Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2013 в 13:56, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі – бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелерінің бірі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығы экономикалық жүйеде ауқымды орын алады.Қазіргі уақытта, барлық дүниежүзінде болып жатқан келеңсіз банк үрдісінің салдарынан, бағалы қағаздар нарығына аса көңіл аударуына әкелді.Бұған, бағалы қағаздардың банктік өнімдерге бәсекелес құрал ретінде болуы да септігін тигізеді.
Бағалы қағаздар нарығы арқылы бос капиталдың бір аядан, капиталға қажеттілік туатын екінші аяға аудару арқылы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектесетін жүйе болып табылады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1 Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік ..........................................................5
1.2 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер...............................................20
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘЛЕМДІК ДАМУДЫҢ ӘСЕРІ
2.1 Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибе..................21
2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары .......................29
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3.1 Бағалы қағаздардың нарықтағы дамуы және дамуындағы заңнамалық негіздері......................................................................................................................34
3.2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары.
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................
Бұл аталған мекемелердің
жұмысындағы кәсібисапрасы
Қазақстанда нарықты объективті түрде реттеу үшін мыналар қажет: біріншіден, оның мемлекеттік сектордың кәсіпорындарымен қатар, жеке кәсіпкерлер және қалыптасып келе жатқан шағын және орта бизнесті, сол сияқты үкіметтің бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін қажетті ресурстарды іздестірумен тікелей ьайланысты болуы; екіншіден, республика азаматтарына бағалы қағаздар сатып алуға және сатуға мүмкіндік беретінүкіметтің жекешелендіру стретагиясымен байланысты болуы; үшіншіден, ақша массасына Ұлттық банк жағынан бақылау жасауда жаңа жанама механизмдерді қалыптасытру үшін, мемлекет жағынан нарықты реттеудегі біліктілік республикамыздағы нарыққа өтудегі жаңа көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі.
Біздің экономикалық жағдайда немесе әлемдік нарыққа неуіміздегі ең өзектісі, бұл әлемдегі бағалы қағаздар нарығына байланысты жинақталған барлық құндылықтарды оқып үйрену және хабарлау болып табылады.
Қор нарығын мемлекеттік реттеудің қажеттігін әлемдік тәжірибе көрсетіп берді.Ол әр елдегі өзіндік ерекшеліктерге қарай ескерілетін жағдайда, мемлекеттік реттеудің формалары мен әдістерінің үлгілерін жасайды.
Қазақстанда енді қалыптасқан қор нарығы әзірге жеткіліксіз жағдайда реттелуде.Оған қол жеткізу үшін инвесторлардың мүддесін қорғайтын және бағалы қағаздар нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ететін заңдылықтарды тез арада дайындау қажет.
Бағалы қағаздар нарығына қатысты мемлекеттік саясаттың негізін жасауда өзін - өзі реттеу қағидасына көңіл аударуға тиіс.Осыған байланысты мемлекеттік саясат бұл сферадағы жеке кәсіпкерлікті марапаттауға бағытталуы тиіс.
Бағалы қағаздар айналысы сферасындағы жеке бастаманы қолдауға байланысты шаралармен қатар, қор нарығы субъектілерінің қызметіне мемлекеттік, әкімшілік және жанама (экономикалық) бақылау қою шараларының жүйесін жасау, сол сияқты экономикалық қор секторындағы нарықтық ортаға толық мемлекеттік араласу жүйесін дайындау қажет.Экономикалық бақылау шаралары мемлекеттік қызмет арқылы дербес нарық агенті ретінде жүзеге асуы тиіс.
Бағалы қағаздар нарығына мемлекеттік ықпал етудің мақсаты мынадай:
Құқықтық қорғау: бағалы қағаздарды әкімшілік-мемлекеттік тіркеу;бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатынасушылардың қызметтеріне лицензиялар және сертификаттар беру, бағалы қағаздар нарығына жіберу ережелері, шетел инвесторларын бағалы қағаздар нарығына жіберу ережелері.
Экономикалық қорғау:
бағалы қағаздармен жасалатын операция
Нарық экономикасы дамыған елдерде инвестициялық бизнесті бақылауға және реттеуге мүмкіндік беретін, яғни заңдар мен арнайы органдардан басқа да сол саланың өздерінде өзін - өзі реттеуді қамтамасыз ететін «заңдар» мен «ведомствалар» бар.
Өзін - өзі реттеу екі негізгі элемент арқылы анықталады:
Өзін - өзі реттеу жүз жыл бойы қалыптасып өзінің тиімділігін сақтап келеді, себебі бұл бағалы қағаздар нарығына қатынасушылардың экономикалық мүддесінде болады.Қазіргі өзін өзі реттеу, мемлекеттік реттеумен қатар, бағалы қағаздар облысындағы бизнес үшін тиімді реттеу құралы болып қала беруде.
