Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2013 в 13:56, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі – бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелерінің бірі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығы экономикалық жүйеде ауқымды орын алады.Қазіргі уақытта, барлық дүниежүзінде болып жатқан келеңсіз банк үрдісінің салдарынан, бағалы қағаздар нарығына аса көңіл аударуына әкелді.Бұған, бағалы қағаздардың банктік өнімдерге бәсекелес құрал ретінде болуы да септігін тигізеді.
Бағалы қағаздар нарығы арқылы бос капиталдың бір аядан, капиталға қажеттілік туатын екінші аяға аудару арқылы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектесетін жүйе болып табылады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1 Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік ..........................................................5
1.2 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер...............................................20
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘЛЕМДІК ДАМУДЫҢ ӘСЕРІ
2.1 Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибе..................21
2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары .......................29
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3.1 Бағалы қағаздардың нарықтағы дамуы және дамуындағы заңнамалық негіздері......................................................................................................................34
3.2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары.
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................
Германияда мемлекеттік бағалы қағаздармен қатар нарықтық емес қағаздар да шығарылады.Оларға А және Б сериялы қазынашылық сертификаттар (А сериялыға проценттер жыл сайын төленеді, ал Б сериялыға проценттер жинақталып, оны өтегенде төленеді) және федералдық үкіметпен оның мекемелерінің қысқа мерзімді қаражат қажеттілігін өтеу үшін мерзімі 1-2жылға шығарылатын қазынашылық қаржылық міндеттемелер жатады. Қазынашылық қаржылық міндеттемелерді заңды және жеке тұлғалар (банктер мен несие институттарынан басқа) сатып алуына болады.Бұлар қор нарығының процентсіз құралдары болып есептеледі (олар дисконтпен сатылады).
Сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын экономикасы дамыған басқа да мемлекеттер кең қолданады.Мысалы, Жапонияда тұрғын үй және жол құрылысы, инфрақұрылымды дамыту, әсіресе, энергетика корпорациялары, сондай-ақ аймақтық мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыратын үкіметтік мекемелер.Ұлибританияда Англия банкінің облигациялары жалпыға кеңінен мәлім.
Қорыта айтқанда, әрбір елдің мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, бір жағынан, отандық нарықтың нақты жағдайларына сай болса, екінші жағынан, көптеген елдердегі тәрізді мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының жалпы экономикалық негізін және оның қазіргі жаңалықтарын қамтып көрсетеді .
2.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздар
Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының пайда болуын қалыптасуын түсіну үшін оны тарихи тұрғыдан қарастырылып өтелік.Жоспарлы-әкімшілік экономика жағдайында дамыған КСРО-да шаруашылық субъектілері өздеріне қажетті капиталды я орталықтанған бөлу бойынша бюджеттен, я .Өкімет бекіткен несиелік жоспар бойынша мемлекеттік банктен алып дамыды.Ол кезде бағалы қағаздар нарығы механизмі арқылы кәсіпорындардың бос капиталды алатын қарыз алу жүйесі, сондай-ақ мемлекеттік займдардың нарықтық өтімділігі болған жоқ.Мемлекеттік облигациялар мәжбүрлі түрде халыққа сату арқылы таратылды.
Егеменді Қазақстанның
нарықтық экономикаға өтуі кезінде
мүлікті жекеменшіктендіру
Төменде мемлекеттік бағалы қағаздарға сипаттама беріліп, оларды шығарудың мақсаты және міндеті айқындалып, сондай – ақ Қазақстан қор нарығындағы мемлекеттік бағалы қағаздардың негізгі түрлері сипатталады.
Мемлекеттік бағалы қағаз – ол мемлекеттің ішкі қарызын білдіретін құжат формасы. Қазақстанда алғашқыда 1995 жылғы 21 сәуірдегі «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығының 3 бабына сәйкес «Мемлекеттік бағалы қағаздар Қазақстан Респкбликасы заңнамалық актілеріне сәйкес ішкі мемлекеттік қарыз шамасында шығарылатын ішкі мемлекеттік займ облигациялары. Сондай-ақ басқа бағалы қағаздар» деген сипаттама берілген.2003 жылғы 1 шілдедегі «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңның 1 бабында «мемлекетік эмиссиялық бағалы қағаздар – қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болатын қарыз алуға қатысы жөнінен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаздар» делінген.Заң неігінде ұлттық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың мақсаты – халықтың, коммерциялық банктердің, қаржы ұйымдарының уақытша бос ақша қаражатын республикалық бюджеттің кемшілігін қаржыландыруға жұмылдыру және Ұлттық Банктің Қаржы министрлігін тікелей несиелеу көлемін азайту.
Мемлекеттік бағалы
қағаздар мәні олар
Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару – Ұлттық банктен қарыз алу және ақша белгілерін эхмиссиялаумен салыстырғанда – бюджет кемшілігін қаржыландырудың экономикалық әдісі.Себебі нарықтық экономика жағдайында Ұлттық банктің несиелік қорын пайдалану оның капитал нарығын реттеу мүмкіндігін шектейді.Ал бюджет кемшілігін ақша эмиссиялаумен жою айналымға нақты тауармен қамтамасыз етілмеген төлем құралдарын шығарумен бара – бар.Ол әрине, инфляцияны туындатады. Мемлекеттік қарызды бағалы қағаздарды шығарумен өтеу оны банктік несиемен өтеуден анағұрлым арзан.Себебі мемлекеттік қарыз міндеттемелері жоғары өтімді болғандықтан инвесторлар оларды екінші нарықта оңай орналастыруға мүмкіндігі бар.Сондықтан мемлеккеттік бағалы қағаздар – ішкі қарызды қаржыландырудың негізгі қаражат көздерінің бірі. Мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда екі артықшылығы бар.Біріншіден, оның жұмсаған қаражаты үшін сенімділігі өте жоғары және оған сәйкес жұмсаған негізгі капиталды және түсетін табысты жоғалту тәуекелі төмен.Екіншіден, басқа бағалы қағаздарға немесе басқаға жұмсаған капиталға салынатын салықпен салыстырғанда бұл бағалы қарыздарға жеңілдетілген салық салынады.Әдетте, мемлекеттік бағалы қарыздармен жүргізетін операцияларға және олардан түсетін табысқа салық салынбайды.Мемлекеттік бағалы қарыздар шығару формасы, өтеу мерзімі, процент түріндегі табысты есептеу және төлеу жағдайлары, айналыс сипаты және эмитенттің түрі бойынша жіктеледі .
Мемлекеттік бағалы қарыздар:
- шығару формасы бойынша құжатты бағалы қарыздар және құжатсыз бағалы қарыздар болып бөлінеді.Құжатты бағалы қағаз – ол құжатты нысанда шығарылатын (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай – ақ бағалы қағаздардың мазмұнын тікелей оқуға болатын өзге де материалдық берілім көзіндегі) бағалы қарыздар.Құжатсыз бағалы қарыздар – ол құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде) шығарылған бағалы қарыздар;
- өтеу мерзімі бойынша: қысқа мерзімді – айналыс мерзімі 1 жылға дейінгі, орта мерзімді – айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейінгі және ұзақ мерзімді – айналыс мерзімі бес жылдан артық бағалы қарыздар болып бөлінеді;
- процент түріндегі табысты есептеу және төлеу бойынша проценттік ставкасы белгіленген, сатылы және ауыспалы бағалы қағаздар болып үшке бөлінеді.Басқаша айтқанда, бағалы қағаздарды ақшаға айналдырғанда онда көрсетілген құнынан кемітіп сатады;
- айналыс сипаты бойынша нарықтық және нарықтан тыс болып бөлінеді.Нарықтық бағалы қарыздар биржада да, биржадан тыс нарықта да еркін сатылады және қайта сатылады.Нарықтан тыс бағалы қағаздар тек алғашқы нарықта ғана саытлады, екінші нарықта сатылмайды.Олар негізінен халыққа сату үшін шығарылады.
Эмитентің түрі бойынша бағалы қағаздар қазынашылық, муниципалдық болып бөлініп, оларды сәйкесінше үкімет және жергілікті атқарушы орган шағарады.
Әдетте, мемлекеттік бағалы қағаздарды таратып орналастыру:
- біріншіден, мемлекетің Ұлттық банкі немесе Қаржы министрлігі арқылы жүзеге асырылады.Шығарылған облигациялардың түріне қарай олардың негізгі инвесторлары болып халық, банктер,зейнетақы және сақтандыру компаниялары мен қорлары, инвестициялық компаниялар мен қорлар саналады.
- екіншіден, құжатты немесе құжатсыз формаларда шығару бағыты өрістеуде.
- үшіншіден, аукциондық сауда, бекітілген бағамен барлық сатып алуға тілек білдіргенде ашық түрде сату, белгілі бір инвесторларға жабық саудада үлестіру және басқа да әртүрлі әдістерді қолдану арқылы айналысқа түседі.
Ел экономикасының нарықтық қатынастарға өтуінің алғашқы кезеңінде, яғни 1994 жылдың сәуірінде Қаржы министрлігі айналыс мерзімі 3 айлық қысқа мерзімді вексельдерді шығарды.1996 жылдың сәуірінде ол мемлекеттік қазынашылық міндеттеме деп, ал 1997 жылдың 22 сәуіріндегі №621 Үкімет қаулысымен МЕККАМ – дар – мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелердеп атауы өзгертілді.1995 жылдың шілдесінен бастапҰлттық банк айналыстағы ақша массасын реттеу мақсатында қысқа мерзімді ноталарды шығарды .
Бағалы қағаздардың атауы |
Эмитенті
|
Табыс түрі |
Шығарылым валютасы |
Көрсетілген құны |
Төлем мерзімі, оның түрі |
МЕККАМ |
ҚР Қаржы министрлігі |
дисконттық |
теңге |
100 |
3,6,12 ай |
МЕОКАМ
|
ҚР Үкіметі
|
проценттік
|
теңге
|
1000
|
1-5жыл, жарты жылдық купон |
МЕАКАМ |
ҚР Үкіметі |
проценттік
|
теңге
|
1000 |
Купон жылына 2 рет |
ҚРҰБ нотасы |
ҚРҰБ |
дисконттық |
теңге |
100 |
90 күнге дейін |
МЕКАВМ
|
ҚР Қаржы министрлігі |
дисконттық |
АҚШ доллары(бағамы бойынша теңгемен төленеді) |
100
|
3,6,9,12 ай |
Еуроноталар |
ҚР Қаржы министрлігі |
проценттік
|
АҚШ доллары(бағамы бойынша теңгемен төленеді) |
100 |
3 жылдан көп |
МЕИКАМ |
ҚР Үкіметі |
проценттік |
теңге
|
1000 |
3және одан көп ай,тоқсан -дық купон |
АВМЕКАМ |
ҚР Қаржы министрлігі |
проценттік |
АҚШ доллары(бағамы бойынша теңгемен төленеді |
100 |
5 жыл, жылдық купон |
ҰЖО |
ҚР Үкіметі |
проценттік |
теңге |
1000 |
1жыл апта сайын өзгермелі купон |
Сурет 2 - Қазақстан мемлекеттік бағалы қағаздары
Мемлекеттік құнды қағаздар саудаға түседі.
«МАОКАМ» - Мемлекеттік арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттеме.Ол екі және үш мерзімінен бұрын шығарылады.ҚР қаржы вице – министрі Берік Шолпанқұловтың айтуынша, бұл қағаздардың табыстылығы жылына 5,49 – 7,3 пайызды құрамақ.Сыйақысы жылына екі рет төленеді.
- «МАОКАМ» Қазақстандықтар
үшін өтімділігі жоғары, балама
құрал болып табылады.Оған
«МАОКАМ» қағаздары 15 млрд теңге сомасына шығарылады.Оның құны 10 долларға шаққандағы теңгенің құнымен белгіленген.Қағаздарды шығарушы эмитент – ҚР Қаржы министрлігінің өкілдері бұл қаржының бюджет тапшылығын қаржыландыруға жұмсалмайтынын айтады.Өйткені 15 млрд теңге бюджет тапшылығының жыртығын жамауға да келмейді.
Жалпы, Қаржы министрлігі өзінің құнды қағаздарының ел ішінде сұқраныссыз қалмайтынына сенімді .
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3.1 Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы
Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында.Оның даму жолында алғашқы іс – шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды, мысалы, мемлекеттік органдардың және жергілікті әкімшіліктердің бағалы қағаздарын шығаруда.Алайда, бағалы қағаздар нарығын дамыту жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер баршылық.
Экономикалық мәселелерге:
Ал, әлеуметтік – психологиялық мәселелерге бағалы қағаздар нарығында маман кадрларлың аздығы мен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен жеңгейлігі жатады.Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы қағаздар нарығының мәнін түсінушілігінен және өздерінің уақытша бос ақшаларына бағалы қағаздарды сатып алуға психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды.
Бағалы қағаздар нарығына мамандары Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның осы іспен шұғылдануына рұқсат берегін Оқу орталықтары дайындаған болатын.Олардың жұмысын Ұлттық комиссия төрағасының жарлығына сәйкес құрылған Аттестациялық комиссия үйлестіріп отырды.Оның құрамына Ұлттық комиссияның бір мүшесі басқарушысы болып, ал мүшелері және хатшысы болып бағалы қағаздар нарығын реттейтін бас басқарманың мамандары кірген. Оқуды ойдағыдай бітіріп, мамандық туралы бірінші санатты куәлік алған 1500-дай адам брокерлік, дилерлік іспен айналысуға құқық алып, қызмет атқаруда.
Әлемдік нарық таихында бағалы қағаздар нарығының негізгі үш үлгісі (моделі)бар.Олар:
I.Банктік үлгі –
онда бағалы қағаздар
II.Банктік емес үлгі
немесе нарықтық үлгі – онда
бағалы қағаздар нарығының
III.Аралас үлгі – онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы қаржы қорын бөлумен банктерде, банк емес мекемелер де шұғылданады.
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі – мүлікті кіші және жалпы жекеменшіктендіру механизмі арқылы меншік қатынастарын өзгертуге жеке инвесторлар ретінде өз мемлекетіміздің әрбір азаматын ақытстыру.Соның нәтижесінді жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатынасқан жоқ.Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарығында жеке үстемдік рөл арқарады.Дәл осы жағдай көшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырады.Сондықтан біздің елдегі экономикалық өзгеріс әлеуметтік бейімделген бағалы қағаздар нарығын құруға негізделгені дұрыс.Отандық бағалы қағаздар нарығының құрылуына әрбір азаматтың қатысуына мүмкіндік берегн жөн.Дәл осы мүмкіндіктерді бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісі, яғни нарықтық үлгісі асыра алады деген пікірлер молшылық.
Информация о работе Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары