Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 12:33, курсовая работа
Қазіргі кездегі ауыл шаруашылыгындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы көбінесе субьективтік себептермен түсіңдірілетіні аса дау туғызып отырған жоқ. Еліміздің көрнекті экономистері бұдан он шақты жыл бұрын, яғни ауыл шарушылығында экономикалық реформаларды іске асыру басталған шақта, осы саладағы өзгерістерде революциялық емес, эволюциялық жолды ұстану керектігін сан рет қайталаған болатын. Бірақ, Үкіметіміздің тарапынан мұндай көзқарастарға мойын бұрған ешкім болған жоқ және оған қоса кеңшарларды жедел түрде мемлекет иелігінен алғаннан кейін "еңді ауыл шаруашылығына мемлекеттің араласуы кажет емес" деген кағида ресми түрде саясат деңгейіне дейін көтерілді.
Кіріспе................................................................................................................3
І. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының дамуы
1.1.Ауыл шаруашылығының жекешеліндіру проблемалары..............................5
1.2. Ауыл шаруашылығын жекешеліндіру кезіндегі қателіктер...................9
1.3. Жер –негізгі ауыл шаруашылығының өндірісі.................................................15
ІІ. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар қаржысын ұйымдастыру
2.1. Қаржы мен инвестициялық белсендіктің кейбір теориялық мәселелері...................................................................................................17
2.2. Жетілдірілген меншіктік қатынастар – қаржылық белсенділіктің негізі.................................................................................................................24
ІІІ. Ауыл экономикасындағы өзгерістер мен қожалық құру жолдары
3.1. Ауыл экономикасының көпукладтылығы ...........................26
3.2. Қазақстанда ауыл шаруашылығын жекешелендіру............28
Қорытынды .............................................................................................31
Пайдалынған әдебиеттер.......................................................................35
Қорыта айтқаңда, шаруашалықтардық тиімді түрі мен даму мүмкіндігін тек меншік түрінен іздеу негізсіз. Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нәтижесіңде пайда болып жатқан жаңа шаруашылық түрлерінің дамуына көптеген бұдан басқа да обьективті-субъективті, әлеуметтік-экономикалық факторлар негіз бола алады.
Ол факторларды есепке алмайынша ауыл тауар өндірушілерінің еңбекке құштарлығы мен инвестициялық белсеңділігін арттыру мәселесін шешу өте қиынға түсер еді. Өйткені бұл мәселелер бүгінгі күні ауыл шаруашылығында орын алып отыртан нақты жағдайлармен тікелей байланысты.
Осы жағдайлар ішінде әсіресе шаруашылықтардың материалдық-техникалық базасы, ауылдағы әлеуметтік, саудалық, көліктік және басқа инфрақұрылымдық салалардың даму деңгейі, ақша-тауар айналымын тездетуді іске асыратын тиісті оргаңдардың заңды әрекеттері және тағы басқаларын атап өту керек. Жасалған талдау мынаны айқын көрсетіп отыр: ауылдық жерлердегі меншік және шаруашылық түрлерінің дамуы, демек шаруа қожалықтарының инвестициялық белсеңділігінің артуы жоғарыдан "түсірілетің" әкімшілік-әміршілік шешімдерден гөрі ұйымдастыру-құқықтық негіздердің жасалуын және олардың тұрақтылығына, экономикалық ынталаңдыру механизмдерінің нақты қолданылуына, ауыл тауар өндірушілерінің меншіктік экономикалық құқықтық және ұйымдастыру мүдделерінің мемлекет тарапынан ресми қорғалуына және т.б. тәуелді болып отыр. Біздің республикамызда бұл тәуелділік тереңдей түсуде, өйткені жанағы айтылған шарттардың көбі талапқа сай келмейді. Сол маманның қорытынды пікірлері мынадай:
-ауыл шаруашылығындағы реформа, жұмсарта айтқаңда, экономикалық ғылыммен байланыссыз жүргізілді;
-меншік түрін өзгерту қуаты ірі шаруашылықтарды пай жүйесімен міндетті түрде уақ шаруашылықтарға бөлу деп түсіндіріліп, бұл процесс әкімшілік жолмен жүргізілді де, ауыл тауар өңдірушілерінің экономикалық көрсеткіштері мен инвестициялық белсенділігі күрт төмендеді;
-еңдігі жерде басқарушы орындар монополизммен күресе отырып, ауыл шаруашылығына ақшамен, ақпаратпен, нарық сферасын кенейтумен
көмектесіп, оның табиғи жолмен (эволюция) дамуына араласпай, сырттай жағдай жасаулары керек.
Республикамызда жүргізілген экономикалық реформаның барысын меншік түрлерінің өзгеруі мен жеке меншікке негізделген шаруашылықтар саны жағынан сипаттайтын болсақ, онда барлық шаруашылықтар ішінде олардың жеке меншікке негізделгеңдерінің, оның ішіңде - шағын шаруашылықтардың үлес салмағы барған сайын өсіп, 80-90 пайызға жетті (1-кестені караңыз). Осы шағын шаруашылықтардың көбісі (80%-дайы) ауылдық жерде тіркелген заңды тұлғалар болып отыр. Осыдан барып мынадай қорытындыға келуге болады: дамыған елдер тәжірибесі мен өз еліміздің аграрлық секторыңдағы соңғы он шақты жылда қалыптасқан жағдайлар көрсетіп отыргаңдай, ауыл шаруашылығы өңдіргіш күштерінің сан және сапа жағынан өсуі себептігі шаруашылықтардың ірілерінің кез келгенін шағын шаруашылықтарға күштеп бөлу, сол бөлуді жеке меншікке көшудің жалғыз жолы деп қарастыру ауыл тауар өндірушілерінің де, мемлекеттің де мүддесінен шығып тұрған жоқ.
Сонғы кезде "шағын, ұсақ шаруашылықтар өз алдына қызмет жасап кете алмайтын болса, онда олар түрлі ұжымдық ұйымдарға бірігіп қызмет етсін" - дейтін ұсыныстар көбейе бастады. Бұл, бір жағынан, "денсаулығы" жақсы ірі шаруашылықтарды күштеп таратканымыздың қате саясатта болғанын сырттай мойыңдағанымыз болса, екінші жағынан мынадай сұрақтарды амалсыз күн тәртібіне қойғызады: бұрынғы совхоздар мен колхоздар ұжымдық шаруашылықтар болмаса, оңда не болғаны? Ірі шаруашылықтарды ұсақтап, жойып, олардың өндірістік-әлеуметтік инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын қиратып барып, енді ұсақ шаруашылықтардың қайтадан ұжымдасуына кеңес беруіміз қалай?
Сол ірі шаруашылықтар жыл сайын өзіне де, мемлекетке де үлкен пайда түсіріп отырған болса, онда оларға, бөлшектемей-ақ, жеке меншіктік құқық беруге болмас па еді? Еліміздегі экономисг-ғалымдардың ұсынысына құлақ аспай, шаруашылықтарды жеделдетіп ұсақтап, сосын ұсақ шаруашылықтардын, қайтадан ұжымдасуына кеңес беруге кеткен бірнеше жыл мерзімді калай "кайырамыз"? Бұл жәй сұрақтар емес, олар өз жауабын күтеді.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, қазіргі уақытта аграрлық саладағы шаруашылықтардын даму мүмкіндіктерін төмендегідей негізгі факторлардың көмегімен анықтауға болады:
1. шаруашылықтардың материалдық-техникалық негізі;
Аграрлық саладағы орта және ірі шаруашылықтар жағдайыңдағы экономикалық бәсекелестікке төтен беру үшін алдымен өзін жоғары сапалы техникалармен қамтамасыз етулері тиіс. Мысалы, бұрынғы Кеңес мемлекетінің аграрлық саласыңда (қызмет еткен техникалардың двигательдерінің күші индустриясы дамыған мемлекеттердегімен салыстырғанда 1,4 есе төмен, ал комбайнның дән құйылатын қорабының сыйымдылығы 1,3-1,5 аз болды. Бүгінгі дағдарыс кезеңінде ауылдағы шаруашылықтарды техникалармен қамтамасыз ету жылдан-жылға нашарлауда. Соның нәтижесінде жыл сайын республика бойынша өнім 30-40%-ға кем алынып отыр.
