Өндірісті ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 12:16, курс лекций

Краткое описание

«Өндірісті ғылыми-техникалық дайындауды ұйымдастыру» пәні «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша бітірушілерге фундаментал база ролін атқарады. Өйткені әрбір өндіріс, мекеме, оқу орны, т.б. жұмыс орындарының жұмысы ең алғашқы жоспарлаудан басталады. Сонымен қатар сол жұмыс орнының құрылымы жайлы әрбір жұмысшыда нақты түсінік болу керек. Қарапайым жұмысшыдан бастап жұмыс орнының басшысына дейін атқаратын жұмыстары, оларға құрылатын жоспарлар алдын ала белгіленуі керек. Сондықтан осы пәнде көрсетілген мәселелердің бәрі толықтай қамтамасыз етілуі керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

УМК Орг.пр..doc

— 552.00 Кб (Скачать документ)

Сыртқы ортаға мыналар  жатады: мемлекеттік органдар, тұтынушылар, шикізат немесе қаражат берушілер және сол аймақтағы тұрғындар

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы деп өндірушілік бөлімшелері  мен қызметінің жиынтығын, олардың  өзара қатынасын айтады. Өндірістік құрылым өндірістік процесінің ерекшелігіне, ұйымдастыру әдістері мен түрлеріне байланысты. Өндірістік құрылымды сипаттайтын негізгі көрсеткіштер болып ондағы цехтар т.б. бөлімшелер жатады.

Кез – келген өндірістік кәсіпорын атқаратын қызметіне  қарай негізгі және қосалқы өндірістер болып бөлінеді.

Негізгі өндіріс бұл  өнімді дайындауға, яғни белгілі бір шикізаттан өнім жасап шығару процесін қамтиды.

Қосалқы негізгі өндірісте  өнімд жасап шығаруға байланысты әртүрлі жағдайлар жасап отырады. Мысалы: бұрғылау қызметінде негізгі  өндіріске бұрғыны құру, мұнараны монтаждау, бұрғылау, сынау сияқты процесстер кіреді.

Қосалқы өндіріске бұрғылау мекемесі бригадасы бұрғылау қондырғысын  жөндеу жұмысы, электрқондырғысын жөндеу және электрмен қамтамасыз ету жұмыстары, ұңғыны жуу жұмыстары кіреді. Соған  байланысты бұрғылау мекеменің өндірістік құрылымын мынадай кестемен көрсетуге болады. 

Кесте 1.


 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

Кесте 2.



 

 



 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұнай – газ өндіріснің бір бөлігі экспортқа құю, пунктеріне, тұтынушыға жіберіледі де, ал қалғаны  мұнай өнімдерін дайындау үшін өңдеу  кәсіпорнына жіберіледі. Мұнайды өңдеу және мұнай өнімдерін дайындау қызметімен мұнай өңдеу зауыты айналысады. Бұл кәсіпорындарда процесстер негізгі және қосалқы болып бөлінеді:

  1. Мұнайды тұзсыздандыру.
  2. Мұнайды алғаш өңдеу.
  3. Баяу кокстеу.

Кәсіпорынның қосалқы  өндірісі шаруашылық бөлімшелерден тұрады:

  1. Өндірілген мұнай өнімдерін қабылдау жұмысы.
  2. Кәсіпорынның барлық өндірісіне керекті электроэнергияның дұрыс таратылуы.
  3. Өнімді тексеру, тарату.
  4. Мұнай өнімдерін талдау.
  5. Әкімшілік шаруашылық жұмыстар.
  6. Механикалық жөндеу жұмыстары.
  7. Құрылыс жөндеу жұмыстары
  8. Көлік жұмыстары
  9. Өрттен қорғау қызметі.
  10. Төтенше жағдай қадағалау шаруашылығын іске асыру бөлімшелері.

Өзін -өзі тексеру  сұрақтары:

  1. Кәсiпорынның жалпы және өндiрiстiк құрылымы туралы түсiнiк
  2. Өндірістік техникалық қызмет көрсетудің құрылымы
  3. М.Г.Ө. кәсіпорынды ұйымдастыру және оны құру принциптері

 

Тақырып 3. Өндірістік процесс негіздері және оны ұйымдастыру

  1. Өндірістік процесс туралы түсінік, оның құрылымы
  2. Өндірістік процесті ұйымдастыру
  3. Өндіріс түрлері және формалары

Кез – келген өндірістік мекемелердің қызметінің негізін өндірістік процесс құрайды. Өндірістік процесс еңбек затының еңбек өніміне айналуына тікелей бағытталған қызмет, яғни өндіру немесе оны шикізаттан немесе материалдардан, жартылай фабрикаттардан дайындау өндірісін қамтиды. Өнім өндіру немесе дайындаумен қатар, өндірістік процесс жекелеген жұмыс түрлерін орындауға бағытталуы мүмкін.

Мұнай және газ өндірісінің  әр түрлі звеноларындағы өндірістік процесс алуан түрлі. Олар атқаратын  қызметтері, функциялары мен мақсаттары, механикаландыру және автоматтандыру деңгейі, ұйымдастыру тәсілі бойынша классификацияланады.

Өнім өндірудегі функциялары  бойынша өндірістік процесс екіге  бөлінеді: негізгі және қосалқы. Негізгі  өндіріске еңбек затының еңбек  өніміне айналуына тікелей бағытталған қызмет жатады. Қосалқы процесс дегеніміз тікелей немесе негізгі өндірісті материалдық ресурстармен жабдықтаумен айналысатын цехтар мен бөлімшелердің жиынтығы. Негізгі процестер де, қосалқы процестер де күрделі болады. Оларды ұйымдық және техникалық негізделген жеке процестерге бөліп қарастыруға болады: алғашқы іздестіру және детальдық іздестіру. Өз кезегінде іздестіру процестерінде жекелеген партиялармен орындалатын жұмыс кешендері, ал барлау жұмыстарында ұңғы құрылысы бойынша процестер ажыратылады. Жеке іздестіру партияларымен орындалатын жұмыс кешенінің құрамына енетін жекелеген процестерге мыналар кіреді: жобалық – сметалық жұмыстар; партияларды ұйымдастыру бойынша жұмыстар; партия ликвидациялары бойынша алаңдағы жұмыстар т.б.

Мұнай және газ ұңғыларының  өндірістік процесі мынадай жеке процестерден құралады:

1.Ұңғы құрылысына дайындық  жұмыстары; 2.Бағандарды монтаждау;

3. Бұрғылау қондырғыларын  монтаждау; 4.Бұрғылауға дайындық  жұмыстары;

5.Ұңғы қазу көлемі; 6.Ұңғы өнімділігін есептеу; 6.Бұрғылау қондырғыларын демонтаждау.

Мұнай өндірудің өндірістік процесін мынадай кезеңдерге бөлуге болады: ұңғыдан мұнайды көтеру, мұнайдан газды айыру, мұнайдан суды айыру, мұнайды технологиялық жағынан  дайындау, тауарлық мұнайды жинау  және сақтау.

Жекелеген өндірістік процестер  бірнеше операциялардан құралады. Олар еңбек белгісі бойынша қабылдау процесінен, технологиялық белгісі  бойынша алмасу процесінен тұрады. Өндірістік операция -  еңбек құралының, еңбек затының, жұмыс орнының ауыспайтындығымен сипатталатын процестің бір бөлігі. Егер жұмысшы немесе жұмысшылар тобы жұмыс уақытында жабдықты, еңбек құралдарын ауыстырса немесе басқа жұмыс орнына ауысса, бұл бір операцияны орындау аяқталып, келесі операцияны орындау басталғанын көрсетеді.

Қабылдау - дегеніміз еңбек процесінен нақты факторды алып тастау немесе қосу мақсатындағы жұмысты орындаушылардың аяқталған әрекеті.

Алмасу процесі  – дегеніміз орындалу кезінде өзгеріссіз қалатын операциялар жиынтығы.

Өндірістік  процесті жекелеген элементтерге бөлу оның құрамы мен құрылымын жан – жақты талдауға мүмкіндік береді. Бұлайша бөлу өндірісті және еңбекті тиімді ұйымдастыруда маңызды роль атқарады.