Өзін-өзі реттеу өзінің көп жылдық іс – тәжірибесінде нақты нарықтардың талабын және жергілікті сұраныстарды, жергілікті бизнес тәжіриблерінің ерекшеліктерін, жұмсалымдарды қорғау, кедендік, құқықтық және саяси талаптарды ескеру қажеттігін басынан кешті.
Соның нәтижесінде әр түрлі дәрежеде өзін-өзі реттеу қалыптасты. Мемлекеттік және өзін-өзі реттеуші ұйымдардың арасындағы ынтымақтастық, жүйенің өміршеңдігінің маңызды шарты.
Өзін-өзі реттеудің 4 ұйымдастырылу құрылымы болады:өзін-өзі реттеудің үлестік құрылымы; бағалы қағаздар нарығының комиссиясы; қызметтері жеке көздерден қаржыландыратын тәжірибелі бизнесмендер кеңесі; өзін-өзі реттеуші жүйемен ынтымақтастықты жұмыс жасайтын мемлекеттік департамент.
Ұйымдарға заң бойынша немесе үкіметтің тарапынан өзін-өзі реттеуге байланысты өкілеттік берілген.Бұл өкілеттілік диапазоны елдің типіне байланысты ажыратылады.Негізінен өзін-өзі реттеу үш сфераны қамтиды: нарықта жасалатын мәмілелерді реттеу; нарыққа қатынасушылар облысында реттеу; сұраныстарды орналастыру тәртібі және атқаратын қызметтері.
Бұл өзін-өзі реттеу сфералары :екінші реттегі нарықтағы бағалы қағаздарды анықтауды; нарықтық ақпараиттарды сауда-саттық ережелерін; мәмілелерді тексеру және орналастыруды; брокерлерді және өкілдері лицензиялауды; брокерлерге қойылатын басты талаптарды, коммерциялық этикалар уодексін; атқару және тәртәп процедураларын қамтиды.
Ведомствалармен өзін-өзі бақылау және өзін-өзі қамтамсыз етушілеге қор биржалары жатады.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘЛЕМДІК ДАМУДЫҢ ӘСЕРІ
2.1 Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибе
Мемлекеттік бағалы қағаздар
– ол үкіметтің қарыз міндеттемесі.
Мемлекеттік бағалы қағаздар кез келген мемлекеттің бағалы қағаздар нарығының маңызды құрамды бөлігі болып есептеледі.Бағалы қағаздардың бұл түрі мемлекеттің экономикалық қызметінің дамуына байланысты пайда болады.Оны атқару үшін мемлекеттің қаржы жүйесі құрылады.Қаржы жүйесі бірін-бірі толықтырып тұратын екі бөлімнен – бюджеттік және несиелік жүйелерден тұрады.
Қазіргі мемлекеттерге
тапшылық бюджеті тән, яғни кірісі шығыннан
артық.Мемлекеттің бюджеттің
Мемлекеттік қарыз деген мемлекеттің өтелмеген займдары мен олар бойынша төленбеген проценттердің жалпы сомасы.Займдарды орналастыру аясын есептегенде мемлекетік қарыз ішкі және сыртқы болып бөлінеді.Мемлекеттік қарыздың түрлері: а) үкімет алған несие; ә) мемлекетік займдар, яғни үкімет атынан эмиссияланған бағалы қағаздар; б) үкімет кепілдік берген басқа қарыз міндеттемелері.Мемлекеттік қарызды ел үкіметі басқарады және қарыз оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік қарыз мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі, яғни мемлекеттік қарыз міндеттемелерін өтеу мерзімі келгенде займдар жойылып, олар бойынша процент төленеді.
Мемлекеттік бағалы қағаздарды айналысқа шығарудың мақсаты:
а) айналысқа қосымша ақша массасын шығармай-ақ белгілі бір күнтізбектік датаға бюджеттік шығын кассадағы бар қаражаттан көп болғанда (кассалық тапшылық); бір айда немесе тоқсанда түскен табыс, осы мерзімде бюджет шығындарын қаржыландыру үшін қажетті қаражаттан кем болғанда (маусымдық тапшылық); жыл қорытындысында бюджетке түскен табыс бюджет шығындарынан кем болып, ол тапшылық келесі жылы бюджетке түсетін түсіммен өтелмегенде (жылдық тапшылық) мемлекеттік бюджеттің тапшылығын инфляцияға соқтырмай қаржыландыру;
ә) тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылымдар, әлеуметтік қамтамасыз ету және с.с. мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру;
б) айналыстағы ақша массасын, инфляция мен бағаны, инвестиция бағытын, экономикалық даму, төлем балансын және т.б. экономикалық өрлеу процестерін реттеу.
Әлемдік тәжірибеде мемлекеттің құжат түріндегі қарыз міндеттемесі алғашқыда Таяу Шығыс мемлекеттерінде, Грецияда, Римде пайда болған.
Қазіргі кезде әрбір елде өзінің мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының тарихы қалыптасқан.Онда шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлері, шығарылым мерзімі, оларды шығарушылар, ұлттық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының масштабы, оған қатысушылар және т.с.с. жағдайлар көрініс табады.
АҚШ-та бағалы қағаздар нарығы қарқынды дамыған.Онда мемлекет ең ірі қарыздар болып саналады.АҚШ-та мемлекеттік бағалы қағаздар эмитентіне қарай:
Сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар қор нарығында айналысқа түсу қабілеттілігіне қарай бастапқы (обратимый) және қайтымсыз (необратимый) бағалы қағаздар болып та бөлінеді. Қайтымды қағаздар деген олармен сауда-саттық қор нарығының кез келген бөліміне жүргізілетін қағазадар.Олар – қазынашылық вексельдер (мерзімі – айдан 12 айға дейінгі, қазынашылық ұзақ мерзімді облигациялар мерзімі 10-30жылға дейінгі).қайтымды бағалы қағаздар, әдетте, алдын ала белгіленген мерзімде үнемі ашық аукциондарда сатылады.
Қазынашылық вексельдер қағазсыз формада, яғни шоттарға жазу (компьютер жүйесі арқылы бір шоттан басқасына өткізу) түрінде жүргізіледі.Қазынашылық ұзақ мерзімді облигациялар – олар я купонсыз, я баланстағы кері қайтарылатын облигациялар.Олар тек мерзімі аяқталған соң өтеледі.
Қайтымды бағалы қағаздар бойынша табыс төлеу формасы әртүрлі болады: өзгермелі ставка бойынша (олардың табыстылық деңгейіне және инфляцияға қарай), бекітілген купондық процент немесе дискреттіқ табыс формасында (кейде соңғы екі табыс түрі үйлестіріліп төленуі мүмкін).Мемлекеттік бағалы қағаздар ұсынушы және атаулы қағаз болып шығарылады.
Қайтымсыз қағаздар деген сатып алу-сатуға болмайтын мемлекеттік бағалы қағаздар.Олар бойынша тек алғашқы сатып алушы шығынының орны толтырылады.Оларды басқаға беруге және ссуданы қамтамасыз ету үшін қолдануға болмайды.АҚШ-та бұндай бағалы қағаздар шығарылуда, әрі олардың маны ұдайы өсуде.Оларға ЕЕ және НН сериялы жинақ облигациялары жатады.
ЕЕ сериялы облигациялардың бағасы 50 процентке кемітіп сатылады да, ал көрсетілген құнымен (номиналымен) өтеледі.Көрсетілген құны мен сатылу бағасының арасындағы айырма бүкіл айналыс мерзіміндегі жалпы процент сомасын өтейді.Көрсетілген құны 50 ден 10 мың доллар болатын, ал айналыс мерзімі 8 жыл облигациялар болатын облигациялар шығарылады.Алайда, оларды өтеуге мерзімінен бұрын да (шығарылғаннан кейін 6 айдан соң) ұсынуға болады.Облигациялар өтелуі ұлғаймалы шкаламен шығарылады, яғни облигациялар бойынша процент инвесторлардың қолында болу мерзіміне қарай ұлғаяды.1982 жылдан бұл облигациялар бойынша процент өзгермелі ставкамен төленеді.Ол соңғы 5 жылда шығарылған барлық қазынашылық міндеттемелер бойынша орташа табыс көрсеткішіне тең.
НН сериялы облигациялар
10 жыл мерзімге шығарылып, шығарылған
кезде көрсетілген құнымен
Соңғы жылдары АҚШ-тағы мемлекеттік бағалы қағаздардың саны әртүрлі үкіметтік мекемелер (Атом энергиясы жөніндегі Агенттік, Экспорт – импорт банкі және т.б.) шығарған облигациялары есебінен ұлғаюда.Бұл бағалы қағаздар сенімді болғандықтан, оларды инвесторлар зор ынтамен алуда.Себебі олар осы мекемелердің активтерімен ғана қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ оларды ешқашан банкротқа ұшыратпайтын АҚШ үкіметі қамсыздандырады.
Германияда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы өте жоғары деңгейде дамыған.Мемлекеттік бағалы қағаздарға федералдық үкіметтің займдары, федерацияның облигациялары, федералдық теміржолдың, почтаның, жердің, коммуналар мен қалалардың займдары жатады.Немістің қор нарығында мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі зор, атап айтқанда, олардың айналымдағы үлесі 40 пайызға тең.Мемлдекет ішкі қарыздардың 50 пайызын қарыз міндеттемелерін шығару арқылы өтейді.Германияда бюджеттің шығынын өтеу үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды пайдалану пайдалырақ деп есептеледі. Сондықтан да бұл елде федералдық қарыз міндеттемелері де қарқынды шығарылуда.Мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырумен Облмгациялық банктік концорциумға кіретін Бундес банк шұғылданады.1986 жылдан концорциумға шетел банктері де қатысуға (олардың үлесі – эмиссияның 20 процентіне дейін) рұқсат етілгенМемлекеттік бағалы қағаздардың барлығы да нақты эмиссиялық бағаммен орналастырылады.
Информация о работе Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары