Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2013 в 13:56, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі – бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелерінің бірі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығы экономикалық жүйеде ауқымды орын алады.Қазіргі уақытта, барлық дүниежүзінде болып жатқан келеңсіз банк үрдісінің салдарынан, бағалы қағаздар нарығына аса көңіл аударуына әкелді.Бұған, бағалы қағаздардың банктік өнімдерге бәсекелес құрал ретінде болуы да септігін тигізеді.
Бағалы қағаздар нарығы арқылы бос капиталдың бір аядан, капиталға қажеттілік туатын екінші аяға аудару арқылы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектесетін жүйе болып табылады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1 Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік ..........................................................5
1.2 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер...............................................20
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘЛЕМДІК ДАМУДЫҢ ӘСЕРІ
2.1 Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибе..................21
2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары .......................29
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3.1 Бағалы қағаздардың нарықтағы дамуы және дамуындағы заңнамалық негіздері......................................................................................................................34
3.2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары.
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................
Аталған себептерге байланысты, өндірістік салаларға бағалы қағаз арқылы қаражат жұмсау мәселесі туындайды.Зейнетақы қорлары және банктердің бағалы қағаздарды эмиссиялау арқылы корпоративтік эмитенттердің бағалы қағаздарына қаржы бөлу бірнеше сатылардан тұрады.Ал, бұл қаржы ресурстарды қымбаттылығына әкеледі.Сондықтан да, корпоративтік эмитенттер бағалы қағаздарды шығаруға қызығушылық танытпайды.
Ішкі инвестициялық ресурстарды тарту стратегиялық маңызы бар мәселеге жатқызылады.Экономиканың нақты секторларына инвестицияны тарту қамтамасыз ету үшін сонымен қатар, қаржы дағдарысын алдын-алу үшін келесідей шаралар жиынтығын жүргізу міндеті:
- бағалы қағаздар нарығының
қызмет ету механизмін зерттеу;
- бағалы қағаздар нарығының дамуын тежейтін себептерді анықтау;
- бағалы қағаздар нарығының
тиімді дамуына әсер ететін
мемлекеттік әсер ету
Осыған орай, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің маңыздылығын, қажеттілігін байқауға болады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік реттеу органдары республиканың даму сатысына қарай өзгерді.
Алғашқыда, реттеу қызметін ҚР ҚМ атқарған. Кейіннен, ҚР бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясына қызметті аударған болатын.Бірақ, Үкіметтің қаулысымен, 2001-2004 жылдар аралығында ҚР Ұлттық банкі бағалы қағаздар нарығын реттеу органы ретінде өз жұмысын атқарған болатын.Тек, 2004 жылдан бастап, ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қаржылық қадағалау мен реттеу Агенттігі бағалы қағаздар нарығының жаңадан құрылған реттеуші орган ретінде бекітілді.
Тар мағынада, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу – бұл бағалы қағаздар нарығының қызмет ету кемшіліктерін жою және қалыпты инвестициялық климатты қалыптастыру мақсатында барлық субъектілерге әсер ету механизмнің жиынтығы болып табылады.
Кең мағынада, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу – бұл нарықтық ары қарай дамуына, экономикаға инвестицияларды тартуды қамтамасыз етуге, елдің, аймақтың, кәіпкерлік құрылымдардың, халықтың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, құқықтық мекемелер іске асыратын заңнамалық, атқарушы, ынталандырушы және бақылау сипатындағы шаралар жиынтығы.
Мемлекеттік реттеудің негізі мақсаты ретінде бағалы қағаздардың сенімділігінің артуын қамтамасыз ету, елдің экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін ұлттық реттеу үлгіні жасау болып саналады.
Бағалы қағаздар нарығының мемлекеттік реттеу – көп деңгейлі үрдіс.Ол анықталған мемлекеттік мақсат пен қағидаларға сәйкес, құқықтық , әкімшілдік, экономикалық, техникалық және басқа да әдістер жиынтығы арқылы нарықтың барлық субъектілерінің қызметіне әсер ететін механизм.Реттеу жүйесі осы аядағы мемлекеттік саясаттың маңызды құралына жатқызылады.
Мемлекеттік реттеу бағалы
қағаздар нарығында келесідей
- бағалы қағаз түріне байланысты
- қызмет түріне байланысты
Бағалы қағаз түріне байланысты мемлекеттік реттеудің әр түрлі сегменттерін қамтиды.Олар – корпоративтік бағалы қағаздар, мемлекеттік бағалы қарыздар, туынды бағалы қағаздар нарығындаығ мемлекеттік реттеуге жіктелінеді.
Қызмет түріне байланысты эмиссиялық және инвестициялық аядағы мемлекеттік реттеуге жіктелінеді.
Мемлекеттік реттеудің формаларына тікелей және жанама реттеу болып бөлінеді.Тікелей немесе әкімшілік реттеу келесі сұрақтарды қамтиды:
бағалы қағаз нарығын реттейтін заңнамалық бұзушылық кезінде сәйкесінше санкцияларды қолдану;
Тікелей реттеумен қатар, жанама әдістерді қолдану өзекті сұрақтың бірі болып табылады. Себебі, әр түрлі санаттар бір-біріне байланысты.Бір санатқа әсер ету, екінші санаттың өзгеру икемділігі байқалады. Сонымен, жанама реттеу немесе экономикалық реттеу экономикалық жүйедегі тұтқалар арқылы жүзеге асырылады.Экономикалық тұтқаларға жатқызылады:
Аталған құралдар, тұтқалар арқылы мемлекеттік реттеуді дұрыс бағытта жүргізуге мүмкіндік береді.
Жіктелім, формаларымен қатар, мемлекеттік
реттеудің бағыттары
Бағалы қағаз нарығын
рестрикциялық мемлекеттік
Бағалы қағаз нарығын мемлекеттік органдар тарпынан тиімді реттеу нарықтың макроэкономикалық көрсеткіштерін талдау және олардың қоғамдық өндіріс, баға өзгерісі мен басқа да факторлардың байланысын анықтау маңызды сұрақтардың бірі.Сондықтан да, бағалы қағаз нарығының интегралды көрсеткіштерін, конъюктураны бағалау, несие нарығымен, бюджет жағдайы және басқа да макроэкономикалық көсеткіштермен өзара байланысында бағалы қағаз нарығының даму болжамы жүйелі түрде жариялануы қажет
Бағалы қағаз нарығының
1.Бағалы қағаздың шығарылым
мен айналыс тәртібін, бағалы
қағаз нарығының субъектілер
қызметін, бағалы қағаздар нарығындағы
қаытнастарды реттейтін
2. Бағалы қағаз нарығының
3.Өз мүшелерінің қызметін өзн-
Сонымен, өзін - өзі реттеу және мемлекеттік реттеу жүйелерінің болуы нарықтың тиімді дамуына әсер етуші күш ретінде танылады.Өзін-өзі реттеу жүйесі Қазақстанда онша дамымаған.Іс - әрекетететін өзін-өзі реттеу ұйымы ретінде Қазақстан қор биржасын жатқызуға болады.
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының дамуының стратегиялық мақсаттарын анықтауда, экономиканың даму болашағының мақсаттары мен қағидаларын, сондай – ақ экономикаылқ - әлеуметтік факторларды ескеру міндетті.Осыған орай, бағалы қағаздар нарығын мемлекттік реттеу белсенді сипатта болуы шарт.Сонымен қатар, реттеу экономикалық субъектілердің қызметтеріне жағымды жағдайларды құруға, нақты экономикаға инвестицияларды тартуға бағытталуы керек.
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының дамуының стратегиялық міндеттерін айқындау кезінде негізгі шарт – бұл қандай нарыққа жетуіміз керек деген сауалдарға жауап іздеу.Себебі, әр түрлі елдерде бағалы қағаздар нарығының сипаты да әр түрлі.Біз елде негізінен мемлекеттік бағалы қағаз нарығынң басты орын алып, мемлекеттің рөлін артуға бағытталады.Әлде, нарықта корпоративтік бағалы қағаздар аса ауқымды орын алуы мүмкін.Әр мемлекеттің өз сипатына қарай, бағалы қағаздар нарығы да бір – бірінен ажыратылады.
Бағалы қағаздар нарығының негізгі проблемалары мен оларды шешу жолдары.Алдымен отандық бағалы қағаздар нарығының қол жеткен жетістіктері мен артықшылықтары жайлы айтсақ, Қазақстандағы қор нарығының даму жағынан басымдылығы жайлы кейінгі кездері көп айтылып жүр.Бұл экономика дамуының жоғарғы қарқыны да, әлемдік стандарттарға түгелімен сәйкес келетін инфрақұрылым да, институтционалды инвесторлардың қалыптасқан стандарттары да (банктер мен жинақтаушы зейнетақы қорлары) және активтерінің шоғырлануының жоғарғы деңгейі.
Соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының дамуында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізді.Егер ұлттық сауда-саттық ұйымдастырушысы – Қазақстан қор биржасының қызметін талдасақ, статистикалық мәліметтерге сәйкес,екі мың үшінші жылдан бері сауда алаңдарында жасалған мәмілелер көлемі:
Қазіргі Қазақстандық тәжірибеде, бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаздарды сату мен сатып алу орын ретінде түсінеді. Сондықтан да, тиімді бағалы қағаздар нарығын құруда бағалы қағаздардың максималды өтімділігі ретінде сандық көрсеткіштер арқылы анықталынады, яғни нарықтың айналымы, саудаға түскен бағалы қағаздардың саны, мәміле жасау жылдамдығы, инвесторлар саны және т.б. көрсеткіштер.Бірақ, бұл бағыт бағалы қағаздар нарығының дұрыс құрылған механизм кезінде ғана жүзеге асырылады. Әр түрлі себептерге байланысты, Қазақстан осы бағытқа жетпеген.
Қазақстан жағдайында, бағалы қағаздар нарығының стратегиялық мақсаттары ретінде – Қазақстандық экономикаға капиталды тарту мен қайта бөлу арқылы, ішкі инвестициялық белсенділікті ынталандыру мен Республиканың әлемдік деңгейде позициясын тұрақтандыру механизмін құру болып табылады.Тактикалық шаралар негізінде, интраверттік нарықтан, яғни өз шеңберінде даму, экстраверттік нарыққа, яғни экономиканың нақты секторының қажеттліліктерін қанағаттандыруға бағытталуы жөн.Мұнда бір жағынан, нарық нивесторларға максималды түрде ашық болу, екінші жағынан, эмитенттерге капитал тарту құралы ретінде өзекті болуы тиіс.
Жеке ішкі инвесторлардың мүдделерін қорғау мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарының бірі болуы керек.олардың қызығушылықтарына сай, нарықтық механизм құрылуы жөн. Отандық бағалы қағаздар нарығына әр түрлі факторлардың әсері салдарынан, мемлекет пен жеке инвесторлардың мүдделерін қорғайтын, инвестициялық сипаттағы стратегияны жасау қиындығын туғызады.
Экономикалық тұрғыдан алған, мемлекеттің бағалы қағаздар нарығындағы қызығушылықтар, ең алдымен , осы нарықтың тұрақтылығын және инвестициялық бағыттылығын қамтамасыз етумен байланысты, яғни жинақ және инвестиция ағындары арасындағы тепе-теңдікті ұстауға бағытталған жөн.
Алайда, Отандық экономикада өзгерістер аяқталмағандықтан, мемлекет бағалы қағаздар нарығында қосымша міндеттерді шешуге қажет.Олар: мемлекет иелігіндегі корпоративтік меншікті тиімді басқаруын қамтамасыз ету; болашақта елдің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын экономиканың сектоларды ынталандыра отырып, өндірістік саясатты жүзеге асыру.
Қарастырылған сұрақтарды ғана шешіп қана қоймай, сондай-ақ жүзеге асыру кезінде, елдің бағалы қағаздар нарығының нақты дамуына әкеледі.Ал, бағалы қағаздар нарығының дамуы мемлекеттің әлеуметтік – экономикаылқ әлеуметтік мәселелерді шешумен қатар, алдағы ұзақ, орта мерзімге бекіткен стратегиялық мақсатқа жетуге көмектесуге мүмкіндік береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмысты қорыта келгенде қазіргі Қазақстандық тәжірибеде бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаздарды сату мен сатып алу орын ретінде түсінеді. Сондықтан да, тиімді бағалы қағаздар нарығын құруда бағалы қағаздардың максималды өтімділігі ретінде сандық көрсеткіштер арқылы анықталынады, яғни нарықтың айналымы, саудаға түскен бағалы қағаздардың саны, мәміле жасау жылдамдығы, инвесторлар саны және т.б. көрсеткіштер. Бірақ, бұл бағыт бағалы қағаздар нарығының дұрыс құрылған механизм кезінде ғана жүзеге асырылады. Әр түрлі себептерге байланысты, Қазақстан осы бағытқа жетпеген.
Қазақстан жағдайында, бағалы қағаздар нарығының стратегиялық мақсаттары ретінде – Қазақстандық экономикаға капиталды тарту мен қайта бөлу арқылы, ішкі инвестициялық белсенділікті ынталандыру мен Республиканың әлемдік деңгейде позициясын тұрақтандыру механизмін құру болып табылады.Тактикалық шаралар негізінде, интраверттік нарықтан, яғни өз шеңберінде даму, экстраверттік нарыққа, яғни экономиканың нақты секторының қажеттліліктерін қанағаттандыруға бағытталуы жөн.Мұнда бір жағынан, нарық нивесторларға максималды түрде ашық болу, екінші жағынан, эмитенттерге капитал тарту құралы ретінде өзекті болуы тиіс.
Информация о работе Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары