Қазақстан Республикасына инвестицияларды тарту мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2014 в 07:07, курсовая работа

Краткое описание

Адамзат қоғамының дамуының қазіргі кезең қиын да күрделі мәселелердің шешімі-ұтымды ұлтаралық экономикалық байланыстар орнату. Қазіргі таңда әлемдегі көптеген елдер арасында экономикалық байланыстар барған сайын күшейіп, әлемдік экономикалық жүйесі қалыптасып келеді. Нарықтық экономикаға қарай қозғалу әлемдік экономика жүйесіне қосылу көрінісі. Әлемдік нарық-жай ғана тауарлардың экспорты мен импорты ғана емес, бұл ақпараттар ағыны, білім, ғылыми-техникалық идеялар, өзара қызмет көрсету шектері арқылы қозғалу, бірлескен жобаларды өмірге әкелу. Соның нәтижесінде әр түрлі экономикасының ықпалдастыққа бағыт алып, жақындасуы.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………5
1. Инвестицияның мәні, мазмұны, түрлері және қызметі………………....7
2. Қазақстанда инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі …….....…19
3. Қазақстан Республикасына инвестицияны тарту мәселелерін шешу
жолдары............................................................................................................ 23
Қорытынды …………………………………………………………........…..30
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................... 31

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой макро дай.doc

— 236.00 Кб (Скачать документ)


                                                                                                                           

                                                                                                                                                                         

 

 

 


 

                                                                                           

           

 

 

«Қазақстан Республикасына инвестицияларды тарту мәселелері»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация


 

 

        Курстық жұмыстың тақырыбы: «Қазақстан Республикасына инвестицияларды тарту мәселелері». Бұл жұмыста –инвестиция жайлы түсінік, олардың түрлері және Қазақстан Республикасының инвестиция тарту мәселелері мен жобалары  қарастырылды.

        Курсттық жұмыс 30 бет комьютерлік тексте берілген, 5 сурет, 1 кесте және 11 түрлі әдебиет қолданылған.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны


Кіріспе …………………………………………………………………………5

1.  Инвестицияның  мәні, мазмұны, түрлері және қызметі………………....7

2. Қазақстанда инвестицияларды  мемлекеттік басқару жүйесі …….....…19

3. Қазақстан Республикасына инвестицияны тарту мәселелерін шешу

жолдары............................................................................................................ 23

Қорытынды …………………………………………………………........…..30

Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................... 31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

         Адамзат қоғамының дамуының қазіргі  кезең қиын да күрделі мәселелердің  шешімі-ұтымды ұлтаралық экономикалық  байланыстар орнату. Қазіргі таңда  әлемдегі көптеген елдер арасында  экономикалық байланыстар барған сайын күшейіп, әлемдік экономикалық жүйесі қалыптасып келеді. Нарықтық экономикаға қарай қозғалу әлемдік экономика жүйесіне қосылу көрінісі. Әлемдік нарық-жай ғана тауарлардың экспорты мен импорты ғана емес, бұл ақпараттар ағыны, білім, ғылыми-техникалық идеялар, өзара қызмет көрсету шектері арқылы қозғалу, бірлескен жобаларды өмірге әкелу. Соның нәтижесінде әр түрлі экономикасының ықпалдастыққа бағыт алып, жақындасуы.

         Сыртқы экономикалық қарым-қатынастар  әлемдік экономиканы қалыптастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың кеңеюі өнеркәсіптің қалыптасуымен байланысты. Әлемдік нарық-бұл халықаралық еңбек бөлінісіне, халықаралық саудаға қатысатын жекелеген мемлекеттердің бір-бірімен байланысты әрі өзара әрекеттестіктегі ұлттық нарықтың жиынтығы. Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуы мелекеттер арасындағы сауда, өндірістік, ғылыми-техникалық, ол экономикалық ресурстардың айырбасына, бірлескен экономикалық қызметке алып келеді.

         Қазіргі мемлекеттердің көпшілігі икемді сыртқы сауда саясатын жүргізеді. Экономикалық қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі бұл-ғылыми-техникалық байланыс. Ғылыми-техникалық байлыныстың негізгі нысандарының бірі-еркін экономикалық зоналар. Бұл елдердің еркін кәсіпкерлікке ерекше қолайлы шарттар жасалған шектеулі ауданы. Мұндай шарттарға жататындар:

-жеңілдетілген  кеден және сауда тәртібі;

-тауарларды, еңбек  ресурстарын, капиталды ауыстырудағы  үлкен еркіндік;

-салық салудағы  жеңілдікті тәртібі;

-инвестиция  тарту мүмкіндіктері.

         Еркін экономикалық зонадағы негізгі шартың бірі-инвестиция. Пайда, не түрлі табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығы саласына: кәсіпорындарға (өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа т.б.) күрделі қаржының, капиталдардың ұзақ мерзімге жұмсалуы. Бұл көбінесе акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарға және мемлекеттік заемдерды сатып алу немесе күрделі қаржы жұмсау арқылы іске асырылады. Инвестиция (лат. Investire-киіндіру)-капиталды көбейту мақсатында субъект иеленетін актив; өндірісті, кәсіпкерлікті дамыту, пайда алу немесе басқа да түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен жасалынатын жобалар. Инвестиция -лизинг келісімшартын жасасқан сәттен бастап, қаржы лизингі құралдарын қосқандағы мүліктің барлық түрі (жеке қолданысқа арналған тауарлардан басқа), сонымен қатар, заңдық тұлғалардың жарғылық капиталына инвестордың салатын оларға деген құқығы немесе кәсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын тіркелген активтердің өсуі. Бағалы қағаздар нарығына сәйкес инвестиция деген- акциялар, облигациялар және т. б. қаржы құралдарын алуды білдіреді.

         Инвестиция ұғымы- күрделі қаржы.  Жаңадан өндірістік және өндірістік  емес негізгі қор жасауға немесе  оның бұрынғыларын бүгінгі күннің  талабына сай қайта құруға  жұмсалған шығындардың жиынтығы және күрделі құрылыстарға бөлінген қаржылар. Инвестициялар-ұлттық шаруашылықтың әр түрлі саласындағы кәсіпорындарында ұзақ мерзімді капитал салымдары. Меншік нысандарына қарай инвестициялар мынадай түрлерге бөлінеді: жеке және мемлекеттік. Жеке инвестициялар толықтай табыс алу міндетіне бағытталған, ал мемлекеттік инвестициялар экономиканың дамуын реттеу  мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін. Жеке саламдарды қаржыландыру көздері ретінде акциялар, облигациялар және басқа да құнды қағаздар сатудан алынған, сондай-ақ ұзақ мерзімді кредиттер мен займдар түріндегі, құралдардан тыс таралған компанияның өзіндік қаражаты (бөлінбеген табыс, көбіне амортизациялық және басқа да қорлар). Мемлекеттік инвестициялар салықтар, мемлекеттік кәсіпорындардың табыстары, ақша эмиссиясы есебінен не үкіметтің ішкі және сыртқы заемдерін шығару жолымен қаржыландырады.

         Инвестор-шешім қабылдайтын, өзіндік,  қарыз және өзге де тартылған  мүліктік және зияткерлік құндылықтарын  инвестициялық жобаға салатын  заңды немесе жеке тұлға. Ол салымшы ретінде, кридитор ретінде де бола алады, өз бетінше инвестициялардың көлемін, бағытын, тиімділігін айқындайды. Инвестиция- пайда табу мақсатында бағалы қағаздарға иелік ету және өндіріске және өнімнің нақты түрін өткізуге тікелей салынатын, акциялардың бақылау пакетіне иелік жасау. Сонымен инвестиция экономикада сұранысты қанағаттандыруға бағытталған капитал.

 Жаңа экономикалық  қатынастар негізінде нарықтық  экономикаға көшу сапалы және  инвестициялық саясатпен қамтамасыз  етілуі тиіс. Инвестициялық процесті басқару Қазақстан экономикалық дамуының тарихы тәжірибесін, әлеуметтік экономикалық сипаттағы жаңа мүмкіндіктерін пайымдайды. Республиканың әлеуметтік экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болды, олардың бірі болып инвестициялық қамтамасыздандыру мәселесі табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ

 

         Инвестиция-өндірістегі құрал-жабдықтардың  қорлануына, материалдық заттарды  көбейтуге, экономикадағы капиталдың запасын көбейтуге жұмсалған шығындар.

         Инвестициялық саясат-мемлекет өз  экономикасының дамуына және  халықтың экономикалық әл-ауқатының  жақсаруына байланысты жүргізетін  саясат. Инвестициялық саясат дегеніміз-халық  шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатында ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған соммаға келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарықтардыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат халық тұтыну бұйымдарын көбірек өндіруге, сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.

         Инвестиция деңгейі қоғамның  ұлттық табысының көлеміне ықпал  етеді, ұлттық экономиканың көптеген  макро-пропорциялары инвестиция  қозғалысына тәуелді. Кейнсиандық  теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы  (яғни көзі немесе инвестиция резервуары) әр түрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.

         Ел аумағындағы инвестициялар  (күрделі қаржы) ұлғаймалы ұдайы  өндіріс процесін анықтайды. Жаңа  кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу соларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді. Инвестиция жұмыспен қамту көлеміне де ықпал етеді. Жұмыспен алғашқы қамту инвестициялар ұзақ мерзім тұрғысынан ұлғаймалы ұдайы өндірісті жандандырады, жаңа инвестициялар мен жаңа жұмыс орындарын ашады да ұлттық табыс ұлғаяды.

         Инвестиция-шаруашылық объектісінің, аймақ, ел ішінде, олардан сырт  жерлерде өндірісті, кәсіпкерлікті  дамыту, пайда алу, басқа да  түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен ұзақ мерзімдік жұмсалымның көлемін, құрылымы мен бағыттарын айқындайтын шаруашылық шешімдердің жүйесі.

         Инвестиция-бұл ақшаны, оның сақталуына  немесе құнның артуына және  табыстың оң шамасын қамтамасыз  етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез-келген құрал. Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ түсіндіреді. Белгілер ретінде мыналар қолданылады:

 

  1. Инвестициялардың түрлері
  2. Ақша құралдарын салу обьктілері
  3. Инвестицияландыруға қатысу сипаты
  4. Инвестицияландыру кезеңі
  5. Меншік түрлері
  6. Инвестордың қатысуы түрлері
  7. Тәуекел дәрежесі
  8. Ұдайы өндіріс түрлері

 

Инвестиция  рөлі

 




 

                                                                        

                                       


 

 

 

(сурет 1)

 

        Инвестиция көзі-жинақ. Инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағы болады. Инвестицияның бағыттары:

  • Жаңа өндіріс ғимараттары құрылысын салу;
  • Жаңа техника және технология, жаңа жабдықтар сатып алу;
  • Шикізат пен материалдарды қосымша алу;
  • Әлеуметтік нысаны және пәтер құрылысына;

Осы бағыттарға байланысты:

-негізгі капитал  инвестициясы;

-товарлы-материалдық  қорлар инвестициясы,

-адам капиталы  инвестициясы болып бөлінеді.

Инвестиция  негізгі екі бағытта пайдалынады:

  1. Нақты инвестиция-материалдық активтерге қаржы жұмсау.
  2. Қаржылық инвестиция-құнды қағаздарға қаржы жұмсау.

         Инвестициялар мына төмендегі  белгілерге байланысты бөлінеді.

І. Құрылымы бойынша:

а) Жалпы инвестициялар-жаңа (немесе ауыстыруға) негізгі капиталға жұмсалған капитал мөлшері. Ескі жабдықтардың орнын басуға кеткен шығындар (амортизация)+ өндірісті ұлғайтуға кеткен инвестиция өсуі.

б) Таза инвестициялар-ауыстырылған негізгі капиталдан аммортизация құнын шегергеннен кейінгі жұмсалған капитал. Егер таза инвестиция мөлшері тұрақты болса, экономика өседі, дамиды. Егер таза инвестиция нольдік мөлшерді құраса (жалпы шығынмен амортизация тең болса), онда экономика статика шамасында болады. Егер таза инвестиция теріс мөлшерді құраса (жалпы шығын амортизациядан төмен), онда іскерлік белсенділіктің төмендеуін көрсетеді.

 

 

         ІІ. Тарту тәсілі бойынша 

а) Ішкі (отандық)

б) Сыртқы (шетелдік)

         ІІІ. Инвестициялау мерзімі бойынша 

а) Қысқа мерзімді (бір жылға дейін)

б) Ұзақ мерзімді (бір жылдан көп)

         ІҮ. Тәуекелділік дәрежесі бойынша 

Тәуекелді инвестициялар-инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным обьектісі сияқты факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін шешеалмау болып табылады.

Тәуекесізі инвестициялар-бірқатар мемлкеттер қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпті деп саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады.

Төменгі тәуекелді (сенімді)- Тәуекелді капитал салымын білдіру мақсатында қолданылатын термин. Мұндай инвестициялау технологиялық жаңа енгізілімді жүзеге асырудың негізгі үлгілерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерліктің аталған түрі көп жағдайда перспективасы кепілдікке алынбаған, үлкен тәуекелдіклікке ие жоғары ғылымдық және технологиялық салада ғылыми зерттеулер қорытындыларын коммерциялизациялауға тән.

         Ү. Инвестициялау нышандары бойынша:

а) Кәсіпорынның негізгі қорына жұмсалатын инвестициялар-ғимарат құрылыстары, ірі көлемді құрылыстар, құрал-жабдықтар үшін;

б) Тұрғын үй құрылысына инвестициялар;

в) Сақтық қор инвестициялары;

         ҮІ. Субъектілер бойынша-мемлекеттік  жекеменшік және сыртқы кәсіпкерлік  инвестициялардың екі түрі болады (орналасу тәсілі бойынша):

а) Тікелей инвестиция- өндіріске және өнімнің нақты түрін өткізуге тікелей салынатын, акциялардың бақылау пакетіне иелік жасауды қамтамасыз ететін инвестициялар.

Информация о работе Қазақстан Республикасына инвестицияларды тарту мәселелері