Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2014 в 07:07, курсовая работа
Адамзат қоғамының дамуының қазіргі кезең қиын да күрделі мәселелердің шешімі-ұтымды ұлтаралық экономикалық байланыстар орнату. Қазіргі таңда әлемдегі көптеген елдер арасында экономикалық байланыстар барған сайын күшейіп, әлемдік экономикалық жүйесі қалыптасып келеді. Нарықтық экономикаға қарай қозғалу әлемдік экономика жүйесіне қосылу көрінісі. Әлемдік нарық-жай ғана тауарлардың экспорты мен импорты ғана емес, бұл ақпараттар ағыны, білім, ғылыми-техникалық идеялар, өзара қызмет көрсету шектері арқылы қозғалу, бірлескен жобаларды өмірге әкелу. Соның нәтижесінде әр түрлі экономикасының ықпалдастыққа бағыт алып, жақындасуы.
Кіріспе …………………………………………………………………………5
1. Инвестицияның мәні, мазмұны, түрлері және қызметі………………....7
2. Қазақстанда инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі …….....…19
3. Қазақстан Республикасына инвестицияны тарту мәселелерін шешу
жолдары............................................................................................................ 23
Қорытынды …………………………………………………………........…..30
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................... 31
Инвестиция көзі-жинақ. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады (мысалы жұмысшының, оқытушының, дәрігердің т.б. жинағы), бірақ бұлар ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді. Инвестиция көзі-жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағы болады. Инвестицияның факторы-күтіліп отырған пайда нормасына немесе күрделі қаржылық рентабелділігіне тәуелді. Рентатабелділік-бұл кәсіпорын жұмысының табыстылық, пайдалылық көрсеткіші. Кәсіпорын өз өндірген өнімдерін сатқанда жұмсалған шығындарды өтеумен қатар таза табыс алуды көздейді. Кәсіпорынның рентабелділік деңгейін он бір жылдық таза табысын сол кәсіпорынның орташа жылдық өндірістік қоры құнының соммасына бөлу жолымен шығарады, процент пен көрсетіледі. Рентабелділікті көтерудің негізгі факторлары: еңбек өнімділігін арттыру, негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, өнімнің өзіндік құнын кеміту, өнім сапасын жақсарту т.б. Рентабелділік төмен болса, онда қаржыландыру жүзеге аспайды. Егер инвестор шешім қабылдау кезінде процент ставкасының деңгейіне қарайды. Процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан жоғары болса, инвестиция жүзеге аспайды, керісінше, егер процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан төмен болса, кәсіпкерлер күрделі қаржыны іске қосады. Мысалы, процент нормасы, инвестициялар мен жинақтар арасындағы өзара байланысты гарфикпен суреттеуге болады:
Инвестициялар мен жинақтар арасындағы өзара байланыс
I
------------------------------
------------------------------
------------------------------
S
(сурет 3)
Графикте жинақ пен инвестицияның өзара теңдігі көрсетілген. II-қисық сызық инвестиция; SS-қисығы жинақ; ордината процент нормасы (r); абцисса өсіндігі жинақ пен инвестиция. I=I (r) әрі кемитін қызмет: процент ставкасы жоғары болса, инвестиция дәрежесі төмен болады. Жинақта процент нормасының қызметі S=S (r) бірақ, ұлғаятын, өсетін -ге тең процент жәрежесі экономика көлеміне жинақ пен инвестицияның теңдігін қамтамасыз етеді, ол және дәрежелер бұл жайдан ауытқуды көрсетеді. Инвестиция процент ставкасының қызметі-жинақ табыстың қызметі. Инвестиция мен жинақ қозғалысы әр түрлі факторлармен анықталады.
Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді. Сонымен жинақ пен инвестицияның тепе-теңдігі ұлттық табыс деңгейін анықтайды. Гарфикалық талдау арқылы қарастырайық. Абцисса өсінде кескінделген ұлттық табыс деңгейі ордената өсінде кескінделген жинақ пен инвестиция ( S, I).
Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеуі.
(сурет 4)
Ұлттық табыстың өсуі инвестицияны ұлғайтады. Ұлттық табыстың өсуімен жинақ та өседі. Графиктегі талдау Е нүктесінде ІІ және SS сызықтары қиылысады. Абцисса өсімен тік сызық өсін жүгіртсек, ұлттық табыс көлемі, ON-ге тең болған жағдайда инвестиция мен жинақ арасында тепе-теңдік деңгейі орнайды. Алайда ұлттық табыстың бұл деңгейі жұмыс пен толық қамтуды FF сызығы қамтамасыз ете алмайды. Бұл сызық S және І қиылысу нүктесінің оң жағына өтеді. N нүктесі ұлттық табыстың тепе-теңдікте болуы жағдайын көрсетеді. І мен S арасындағы тепе-теңдік бұзылғанда елдің экономикасы соған қарай ұмтылады. Егер S S сызығы ІІ-ден артса, онда қоғамдағы жинақ көлемінің инвестиция көлемінен көп екендігін сипаттайды. Бұл тауарлы өнімнің бір бөлігі өтпейді деген, ал S S = ІІ жағдайында адамдар тұтынуды азайтады, өндіріс бірте-бірте қысқарады. Егер S S сызығы ІІ сызығынан төмен болса кері процесс орын алады.
Макроэкономикалық тепе-теңдік
Инвестицияның ұлғаюы ұлттық табыстың өсуі мен белгілі бір тиімділік арқылы жұмыспен қамтуға ықпал етеді. Тиімділік экономикалық теорияда-мультипликатор әсері деп аталады. Мультипликатор-бұл инвестиция мен табыс мөлшері арасындағы өзгерісті көрсететін коэффицент. Инвестиция өскенде, ЖҰО-де көпмөлшерде өседі. Мультипликатор (мultipikator) - аударғанда көбейткіш деген мағына береді. Мультипликатор-ұлттық өнімнің, табыстың немесе ақша айналымының өсуі немесе қысқаруы сомасы үкімет шығынының салық аударымының немесе несие-қаржы инстетуттарына салымдардың бастапқы сомасынан қанша есе артық түсетін айқындаушы көрсеткіш. Рыноктық шаруашылық жүйесіндегі мультипликатордың мәні: инвестицияның ұлғаюы қоғамның ұлттық табысын алғашқы инвестиция өсімінің мөлшерінен артық мөлшерге көбейтеді. Мультипликатор-бұл сандық коэффицент инвестиция көлемі көбейгендегі ЖҰӨ мөлшері көбеюін көрсетеді. Бұл өсудің, көбейткіш әсерлі мөлшері мультипликаторлық әсер деп аталады. Айталық, инвестиция артуы 10 милиярд теңгені құрайды, ол ЖҰӨ 20 млрд. теңге өсті. Сәйкес мультипликатор=2.
Мультипликатор МР= ЖҰӨ қосыла өсуі = ЖҰӨ
ЖҰӨ =МР х Инвестиция
Мультипликаторды инвестицияға көбейткенде нақтылы ЖҰӨ өсімін көрсетеді. Бұл жетілдірілген ЖҰӨ аталады.
Мультипликатор әсері жалпылама жұмыспен толық қамтылған экономика жағдайында көрініс алады. Мультипликатор әсеріне мысал: алғашқы инвестиция көлемі 1000 долларға тең. Алғашқы инвестициялар нәтижесінде салынған кәсіпорындар қызметкерлер табыстарын жалақы түрінде алады. Жалақысының бір бөлігін жұмышылар тұтыну тауарлары рыногында сұраныс ретінде ұсынады, яғни телевизор сатып алады. Жұмысшылар табысының басқы бір бөлігін жинайды. Табыстың тағы бір бөлігін жинақ ретінде кейінгі қалдырады. Процесс адамдардың жаңа топтарын қамтиды, олар да өз табыстарын тұтыну тауарлары рыногына сұраныс ретінде ұсынуды жалғастырады. Тізбекті реакция пайда болады, алғашқы 1000 долларға тең, инвестиция жиынтық сұраныстың 1000 долл. өсуін көрсетеді, яғни 1000 долларды белгісіз бір коэффицентке көбейту керек. Ол коэффицент-мультипликатор деп аталады. 1000 долларға тең алғашқы инвестиция табыс өсуін қамтамасыз етеді. Жұмысшылар 1000 долларды өздерінің табысы ретінде алып, оның бір бөлігін жұмсайды. Тұтынуға бейімділік (МРС) 0,8 тең деп алайық. 1000 доллардың 800 доллары ғана жұмсалады, қалғаны жинаққа кетеді, яғни 0,2 ғана. 800 доллардан тұтынуға 80 пайызы ғана жұмсалады. Олай болса тұтынуға пайдалынатын ұлттық табыстың өсімі 640 долларға тең болады (800 0,8=640). Ұлттық табыстың өсімін анықтау үшін 1000+8000+640 қосу керек. Оны мына формула арқылы алынады:
1000 +
(1+0,8+
1000 доллар инвестиция тұтынуға пайдалынатың ұлттық табысты 5 есе арттырды. Формула бойынша мультипликатор 5-ке тең. Негізгі инвестицияны көбейтетін коэффицент мына формуламен есептеледі: мұндағы МРС- тұтынуға шекті бейімділік. Тұтынуға бейімділік өскен сайын К-де көбейеді, ұлттық табыстың ұлғаюы мен инвестицияның алғашқы өсімі қатар жүреді.
2. ҚАЗАҚСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК
БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Жаңа экономикалық қатынастар негізінде нарықтық экономика көшу сапалы жаңа инвестициялық саясат қамтамасыз етілуі қажет. Себебі қатынастардың жаңа жүйесі барысында инвестиция көздері түпкілікті өзгереді. Егер реформаға дейінгі жүйеде республика экономикасы бірыңғай, қатаң орталықтандырылған қайнар көзі КСРО ның мемлекеттік бюджетіне тәуелді болған болса, ал егеменді даму жағдайларында әртүрлі, ең алдымен меншік көздерге бағдарланады.
Инвестициялық процестерді басқару Қазақстан экономикалық дамуының тарихи тәжірибесін, әлеуметтік экономикалық сипаттағы жаңа мүмкіндіктерін ескертуді пайымдайды. Қайта құру кезеңінде республикалық дамуының жалпы деігейң мен қарқыны, оның сапалық жағдайы бірталай төмендеді және нақты, потенциалды мүмкіндіктері әлемдік тенденцияларға сәйкес келмеді. Қазақстан жақсы тұрмыс жағдайының көптеген негізгі көрсеткіштері бойына бұрынғы КСРО елдері үшін орташадан төмен деңгейде тұрды. Қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуі қарқыны мен өнімнің көптеген түрлерінің сапасы біршама артта қалды.Әлемдік деңгейге жабдықтың тек екі үш пайызы ғана сәйкес келді, ал материалдардың, энергияның үлестік шығыны әлеуметтік көрсеткіштерден шамаса екі үш және одан да көп есе артық болды.
Инвестицияның негізгі бөлігі өндірістік салаға бағытталынады. Капитал салымдары көлемінің басым бөлігін өндірістік бағытталған қаражаттар құрады, яғни өндірістік құралдарын өндіруге бағытталынды.
Республиканың әлеуметтік экономикалық дамуының басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу процестің басты мәселелерін анықтаудың себепшісі. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Соның ішінде: «Шетел инвестициялары туралы» Заң (1991 ж); «Инвестьициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже» (1993 ж); «Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттыұ агантігінің құру туралы» ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1996 ж); «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» ҚР ның Заңы (наурыз 1997 ж) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды.
Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады; жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымда дамыту, елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциялын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптардыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін, олардығ функциялары мен міндеттерін анықтады.
Өткен кезеңдердің инвестициялық саясатын талдау экономикаға инвестицияларды тарту бойына басқару тиімділігінің ьірқатар негізгі кемшіліктерін анықтайды. Олар: шетел инвесторларымен жұмыс тәжірибесінің жоқтығы; несиелер бөлу оладығ мақсаттылығы мен қайырымдылығын қамтамасыз етудің сарапшылық бағалауының жеткіліксіздігінсіз несие бөлу; Қазақстанда тартымды инвестициялық климат құру бойынша ынталандыру жүйесінің жетіспеушілігі; шетел несиелерінің беру мен олардың мақсатты қолдпанудың жоқтығы; әлеуметтік, өндірістік, нарықтың инфроқұрылымының жетілмегендігі; нарықтық жағдайларға көшу барысында кәсіпорындарды басқару бойынша маман қызметкерлердің жетіспеушілігі.
Инвестицияларды
мемлкеттік басқару жүйесіне инвестициялық
белсенділікті қамтамасыз ету кіреді.
Бұл елдің экономикасына
Инфрақұрылымға
салынған капиталдағы инвестицияның
экономикалық осуі мен өндірісм көлемін
қалпына келтіре алған елдің
мысалын білмейді. Сондықтан республикада
жақын болшақтан шамамен
Мелекеттік инвестицияларды басқару төрт жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:
Жоспарлау кезеңінде
Бағдарламалау кезеңіндегі
Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынадай факторларда ескеруі қажет:
Информация о работе Қазақстан Республикасына инвестицияларды тарту мәселелері