Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 12:33, курсовая работа
Қазіргі кездегі ауыл шаруашылыгындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы көбінесе субьективтік себептермен түсіңдірілетіні аса дау туғызып отырған жоқ. Еліміздің көрнекті экономистері бұдан он шақты жыл бұрын, яғни ауыл шарушылығында экономикалық реформаларды іске асыру басталған шақта, осы саладағы өзгерістерде революциялық емес, эволюциялық жолды ұстану керектігін сан рет қайталаған болатын. Бірақ, Үкіметіміздің тарапынан мұндай көзқарастарға мойын бұрған ешкім болған жоқ және оған қоса кеңшарларды жедел түрде мемлекет иелігінен алғаннан кейін "еңді ауыл шаруашылығына мемлекеттің араласуы кажет емес" деген кағида ресми түрде саясат деңгейіне дейін көтерілді.
Кіріспе................................................................................................................3
І. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының дамуы
1.1.Ауыл шаруашылығының жекешеліндіру проблемалары..............................5
1.2. Ауыл шаруашылығын жекешеліндіру кезіндегі қателіктер...................9
1.3. Жер –негізгі ауыл шаруашылығының өндірісі.................................................15
ІІ. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар қаржысын ұйымдастыру
2.1. Қаржы мен инвестициялық белсендіктің кейбір теориялық мәселелері...................................................................................................17
2.2. Жетілдірілген меншіктік қатынастар – қаржылық белсенділіктің негізі.................................................................................................................24
ІІІ. Ауыл экономикасындағы өзгерістер мен қожалық құру жолдары
3.1. Ауыл экономикасының көпукладтылығы ...........................26
3.2. Қазақстанда ауыл шаруашылығын жекешелендіру............28
Қорытынды .............................................................................................31
Пайдалынған әдебиеттер.......................................................................35
Мазмұны
Кіріспе.......................
І. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының дамуы
1.1.Ауыл шаруашылығының
жекешеліндіру проблемалары....
1.2. Ауыл шаруашылығын
жекешеліндіру кезіндегі
1.3. Жер –негізгі ауыл
шаруашылығының өндірісі.......
ІІ. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар қаржысын ұйымдастыру
2.1. Қаржы мен инвестициялық белсендіктің
кейбір теориялық мәселелері....................
2.2. Жетілдірілген меншіктік қатынастар
– қаржылық белсенділіктің негізі........................
ІІІ. Ауыл экономикасындағы өзгерістер мен қожалық құру жолдары
3.1. Ауыл экономикасының көпукладтылығы ...........................26
3.2. Қазақстанда ауыл шаруашылығын жекешелендіру............28
Қорытынды ..............................
Пайдалынған әдебиеттер....................
Кіріспе
Қазіргі кездегі ауыл шаруашылыгындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы көбінесе субьективтік себептермен түсіңдірілетіні аса дау туғызып отырған жоқ. Еліміздің көрнекті экономистері (академиктер Сагадиев К.Ә., Қалиев Ғ.Ә., Куватов Р.Ю. және басқалар) бұдан он шақты жыл бұрын, яғни ауыл шарушылығында экономикалық реформаларды іске асыру басталған шақта, осы саладағы өзгерістерде революциялық емес, эволюциялық жолды ұстану керектігін сан рет қайталаған болатын. Бірақ, Үкіметіміздің тарапынан мұндай көзқарастарға мойын бұрған ешкім болған жоқ және оған қоса кеңшарларды жедел түрде мемлекет иелігінен алғаннан кейін "еңді ауыл шаруашылығына мемлекеттің араласуы кажет емес" деген кағида ресми түрде саясат деңгейіне дейін көтерілді. Осының салдарынан мемлекеттік орталықтандырылған күрделі қаржы құрамыңда ауыл шаруашылығынын үлес салмағы оңшақты есе "жеңілдеп", 22 - 24 пайыздан (1990 ж.) 1,5 - 2 пайызға дейін (1998 ж.) төмеңдеді.
Бұл жағдайдын одан әрі күрделенуіне басқа да субьективтік себептер әсер етті. Айталық, негізгі экономика салық механизмдердің барлығы дерлік ауыл еңбеккерлерішң мүдделеріне "қарсы" тұрды.
Банктердің несие пайызы мөлшерімң жоғарылығы мен қысқа мерзімділігі, бюджеттік қаржылық қаралмауы, ауыл шаруашылығы тауарларын мемлекетгік сатып алу көлемінің жоспарланбауы, осы тауарлар мен өнер кәсіптің ауыл шаруашылығына арналған тауарларының (әсіресе, техникалық жабдықтау) бағаларының өзара сәйкессіздігі, аграрлық сектордың мүдделерін ескеретін ғылыми ізденістердің үкімет тарапынан қолдау таппауы және т.б- - осылардың бәрі айтылмыш саланың төз кұлдырауына әкеліп соқтырды. Сөйтіп, мұнын аяғы жеңіл және тамақ өнеркәсібін дағдарысқа ұшыратып қана қоймай, еліміздің басқа елдерден азық-түліктік тәуелсіздігін нашарлатты. Осы айтылғандардың себептік-салдарлық астарлары жұмыстың кейінгі бөлімдерінде тереңірек талданады. Қазіргі баса көрсеткіміз келіп отырғаны - ауыл шаруашылығында кең етек алған осы дағдарыстан шығу жолындағы инвестиция мен инвестициялық белсенділіктің маңызын көрсетіп, солардың ғылыми-теориялық негіздерін ашып тұжырымдау.
Оның негізгі себебі мынада: қалай десек те асығыс жүргізілген жекешелендіру мен мемлекет меншігінен жаппай алу салдарынан ауыл экономикасыңда көпукладтылық пайда болып, әсіресе, жеке меншікке негізделген шаруашалық жүйесі қалыптаса бастады. Дегенменен бұл жүйенін қауқарсыздығы да, ұйымдастыру-құқықтық негіздері мен әлеуметтік орнының нашарлығы да көзге көрініп тұрған фактіге айналды. Осыңдай жағдайда бұрынғы біртүтас ірі шаруашылықтардың материалдық-техникалық базасы күйреуте ұшырап, жеке шаруа қожалықтары (фермерлер) "өз күнінді өзің көр" принципіне жүгіндірілді. Олардың қолында ақшалай каржының жоқтығынан ауылдық жердің тауар айналымында натуралдық ауыс-түйіс (бартер) пайда болып, ол кең етек жая бастады. Осыдан барып бюджетке түсетін салықтың ауқымы тарылды да, ауыл еңбеккерлерінің өндірістік қимылға деген ынтасы күрт төмеңдеді. Сөйтіп адамдарды баяғыдан бері ауылдық жерде ұстап түрған мүдделі шаруашылық жүргізудің күретамырларына балта шабылып, ауыл тұрғыңдарының көбі (әсіресе жастары) туып-өскен елін тастап, қалалық жерлерге қоныс аударуға мәжбүр болып отыр.
Айтпағымыз - мемлекетіміздің ауыл экономикасын тиісті дәрежеге көтермейінше, сол үшін барлық жағдай жасамайынша калалық жердің де күрделі мәселелерін шеше алмайтындығын баса көрсету. Ал, қалалық жердің де, ауылдық жердің де әлеуметтік-экономикалық жағдайы күрделілене беретін болса, онда мемелекеттің де экономикалық, саяси-әлеуметгік болмысы қоғам мүшелерінің мүдделі талабына сай келмей, олардың ақыр сонына саяси талаптар қоя бастауына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Осындай залалды құбылыстарды болдырмаудың, ауыл шаруашылығы мен еқбеккерлерінің рөлін көтерудің ең алғышарты ретінде олардың инвестициялық белсеңділігің атап көрсету қажет.
І. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының дамуы
1.1.Ауыл
шаруашылығының жекешеліндіру
Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нәтижесінде, аграрлық салада әр түрлі меншік түрлеріне негізделген шаруашылықтар қалыптасуда. Қазақстаңда 1999 жылдың аяғында 96 198 әр түрлі ауыл шаруашылығы құрылымы: оның ішіңде 91 471 шаруа қожалығы, 1 781 өндірістік кооператив, 2 886 шаруашылық серіктестігі және 60 жеке меншік кәсіпорындары жұмыс істеді. Бұл - Астана қаласыңда 8 ақпан күні 2000 өткізілген агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық кеңесіңде келтірілген мәліметтер. Бірақ меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің нәтижесінде пайда болып жатқан әр түрлі меншікке негізделген шаруашылықтардың жалпы саны төңірегінде баспа беттерінде сәйкессіз мәліметтер келтіріледі. Менішкті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру өзгермелі, динамикалық процесс болғандықтан, еліміздің аграрлық саласындағы әр түрлі меншікке негізделген шаруашылықтардың қалыптасуы мен дамуына негіз болатын факторларды қарастыруды мақсат тұтып отырмыз.
Нарық экономикасының қалыптасу кезенінде аграрлық саладағы шаруашылықты жүргізу формаларының қандай түрі тиімді деген сұрақ ауыл шаруашылығының теориялық мәселесімен айналысып жүрген экономистерді және басқа да қоғам қайраткерлерін толғандыруда. Жоғарыдағы мәселе төңрегіңде олар әр түрлі пікір айтып, тұжырымдар жасайтынын ескеріп, оларды үш үлкен топқа бөлуге болар еді. Бірінші топтағы экономистер: бұрынғы колхоздар мен совхоздар объективті экономика зандарына сүйене отырып даму мүмкіндігіне ие болмады, сондықтан колхоздар мен совхоздарды (ірі шаруашылықтарды) шынайы экономика зандарына сүйене отырып, дамыту қажет деген пікірді алға тартады. Екінші топтағылар: мемлекеттік меншікке негізделген ірі шаруашылықтар тиімсіз, соңдықтан аграрлық салада жеке меншікке негізделген орта және ұсақ шаруашылықтар қалыптасгыру қажет деп тұжырым жасаса, үшінші топтағы экономистер: аграрлық салада әр түрлі меншікке негізделген ірі, орта және ұсақ шаруашылықтардың бірдей дамуын қолдайды.
Нарық экономикасына өтпелі кезеңде шаруашылық түрлерінің тиімділігі төңірегіңде жүріп жатқан пікірталас, осы ғасырдың басында да кең етек алған еді. Әсіресе, В.И. Ленин мен А.В. Чаяновтың жоғарыда айтылған мәселелер төңірегінде қалыптасқан пікірлері мен жасаған тұжырымдары бүгінгі таңда көптеген экономистердің ой желісінін, негізі болып отыр1.
XX ғасырдың алғашқы жартысында ұсақ және ірі шаруашылықтардың арасалмағының теориялық негізін қалаған экономистердің, бірі - А.В. Чаянов екені белгілі. Дегенмен біз оның шаруашыльщтардың тиімділігі төңірегіңде келешек ұрпаққа қалдырған құнды еңбектерін ескере бермейміз. Солардың қатарына "Кооперацияеың қысқаша курсы", "Ірілендірілген егіншіліктің бүгіні мен ертеңі", "Аграрлық мәселе дегеңіміз не?" және басқа еңбектерін жатқызуға болады. А-Никонов, В.Данилоқ А.Емельянов сияқты экономистер А.Чаяновтың аграрлық саладағы ірі шаруашылықтардың даму мәселесіне арнаған еңбектеріне көңіл бөлсе, оның ұсақ шаруа қожалықтарының теориялық негізін қалаған еңбектеріне де көңіл бөліп жазылған ғылыми еңбектердің саны аз емес.
А.ВЧаянов аграрлық мәселе төңірегінде жазылған жұмыстарында еңбек процесінің мән-мағынасына, ерекшелігіне және оны ұйымдастыру факторларына көп көңіл бөлген. Ол егіншілік пен мал шаруашылығында негізгі фактор қоршаған табиғат болып табылатындығың яғни ауыл шаруашылық өндірісі ауа райы, жер және топырақ құнарлылығы сияқты факторларға бағынышты екенін көрсетеді. Соңдықтан, оның пікірі бойынша, жоғары деңгейлі техникамен қамтамасыз етілген ірі егіншілікпен айналысатың шаруашылықтардың ұсақ шаруа қожалықтарынан
Кейнс Дж. М. Жұмыспен қамту, пайыз. және ақша туралы жалпы теория. М., 1993.
артықшылығы айтарлықтай болмағандықтан, соңғылары қарапайым техникамен қамтамасыз етілген жағдайда ірі шаруашылықтармен бәсекеге төтеп бере алады.
Сондай-ақ ол аграрлық саладағы шаруашылықтардын, еңбек процесінің төмендегідей төрт ерекшелігін бөліп көрсетеді:
3) алынған өнімді қайта өндеуге байланысты механикалық процестер;
4) шаруашылықтардың сырткы экономикалық байланыстары (сатып алу мен сату, инвестициялық кредиттік операциялар және тағы басқалар).
Дақылдық жер мен табиғат жағдайының ерекшеліктеріне байланысты ұсақ немесе ірі шаруашылықтар ұйымдастыру қажет екенің айта отырып, ол ойын былай тұжырымдайды: "Ең бастысы шаруашылықтардың ұсақ немесе ірі болуында емес, мәселе егіншіліктің артықшылығы мен кемшілігін тенесгіріп отыратын көлемінің орта тиімділігін табуда".
XX ғасырдың басында Батыс мемлекеттердің экономика әдебиеттеріне және сол кезендегі дамыған капиталистік мемлекеттердің экономикалық болмысына сүйене отырып шаруашылықтарды бес типке бөледі. Олар:
-тікелей жер кәсібінен табыс таппайтың жұмысшылар мен қолөнершілердің кішкене қосалқы шаруашылықтары;
-жанұя мүшелері өздерінің еңбек күшімен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретің ұсақ шаруа қожалықтары;
-жер иеленуші өзінің еңбек күшімен катар жалдамалы еңбек күшін пайдаланылатың фермерлік шаруашылықтар;
-жер иеленуші шаруашылықты ұйымдастырумен ғана айналысып, еңбек процесінде жалдамалы еңбек күшін пайдалана отырып өнім өндіретің ірі капиталистік шаруашылықтар;
-өте ірі шаруашылықтар.
Өте ірі шаруашылықтар тиімді қызмет етуі үшін, ол жерді ұсақ учаскелерге бөлу кажет деп есептеген. Рас, Чаянов өмірінің сонғы жылдарында аграрлық секторда ірі шаруашылықтар маңызды рөл атқаратынына назар аударды. Бірак, Чаянов шаруашылықтың көлемі еңбек процесін ұйымдастыру мен басқаруды қиындатпауы керек деп есептейді. Чаяновтың пікірі бойынша, ірі шаруашылықтардың жер көлемі 100 мың гектардан аспауы керек болса, орта шаруашылықтар 60 шақты жанұядан тұратын 150 адамнан құралған шаруашылық болуы тиіс.
