Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 12:33, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кездегі ауыл шаруашылыгындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы көбінесе субьективтік себептермен түсіңдірілетіні аса дау туғызып отырған жоқ. Еліміздің көрнекті экономистері бұдан он шақты жыл бұрын, яғни ауыл шарушылығында экономикалық реформаларды іске асыру басталған шақта, осы саладағы өзгерістерде революциялық емес, эволюциялық жолды ұстану керектігін сан рет қайталаған болатын. Бірақ, Үкіметіміздің тарапынан мұндай көзқарастарға мойын бұрған ешкім болған жоқ және оған қоса кеңшарларды жедел түрде мемлекет иелігінен алғаннан кейін "еңді ауыл шаруашылығына мемлекеттің араласуы кажет емес" деген кағида ресми түрде саясат деңгейіне дейін көтерілді.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
І. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының дамуы
1.1.Ауыл шаруашылығының жекешеліндіру проблемалары..............................5
1.2. Ауыл шаруашылығын жекешеліндіру кезіндегі қателіктер...................9
1.3. Жер –негізгі ауыл шаруашылығының өндірісі.................................................15
ІІ. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар қаржысын ұйымдастыру
2.1. Қаржы мен инвестициялық белсендіктің кейбір теориялық мәселелері...................................................................................................17
2.2. Жетілдірілген меншіктік қатынастар – қаржылық белсенділіктің негізі.................................................................................................................24
ІІІ. Ауыл экономикасындағы өзгерістер мен қожалық құру жолдары
3.1. Ауыл экономикасының көпукладтылығы ...........................26
3.2. Қазақстанда ауыл шаруашылығын жекешелендіру............28

Қорытынды .............................................................................................31
Пайдалынған әдебиеттер.......................................................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ауыл каржысы.doc

— 309.00 Кб (Скачать документ)

Айтпағымыз - мемлекетіміздің ауыл экономикасын тиісті дәрежеге көтермейінше, сол үшін барлық жағдай жасамайынша калалық жердің де күрделі мәселелерін шеше алмайтындығын баса көрсету. Ал, қалалық жердің де, ауылдық жердің де әлеуметтік-экономикалық жағдайы күрделілене беретін болса, онда мемелекеттің де экономикалық, саяси-әлеуметгік болмысы қоғам мүшелерінің мүдделі талабына сай келмей, олардың ақыр сонына саяси талаптар қоя бастауына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Осындай залалды құбылыстарды болдырмаудың, ауыл шаруашылығы мен еқбеккерлерінің рөлін көтерудің ең алғышарты ретінде олардың инвестициялық   белсеңділігің атап көрсету қажет.

Алдымен "инвестициялық белсенділік" деген не және оның өсуіне қандай жағдайлар керек болады деген сауалға жауап беру ләзім. Ол үигін әуелі "инвестиция" түсінігін ғылыми түрғыдан қарастыруымыз керек.

Біздің жағдайымызда "инвестиция" терминінің кең қолданыла бастағанына оңбесшақты жылдай болды, өйткені шаруашьшық жүргізудің бұрынғы социалистік жүйесіне "күрделі қаржы " түсінігі ғана тән болатын.

Ал, инвестиция соңғы  түсініктен гөрі анағурлым аушамды категория ретінде ұлттық есеп-санақ жүргізудің маңызды тетігі мен көрсеткіші болып табылады. Сондықтан, әсіресе, бұрынғы КСРО тарағаннан кейін пайда болған тәуелсіз мемлекеттерде инвестицияға теориялық анықтама беру жолында көптеген ғылыми ізденістер мен монографиялық зерттеулер жүргізіліп отырғаны табиғи нәрсе.

Дегенмен осы инвестиция түсінігің ғылыми анықтауда әр түрлі көзқарастар әлі күнге дейін орын алып отыр. Экономикалық дағдарыс жағдайынан жылдамырақ шығу жолыңда мемлекеттік реттеудің рөлін жоғарылату керектігін алға тартқан Дж. М Кейнс инвестицияны капиталды игіліктің ағымдағы өсімі ретінде, басқаша айтқанда - кірістің ағымдағы тұтынудан калған бөлігі ретінде қарастырған. Біз бұңдай анықтамаға қосыла алмаймыз, өйткені оның мағынасы халықтың жинағы мен қаржысы арасында айырмашылық жоқ дегенге алып келер еді. Дей тұрсақ та, жоғарыдағы анықтаманы қолдайтын авторлар да жоқ емес. Мысалы, В. Бочаров та ағымдағы тұтынудан қалған кірістің барлық бөлігін инвестиция көлеміне кіргізеді. Бұл   анықтамалардың кемшілігі мынадан-ақ көрініп түр: кірістің ағымдағы тұтыну көлемінен баскасының бәрі типтен де қаржылық ресурска жатпауы әбден мүмкін нәрсе. Өйткені бұл ресурс экономикалық айналымға, басқаша айтқанда, материалдық, әлеуметтік және интеллектуалдық байлықты көбейтуге жұмсалғанда ғана қаржы құрамына кіре алады. Ал, бұған жұмсалмаған бөлігі инвестицияға жатпайды.

Белгілі экономист Пол Хейне де инвестицияны анықтауда жадағайлық көрсететін секілді. Ол инвестицияны болашақта алынатын кіріс үшін қандайда болмасын игілікті сатып алуға шығатын ақша ретінде қарастырады. Бұл көзқарасты жақтайтындар "қаңдайда болмасын игілікті" дегенді өте кең ауқымда қарастырады да, оның құрамына кәдімгі тауар өңдіру үшін алынатын шикізатқа кеткен шығынды да қосады. Мұндай пікірдің дұрыстыққа келмейтінін П. Самуэльсон берген анықтамамен салыстыра көрсетуге болады. Оның айтуынша, нақты капитал таза инвестиция салу орын алғанда ғана жасалады.

Қазақстан экономистері арасында да бұл анықтамаларға сыни көзқарас болғанменен ғылыми тұжырымға келгенде әр түрлі пайымдаулар кездесе береді. Кейбір авторлар инвестиция анықтамасын іс-әрекеттің объектісі мен субъектісі жағынан ғана келіп түсіндіреді. Бірақ сол субьектілердің ішіне мемлекетті кіргізбейді. Ал, мемлекеттің өзі тікелей қажылар мен айналысқанын былай қойғанда оның барлық қаржылық ресурстарды тиімді пайдаланады реттеудегі рөлін қалайша айтпай қаламыз.

Еліміздің ғалым-экономистерінің бұл мәселедегі өзара келіспеушілігі ақыр аяғында үлкен маңызы бар заң құжатына да кате анықтаулар еніп кеуіне әкеліп соқты. Мысалы, 1995 жылдың қаңтар айыңда "Шетелдік инвестициялар жөнінде" заң қабылданды. Осы заңда инвестиция түсінігіне анықтама берілген. Сол анықтаманың екі үлкен қатесін баса көрсету қажет: біріншіден, құкықтың барлық түрлерін (меншіктің емес, құқықтың) кәсіпкерлікке салсаңыз, ол инвестиция болып шығады екен.

 «Құқық» дегеніміз не материалдық, не қаржылық мағынасы жоқ, тек категория (түсінік) ретінде ғана орны бар нәрсе; екіншіден сол анықтама бойынша инвестиция дегеніміз тек кана кәсіпкерлік іс-әрекетке жұмсалатын бағалы игілік пен интеллектуалдық меншік екен. Сонда кіріс әкелетін шығындар инвестиция құрамына кірмейтін болып шығады.

Бұл – кәсіпкерліктен басқа да Отанымыздың материалдық игілігі мен интеллектуалдық байлығын арттыратын іс-қымылдарды жоққа шығарады деген сөз. Айталық, мемлекет тарапынан жоғары дәрежелі оқу ісін ұйымдастыруға, ғылымды дамытуға және т. б. көптеген қаржы бөлінеді де, оның мөлшері инвестиция құрамына кіреді. Бірақ бұл жерде кәсіпкерлік іс-әрекетке орын жоқ. Бұны денсаулық сақтау, кадрларды қайта дайындау, экологиялық хал-ахуалды табиғи дәрежесінде сақтау және т. б. осы секілді шараларға кететін шығындар жөнінде де айтуға болады. Осыдан барып жоғарыдағы заңда келтірілген инвестиция түсінігінін анықтамасы тым жеткіліксіз екеңдігі туындайды.

Оны - осы анықтаманы - толықтыра түсу үшін тағы да бір-екі жағдайды атап өту керек. Әуелі "инвестиция" түсігінің (категория) ауқымы кеңеюі себептері неде деген сауалға қысқаша тұжырымды жауап беру шарт. Бұл себепті тек нарықтық қарым-қатынастардың кеңеюімен байланыста ғана қарастыруға болмайды. Соңғы екі ғасырдай уақыт ішіңде ғылыми-техникалық жетістіктерді кеңінен қолданудың барысында тек кана өндіріс жөне өндірістік инфрақұрылым салаларының материалдық-техникалық базасы ғана сапалы өзгерістерге ұшырап қойған жоқ. Осындай өзгерістер әлеуметтік инфрақұрылым салаларын да тән болып отыр. Сондықтан, осы сонғы аталған салаларға, солардың дүниежүзілік стаңдарт деңгейінде дамуына жұмсалатын қаражаттар да (олардың иесі кім екені басқа әңгіме) инвестиция құрамына кіруге тиіс. Өйткені бұл салаларда бұрынғыдай әлеуметтік инеллектуалдық байлықтың өсуі ғана емес, оған қоса материалдык, байлықтың өсуі де орын алып отыр.

Екінші жағдай - ол "инвестиция" деген түсініктің "ресурсқа" емес, "процеске" меңзейтіндігінде. Басқа сөзбен айтқанда, инвестиция дегенді тек қоғамдық пайда әкелетін іс-әрекет басталған жағдайда ғана қолдану қажет. Егер бұндай іс-әрекет басталмаған болса, онда қолда бар қаражат инвестиция емес, тек ресурс (қор) болып қана қала береді.

 

Осы екі жағдайды баса айтып отырған себебіміз -инвестицияға анықтама берерде оны "ресурс" ретіңде ғана қарастыратын тұжырымдардың әдебиеттерде жиі кездесетіндігіңде. Сонымен, жоғарыда келтірілген анықтамаларға сыни көзкараспен келе отырып, осы "инвестиция" түсінігіне біздіңше дұрыс деп есептеліп отырған өз анықтамамызды берсек, ол былай болуы керек секілді: инвестиция деп мемлекеттің тек материалдық байлығының ғана емес, соған қоса оның материаддық емес қоғамдық, әлеуметтік, интеллектуалдық және ақпараттық игілігінің өсуіне салынған қаражатты айтуымыз керек.

Осы орайда "инвестиция" мен "инвестициялық ресурс " түсініктерінің ара жігін айыра қарастырған жөн. Жоғарыда айтылғандай, егер де "инвестиция" - салынған қаражат болса, онда "инвестициялық ресурс" дегеніміз мемлекеттің материалдық  байлығы мен қоғамдық, әлеуметтік, интеллектуалдық игілігін арттыра түсу мақсатында жұмсалатың ақшалай қаражаттың қолда бар жиынығы болып табылады. Демек осы жиынтық әлгідей мақсатка жұмсала бастағанда ғана инвестицияға айнала бастайды. Соңдықтан да "инвестицияның" мәнін "инвестициялық ресурс" арқылы түсіңдіру теориялық дәлдікті көрсете алмайды. Мұңдай дәлме-дәл анықтама "инвестициялық белсенділік" ұғымын да өте қажет. Өйткені, әрбір ұғым мен категорияның ішкі өзегі мен мәнін теориялық тұрғыдан анықтап, ашып көрсетіп алмайынша, олардың тәжірибедегі қолдану аясы да бұлыңғыр күйінде қала бермек. Мысалы, қаражат иесі өз ақшасын баласының жәй орта білім алуына жұмсаса, бұл өмір мақсатытан туыңдаған амалсыздық па, өлде "инвестициялық белсенділік " пе? Бұл, әрине, конституция талаптарының іске аса бермейтіңдігінен туындаған амалсыздық.

Қазіргі өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым салаларында ғана емес, өңдірістің негізгі салаларында да (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, т.б.) мемлекеттің меншік үлес салмағы азайьш, жеке меншіктің осы көрсеткіші үлғайып отырган жағдайда инвестициялық ресурстардың пайда болу көзі, көлемі мен құрылымы, пайдалану бағыттары үлкен өзгерісгерге ұшырап отырганы түсінікті нәрсе.

Бірақ, атап айту керек - осы өзгерістердің соңғы он шақты жыл мерзіміндегі негізгі зандылығын талдағанда жоғарыда аталған салаларда жеке меншіктің өсу қарқынынан осы меншік түріне негізделген шаруашылықтардың инвестициялық белсенділігінің қарқыны өте төмен болды. Біздің зерттеулеріміз бұның негізгі себебін анықтауымызға мүмкіндік туғызды. Ол себеп - жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алудың экономика салалары мен республика аймақтарының ерекшеліктерін ескермей, олардың нақты жағдайларын анықтамай, тіке айтқанда, революциялық-әкімшілік жолмен іске асырылуында болып отыр.

Бұл жағдай әсіресе ауыл шаруашылығына тән болды да, шаруа қожалықтары мен фермерлердің көбінің, өз капиталын өсірмек тұрмақ қатты күйзеліске ұшырауына әкеліп соқтырды. Осының салдарынан, кейбір шаруашылықтар ғана болмаса, ауыл тауар өндірушілерінің инвестициялық белсенділігі жөнінде әңгіме қозғаудың өзі мүмкін болмады.

Осы орайда да ең әуелі белсенділіктің не екеніне,оны қалай түсіну керектігіне көңіл аударуымыз керек болып отыр. Ал біздің республикамыз жағдайыңда бұл бұрын-сонды күн тәртібіне қойылып көрмеген мәселе. Оның ең басты себебі— шаруашылықтардың   қай    түрінде    болмасын    жаппай

инвестициялық   белсенділік   көрсететіндей   жағдай   әлі қалыптасқан жоқ.

Бұл мәселенің теориялық  жағын қарастырып көрелік. Классикалық және қазіргі заманғы экономикалық ілім ауқымыңда келегін болсак, жинақ (сбережения - 5), инвестиция (І) және табыс (V) категорияларын өзара байланыста зерттеу керектігі әбден анықталған, дау туғызбайтын қағида. Еңді біздің осы теориялық қағидаға өзіндік үлес қосуға талпынысымыздың мәні - сол аталған үш категорияны "қаржылық белсенділік" категориясымен өзара ықпалды байланыста қарастыру. Ол үшін алдымен "қаржылық белсенділікті" белгілі бір көрсеткіш деңгейімен шектеу арқылы анықтап керген дұрыс. Егер де осы коэффициент деңгейі темендесе, онда инвестициялық белсенділіктін де жоғары дәрежеде емес екендігі белгілі болады да, ал ол деңгейі жоғарыласа, керісінше, инвестициялық белсенділіктің арта түскенін көрсетсе керек. Осындай көрсеткіш қатарына инвестицияның барлық ұлттық табыстағы үлес салмағына қосу керек деген пікір де кездеседі. Бірақ бұл көрсеткіш инвестициялық ахуалды сипаттағанымен инвестициялық белсенділік дәрежесін айқымдауға мүмкіндік бермейді.

Белгілі бір жагдайда инвестидиялық ресурстарды экономикалық агенттердің жинақ көлемімен теңестіре қарастыруга болады. Бұл теңдестік бұзылған жағдайда пайыз ставкасы жоғарылаған сайын инвестиция көлемі төмендейді де, жинақ көрсеткіші өсе бастайды. Еңді жаңағы ставка деңгейі төмендеген жағдайда, керісінше, әлгі көрсеткіш те төмеңдеп, есесіне инвестиция кәлемі өсе бастайды. Бұдан шығатын негізгі қорытынды: инвестициялық белсенділік пен пайыз ставкасының арасындағы байланыс пен өзара ықпал әрқашан да ғылыми ізденістердің объектісі болуға тиісті. Оның басты себебі -пайыз ставкасының деңгейі инвестиция және жиын көлемдеріне тікелей әсер етсе, инвестициялық белсенділік деңгейіне ол тікелей де, жанамалай да әсер етуі ықтимал. Бұл жерде жанамалы әсер етудің қосымша факторы ретінде салық ставкасын алуымыз дұрыс. Инвестиция нәтижесінде өндірілген тауарлардан (ақылы қызметтерден) алынатын табысқа салық ставкасы неғүрлым жоғары болса, соғүрлым жинақ (инвестиция көзі) пен инвестициялық белсенділіктің деңгейі төмен болады.

2.2. Жетілдірілген меншіктік қатынастар – қаржылық белсенділіктің  негізі

Ең бірінші назарға алатын нәрсе - біздің зерттеулеріміз шаруашылық жүргізудің бір жүйесінен (модель) екіншісіне ауысу барысыңда, яғни транзитгік экономика жағдайында іске асырылып отыр. Ал бұндай кезең, көпгеген басқа елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, өндіргіш күштер мен өндірілген тауарларға меншік түрлерінің өзгеруімен, әсіресе мемлекеттік меншік үлесінен жеке меншіктің үлесінің ұлғаюымен сипатталады. Соңғы 8-9 жылда болып жаткан осы процесс әсіресе Казақстан экономикасында айқынырақ көрінеді. Сондықтан да біз зерттеп отырран мәселемізді осы меншік түрлерінің өзгеруі барысымен тығыз байланыссыз қарастыра алмаймыз. Оның  бір үлкен себебі - бұл түбегейлі өзгерісгер зерттеу тақырыбының объектісі - ауыл шаруашылығыңда оте кең ауқымда өтіп жатыр.

Меншік түрлерінің дамуы мен инвестициялық белсенділікті үштастыра қарастыру үшін, алдымен меншік ұғымының ғылыми негізіне көз жүгірте отырып және ол ұғымға түрлі көзкарастарды талдап отырып, өз пайымдауымызға теориялық негіз келтіргеніміз дұрыс. Ондағы мақсатымыз меншіктік қатынастарды жетілдірудің жалпы және инвестициялық белсенділікке байланысты рөлін анықтай түсу болып табылады.

Нарықтық  шаруашылық жағдайыңда меншіктің экономикалық категория ретіндегі орнын және оның басқа экономикалық категориялармен арақатынасын анықтау қажеттігі туады. Осыған орай экономикалық ілімдер тарихына жүгінсек, меншік туралы көптеген түсініктер бар. Мысалы, француз социалисі Пьер Жозеф Прудон (1809-1865 жылдар): "меншік дегеніміз — бұл ұрлық" деп анықтама береді. Ал, белгілі оқымысты П.Хейне "Ойлаудың экономикалық бейнесі" деген оқулығының 13-тарауында меншікті адамдар арасындағы қатынас түріңде анықтайды. Бұл жерде ол негізінен экономика жөніндегі Нобель сыйлығының, лауреаты, американдық экономист Рональд Кроуздың пікіріне сүйенген. Ол өзінің меншік және нарықтық қатъшастар жөніндегі зерттеулерінде меншікті жәй ғана адамның затқа қатынасы емес, керісінше, адамдар арасыңдағы қатынастар деп дәлелдеген.

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Ауыл экономикасындағы өзгерістер мен қожалық құру жолдары

3.1. Ауыл экономикасының көпукладтылығы

Әрине, жалпы өңдірістік және экономикалық қарым-катынастар жүйесінің өзгеруі алдымен меншік түрлеріне және олардың өзгеру қарқынына байланысты екені белгілі. Осы қарқын шаруашылық жүргізу үлгілерін де, тарихи алшамдермен келсек, қаскағымда өзгертті деуге болады. Бірақ назардан тыс қалғаны — осы түрлі үлгілердің (модель) тиімді пропорциясы, олардың өңдірістік-әлеуметтік инфрақұрылым салаларымен және мемлекетпен арақатынасы, ауыл шаруашылығы тауарларының бағасын анықтаудағы мемлекеттің ролі және т.б. Осының салдарынан көпукладтылықтың меншіктік және экономикалық базасын жойып, жедел жекешелеңдіру арқасыңда бірукладтылыққа (жеке меншікке негізделген) қол жеткізгендегі алған нәтажелеріміз жайыңда жоғарыда азды-кеші айтқанбыз. Еңді макроэкономикалық көрсеткіштерге сүйенгенде де ауыл шаруашылығының жағдайы төмен екеніне көз жеткізу қиын емес. Ол үшін осы саланың жалпы ішкі өнімдегі (ВВП) үлес салмағының динамикасын қарасақ та жеткілікті.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының дамуы