Өндірісті ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 12:16, курс лекций

Краткое описание

«Өндірісті ғылыми-техникалық дайындауды ұйымдастыру» пәні «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша бітірушілерге фундаментал база ролін атқарады. Өйткені әрбір өндіріс, мекеме, оқу орны, т.б. жұмыс орындарының жұмысы ең алғашқы жоспарлаудан басталады. Сонымен қатар сол жұмыс орнының құрылымы жайлы әрбір жұмысшыда нақты түсінік болу керек. Қарапайым жұмысшыдан бастап жұмыс орнының басшысына дейін атқаратын жұмыстары, оларға құрылатын жоспарлар алдын ала белгіленуі керек. Сондықтан осы пәнде көрсетілген мәселелердің бәрі толықтай қамтамасыз етілуі керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

УМК Орг.пр..doc

— 552.00 Кб (Скачать документ)

   Геологиялық –  техникалық наряд алу арқылы  жұмыстары басталады. 

   Бұрғылау бірнеше  сатыдан тұрады: (бұрғылау инстр-терін); ұңғыны бекіту; әр түрлі қосымша  жұмыстарды орындау (ұңғыны жуу, геофизикалық сынаққа дайындау, т.б.)

   Негізгі уақыт  шығындары механикалық бұрғылау  мен КТО кетеді. Бұл өндірістік  процестердің жұмыстарының тиімділігін  негізгі өндірістік көрсеткіш.

 

Өзін -өзі тексеру  сұрақтары:

 

  1. Өндірісті ұйымдастыру түрлері жөнінде түсінік
  2. Мұнай газ өнеркәсібіндегі негізгі өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері.

 

 

 

Тақырып 5.       Мұнай және газ өндіру процесін ұйымдастыру

 

  1. Мұнай және газ өндірудегі негізгі өндіріс процесін ұйымдастыру
  2. Қабат қонымын қолдау, оны ұйымдатыру жолдары
  3. Мұнайды дайындау және өндіруді ұйымдастыру
  4. Газкомпрессорлық жұмысты ұйымдастыру.

Мұнай және газ өндірудегі  өндірістік процессмынандай  қызметтерді  қамтиды:

    1. Қабатқа жасанды әсер ету әдістері және қабатқа мұнай және газды  жақындату жолдары.
    2. Жасанды және табиғи қалыптастыру негізінде механизацияланған тәсілді ққолдану арқылы мұнайгазды жоғары көтеру.
    3. Мұнайгазды жинау, тексеру, көлемін өлшеу.
    4. Мұнайгаздың товарлы сапасын беру мақсатында сүзу және дайындау.

 

   Мұнай және  газ өндірудегі ұйымдастыру формалары көптеген факторлармен анықталады. Көптеген жағдайларда табиғат факторлары әсері болып табылады (Шикізат көлемі қабатының қалыңдығы, ұңғы тереңдігі т.б.). Алдыңғы қатарлы озат техниканы енгізу, материалдық ресурстарды үнемді пайдалану және еңбекті ынталандыру.

   Мұнайгаз өндіруде  негізгі өндіріспен қатар, көмекші  өндірістік процестер жүргізіледі. 

  • Ұңғыны жөндеу жұмыстары
  • Көтеру, түсіру жұмыстары.

 

   Мұнайгазды өндіруде  мұнай кен орындарында ішкі  және сыртқы нұсқалы қабат  қысымын қолдайтын әртүрлі әдістер қолданылады. Қабат қысымын қолдау мұнай өндіруде 70% ке дейін арттыруға әсер етеді. Бұл жұмыс Қабат қысымын қолдану цехы арқылы жүзеге асырылады, ол бірнеше өндірістік топтардан тұрады:

  • Су қапалары, насос станциялары бар учаскелер. Олардың негізгі қызметі қабатқа суды айдау.
  • Қабатқа айдалатын судың сапасын бақылайтын су тазалау учаскесі.
  • Жөндеу және қалпына келтіру учаскелері.

Цехтың негізгі мақсаты  қабат қысымын көтеру, сол арқылы өнім көлемін ұлғайту.

   Мұнайды жинау  және дайындау жұмыстарымен мұнай және газ өндіру цехы айналысады. Цех құрамына цех жетекшілері, мұнайгаз өндіру бригадасы кіреді, цехтың құрамы скважина саны мен оның өнім көлеміне байланысты. Негізгі технологиялық жұмыс шикі мұнайды өндіру, сақтау және дайындау кешенді түрде жүргізіледі.

   Мұнайгаз өндіру  мекемесі жанында мұнайды дайындау  және цехтары болады.  Газкомпрессор  цех газды газқұбырларына беру, газ өндіру шаруашылығымен айналысады. Газды жинау, тасымалдау жұмыстарын  жүзеге асырады.

Қабат қысымына әсер ету жұмыстары

Мұнай – газ өндіру кәсіпорындарында қабат қысымын ұстау (қолдау) бойынша жұмыстары қабат қысымын ұстау цехын жасайды. Оның негізгі міндеті – жұмысшы агентті (мысалы суды бекітілген игеру жобасына сәйкес көлемде. Яғни белгіленген мұнай алуды қамтамасы ететін көлемде өнімді жер қыртысына айдау).

Қазіргі кезде өнімді жер қыртысына берілген су айдау  технологиясын қамтамасыз етуді  және ұстауды – қабат қысымын  ұстаушы цех атқарады, ол тікелей  МГӨК бастығына бағынады. Оған сәйкесті ақпарат келіп түседі, оны талдап, орталықтандырып, шешім қабылдап, қабат қысымын ұстау жөнінен технологиялық процесс енгізіледі.

Цех берілген су айдау  режимін қамтамасыз етеді, оның көлемі мен сапасын бақылаушы - өлшегіш  аспап көмегімен бақылайды, сондай – ақ ұңғының қабылдағыштығын  қадағалайды. Бұл үшін цехта инженер және суландыру звеносы болады, олар насос станциясы мен ішкі су науалары жүйесіне қызмет етеді. Суландыру жұмысына тәулік бойы жедел басшылық ететін кезек бастығы.

Цех өнімді жер қыртысына  айдалған су есебінен тәулік санын  жүргізеді. Суландыру нысандарының бәрі телефонды байланыста. Телемеханика жүйесі бойынша бақыланушы және басқарылушы нысандармен осы жүйе бойынша телефон байланысы бар.

                

 

Мұнайды дайындау және айдау.

Ұңғыдан келіп жатқан мұнай мен газ жабық жүйе бойымен жиналып, ұңғыдан тапсыру пункітіне дейін ауа өткізбейтін жағдайда барады.

Мұнайды жинау  жүйесі – мұнайдан газды ажырату, су мен құмнан тазарту, ұңғы дебитін өлшеу (мұнай, газғ су), мұнайды ішкі тасымалдау, оны өңдеуге даярлау, барлық өндіріліген мұнайды өлшеу және оны тапсыруды қамтамасыз етуі керек.

Ішкі мұнайды ұңғыдан  жинаушы қондырғыға дейін жинау  мен айдау жұмыстарын мұнай өндіру операторлары орындайды. Бұдан кейнгі мұнайды айдау, өңдеуге дайындау, сақтауға, есебін алуға және тапсыруға  дайындау жұмыстарын арнайы мұнайды дайындау және айдау цехтары жасайды.

Ең күрделі жұмыс  шебі – мұнайды өңдеуге дайындау. Бұл тікелей мұнай – газ  өндіруші кәсіпорында өту керек, механикалық қоспадан тұндыру, сусыздандыру (деэмульсация), тұзсындандыру (кальцийғ магний, натрий хлорлы тұздарынан) және тұрақтандыру жұмыстарынан тұрады.

Мұнай – газ өндіруші кәсіпорын өндірілген өнім (мұнай, газ) саны үшін ғана емес, сапасы үшін де жауап  береді. Бұл кезде мұнайды дайындау және айдау цехы техникалық айдау  бөлімі функциясын қоса атқарады, ол тапсырылған мұнай сапасына бақылау жасайды. Қазіргі кезде мұнай – газ өндіруші кәсіпорындар мұнайды ГОСТ – 9965 – 76 негізінде тапсырады. Су, тұз, механикалық қоспа мөлшері белгіленген нормадан аспауы тиіс.

Соңғы жылдары мұнай өндіруші кәсіпорындар тапсыратын дайындалған мұнай сапасының артуы байқалды, бұл негізінен деэмульсация технологиясын жетілдіру, тиімді реагент қолдану, жетілдірілген жабдық қолдану есебінен болды.