Сонымен, А.В.Чаяновтың XX ғасырдың 20-шы жылдарында жазылған еңбектері мен 30-шы жылдары жазылған еңбектерінің арасында айырмашылықтар бар. Мысалы, А.В.Чаянов 20-шы жылдары жазылған еңбектеріңде ұсақ шаруа қожалықтары аграрлық саладағы еңбек процесінің негізі деп есептеген болса, өмірінің соңғы жылдарыңда ірі қожалықтар аграрлық салада негізгі шаруашылық формасы болып табылады деп есептейді. Ал ұсақ жанүя қожалықтарын қолдау, оның сөзімен айтқанда: "Бірнеше ұрпақтарды біртіндеп өлтіретін от аптабына ұстап түрғанмен тең болар еді!"6.
Шаруашылықты жүргізу формаларының тиімділігі төңірегіңде айтылған ой-пікірлерді қорыта айтсак, біріншіден В.И.Ленин 1921 жылға дейін жазылған еңбектерінде аграрлық салада мемлекеттік меншікке негізделген ірі шаруашылықтар тиімді деп есептеген болса, өмірінің сонғы жылдарында социолистік қоғам құру жолында ұсақ шаруа қожалықтарын пайдалану керек деген тұжырымда келеді. Екіншіден, олардың аграрлық теорияларының айырмашылықтарымен қатар пікірлерінің бір-біріне жақындығын да көреміз. Айталық, В.И.Лениннің өмірінің сонғы жылдарында айтқан пікірлерінің А.В.Чаяновтың аграрлық теориясымен ұқсастығы байқалады2.
2 Чаянов А. В. Ірілевдірілген егінші-шстің бүііні мен ергещ // Беспшк сельскохозяйственной яауки. 1988. №1 8. 16-6.
Бірақ, өкінішке орай, олардың сонғы жылдарда жазылған еңбектеріне жете мән бермей, оның теориялық тұжырымдарын бір жақты түсінген Сталинің аграрлық саясаты осы салада мемлекеттік меншікке негізделген ірі шаруашылықтардың қалыптасуына алып келді.
1.2. Ауыл шаруашылығын жекешеліндіру кезіндегі қателіктер
Жаппай коллективтендірудің салдарынан бұрынғы Одақ көлемінде, оның ішінде Қазақстанда жеке меншіктегі шаруашылықтардың бәрі мемлекеттің иелігіндегі ірі шаруашылықтарға (совхоз бен колхоздарға) айналды.
Бұрынғы Кеңес мемлекетінің аграрлық саясатында жіберген қателіктерін түзетудің бүгінгі тандағы негізгі жолы шаруашылықтарды мемлекет мешігінен алып, жекешелендіру болып отыр.
Осы процесс нәтижесіңде аграрлық салада әр түрлі меншікке негізделген ұсақ, орта және ірі шаруашылықтардың калыптасуы керек. Оны респубдикамыздың аграрлық саладағы бүгінгі нақты тәжірибесі де дәлелдейді.
Мерзімді және басқа әдебиеттерде ұсак, орта және ірі шаруашылықтардың тиімділігі төңірегінде айтылып жүрген пікірталастар біршама баршылық. Негізгі мәселе пайда болып жатқан әр түрлі шаруашьглықтардың әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіңдіктерін қарастыруда болып отыр. Әрине, обьективті экономика заңы мен заңдылықтарына сүйенсек, өңдіргіш күштер мен өңдірістік қатынастардың даму денгейі, өңдірісті шынайы қоғамдастыру заңы аграрлық саладағы шаруашылықтардың көбінің ірі шаруашылық болып қалыптасуына алып келеді. Айталық, АКШ мемлекетінің аграрлық саласында екі онжылдықта (1970-1990 жылдар) ұсақ фермерлер шаруашылықтарының саны 26 пайызга азайып, аграрлық саладағы барлық шаруашылықтардын, 55 пайызын құраған, ал бұл көрсеткіш 1970 жылы жалпы 81 пайыз болатын. Осы мерзім аралығында орта шаруашылықтардың үлесі 2 есе өскен болса, ірі және өте ірі шаруашылықтардың саны 54 мыннан 198 мыңға жетіп, жалпы шаруашылықтардың 11 пайызын құраған.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының дамуы