Альянс банк» АҚ мысалында ипотекалық несиелеудің даму деңгейін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2014 в 06:31, курсовая работа

Краткое описание

2001 жылы «ЕртісБизнесБанк» АҚ негізгі акционерлері ауысты. Банктің жаңа акционерлерінің қатарына кірген компаниялар: «Алматықұс» ААҚ, «Астық Астана 2030» ЖШС, «Байт Корпорациясы» ЖШС және «Жаңа Ғасыр-НС» ЖШС. Аймақаралық деңгейден республикалық деңгейге ауысуды және атауын «Альянс Банк» деп өзгертуді қамтитын тұрақты өсу стратегиясы қабылданды. «ЕртісБизнесБанк» ААҚ жаңа менеджменті республиканың банктік саласының жетекші мамандарынан құралды [17].ы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

«Альянс банк» АҚ.doc

— 550.50 Кб (Скачать документ)

2008 жылы корпоратив клиенттеріне  берілген несиелер 344 528 млн. тенге, яғни 49%, ал 2009 жылы 383 532 млн.тенге 55%-ды құраса 2010 жылы 322 376 млн. тенгеге төмендеген. Ал жеке тұлғаларға берілген несиелер 358 737 млн. тенге болса, 2009 жылы 314 350 млн. тенгеден есепті жылы 299 862 млн. тенгеге төмендеген (Сурет 7 қараңыз).

 

 

 

Сурет 7. «Альянс банк» АҚ-ның несие түрлерінің құрылымы

 

 

Қорытындылай келе корпоративтік клиенттеріне берілген несиеге қарағанда жеке тұлғалар алатын несие көрсеткіші төмендеген.

Соңғы кездері клиенттердің талаптарына байланысты несие мерзімдерін ұзарту мәселесіне көп көңіл бөлуде. Мерзімі бойынша несиелік портфельдік құрылым арқылы алған несиелердің қандай мерзімге халықтың сұранысы үлкен екенің көре аламыз (Кесте 5 қараңыз).

 

 

Кесте 5

Мерзімі бойынша несиелік портфельдің құрылымы

 

Несиелік портфель мерзімі

2008

2009

2010

млн.тнг

үлес,

%

млн.тнг

үлес,

%

млн.тнг

үлес,

%

А

1

2

3

4

5

6

1 айға дейін

324 437

29,3

17 525

4,7

21 217

5,3


Кесте 5 жалғасы

А

1

2

3

4

5

6

1 айдан 3 айға дейін

35 534

3,2

113 492

30,2

8 106

2,0

3 айдан 1 жылға дейін

154 883

14,0

4 091

1,1

35 603

9,0

1 жылдан 5 жылға дейін

399 008

36,0

82 358

21,9

82 671

20,9

5 жылдан жоғары

194 883

17,5

158 357

42,1

257 836

62,8


 

Бұл көрсеткіш клиенттердің несие мерзімін ұзарту қажеттілігін көрсетеді. 2008 жылы несиелік портфель мерзімі 1 жылдан жоғары несиелер 324 437 млн.тенге, яғни 29,3% болса, 2009 жылы 17 525 млн.тенге, ал 2010 жылы 5,3%-ға, 21 217 млн. тенгеге тең болды Банкпен берілетін қысқа мерзімді несиелердің үлесі, яғни 1 айға дейінгі және 1 жылға дейінгі несиелер, 2008 жылдың аяғында 3,2%, 2009 жылы 30,2%-ға өсіп, 2010 жылы 2,0%-ды құраған. Ал 3 айдан 1 жылға дейін берілген несиелер 2008 жылы 154 883 млн.тенге, яғни 14% , 2009 жылы 4 091 млн.теңге, 1,1%-ды құраса, 2010 жылы 35603 млн.теңгеге өскен. 1 жылдан 5 жылға дейін берілген несиелер 2008 жылы 36% болса, 2009 жылы 21,9%, ал 2010 жылы 20,9% құраған. 5 жылдан жоғары берілген несиелер 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 194 883 млн. тенгеден 158 357 тенгеге төмендеген, 2010 жылы 257 836 млн. тенгені құраған (Сурет 8 қараңыз).

 

 

 

Сурет 8. Мерзімі бойынша несиелік портфельдің құрылымы

 

 

Қорытындылай келе 2008 жылы 1 жылдан 5 жылға дейін берілген несиелер, ал 2009 жылы 5 жылдан жоғары мерзімге берілген несиелерге деген жеке тұлғалардың сұранысы 2010 жылы 20,7% өскен.

Банк несиелік портфелінің диверсификациясы ұлттық валютамыз теңге және шетел валюталарынан құралады (Кесте 6 қараңыз):

 

 

Кесте 6

Банктің несиелік портфелінің диверсификациясы

 

Валюталар

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

млн.тнг

үлес, %

млн.тнг

үлес, %

млн.тнг

үлес, %

Теңге

266 714

37,8

234 795

62,5

275 943

69,8

Доллар

371 322

52,6

134 119

35,7

114 585

29,0

Басқалары

67 458

9,6

6 909

1,8

4 905

1,2


 

 

Кесте 6 бойынша несиелік портфель диверсификациясының мәліметтері мынадай: 2010 жылдың 31 желтоқсанына Банктің несиелік портфелінің диверсификациясы көрсеткіші бойынша ұлттық валютамен берілетін несиеге сұраныстың жоғары екенін көруге болады. АҚШ долларындағы несие портфелі 2008 жылы 266 714 млн. тенге, яғни 37,8%, 2009 жылы 234 795 млн. тенге, портфель дивессификация жиынтығының 62,5%-ын құраса, ал 2010 жылы оның үлесі 69,8% болды. Басқа валютамен берілген несие 2008 жылы 9,6%, өткен жылмен салыстырғанда есепті жылы 1,8%-дан 1,2%-ға дейін төмендеген (Сурет 9 қараңыз).

 

 

 

Сурет 9. Валюта бойынша Банктің несиелік портфелдің диверсификациясы

Қорытындылай келе 2009 жылдың аяғында ұлттық валютада берілген несие көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 62,5%-ға өсіп, есепті жылда 37,8% болды. Осы көрсеткіштерге қарап, жеке тұлғалардың көбінесе ұлттық валютамызда несие алатынын байқаймыз. Көбінесе несиені беру шартарында теңгенің девальвациясы байқалған кезде банкке пайыз мөлшерлеменсін ұлғайтуға және мерзім алдында өтеуге құқы беріледі.

 

 

2.3 Банкте несиенің беру шарттары

 

 

Баспаналы болу - қай-қасымыздың да арманымыз, тіпті өмірдегі басты мақсатымыз. Осыдан үш-төрт жыл бұрын тұрғын үй нарығында бағалар шарықтап тұрған кезде баспанаға қол жеткізу орындалмайтын болып көрінетін. Сол уақытта баспананы ипотекалық несиеге алған адамдар көп ақша шығындады:

  • Біріншіден, нарықтағы баға біршама төмендеді.
  • Екіншіден, банк несиесінің арқасында бірнеше баспана алған адамдар түрлі себептермен алған несиесін қайтаруға қабілетсіз болып қалды.

«АльянсКредитИпотека» құбылмалы мөлшерлемесімен деген ипотекалық несие беру шарттарымен таңысайық.

Ипотекалық несие мерзімі: 37 айдан 240 айға дейін.

Валютасы: теңге.

Карыз сомасы: 1 100 000 теңгеден 30 000 000 теңгеге дейін, Қарыз алушы кірістері толық расталғанда сатып алынатын жылжымайтын мүлік құнынан 90% дейін/кірістері жартылай расталғанда сатып алынатын жылжы­майтын мүлік құнынан 50% дейін.

Бастапқы жарна:

Қарыз алушы кірістерін толық растаған жағдайда, сатып алынатын жылжымайтын мүлік құнынан 10 %-дан/Қарыз алушы кірістері жартылай расталған жағдайда, сатып алынатын жылжымайтын мүлік құнынан 50 %-дан.

Сыйақы мөлшерлемесі құбылмалы болады (Кесте 7 қараңыз).

 

 

Кесте 7

«АльянсКредитИпотека» құбылмалы мөлшерлемесімен

 

Мөлшерлеме:

Номиналды

ЖТМ

А

1

2

Банкінің жалақы жобасына қатысушылар, Альянс Банкінің серіктестерінің жұмыскерлері мен клиенттері үшін, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері үшін 

 

 

 

13,5%

 

 

14,6%-дан

жаңа клиенттер үшін: 

 

Кесте 7 жалғасы

А

1

2

бастапқы жарна 30%-дан және одан жоғары болғанда

 

14,8%-дан

бастапқы жарна 10%-дан 30%-ға дейін

15%-дан


 

Комиссиялар:

1. қарызды ұйымдастырған үшін:

- жаңа клиенттер үшін: бастапқы  жарна 30% -дан және одан жоғары  болғанда – бір рет қарыз  сомасынан 2%;бастапқы жарна 10%-дан 30%-ға  дейін болғанда – бір рет  қарыз сомасынан 3%;

- Банкінің жалақы жобасына қатысушылар, Банк серіктесі - Жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – ЖЗҚ) салымшылары, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері үшін:  – бір рет қарыз сомасынан 1%.

2. қолма-қол ақша алған үшін  – алынбайды;

Төлем қабілеттігі: кірісті жартылай немесе толық расталғаннан кейін несие алушы несиенің бұл түрін тиімді деп санаса, көрсетілген шатта бойынша ипотекалық несие беріледі.

Несие түрінің екішісі Алматы қаласының тұрғындарына АльянсКредит Ипотека «Ақкент» ТК пәтер сатып алу үшін арнайы бағдарламасын ашты. Арнайы шарттар тек қана «Ақкент» ТК пәтер сатып алу үшін.

Бастапқы жарна – сатып алынатын жылжымайтын мүлік құнынан 10 %-дан.

Кредит мерзімі – 20 жылға дейін

Кредит сомасы – 30 000 000 теңгеге дейін

Мерзімінен бұрын өтеу – 6 ай өтуі бойынша айыппұл ықпалшараларынсыз рұқсат етіледі.

Сыйақы мөлшерлемесі мынадай ( Кесте 8 қараңыз):

 

 

Кесте 8

АльянсКредитИпотека «Ақкент» ТК пәтер сатып алу үшін

 

Сыйақы мөлшерлемесі:

Номиналды

ЖТМ  

10,5%

11,2%- дан


 

 

Қарызды өтеу – ай сайын, аннуитет немесе тең үлестермен.

Комиссия қарызды ұйымдастырған үшін – қарыз сомасынан 2% [23].

Ең соңғы қарастырылатын несие «АльянсКредит Ипотека» бекітілген мөлшерлемесімен.

Бастапқы жарна - сатып алынатын жылжымайтын мүлік құнының 15%-ынан.

Бастапқы жарна болмаған жағдайда қосымша кепіл ретінде өтімді тұрғын

үй жылжымалы мүлкін ұсыну мүмкіндігі бар.

Төлем қабілеттілігін талдау:

- бастапқы жарнада жылжымайтын  мүлік құнынан 15% – кірісті толық  растау талап етіледі;

- бастапқы жарнада жылжымайтын  мүлік құнынан 50% – кірісті жартылай  растау мүмкін;

- бастапқы жарнада жылжымайтын мүлік құнынан 70% және онан жоғары – төлем қабілеттілігін талдау сауал­нама мәліметтеріне сәйкес.

Кредит мерзімі - 20 жылға дейін.

Кредит сомасы - 50 000 000 теңгеге дейін:

    • бастапқы жарна ретінде ұсынылған, өтімді тұрғын үй жылжымайтын мүлігі түріндегі қосымша кепілі бар болғанда, сатып алынатын жылжымайтын мүлік құнынан 100% дейін;
    • кірістерін толық растағанда сатып алынатын жылжымайтын мүлік құнынан 70% дейін;
    • кірістерін жартылай растағанда сатып алынатын жылжымайтын мүлік құнынан 50% дейін;
    • анкетадағы мәліметтерге сәйкес кірістерді есептегенде, сатып алынатын жылжымайтын мүлік құнынан 30% дейін.

30 000 000 теңгеге дейін - кірістерін  толық растағанда сатып алынатын  жылжымайтын мүлік құнынан 85% дейін.

Қамтамасыз ету - көп пәтерлі тұрғын үйден алынатын/бар пәтер, іргелес жер учаскесімен алынатын/бар тұрғын үй, сондай-ақ алғашқы жарна (болған жағдайда) ретінде ұсынылған өтімді жылжымайтын мүліктің кепілі түріндегі қосымша кепіл түрінде болады.

Мерзімінен бұрын өтеу кез келген уақытта айыппұл ықпалшараларынсыз рұқсат етіледі.

Сыйақы мөлшерлемесі нақты бекітілеген (Кесте 9 қараңыз):

 

 

Кесте 9

«АльянсКредитИпотека» бекітілген мөлшерлемесімен

Сыйақы мөлшерлемесі:

Номиналды

ЖТМ

қарыз мерзімі 1 жылдан 10 жылға дейін болса 

14,0%

15,08%-дан

қарыз мерзімі 10 жылдан 15 жылға дейін болса

14,5%

15,62%-дан

қарыз мерзімі 15 жылдан 20 жылға дейін болса

15,0% 

16,18%-дан




 

 

 

Қарызды өтеу – ай сайын, аннуитетті немесе тең үлестерде.

Қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия:

  • бастапқы жарна 15%-дан 30% дейін болғанда кредит сомасынан 3%;
  • бастапқы жарна 30%-дан 50% дейін болғанда кредит сомасынан 2,5%;
  • бастапқы жарна 50%-дан көп болғанда кредит сомасынан 2%.
  • Альянс Банкінің жалақы жобасына қатысушылар, Альянс Банкі серіктестерінің қызметкерлері мен клиенттері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері үшін кредит сомасынан 1%.

Информация о работе Альянс банк» АҚ мысалында ипотекалық несиелеудің даму деңгейін талдау