Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2013 в 13:56, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі – бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелерінің бірі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығы экономикалық жүйеде ауқымды орын алады.Қазіргі уақытта, барлық дүниежүзінде болып жатқан келеңсіз банк үрдісінің салдарынан, бағалы қағаздар нарығына аса көңіл аударуына әкелді.Бұған, бағалы қағаздардың банктік өнімдерге бәсекелес құрал ретінде болуы да септігін тигізеді.
Бағалы қағаздар нарығы арқылы бос капиталдың бір аядан, капиталға қажеттілік туатын екінші аяға аудару арқылы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектесетін жүйе болып табылады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1 Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік ..........................................................5
1.2 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер...............................................20
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘЛЕМДІК ДАМУДЫҢ ӘСЕРІ
2.1 Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибе..................21
2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары .......................29
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3.1 Бағалы қағаздардың нарықтағы дамуы және дамуындағы заңнамалық негіздері......................................................................................................................34
3.2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары.
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................
Бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісінің банктік үлгіден айырмашылықтары мыналар:
1.Нарықта акцоинерлік капитал үлесінің көптігі;
2.Үлестік бағалы қағаздардың қарыз қағаздарынан көптігі;
3.Өндірісті қаржыландырудағы тура банктік несиенің аздығы;
4.Нарықтағы банк емес мекемелерінің көптігі.
Бұлардан басқа Қазақстан бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісін таңдап алуға себепші болған үш фактор бар.Олар:
1.Өндірісті өркендету
үшін шығарылып сатылатын
2.Әлі көп уақытқа
дейін Қазақстан нарығында
3.Саясат факторы –
дүниежүзіндегі сияқты
Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлгісіне нақты бірыңғай көзқарас жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай әлі де біраз өзгерістер енгізілуі қажет.
Қазақстан өз қаржы жүйесін дамытпай, экономиканың нақты секторында табысқа жету мүмкін емес.Бұл ретте 2003 жылы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау Агенттігі қаржы жүйесін жетілдіру жөнінде бірсыпыра жұмыстар атқарғанын айтқан жөн.Солардың кейбіреуіне тоқталар болсақ, банк секторында банк топтарын қадағалауды және реттеуді одан әрі дамыту мақсатында агенттіктің Шоғырландырылған қадағалау тұжырымдамасы бекітілді.Операциялық және несиелік тәуекелдерді ескере отырып, төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары капиталының жеткілікті нормативі қайта қаралды.
Қазақстанда ұжымдық инвестициялау нышандарының дамуын жетілдіру және ынталандыру, жеке инвесторлардың қаражатын жұмылдыратын инвестициялық қорлардың пайда болуы үшін «Инвестициялық қорлар туралы» заң қабылданды.Сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы қызметінің стандарттарын белгілеу, корпоративтік басқаруды жақсартуға арналған ынталандыру шараларын пайдалану және тәуекелге барынша бейім қаржы нарығының сегменттерінде қадағалау ресурстарын шоғырландыру үшін өзгертілген және толықтырылған «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңы қабылданып, оның негізінде Агенттік Бағалы қағаздар нарығын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті.
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту, салымшылар мен алушылардың құқықтарын қорғау, ұзақ мерзімдік ішкі инвестициялар көзі ретінде зейнетақы активтерін тиімді басқаруды жетілдіріу мақсатында Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.Несие нарығын дамыту және займшылардың шарт тәртібін жоғарылатуға елеулі әсері бар 2004 жылғы 6 шілдеде «Қазақстан Республикаысндағы кредиттік бюролар және кредиттік таихты қалыптастыру туралы» қабылданған заңды іске асыру займшылардың барынша айқындығына, олардың несиелік қабілеттіліг мониторингін жетілдіруге мүмкіндік жасай отырып, банктердің тәуекелін азайтуға және тәуекелді басқарудың сапасын жақсартуға ықпал етеді.Кредиттік бюроның тиімділігі және оның нарыққа ықпалы бірсыпыра уақыттан кейін сезіле бастайды.
Егер қазіргі қалыптасқан Қазақстан бағалы қағаздар нарығын сандық көрсеткіштер тұрғысынан қарайтын болсақ, 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойыша «А» және «В» категориясы бойынша сауда саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енігізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар нарығының жалпы капиталдануы 1198146 млн. теңге болған, бұл көрсеткіш 2004 жылғы 1 қаңтардағымен салықтырғанда 68,64%-ке ұлғайған.Бұл ретте облигациялар бойынша нарықтың капиталдануы 47,42%-ке артқан.Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша Қазақстан қор биржасында жасалатын мәмілелер көлемінің жалпы ішкі өнімге қатынасы 7,14% болған.
Ал 2007ж. 1 қаңтарында 2160 акционерлік қоғамдардың номинал құнының жалпы сомасы 876,6 млрд. Теңге құрайтын 2304 акция және 217 облигация шығарылымдары бағалы қағаздар нарығында айналыста жүруде.Бірақ табысты Отандық компаниялардың акциясын Қазақстан азаматарына сатып алып дивидендке қло жеткізуіне құқықтық негіз болмауда.Керісінше, осындай табысты компаниялардың акциясын (мыс., «Қазақмыс») Лондан қор биржасында батыс елдердің инвесторлары сатып алуда.Сондықтан «көпшілік отандық инвесторлардың» қор нарығы, бағалы қағаздар туралы сауатын ашатын үкімет тұрғысынан білімін жетілдіру бағдарламасын тарату қажет.
Сөйтіп нарық жағдайларының шапшаң өзгерістерге ұшырауын ескере тоырып, оның құқықтық негіздерін тез арада одан әрі жетілдіру қажет.Себебі кейбір заңнамалық актілерге көптеген шектеу нормаларының болуы қор нарығын жандандыруға мүмкіндік туғызбауды.Бұл мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша табысты есептеу мен оны төлеу тәртібі заң жүзінде анықтауды талап етеді.
Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңнамалық негіздері.
Қазіргі заңдар Респуцблика Конститутциясына негізделген.Олар мүлікке мемлекеттік және жеке меншікті мойындап, оларды бірдей қорғауға кепіл болады. Заңдар кәсіпшіліктің еркіндігін қамтамасыз етумен бірге бәсекенің адалдығын қорғайды. Осы негізгі бастамаларды біріктіретін Республиканың Азаматтың кодексінің (1994 жылы желтоқсанның 27-де қабылданған) жалпы бөлімінде бағалы қағаздар мүліктік игіліктің бір түрі ретінде азаматтық құқықтық объектісі болып еркін айналымға арналғаны танылған.Оның үш бөлімінің екінші бабында бағалы қағаздардың мазмұны көрсетіліп, олардың түрлері анықталып, бағалы қағаздарды шығарудың және оларды біреуге берудің негізгі ережелері мен талаптары бекітілген.
Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес мемлекет Президенті бағалы қағаздар нарығын дамытудың құқықтық негіздерін құрайтын заң күші бар жарлықтар шығарды:
1.1995 жылдың 30 наурызындағы «Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі
туралы» № 2155 жарлықта «Қазақстан
Ұлттық банкі мемлекеттік
2.1995 жылдың 17 сәуіріндегі «Лицензиялау
туралы» № 2200 жарлықта бағалы
қағаздар нарығындағы кәсіби
қызметті және қор биржасының
қызметін міндетті түрде
3.1995 жылдың 21 сәуіріндегі «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» 2227 жарлықтың әрекеті мемлекетік емес бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуге қойылатын талаптарға, оларды орналастыру ережесі мен мезгіліне, акционерлерді тіркеуді жүргізетін негізгі жағдайларға бағытталған.Атап өтетін басты жағдай, онда Ұлттық комиссияның статусы анықталған; бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби істердің түрі, оны лицензиялаудың жағдайы мен бағалы қағаздармен жүргізілетін мәмілені тіркеу тәртібі бекітілген; сонымен бірге қор биржасын құру және оның қызметін ұйыдастыру туралы ереже орын алған, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың құқығы бекітілген.
4.1995 жылдың 24 сәуіріндегі «Салықтар
және басқа бюджетке төленетін
міндеттемелер туралы» №2235 жарлықтың
біраз тармақтары бағалы
5.1995 жылдың 2 мамырындағы «Шаруашылық
серіктестері туралы» №2255 жарлықта
шаруашылық субъектілерінің
6.1995 жылдың 31 тамызындағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» №2444 жарлығы екінші деңгейдегі банктерге ақша эмиссиялауға құқық берген.Банктік қызметтерге: заңды және жеке тұлғалардың қарыз міндеттемесін есептеу, бағалы қағаздарды сақтау, акциядан басқа бағалы қағаздарды (облигациялар, депозиттік сертификаттар, вексельдер) эмиссиялау, лицензиясы болған жағдайда бағалы қағаздар нарығындағы делдалдық операциялар жатады.
7.1995 жылдың 23 желтоқсандағы «
8.1998 жылдың 10 шілдедегі «Акционерлік
қоғамдар туралы» №281-1 Қазақстан
Республикасының заңы
9.Басқа да заңды
нормативтік – құқықтық
Жоғарыда айтылған құқықтық неігдерге сай брокерлік және дилерлік кеңселер ашылып, олар акциялардың мемлекеттік бумаларымен және басқа да мемлекеттік бағалы қағаздар түрлерімен жасасқан мәмілелер қатысуда.Сонымен қатар, Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізу іске асырылып, көптеген азаматтар бағалы қағаздар нарығында қызмет істеуге мамандану куәлігін алды.Алғашқы тіркеуші компаниялар пайда бола бастады.Бағалы қағаздар нарығын дамыту барысында алғашқы даулар да (оның ішінде сотқа талап қою) кездесе бастады.
Алайда, бұл кзде бағалы қағаздар туралы шыққан заңдар жетілеген және бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздерін қалыптастыру процесі аяқталды деуге болмайтын еді. Нарықтың инфрақұрылымы да қалыптасу шағында болатын.Дегенмен айтылған заңдарды пайдаланудың нәтижесінде Республикада пайда болған бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз етудің жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіншілік туындады.
Бұдан кейінгі жылдары нарықтың инфрақұрылымын жетілдіруге, нарық субъектілерінің қызметін реттеуге бағытталған және заңнамалар қабылданып, бұрынғыларға бірнеше дүркін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Кез келген заңның мазмұны қрғамда орын алып және дамып келе жатқан экономикалық құбылыстарға сай болуы шарт.Себебі құқықтық нормаларды шығару белгілі бір экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған.
Бағалы қағаздарды номиналды ұстауға беру номиналды ұстаушыға бағалы қағаздарға меншік құқын бермейді.Ол меншік иесінің құқықтарын жүзеге асыру үшін бағалы қағаздармен жүргізілетін мәмілелерді тіккеуді жүзеге асырады. Бағалы қағаздың номиналды бір ұстаушысы бағалы қағаздарды ұстаушылар арасында бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асырады.Заңмен бекітілген тәртіпте эмитенттің шешімі бойынша номиналды ұстаушы оның бағалы қағаздармен операцияларын жүзеге асыруға міндетті.Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды жүргізу кезінде тәуекелдерді қысқартуға мүмкіндік беретін, бақыланатын бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу жүйесін және оның тиімділігін қамтамасыз ету мақсаттарының бірі болып табылады .
3.2 Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары
Бағалы қағаздар нарығы экономикалық жүйеде ауқымды орын алады. Қазіргі уақытта, барлық дүниежүзінде болып жатқан келеңсіз банктік үрдіс салдарынан, бағалы қағаздар нарығына аса көңіл аударуына әкелді.Бұған, бағалы қағаздардың банктік өнімдерге бәсекелес құралдар ретінде болуы да септігін тигізді.
Бағалы қағаздар нарығы арқылы бос капиталдың бір аядан, капиталға қажеттілік туатын екінші аяға аудару арқылы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектесетін жүйе болып табылады.Осыдан, бағалы қағаздар нарығының мәнін түсінуге болады.Нарықтың мақсаты – капиталды шоғырландыра отырып, өндіріске, өндірістік емес салаларға ақша – қаржаттарын бөлу.Бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі -бұл банктік өнімге бәсекелес құралдарды шығару және компания, қаржылық ұйымдардың жинақтарын нарық салаларына бөлу ретінде танылады .
Бағалы қағаздар нарығында негізгі қоғамға қажетті екі міндеттер шешеді:
Қазіргі техника мен телекоммуникациялардың дамуы капиталдың бірі ұлттық нарықтан екінші нарыққа жедел түрде аударуға мүмкіндік туды. Алайда, бұл тек артықшылық ретінде ғана емес, сондай-ақ кемшілік ретінде қарастырылады. Себебі, ұлттық экономиканың басқа экономикадан тәуелділігі жоғарылайды, нәтижесінде ұлттық бағалы қағаздар нарығы тұрақсыз жағдайға әкелуі мүмкін.
Екінші жағынан жаһанданудың салдарынан жеке ұлттық нарықтардың өзара бәсекелесі артады.Батыс экономистердің пікірінше, соңғы он жылдықтарда дамушы мемлекеттерде инвестициялық ресурстарға деген қажеттілік жоғарылайды.Бірақ, инвестицияланатын экономиканың қажеттілігінен төмен сипатталады.
Көптеген дамушы мемлекеттер үшін ұлттық экономикаға инвестицияларды тарту негізгі мәселе болып саналады.Осы мәселені шешуде әрбір ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті артықшылықтары бар.
Бағалы қағаздар нарығы
республиканың экономикасына
Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының қалыптасу кезеңінен өтті. Кейбір элементтер бойынша даму серпіні де байқалады. Мысалға, пайлық инвестициялық қорлардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерін жатқызуға болады.Алайда, бағалы қағаздар нарығының негізгі бағыты жеткілікті деңгейде жүзеге асырылмайды.Бағалы қағаздар арқылы шоғырланған қаражат өндіріс аясына жеткізілмейді.Оған келесідей бірқатар себептер бар:
Информация о работе Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары