Өндірісті ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 12:16, курс лекций

Краткое описание

«Өндірісті ғылыми-техникалық дайындауды ұйымдастыру» пәні «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша бітірушілерге фундаментал база ролін атқарады. Өйткені әрбір өндіріс, мекеме, оқу орны, т.б. жұмыс орындарының жұмысы ең алғашқы жоспарлаудан басталады. Сонымен қатар сол жұмыс орнының құрылымы жайлы әрбір жұмысшыда нақты түсінік болу керек. Қарапайым жұмысшыдан бастап жұмыс орнының басшысына дейін атқаратын жұмыстары, оларға құрылатын жоспарлар алдын ала белгіленуі керек. Сондықтан осы пәнде көрсетілген мәселелердің бәрі толықтай қамтамасыз етілуі керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

УМК Орг.пр..doc

— 552.00 Кб (Скачать документ)

Өндірістік циклдың  ұзақтығы мен құрылымы жұмысты ұйымдастыру  формаларына байланысты. Циклдың  ұзақтығы мекеменің өндірістік әрекетін сипаттайды, ол өндірісті ұйымдастырудағы  өзгерістерді көрсетеді және өндірілетін өнім көлеміне, өнімнің өзіндік құнына, негізгі және айналым қорларын пайдалану деңгейінеғ ақыр соңында пайда мен рентабельділікке ықпал етеді.

 

2. Мекеме қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштері өндірістік процестердің қайталануына байланысты. Мекемеде бірдей процестер неғұрлым көп орындалса, соғұрлым жұмыс орындарының мамандануы, жоғары өнімді қондырғыны пайдалану мүмкіндігі жоғары болады. Өндірістік процестердің қайталануы - өндірістің түрін анықтаушы белгі болып табылады. Өндірістің 3 түрі ажыратылады: бірлік, сериялы, массалы.

Бірлік өндіріс дербес тәртіп бойынша дайындалатыфн әр түрлі және тұрақсыз өнім номенклатурасы. Бірлік өндіріс мекемеде жұмыс орындары әр түрлі өндірістік операцияларды орындау үшін қабңлеттенеді, әмбебап жабдықтарды қолданады, өндірілген өнімнің өзіндік шығыны мен сыйымдылығы жоғары деңгейде болады. Мұнай және газ өнеркәсібі мекемесіндегі бірлік өндіріске геологиялық зерттеу жұмыстары, құрылыс монтажды жөндеу жұмыстары тағы да басқалар жатады.

Сериялы өндіріс кезінде өнім қайталану сериялары бойынша өндіріледі. Әрбір серияға бір өнім түрі жатады. Серияның көлеміне байланысты шағын, орташа, күрделі сериялы өндіріс болып бөлінеді. Сонымен  қатар серия көлемі өндіріс процесінің сменалық кезеңін анықтайды. Сериялық өндіріс мекемеде жұмыс орындарында мамандандырылған. Өндірістік типтік бұл түрі бірлік өндіріспен салыстырғанда аса жоғары технико – экономикалық көрсеткішке ие. Сериялық өндіріс мекемелері бұрғылау станоктарын, геофизикалық аппаратураны тағы да басқаларды дайындайды.

Массалы өндіріс мекемелері шектелген номенклатуралы өнімді көп көлемде өндіреді. Бұл түрдегі өндіріс өндірістік процестердің тұрақты болуымен жәнежұмыс орындарының шағын мамандануымен сипатталады. Әрбір жұмыс орнында күнделікті орындалатын бір операция түрі жүргізіледі. Өндірістің массалы түрі аса қолайлы. Ол өндіріс процесінің механизациялануы мен автоматизациялануы үшін максималды жағдай және жоғары технико – экономикалық көрсеткішке жету жағдайын туғызады. Мысалы, бұрғылау тұрбаларын дайындайтын мекемелер, мұнай өндіру бойынша мекемелер массалы өндіріске жатады.

Өндіргіш күштердің  дамуы неғұрлым терең қоғамдық бөлінумен  және еңбекті жалпылаумен сипатталады. Осы заңдылықта өндірісті ұйымдастырудың прогрессивті формалары: мамандандыру, шоғырландыру, біріктіру, құрамдастыру қалыптасты. Бұл формалардың дамуы өзара байланысты және өнеркәсіптің барлық салаларындағы өндірістің темпін анықтайды.

Мамандандыру  – бұл өндіріс салаларын ерекшелендіру процесі, олардың ішінде белгілі бір өнімді оған тән технологияны және арнайы жабдықтарды қолданумен байланысты біртекті өндірістің шоғырлануы. Өндірісті мамандандырудың үш  түрі бар:

Заттық – бұл өндірістік звенолар дайын өнімдерді шығаруға мамандандырылады.

Бөлшектік – мұнда оларға дайын өнімнің белгілі бір бөлшектерін және жартылай өнімдердің өндірісі беріледі.

Деңгейлік (технологиялық) – мұнда олар берілген саладағы өнім өндірісінің жалпы технологиялық процесінің белгілі бір деңгейін орындайды.

Мысалы, бұрғылау мекемелері заттық мәні бойынша маманданған, ал оның негізгі өндірісінің бөлек цехтары технологиялық мәні бойынша мұнай және газ өнеркәсібі саласында мамандану үлкен экономикалық мәнге ие. Маманданған мекемелер жоғары өнімді жабдықтарды және алдыңғы қатарлы технологияны қолдану, өндірісті кешенді механизациялау және автоматизациялауды енгізу. Техниканы толық қолдану мүмкіндіктеріне ие.

Өндірісті біріктіру - өнімді дайындауға біріге қатысатын маманданған салалар және мекемелер арасындағы байланыстарды ұйымдастыруда қортындыланады. Біріктірілген байланыстар өнімді жеткізу және қызмет көрсетудің өзара келісілген өндірістік бағдарламалар мен графиктер негізінде қамтылуы керек. Сонымен қатар салаішілік және салааралық біріктіруді ажыратады. Салаішілік біріктіруде өндірістік байланыстар өнеркәсіптің бір саласындағы мекемелер арасында орнатылады. Салааралық біріктіруде әрбір саланың мекемелері арасында орнатылады. Біріктірудің деңгейі мынадай көрсеткіштермен сипатталады: берілген, біріктірілген мекемелер саны; ауданішілік және ауданаралық біріктіру бойынша шоғырланатын өнімнің жалпы саласындағы біріктірілген жеткізулердің үлестік салмағымен; өнімдердің және жартылай фабрикаттардың белгілі бір түрін ауданішілік және ауданаралық жеткізулердің үлестік салмағымен.

Өндірісті шоғырландыру – ірі мекемелерде өнім шығаруды шоғырландыру процесі. Өндірісті шоғырландыруды жетілдіру үшін маңызы мәнді жабдықтарды модернизациялау және техникалық процестерді жетілджіру, мекемеде қосымша техникалық жетілдірілгенжабдықтарды орнату, ірі мекемелер құрылысы, өндірісті ұйымдастыруды және оны басқаруды жетілдіру қажет. Өндірісті шоғырландыру деңгейі мынадай көрсеткіштермен сипатталады: өнімді табиғи және құндық көрсетілімде шығару көлемімен, негізгі өндірісі қорларының құнымен, өндірістік, өнеркәсіптік, персоналдық санымен, ірі мекемеде шығарылған негізгі өндіріс қорларының үлестік салмағымен, өндірістік, өнеркәсіптік персоналды жұмысшыларының үлестік салмағымен.

Өндірістік шоғырлануының  өсуінің экономикалық мәні мекеменің  қуатының өсуімен және жабдықтың  өнімділігінің өсуімен, жалпы шаруашылықтың қызметке және қосалқы шаруашылыққа шығындар төмендеуінде сипатталады. Ірі мекемелер техниканы, технологияны және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру үшін және осының негізінде шоғырланатын өнім көлемін және еңбек өнімділігінің өсуін көбейту үшін үлкен мүмкіндіктерді иеленеді.

Өндірісті ұйымдастыру -    бір мекеменің немесе өзара байланысты мекемелердің тобындағы өнеркәсіпте қызметтің әртүрлі салаларын біріктіруден тұрады. Құрамдастыру шикізатты кешенді қолдану, өндіріс қалдықтарын қолдану, еңбек құралдарын өңдеудің керекті деңгейлері негізінде жүзеге асуы мүмкін. Құрамдастыру өндірісті ірілетумен, оны шоғырлануымен бірге жүреді. Мұнай және газ өнеркәсібінің барлық өндірісінен құрамдастырудың ерекшелігі мұнай және газ өңдеуге тән. Мұнай және мұнай газын жан – жақты өңдеу отынның, майдың және мұнай – химия өнімінің керекті түрін алуға мүмкіндік береді. Геологиялық іздену жұмыстары, бұрғылау және мұнай – газ өндірісін құрамдастыруға мүмкіндік жоқ. Тек қана мұнай және газ өндіруде мұнай газын жан – жақты қолдану мақсатында өндіріс құрамдастырылуы мүмкін.

 

Өзін -өзі тексеру  сұрақтары:

   1.Өндіріс процесін ұйымдастыру жолдары

   2.Өндіріс ті ұйымдастыру түрлері

   3.Өндірісті ұйымдастыру формалары

 

Тақырып 4. МГӨ саласындағы негізгі өндірісті ұйымдастыру және оның ерекшелігі

  1. МГӨ саласындағы өндіріс кезеңі
  2. МГӨ саласындағы кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастыру
  3. МГӨ саласы өндірс ерекшеліктері

    Мұнай және  газ өнеркәсібі күрделі және  маңызды өндірістік процесстерден,кезеңдерден  тұрады. МГӨ саласындағы өндіріс кезеңдері мына сатыны қамтиды: геологиялық барлау, бұрғылау, мұнай және газ өндіру, тасымалдау, өңдеу және өнімдерді өткізу.

   Геологиялық барлау  аса күрделі процесс, ол мыңдаған  квадрат киламетрге созылған  территорияда жүргізіледі. Ондағы объектілер орталықтан көп қашық жатқан мекендерде орналасқан, бір жерден екінші жерге ауыстырылып тұрады.

   Геологиялық барлау  қызметінің өнімі-ашылған кен  орындары, мұнай және газ өнімдерінің  запас көлемін анықтау. Бұл  қызметпен геологиялық іздену және барлау мекемелері, кәсіпорындары айналысады. Бұл геологиялық барлау жұмыстары бірнеше жылдарға созылады, ондағы өндірістік процесс үш этапты қамтиды: аймақтық, іздену және барлау. Бұл қызметтер алты өндірістік кезеңге бөлінеді.

    Бірінші кезеңде аймақтық геолого-геофизикалық жұмыстар жүргізіледі. Оның мақсаты геологиялық құралысты зерттеу, мұнайгаз жинағын белгілеу. Бұл жұмыстар геофизикалық зерттеу геологиялық түсіру арқылы жүргізіледі.

   Екінші кезеңде  мұнай және газ өнімдерін бұрғылауға  алаң дайындау Д, , С3,С2 категориялары бойынша өнімдер запасын анықтайды, мұнай және газ кен орнын ашады.

   Үшінші кезеңде  мұнайгаз кен орындарының маңыздылығын  анықтап, оның параметрлерін бағалайды.

    Төртінші және  бірінші кезеңдерде кен орнын  өндіріске дайындау, мұнайгаз запастарының қуаты, жерастындағы деңгейі, басқа да көрсеткіштері анықталады.

    Алтыншы кезеңде  өндірістік мұнайгаз запастарын  анықтау, кен орнын бұрғылау  қызметіне тапсыру жүргізіледі.

   Геологиялық барлау  процесінің әр кезеңінде барлау қызметі кешенді түрде орындалады, яғни геологиялық түсіру, электрлібарлау, геофизикалық, геохимиялық, зерттеухана жұмыстары кешенді жүргізіледі.

   Геологиялық қызметте  геофизикалық барлау жұмысының  да маңызы зор.

Дайындау.

5.Геофизикалық жұмыстарға  керекті қопарғыш заттарға рұқсат құжаттарын дайындау, топографиялық карта, басқа материалдарды жинау.

6. Партияны сумен,тамақ  өнімдерімен жабдықтау, қаржыландыру.

      Дала  жұмыстары- бұл партия қызметінің  маңызды кезеңі. Дала жұмыстарын  дұрыс ұйымдастыру, геологиялық барлау қызметінің тиімділігімен байланысты. Дала жұмысы кезеңінде геологиялық түсіру және геофизиялық партия мынандай қызметтер атқарады:

  • Әр жұмыстың орындалу әдісін белгілеп, оған керекті отряд, бригада мүшелерін тағайындайды, оларды қондырғылармен жабдықтайды.
  • Жұмыс кестесі жасалады, оған жобаланған жұмыс, еңбек шығын нормалары, мөлшері, т.б көрсеткіштері енгізіледі.
  • Қондырғылар мен құрал- жабдық жөндеу кестесі жасалады.
  • Жиналған деректер сарапталады, күнделік жұмыстары қортындыланады.
  • Геологиялық зерттеу мәліметтері мен материалдарының сапасы тексеріледі

   Партияны тарату.

