түрінде лизингілік компаниялар лизинг алушыларды көп жағдайда өз банктерінің филиалдары арқылы таңдап алып жұмыс жүргізеді.

     Ірі лизингілік  мәмілелер ( 10,0 млн. тен. жоғары) бағасы қымбат мүліктермен байланысты: ұшақтар, кемелер, энергетика жабдықтары және т. б. Лизингтің бұл түрі Қазақстанда өз дамуын таппай отыр, себебі үлкен қаражатты және келісімдердің ұзақ уақытқа созылуына байланысты тиімсіз деп саналуында. Сондықтан қазіргі кезде орта лизингтің дамуы басқаларға қарағанда жоғары болып тұр.

1.3  Лизингтің экономикалық  мәні және оның тиімділігін  бағалау

     Лизингтің экономикалық табиғаты мен мазмұны – бұл лизинг объектілерін пайдаланушыларды қажетті өндіріс құрал-жабдықтармен дер кезінде және тиімді түрде қамтамасыз етуге бағытталған жалға беру, несиелік, саудалық қатынастардың жиынтығы болып табылатын кәсіпкерлік және инвестициялық қызметтердің бір түрі және лизингке беруші мен сатып алушының арасындағы серіктестік болып табылады.

    Лизингтік қатынастар  өндірістің басты факторларынан  құралады: еңбек және капиталдан. Бұлардың жиынтығының маңыздылығы:  біріншіден, лизинг субъектілері бюджетті құруға қатысады, сондықтан қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешеді; екіншіден – ұдайы өндірістің дамуына және рынокты қажетті өніммен қамтамасыз етуге қатысады. Лизингі алушы (кәсіпорын) әлеуметтік-экономикалық статустың екі жақтылық сипатын алады: тікелей орындаушы және кәсіпкер ретінде. Осы жағынан алғанда лизингі алушы тек қана өзінің өндірісінің дамуына ғана мүдделі болмай, сонымен қатар өндірістің қорлануына, соның нәтижесінде ғылыми-техникалық үдерістің дамуына да ықпал жасайды. Бұл жағдайда лизингі алушы мен лизингі берушінің арасындығы экономикалық қатынастардың негізін лизингілік төлемдер құрайды. Лизингілік төлемдер иелік, пайдалану, сату және өндіріс құрал-жабдықтарына (құрал, мүлік) иемдену қатынастарын көрсетеді.

    Лизингтің экономикалық  мәні лизингтік мәмілеге байланысты  пайда болатын мүліктік қатынастардың  сипатымен түсіндіріледі. Мүлік  – лизингі шартының негізгі  мәні – лизингі берушінің меншігі,  ал лизингі алушы шартта көрсетілген  уақыт көлемінде нақты төлем  жасау бойынша лизингі мүлкіне  ие болу және пайдалану құқығын  алады. Мүліктің толық иесі  болу үшін, лизингі алушы, сатып  алу шарты бойынша оны сатушыдан  толық кұнын төлеп алады. 

Көріп отырғандай, лизинг берушінің  мүлік алуға кеткен шығындары  лизинг ақысынан толық өтелмеуі мүмкін, сондықтан өтемақы сомасы шартта белгіленеді, яғни шарт уақыты және мүліктің амортизациялық уақыт қатынастарымен байланысты. Егер амортизация уақыты шарт уақытынан асып түссе,онда қалдық құн бойынша пайдалану уақыты біткен соң мүлік лизинг берушінің  меншігінде қалады.

Ал лизинг алушы болса, лизингті қолданудан бұрын мәміле бойынша  жасайтын шығындарын лизинг мүлкін пайдалану  арқылы алатын табыстарымен салыстыру  керек. Сондықтан мәмілеге дайындықтың  алдында келешекте туатын бүкіл  сұрақтарға жауап беретін инвестициялық  проект (бизнес- -жоспар) жасау қажет.

          Лизинг  берушіге шарт уақыты ішінде, сонымен қатар мерзімінен бұрын  төлемді өтеген соң ғана лизинг  алушы лизингілік мүліктің иегері  бола алады. Сатып алу шартта  немесе екі жақтық жеке келісімде  қарастырылған болса, онда төлеп  алу бағасы лизинг шартында  белгіленеді. Төлеп алу бағасы  ретінде мүліктің қалдық құны , яғни нарықтық, осындай немесе  осыған ұқсас мүлік бағасы  қабылданады. Қай жағынан қарастырсақ  та, лизинг алушыға лизинг мүлкін  алу әрқашанда пайдалы .

Информация о работе Қазақстандағы лизингтік қатынастарды жетілдіру жолдары