Шаруашылықтардың иелігіндегі техникалар сапалы және тиімді қызмет етулері үшін, олардың көмегімен өнімдерді төкпей-шашпай қоймаларға, сататын орыңдарға тасымалдау үшін инфраструктурасының барлық құрамдас бөліктерінің, әсіресе жолдың аткаратың қызметінің маңызы зор. Өйткені, аграрлық шаруашылықтардың даму мүмкіндіктері жол жағдайымен тікелей байланысты. Казақстанның жер көлемінің үлкеңдігін және шаруашылықтардың бірі-бірінен және орталықтан алыс орналасқанын ескерсек, көлік жолының маңызы айқындала түседі. Нашар көлік жолы - техниканың тез тозуымен қатар, ауыл шаруашылық өнімдерінің жолда шашылуының негізгі себебі. Мысалы, көлік жолы нашар шаруашылықтар жолдары бүгінгі өлшем бойынша талапқа сай деп жүрген шаруашылықтарға қарағаңда автомобильдің қосалқы бөлшектерін 1,2—1,5 есе және көліктің орта жылдамдығы төмен болуына байланысты көлікті 1,5-2 есе көп қажет қылады. Жолы нашар шаруашылықтар малды ет комбинатына тасымалдау кезінде көлік жолы бүгінгі талапқа сай шаруашылықтарға қарағанда он есе көп шығын шығарса, шөпті тасымалдау кезінде оның 15%-ын жоғалтады. Қазақстанның аграрлық саладагы шаруашылықтары жолдың нашарлығына байланысты жыл сайын 162 мың тонна астық, 141,3 мың тонна сүт, Ш мың тонна көкөніс, тағы басқа ауыл шаруашылық өнімдерін жолда жоғалтып отырған. Жоғарыдағы фактілер, яғни көлік жолының нашарлығы меншік қатынастарында пайда болып жатқан өр түрлі шаруашылықтардың тиімді қызмет етуін тежейтшін көрсетеді.
Бүгінгі таңда аграрлық саладағы шаруашылықтар өз күштерімен жоғарыдағы мәселені шеше алмайды. Демек, ауылды жердің жол жағдайын жақсарту - мемлекет деңгейіңце шешиіетін мәселе. Экономистердің мәліметтеріне жүгінсек, Қазақстанның асфальтталған автокөлік жолының ұзыңдығы 80 пайызға жеткен жағдайда, тасымалдау кезінде жоғалатын көкөністі 2,4 есе, жемісті 13 есе, асгық шығьшын 4,2 есе, малдың тірі салмақ шығынын 3,2 есе төмеңдету мүмкіңдігі туындайды.
1-кесте. ҚР меншік нысандары мен мөлшеріне орай заңды тұлғалар саны
(01.05.2002 ж)
Барлы ғы |
Соның ішінде меншік нысаны мен түріне қарай | |||||
Мемлекет тік |
жеке |
олардың | ||||
Мемлекет қатысуымен (шетел қатынасуынсыз) |
Бірлескен кәсіпорындар (шет елдің қатысуымен) |
шетелдік
| ||||
ҚР шағын орташа ірі Батыс Қазақстан Аймағы Орташа Ірі шағын
Ақтөбе обл Шағын Орташа Ірі
Атырау обл Шағын Орташа Ірі
Батыс Қазақстан обл. Шағын Орташа Ірі
Манғыстау обл Шағын Орташа ірі |
108722 95423 10430 2869
12958 10991 412 10991
5352
4647 539 166
2323 1931 322 70
2773
2216 439 118
2510
2197 255 58 |
20246
13863 5455 928
3197 2245 129 -
823
1372
1065 255
52
717
481 211 25
679
428
216 35
429
271
141
17
|
86449
79591 4940 1918
9693 8681 283 -
729
3965
3568 283
114
1594
1439 110 45
2080
1775
222 83
2054
1899
114
41 |
1849
841 647 361
250 100 54 -
96
35
14 14
7
77
31 33 13
56
21
16 19
82
34
33
15 |
2410
2218 134 58
181 147 8 -
147
43
32 7
4
60
50 7 3
36
28 7
1
42
37
5
- |
2027
1969 35 23
68 65 - -
65
15
14 1
-
12
11 1 -
14
13 1
-
27
27
-
-
|
Аграрлық саладағы әр түрлі меншікке негізделген шаруашылықтардың дамуына және олардың инвестициялық белсеңділігінің артуына жағдай жасайтын келесі фактор -олардың өнімді сақтап, ұқсату және өндеу мүмкіңдігі. Жоғарыдағы мәселені ескермеу, шаруашылықтардың даму мүмкіндігін объективті қарастырмағаңдық болып шығады. Осы фактордың себейнен өңдірілген өнімдердің, атап айткаңда жеміс-жидектің 30%, картоп өнімінің 2%, көкөніс өнімдерінің (карбыз, помидор, сәбіз және т.б.) 5%-ға жуығы пайдасыз болады. Демек, аграрлық саладағы шаруашылықтардың, әсіресе шаруа қожалықтарьшың қоймаларының жағдайын жақсартуға көп көңіл бөлінуі керек. Олардың өнімдерің сақтау, ұқсату, өндеу негізінен нашарлығы немесе жоқтығы шаруашылықтардың даму мүмкіңдігінің аумағын қысқартып, инвестициялық белсенділігін төмендетеді.
1.3.
Жер –негізгі ауыл
Ауыл шаруашылығының негізгі өндіріс құрал-жабдығы -жер. Казақстанның ауыл шаруашылығыңдағы жер қорының барлығы дерлік колхоздар мен совхоздардын иелігінде болғаны белгілі.
Кейбір экономисгер бүгінгі таңда шаруа қожалықтарына мемлекеттен жерді жалға алуга бірдей құқықтық және экономикалық жағдай жасалған деп тұжырымдайды. Бірақ мұндай тұжырымдар жер бөлуде көптеген объективті және субъективті факторларды ескермей, шаруашылықтардың экономикалық даму мүмкіндіктерін сыңаржақ сипаттау болып табылады.
Мысалы, статорындардың деректеріне жүгінсек, Қазакстандағы жалпы шаруақожалықтарының әрбір жүзінің жиырма бесі жер үлесін алмаған (немесе 0,5 гектар ғана жері бар). Тіркелген әрбір жетінші қожалық, жердің аздығын немесе жер үлесінің жоқтығын атап өтеді. Жер алған шаруалардың басым көпшілігі үлесіне тиген жердің таулы немесе суы жоқ, топырақ қүшры төмен аймақтарда екенін айтады. Шаруа қожалықтарына берілген жерлердің бестен үші ғана шаруаларға мерзімсіз пайдалануға берілген болса, қалғандары үзақ немесе қысқа мерзімге жерді жалға алған.
Аграрлық саладағы меншік пен шаруашылық түрлерінің дамуын және инвестициялық хал-ахуалды тежеп отырған келесі бір фактор ретіңде шаруашылық субьектілерінің әлеуметтік жағдайларын айту керек. Аграрлық саладағы әлеуметтік мәселелер бүгін туып отырған жоқ. Онын мәнің, өндіріс процесіңце аткаратын рөлін кезінде көптеген экономистер мен қоғам кайраткерлері жоғары бағалаған. Дегенмен теория жүзінде кеңінен талқыланып, маңызы жоғары бағаланған әлеуметтік мәселе тәжірибеде кенже қалып, екінші орынға қойылып келді. Ауыл еңбеккерлерінің әлеуметтік мәселелерінің шешілмеуі және аграрлық салада жаңа шаруашылық пен меншік түрлерінің пайда болуы әлеуметтік мәселелерді асқындыра түсуде. Ауылдық жерде балаларға тәрбие және білім беру, оларды мәдени ошақтарға тарту мәселелері тіпті қиындады. Шаруалардың түрмыс жағдайыш септігін тигізетін осындай және басқа факторлар меншік катышастарының дамуын және инвестицияльгқ белсеңділікті тежейді3.
3 Қалгіев Ғ. Қазақстандағы аграрлық реформа: тарихы, қазіргі кезеқ болашағъь Алматы, 1998. 231-6.
ІІ. Қаржылық және оны ынталандырудағы меншік түрлерінің ролі
2.1. Қаржы мен инвестициялық белсендіктің кейбір теориялық мәселелері
Қазіргі кездегі ауыл шаруашылығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы көбінесе субьективтік себептермен түсіңдірілетіні аса дау туғызып отырған жоқ. Еліміздің көрнекті экономистері (академиктер Сагадиев К.Ә., Қалиев Ғ.Ә., Куватов Р.Ю. және басқалар) бұдан он шақты жыл бұрын, яғни ауыл шарушылығында экономикалық реформаларды іске асыру басталған шақта, осы саладағы өзгерістерде революциялық емес, эволюциялық жолды ұстану керектігін сан рет қайталаған болатын.
Бірақ, Үкіметіміздің тарапынан мұндай көзқарастарға мойын бұрған ешкім болған жоқ және оған қоса кеңшарларды жедел түрде мемлекет иелігінен алғаннан кейін "еңді ауыл шаруашылығына мемлекеттің араласуы кажет емес" деген кағида ресми түрде саясат деңгейіне дейін көтерілді. Осының салдарынан мемлекеттік орталықтандырылған күрделі қаржы құрамыңда ауыл шаруашылығынын үлес салмағы оңшақты есе "жеңілдеп", 22 - 24 пайыздан (1990 ж.) 1,5 - 2 пайызға дейін (1998 ж.) төмеңдеді.
Бұл жағдайдын одан әрі күрделенуіне басқа да субьективтік себептер әсер етті. Айталық, негізгі экономика салық механизмдердің барлығы дерлік ауыл еңбеккерлерішң мүдделеріне "қарсы" тұрды.
Банктердің несие пайызы мөлшерімң жоғарылығы мен қысқа мерзімділігі, бюджеттік қаржылық қаралмауы, ауыл шаруашылығы тауарларын мемлекетгік сатып алу көлемінің жоспарланбауы, осы тауарлар мен өнер кәсіптің ауыл шаруашылығына арналған тауарларының (әсіресе, техникалық жабдықтау) бағаларының өзара сәйкессіздігі, аграрлық сектордың мүдделерін ескеретін ғылыми ізденістердің үкімет тарапынан қолдау таппауы және т.б- - осылардың бәрі айтылмыш саланың төз кұлдырауына әкеліп соқтырды. Сөйтіп, мұнын аяғы жеңіл және тамақ өнеркәсібін дағдарысқа ұшыратып қана қоймай, еліміздің басқа елдерден азық-түліктік тәуелсіздігін нашарлатты. Осы айтылғандардың себептік-салдарлық астарлары жұмыстың кейінгі бөлімдерінде тереңірек талданады. Қазіргі баса көрсеткіміз келіп отырғаны - ауыл шаруашылығында кең етек алған осы дағдарыстан шығу жолындағы қаржы мен инвестициялық белсенділіктің маңызын көрсетіп, солардың ғылыми-теориялық негіздерін ашып тұжырымдау.
Оның негізгі себебі мынада: қалай десек те асығыс жүргізілген жекешелендіру мен мемлекет меншігінен жаппай алу салдарынан ауыл экономикасыңда көпукладтылық пайда болып, әсіресе, жеке меншікке негізделген шаруашалық жүйесі қалыптаса бастады. Дегенменен бұл жүйенін қауқарсыздығы да, ұйымдастыру-құқықтық негіздері мен әлеуметтік орнының нашарлығы да көзге көрініп тұрған фактіге айналды. Осыңдай жағдайда бұрынғы біртүтас ірі шаруашылықтардың материалдық-техникалық базасы күйреуте ұшырап, жеке шаруа қожалықтары (фермерлер) "өз күнінді өзің көр" принципіне жүгіндірілді. Олардың қолында ақшалай қаржының жоқтығынан ауылдық жердің тауар айналымында натуралдық ауыс-түйіс (бартер) пайда болып, ол кең етек жая бастады. Осыдан барып бюджетке түсетін салықтың ауқымы тарылды да, ауыл еңбеккерлерінің өндірістік қимылға деген ынтасы күрт төмеңдеді. Сөйтіп адамдарды баяғыдан бері ауылдық жерде ұстап түрған мүдделі шаруашылық жүргізудің күретамырларына балта шабылып, ауыл тұрғыңдарының көбі (әсіресе жастары) туып-өскен елін тастап, қалалық жерлерге қоныс аударуға мәжбүр болып отыр.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының дамуы