Геологиялық барлау жұмысы аяқталғаннан кейін, дала жұмысы кезеңі тоқтатылады. Партия мүлікиерін жинап, экспедиция орталыққа қайтарылады. Ол партияны тарату кезеңін білдіреді. Әрбір қызметкер есеп айырысып, келесі сезонға дейін кәсіпорынға (трест,басқарма) қайтарылады. Қызметті аяқтау жұмысы геологиялық (отчет) есептеме жасалғаннан кейінгі уақыт саналады. Геологиялық есептеме беру бірнеше айға созылады. Есептеме далалық зерттеу жұмысы нәтижесін сипаттайды.

        Ұңғының құрлысы мынандай өндірістік  кезеңдерді қамтиды: бұрғы құрлысына  дайындық; мұнараны құру; бұрғыны  орнату және бекіту; ұңғыны сынау;  қондырғыларды қайта жинау; ұңғы  құрлысының ұзақтығын өндірістік  циклмен сипаттайды. Өндірістік цикл станко-ай; станко-тәулік; станко-сағат өлшем бірліктерімен белгіленеді. Өндірістік цикл құрамына жұмыс уақыты мен үзілістік кезеңдер кіреді.

      Бұрғы  құрлысына дайындық жұмысымен  дайындау бригадалары айналысады. Дайындық жұмыстарын 3 категорияға бөлуге болады.

  1. Блоктарды тасуға арналған трасса дайындау, су, электр жүйесін жүргізу, байланыс жүйесін құру.
  2. ұңғыға құрлысына бұрғы орнату алаңын дайындау, фундаментін салу.
  3. Қондырғыларды құру және құрастыру.

    Бұл бригада  құрамында жұмысшылар саны жұмыс көлеміне байланысты болады.

(20-23)(бригадир, дәнекерлеуші, плотник, электр.монтер).

    Негізгі өндіріспен  қатар ұңғы құрылысында әр  түрлі қосымша өндірісте жүріп  тұрады, оның көбі бұрғылау процесінің  уақыт балансына кіреді. Оларға  маына жұмыстарды жатқызады: ұңғыны жуу, өлшеу жұмыстары, тұрбалы бұрғыны ауыстырып тұру, дайындау және аяқтау жұмыстары.

    Электрлі өлшеу  жұмыстарын өндірістік геофизикалық  қызмет атқарады.

   Өндірісті ұйымдастыруда  бұрғылау жұмыстары кезінде болатын  апаттарға көп уақыт кетеді. Геологиялық ерекшеліктеріне байланысты апат жағдайына, оны қалпына келтіруге уақыт беріледі.

   Жөндеу жұмыстарын  жөндеу бригадалары жүргізеді.

   Ұңғыны өнімге  сынау – бұл құрылысты аяқтау  кезеңі, өндірістің нәтижесін, тиімділігін  анықтайды. Бұл өндірістік циклге мына қызметтер жатады: сынауға арналған қондырғыларды құру, компр-лы-насостық тұрбаны түсіру, перфорация жұмысы, өнімділігін сынау, жөндеу, ағын суды бекіту жұмыстары.

   Қазіргі уақытта  ұңғыны сынауға арнайы жылжымалы  қондырғылар пайдаланылады.

   Мұнай ағымын  шақыруға компрессорлық әдісті  пайдаланады. Перфорациялық жұмысты  геофизикалық партиялар орындайды.

   Өз жұмыстары  жөнінде тапсырмаалады, онда жұмыс  көлемі, нормасы, ралценкасы көрсетіледі.

   Әрбір өндіріске  технологиялық кесте жасалады, жұмысшыларды бөлу және материалды – жабдықтармен қамтамасыз етуі көрсетіледі.  Мұнаралау жұмысы біткеннен кейін арнайы актілер жасалады. Бұлардың жұмысын бұрғылау бригадасы қабылдап алады.

   Бұрғылау және  бекіту процесі мұнаралау жұмысынан кейін басталады.

   Ұңғының бойын  бұрғылау жұмысын бұрғылау бригадасы  жүргізеді. Өндіріс процесінің  ұзақтығына байланысты бригада  құрамы жинақталады. Жұмыс процесі  3 вахтадан (кезек) тұрады. Вахтада  разрядтарына байланысты бұрғышылар, бұрғышының көмекшілері, машинист, дәнекерлеушілер, электр монтер т.б. қызметкерлер жұмыс жасайды.

Информация о работе Өндірісті ұйымдастыру