Өндірісті ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 12:16, курс лекций

Краткое описание

«Өндірісті ғылыми-техникалық дайындауды ұйымдастыру» пәні «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша бітірушілерге фундаментал база ролін атқарады. Өйткені әрбір өндіріс, мекеме, оқу орны, т.б. жұмыс орындарының жұмысы ең алғашқы жоспарлаудан басталады. Сонымен қатар сол жұмыс орнының құрылымы жайлы әрбір жұмысшыда нақты түсінік болу керек. Қарапайым жұмысшыдан бастап жұмыс орнының басшысына дейін атқаратын жұмыстары, оларға құрылатын жоспарлар алдын ала белгіленуі керек. Сондықтан осы пәнде көрсетілген мәселелердің бәрі толықтай қамтамасыз етілуі керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

УМК Орг.пр..doc

— 552.00 Кб (Скачать документ)

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті


Өндірісті ғылыми-техникалық дайындауды ұйымдастыру пәні  бойынша ОӘК.аға оқытушы, т.ғ.м Шадьярова Ж.К..

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

«Физика – математика» факультеті

«Физика және техникалық пәндер кафедрасы» кафедрасы

 

 

 

 

Студенттің  пән бойынша оқу-әдістемелік кешені

Пән:    «Өндірісті ғылыми-техникалық дайындауды ұйымдастыру»

Мамандық:  5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау-2013

 

Құрастырушылар: __________________________________________________________

(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

 

 

 

 

 

Аннотация:

«Өндірісті ғылыми-техникалық дайындауды ұйымдастыру» пәні «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша бітірушілерге фундаментал база ролін атқарады. Өйткені әрбір өндіріс, мекеме, оқу орны, т.б. жұмыс орындарының жұмысы ең алғашқы жоспарлаудан басталады.

Сонымен қатар  сол жұмыс орнының құрылымы жайлы  әрбір жұмысшыда нақты түсінік  болу керек. Қарапайым жұмысшыдан бастап жұмыс орнының басшысына дейін  атқаратын жұмыстары, оларға құрылатын  жоспарлар алдын ала белгіленуі керек. Сондықтан осы пәнде көрсетілген  мәселелердің бәрі толықтай қамтамасыз етілуі керек.

 

 

 

 

 

Өндірісті ғылыми-техникалық дайындауды ұйымдастыру пәнінің  оқу-әдістемелік кешені

(пән коды және аты)

Физика – математика факультеті студенттері үшін /

(факультет  аты)

Құрастырушы Шадьярова Ж.К. – Атырау: Х.Досмұхамедов

(аты-жөні)

атындағы АМУ баспасы, 20___ - б.

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

  1. Глоссарий.................................................................................................
  2. Лекция сабағының қысқаша мазмұны..................................................
  3. Тәжірибелік сабақтар.............................................................................
  4. Оқытушылардың жетекшілік етуімен студенттердің өз беттерімен жасайтын жұмыстары.............................................................................
  5. Студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстары................................
  6. Емтихан сұрақтары.................................................................................
  7. Ұсынылатын әдебиеттер.......................................................................

 

 

1. Глоссарий

 

Өндірістік  операция -  еңбек құралының, еңбек затының, жұмыс орнының ауыспайтындығымен сипатталатын процестің бір бөлігі.

Үзіліссіздігі – дегеніміз өндірістік процестегі үзілістерді азайту немесе жоюды көздейді.

Ритмі – дегеніміз мекеменің барлық бөлімшелеріндегі өндірістік процестің дұрыс жүргізілуіне бағытталған график бойынша мұнай өндіруді көздейді.

Бірқалыптылығы – мекеменің барлық бөлімшелеріндегі тең деңгейдегі өнім қабілетін сипаттайды.

Мамандандырылу - өндірістік процесс пен кадрлар бойынша ерекшеленген өндірістік бөлімшелерді біріктіруді көздейді

Циклдың ұзақтығы – біріншіден, соңғы операцияларға дейін сай келетін процестердің календарлық уақыт кезеңі.

 (ЖЭО). жылу электр орталығы

Сапа  аудиті сапа облысындағы қызметтер мен нәтижелердің жоспарланған шараларға сәйкестігін анықтауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ шараларды жүзеге асыру тиімділігін және олардың мақсаттарға жетуге жарамдылығын анықтайтын тәуелсіз тексеру.

Сыртқы аудит – кәсіп бизнеске қатысты шығынды сыртқы мекемелермен жүргізіледі.

(ТКЖ) -тәжірибелік конструкторлық жұмыстар

 (ТЭН) -техникалық - экономикалық негіздеу

 

 

2. Лекция  сабағының қысқаша мазмұны

Тақырып 1. Кәсіпорында өндiрiстi ұйымдастыру негiздерi

 

  1. Курстың мақсаты, құрылымы
  2. Пәннің мазмұны, әдісі
  3. Курстың экономикалық және басқа салалармен байланысы

Бұл пән кәсіпорындағы  өндірісті ұйымдастыру мәселесін  теориялық және методологиялық тұрғыда  оқытуға бағытталған. Өндірістік кәсіпорындар нарықтық экономикалық кезеңде өнеркәсіптің негізгі өндіріс жүйесін құрайды. Әрбір өнеркәсіп кәсіпорынның қарауында өндірісті орындауға қажетті қорлары, қаржы, еңбек және өндіріс ресурстары болады. Өндірістің толықтай өз тұрғысынан жабдықталуда, еңбек өнімін өндіруде, өнім шығаруда өте ұтымды тұрғыда ұйымдастырылуы қажет. Қазіргі шаруашылық жағдайда өндірістік кәсіпорында өнім өндіру ғылыми жұмыстарын жүргізуді, технологиялық жаңалықтарды талап етеді. Бұл мәселелер барлық кәсіпорындарға қажетті, сонымен қатар кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру әртүрлі деңгейдегі өндіріс жүйелері арқылы жүргізіледі. Өндірісті ұйымдастыру, оның қндіруші шаруашылық қызметі өндіріс жүйесін құрайтындарының барлығын қамтиды. Оның құрамды бөліктерінің қатарына қосылатындар:

  • еңбек процесінің өтілу жағдайлары мен орындалу тәсілдерінің жетілуі, орындалуы кәсіпорын қызметінің қалыпты жағдайын ұйымдастырады;
  • өндіріс факторларының үйлесімді топталып ұйымдастырылуы;
  • өндірістің автоматтандырылған және икемді автоматтандырылған үйлесімі, кешенді механизация тек технологиялық операция ғана емес, жұмыстың көмекші тәсілі арқылы да ұйымдастырылады (белгілеу, болжау, бақылау сияқты);
  • өнім сапасын техникалық тексеру, кәсіпорында өңделетін өнім сапасын бақылау қоғам еңбегін және бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

Өндіріс ұйымдастырылуы және оларды тиімді жүргізу, ғылыми техникалық жылжуын шапшаңдатудың басты  факторы болып саналады. Олар кәсіпорынның қаржы, материалды, еңбек қорларын анағұрлым  тиімді және толық пайдалануын, өнім сапасының жоғарлауын, өзіндік құнның төмендеуін, өндіріс және еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз етеді.

Бұл пәннің теориялық  негізі болып экономика теориясы, өндіріс экономикасы саналады. Бұл  өндірісі дамуының экономикалық заңдарын, кәсіпорынның экономикалық даму жолдарын, техникалық экономикалық көрсеткіштерді құрастыру, экономикалық тиімділікті арттыруды қарастырады. Сонымен қатар өндірісті ұйымдастыру пәннің мақсаты өндірісті ұйымдастыру қағидасын, әдістерін, формаларын зерттеп, және оларды басқару болып табылады. Қазіргі заманғы инженер – экономист менеджер жаңа техника технологиясын игере отырып, өндірісті басқару жүйесін құра білу, жаңа технология мен техника өндірісін тез түсініп, пайда мен тиімділікті жоғары қамтамасыз ете білуі керек. Өндірісті ұйымдастыру пәні алдына қойған мақсаты нақты кәсіпорын жағдайында оның өтілуі және өндірісте еңдектің және заттың жиынтығын анықтайтын, өндірісте өнімнің сандық және сапалық тәуелділігінің , алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктерінің тәжірибесі негізінде зерттелуі болып табылады. Өндіріс өнімінің көрсеткіші барысының сандық және сапалық тәуелділігі кәсіпорын және оның бөлңмшелерінің жұмыс жоспарын әзірлеуге негізгі хабар болып табылады. Сондықтан өндірісті ұйымдастырудың сұрақтары уақыт ішінде жоспарлаумен тәкелей байланыста қаралады.

Өндірісті ұйымдастыру  курсын зерттеу тарихы және диалектикалық  қдісі бойынша орындалады. Дамудың  заңдылықтарына бағынатын тарихи үдерісі  ретінде өндірістік шаруашылығы  қызметінің барлық құбылысын қарастырады. 

Өндірісті ұйымдастыру  сұрақтарына диалетикалық жағынан қарағанда кез – келген инженерлік және ұйымдастырушылық өндіріс тәсілі бүгінгі күні қаншалықты сәтті болса да, техника жетістіктерінің ықпалымен жаңа, міндеттемелер орындалуымен байланыстылығын білдіреді.

Басқаша айтқанда еңбекші  ұжымның әлеуметтік даму деңгейінің үзіліссіз жоғарлауында кәсіпорынның өндірісті ұйымдастыру тиімділігін, іздеу тиімділігін, шығармашылық жүмысы, ұйымдастыру диалектикалық әдісі арқылы қарастыруға мүмкіндік туғызып отыр.

Бұл жұмыстың жоғары ықпалын  қамтамасыз ету үшін қажетті мәселелер:

  1. Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру сұрақтарын ел дамуы мәселелерімен байланысты қарастыру қажет.
  2. Өндріс дамуында ғылыми – техникалық тенденцияны зерттеу.
  3. Отандық және шетелдік кәсіпорынның алдыңғы қатарлы жұмыс тәжірибесін енгізу және қорыту.

Курстың мазмұны кәсіпорынның өндіруші қызметінің негізгі жақтарын зерттеу болып табылады.

Яғни жеке еңбек , еңбек  құралы, еңбек өнімін, өндіріс құрылымын  тиімді құры және зауыт, цех, учаскелерді  жоспарлау мәселесін, еңбек үдерісін тиімді ұйымдастыру сұрақтары, басқару және жалақы төлемін ұйымдастыру жаңа техника мен технологияны жасау мақсатында анағұрлым тиімді жолдары.

Өндіріс үдерісінде еңбек  құралдарын ауыстыру тәсілі сонымен  цех ішілік, аралық ұйымдастыру көмекші  және қойма шаруашылығында негізгі өндірістқызметті ұйымдастыру. Кәсіпорынға капитал жұмсау тиімділігі, өндіретін өнім сапасын көтеру мәселесі, кәсіпорынның пайдасының өсуі өндіріс шығынының төмендеуінің негізгі бағыттары.

Өндірісті ғылыми-техникалық дайындауды ұйымдастыру пәнінің мазмұны экономикалық және техникалық салалармен оның байланысынан анық байқалады. Бұл аталған курстың экономикалық және техникалық салалардың арасындағы аралық жағдайды көрсетеді. Бұның шешім талқылаулары экономикалық, техникалық және инженерлік ғылым негіздерімен бағаланады. Сондықтан бұл пән инженерлік – экономикалық пән болып табылады.

Бұл завод үшін жоспарлау, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, еңбекті  техникалық нормаландыру, программалау, статистика, маркетинг, аудит, қаражат, несие бұлардың негізінде өндірісте жақсарту мен нәтижесін арттыру шараларын жүргізеді. Техникалық салалар еңбек құралдардың өнімдері бұлардың жасалуының дамуын өркендеу заңдылықтарын зерттейді. Бұл салалар, соның ішінде мұнайгаз өндірісіндегі техникалық процестер еңбек құралдары және қондырғылар, қолданбалы математика, ЭВМ – ді инженерлік және басқада пәндер өндірісті ұйымдастыруда инженерлік сұрақтар үшін негіз болып есептеледі. Пәннің міндеті өндірісті ұйымдастыруда және меңгеруде нақты ғылымдардың техникалық салалардың барлық жиынтығының нәтижелі түрде қолданылуы. Өндірісті ұйымдастыру құқықтық ғылымды кеңінен пайдалануды болжайды, яғни бұл кәсіпорынды, цехты, учаскені зерттейді, сонымен қатар философиямен, социологиямен, педагогикамен тығызы байланысты.