Жүктелген міндеттерін  орындау үшін мұнайды дайындау және айдау цехы, қабат қысымын ұстау цехы тәрізді МГӨК бастығына тікелей бағынады. Мұнай мен газды дайындау, тасымалдау, өткізу бойынша барлық өндірістік процестер орталық инженерлік – технологиялық қызмет арқылы атқарылады. Мұнайдың келуі, кондициясы, мұнай дайындау агрегаттары мен қондырғыларының жұмыстары, мұнай ағысының қозғылысы, оны жөнелту туралы ақпараттар легі орталық инженерлік – технологиялық қызметке ұдайы түсіп тұрады, мұнда технологиялық процестер енгізу туралы тиісті шешімдер қабылданады. ОИТҚ (орталық инженерлік – технологиялық қызмет) мұнай мен газды жинаудың, дайындау мен айдаудың технологиялық схемасын жарақталған. Бұл туындаған сұрақтарды шешіп, зардаптарды жоюға жәрдемдеседі. Мұнайды дайындау және айдау  цехына кіретін бригадалар: мұнайды дайындау бойынша; мұнайды айдау және цехқа бекітілген қазандық пен жабдықтарға қызмет көрсететін мұнайды жинау, сақтау, дайындау, айдауға арналған барлық жабдық цехқа бекітілген.

Цехты бастық басқарады, оның мұнайды дайындау, айдау жөнінен  көмекші инженерлері болады. Мұнайды дайындау бригадалары құрамына кіретіндер: операторлар, оператор көмекшілері, өнім сапасын бақылаушы лаборанттар.

Мұнай айдау бригадалары  мұнай айдау жөнінен операторлар, олардың көмекшілерінен, насос станциясы  машинистерінен (жұмысын механик басқарады) тұрады. Цех мұнай қондырғыларында дайындалған мұнайдың, және цех қабылдаған. Тапсырған мұнайдың есебін тәулік сайын жүргізеді.

Әр сорттың және резервуардың тапсырылатын мұнайына «тапсырылатын  мұнай паспортын» толтырады, онда зертхана мәліметтері: тығыздығы, тұз мөлшері, механикалық қоспа, су мөлшері көрсетіледі. Мұнайда тапсыру кезінде оның сапасын растайтын осы паспорт. Мұнай дайындау және айдау цехының мұнай тапсырылатын ұйымдармен өзара қатынасын жоғары тұрған ұйымдардың арнайы нұсқаулары реттейді. Бұл нұсқауларда мұнайды жеткізу, жөнелту, айдау, алу жоспарын бекіту тәртібі; жеткізуді орындау күні; бағаны орнату және жеткізілген мұнай төлемі тәртібі; тараптар жауапкершілігі және т.б. шарттар келтіріледі.

Мысалы, қазіргі кезде 1982 жылы енгізілген ГОСТ – 9965 – 78 бойынша тапсырылатын мұнай дайындау сапасын жақсартуды ынталандыру жүйесін қолданады. Мұнай өндіруші бірлестіктер мен мұнай құбыры басқармаларф арасында хлор тұздары мен су құрамы жөнінен сапасы жоғары мұнай үшін кәсіпорынның көтермен бағасы үшін үстеме ақы қосады, ал сапасы төмен мұнай үшін, бағасын төмендетеді. Мұнайды дайындау сапасы мен үстеме ақы және бағасын түсіру мөлшері мына кестеде келтірілген.

Мұнайдың дайындау дәрежесіне байланысты кәсіпорындардың мұнайдың көтерме бағасына үстеме ақы және бағасын түсіру шкаласы:

 

Таблица 1.

Мұнай тобы

Құрамы

Үстеме ақы (+) және бағасын түсіру (-) 1 т. мұнайға

Хлорлы тұздар мг/л

Су, %

I

40

0,5

+ 50

II

100

0,5

-

II

300

1

- 30

IV

300

1

- 90


 

Өзін - өзі тексеру  сұрақтары:

1. Мұнай және газ өндіру қызметі мәні, ерекшелігі

2.Негізгі өндіріс сипаттамасы,кезеңдері.

 

 

 

Тақырып 6. Мұнайгазды тасымалдау және сақтау қызметін ұйымдастыру

    1. Мұнайгазды тасымалдауды ұйымдастыру
    2. Мұнай базаларындағы өндірістік процесті ұйымдастыру
    3. Мұнай өнімдерін беру жүйесі

Мұнайгазды тасымалдау және сақтау мекеменің маңызды ерекшелігі бір  жағынан олардың мұнай газ  өндіру немесе мұнайгаз өңдеу өндірісімен  ұйымдастыру байланысы, екінші жағынан  тұтынушылармен байланысы. Бұл ерекшелік  көбіне құбыр жүйесі тасымалында және мұнай бағасы шаруашылығы мекемедегі өндірістік процесстерді анықтайды. Құбыр жүйесіндегә негізгі өндірістік процесс мұнай мен газды тасымалдауды қамтиды. Мұнай базаларында өнімдерін сақтау және өткізу жұмыстары мұнай жүйелерінде негізгі өндіріс процесс мұнайды өндіру аудандарынан мұнайды өңдеу зауытына құбыр, темір жол, теңіз пунктеріне және экспортқа тасымалдауды қамтиды. Өнім жүйесінің негізгі өндірістік тапсырмасы мұнай өнімдерін өндіріс аудандардан тұтыну аудандарына құю станцияларына немесе мұнай базаларына дейін тасымалдауда түйінделеді. Газ жүйелері бойынша газ газдың промыслдардан тұтынушыларға тасымалданады.

Газды өндірушілер, газ  жүйелері және тұтынушылар өзара  тығыз байланысты. Сондықтан негізгі  өндірісті ұйымдастыруда газды  өндіру газ жүйесінің өндірістік күшінің және газға мұқтаждық мүмкіндіктерінен шығады. Мұнай базасының негізі өндірістік процесі тұтынушыларды мұнай өнімдерімен керекті көлемінде белгіленген мерзімінде қамтуға бағаланған.

Қосалқы процестерінің  мақсаты бұларға мұнайгаз тасымалдау, сақтау және өткізу мекемелерінде еңбек құралдарын жөндеу, энергияны шығару, материалдық – техникалық қамту т.б. жатады. Яғни, негізгі өндіріс процесі жүзеге асыру үшін түрлі жағдайлар жасау және құру. Мұнайгаз тасымалдау, сақтау және өткізу мекемелерінде механикалық процесстер көп таралған. Машиналық – қолдық, машиналық немесе толық машиналық, автоматтандырылған процесстер, мұнай базалары көлікті отынмен қамту олардың жұмысының кезеңділігімен байланысты (қабылдау процестері, база ішілік айдау, мұнай өнімдерін беру, резервуарларды тазалау, мұнай өнімдерін сақтау, көлемін өлшеу процестері үзілмелі процестерге жатады).

Үзіліссіз өндірістік процестер  мұнайгаз айдау мекемелеріне тән. Магистралды  құбыр жүйесіндегі үзіліссіз  процестер үшін оның кеңістіктегі территориялы орталығына тән. Мұнайгаз айдау процестерінде өндірістік операциялар бір – бірінен жүздеген және мыңдаған километрге алшақ объектілерде өндіріледі. Бірақ бұл процестер уақытымен біріктіріледі. Процесті уақыты бойынша біріктіру әртүрлі өндірістік операциялардың орындалуының бір уақытылы деңгейін көрсетеді. Бұл көрсетілген өндірістік процестің үзақтылығына байланысты. Ұйымдастыру күнделігіне байланысты мұнайды тасымалдаудың өндірістік процесі келесі жұмыс процестерін қосады.

  • Мұнай тасымалдау үшін құбыр жүйесін дайындау
  • Агрегаттарды қосу
  • Айдауды бақылау

Мұнай базаларындағы  өндірістік процесс келесі жұмыс  процесінен тұрады:

  1. Мұнай жүктерін қабылдау.
  2. База ішілік өнімді айдау.
  3. Сақтауды бақылау.
  4. Резервуарларды тазалау.

2. Мұнай өнімдерін  беру.

Мұнайгаз тасымалдау, сақтау және өткізу қызметіндегі өндірістік процестерді  ұйымдастыру шаралар комплексін қосады. Бұлар құбыр жүйесі тасымалдарын және мұнай базасы шаруашылығы жұмысының  технико – экономикалық көрсеткішті  бұл негізде жақсарту мен құбыр  жұйесінің өткізгіштік мұмкіндігін және мұнай базасының қуатын толық қолдануға бағытталған.

Өндірістік процесті ұйымдастыруды әрі қарай жақсарту ерекше мәнді, үлкен мөлшерді құбырларды кең қолдану, автоматтандырылған басқару  жүйелерін және жаңа техниканы кең қолдану мақсатында иеленеді.

Информация о работе Өндірісті ұйымдастыру