 

Өзін -өзі тексеру  сұрақтары:

  1. Кәсіпорын экономикасының негізгі мәселелері
  2. Кәсіпорынның мәні және түрлері
  3. Кәсіпорынның нарық жағдайындағы негізгі мәселелері
  4. Пәннің басқа пәндермен байланысы

 

Тақырып 2.Өндірістік кәсіпорындар, оның өндірістік жүйесі

 

  1. Өндірістік кәсіпорынның өндіріс жүйесі
  2. Мұнайгаз өнеркәсіп саласындағы кәсіпорынның өндіріс құрылымы
  3. Кәсіпорынның материалды - техникалық базасы

Кәсіпорын өндірісті ұйымдастырудың негізгі объектісі өндірістік кәсіпорындар немесе бірлестіктер бұл өнеркәсіпті өнімнен негізгі өндірушілері болып табылады. Өзінің ұжымдық көмегімен олар толық шаруашылық иесі өзін - өзі қаржыландыру және өзін - өзі сатып алу негізінде өндірістік шаруашылық қызметін жүзеге асырады. Ол өзіндік дербес балансы бар және заңды тұлға болып табылады. Сондықтан олар ерекше өндірістік шаруашылығын білдіреді.

Кәсіпорын – ол толық, ерекше өнеркәсіптік шаруашылық ағза, мұнда әлеуметтік бірлік өнеркәсіпті техникалық бірлік болжанады. Соонымен қатар ұйымдастырушылық әкімшілік бірлік кіреді

Әлеуметтік бірлік еңбек  бірлігінің  құрылымын  болжайды. Ол әртүрлі әлеуметтік топтардан  тұрады. (еңбек персоналы, жұмысшылары, техника инженер, кіші қызметтенуші персоналдар). Бұлар кәсіпорын алдында қойылған мақсаттардың жетістігі мыналарды алдын – ала қарастырады:

  • технологиялық құралдардың сәйкестігі және белгілі өнімнің өндірістік алаңдарын басты инженер келбетінде техникалық және өндірістік білестігің қарастырылады;
  • ұйымдардың әкімшілік бірлігі еңбек ұжымының бірлігін болжайды.

Ол кәсіпорындарда өндірістік  шаруашылығының қызметімен айналысады.

Өндірістік кәсіпорындар қатарына зауыттар, фабрикалар, комбинаттар, шахта, порт және әртүрлі өндірістік базалар кіреді. Кәсіпорын қызметі  ішкі және сыртқы ортамен сипатталады, кәсіпорынның ішкі ортасы ол адамдар, өндіріс құралдары, ақша және ақпарат түрлері. Осы орта құрамының әсерінен дайын өнім немесе жұмыс қызмет пайда болады.

Кәсіпорынның негізі болып адамдар, яғни персоналдар  оның квалификациялық құрамы саналады. Олардың қабілеті мен іс - әрекетінің өндірісінің нәтижесі мен жетістіктері байланысты болады.

Оларға өндірісті жүргізу  үшін өндіріс құралдар, айналым қоры қажет және материалдар – құралдар, қондырғылар, энерго – ресурстарын  сатып алуға қызметкерлерге жалақы төлеу немесе басқа төлемдер жасау  үшін ақша қаражаты керек. Сол сияқты қаражат қызметі үшін өте маңызды болып ақпараттар саналады коммерциялық, техникалық, оперативтік болып бөлінеді.

Коммерциялық  ақпараттар - өнімді қандай мөлшерде, қандай бағамен кімге өткізу керек және қандай шығындар кетеді деген мәселені қарайды.

Технологиялық - өнімді дайындаудың технологиясын, яғни керекті механизм қондырғы саймандарды алуға қажет.

  • персоналға күнделікті тапсырма беру, бақылау, есептеу мәселелері қарастырылады.

Информация о работе Өндірісті ұйымдастыру