Өндірістік процестерді (негізгі және қосалқы) және сәйкесінше өндірістік операцияларды олардың  құрамына енетін жұмыстарға байланысты келесі топтарға бөлуге болады: қолды – машиналық, қолды – механикалық, машиналық, автоматтандырылған және аппаратуралы.

Қолмен жасалатын процестерге  қандай да бір механизмнің, механикаландырылған  құралдардың және энергия көздерінің болмауы тән. Бұл жұмысты жұмысшылар қолмен орындайды.

Машиналы –  қолды процестер машина көмегімен жүзеге асады, сонымен бірге қол күштерін қажет етеді.

Қолды – механикалық қолмен жасалатын процестерден ерекшелігі механикаландырылған қол инструменттерін, энергия көздерін пайдалану арқылы орындайды.

Машиналық процестер  машина көмегімен жүзеге асады, оны  жұмысшы физикалық күш жұмсамай – ақ басқара алады.

Автоматтандырлыған өндірістік процестерде өнімді дайындау бойынша  негізгі жұмыстар толығымен автоматтандырылған, ал қосалқы процестер – толығымен кейде ішінара. Бұл жағдайда жұмысшының қызметі автоматты – машинаның жұмысын бақылауға бағытталған. Аппаратуралы процестер жылу, қысым, электрлік немесе химиялық энергия әсерімен еңбек затын сапалы түрде өзгертуге бағытталған аппараттарда, пештерде орындалады. Жұмысшының қызметіне техникалық режим параметрлерін бақылау кіреді.

Өзінің мазмұны бойынша  өндірістік процестер механикалық  және физико – химиялық болып бөлінеді. Оның біріншісі механикалық күштердің  әсерімен еңбек затының формасын, көлемін, жағдайын кеңістікте өзгертеді. Өндіруші салаларда олар табиғи массивтен өнімді бөліп алуға бағытталған. Физико- химиялық процесс кезінде қандай да бір энергия түрінің ықпалымен еңбек затының қасиеті мен құрылымы өзгереді немесе бастапқы шикізат және материалдар бір күйден екінші күйге өтеді.

Уақыт бойынша таратылуына  байланысты өндірістік процестер үзілісті және үзіліссіз болып бөлінеді.

Үзілісті өндірістік процесс кезінде жұмыс белгілі  бір уақытта ешқандай шығынсыз тоқтап қалуы мүмкін. Бұл процестерге біртекті операциялардың жиі қайталануы тән. Үзіліссіз өндірістік процесс кезінде уақыт бойынша ешқандай үзіліссіз әрбір операция алдыңғы операция біткеннен кейін басталады. Үзіліссіз өндірістік процестер – бұл еңбек затының құрамы мен қасиетін өзгертуге бағытталған процестер. Үзіліссіз өндірістік процестер негізгі қорды неғұрлым толық пайдалануды, айналым қорларының айналу жылдамдығын тездетуді, өнімнің өзіндік құнын төмендетуді және өндіріс тиімділігін көтеруді қамтамасыз етеді.

Кез – келген өндірістік мекемедегі өндірістік процесті ұйымдастыру мына басты принциптерге сүйенеді:

  1. Үзіліссіздігі; 2. Ритмділігі; 3.Бірқалыптылығы; 4.Мамандандырылуы; 5.Автоматтандырылуы.

Үзіліссіздігі – дегеніміз өндірістік процестегі үзілістерді азайту немесе жоюды көздейді.

Ритмі – дегеніміз мекеменің барлық бөлімшелеріндегі өндірістік процестің дұрыс жүргізілуіне бағытталған график бойынша мұнай өндіруді көздейді.

Бірқалыптылығы – мекеменің барлық бөлімшелеріндегі тең деңгейдегі өнім қабілетін сипаттайды.

Мамандандырылу - өндірістік процесс пен кадрлар бойынша ерекшеленген өндірістік бөлімшелерді біріктіруді көздейді. Мамандандыру айтарлықтай экономикалық тиімділікпен ерекшеленеді, негізгі қорларды пайдалану деңгейін көтеруді қамтамасыз етеді, өзіндік құнды төмендетуге және өнім сапасын жақсартуға, өндірістік процестерді автоматизациялауға себебін тигізеді.

Автоматтандырылу - өндірістік процестің тез орындалу деңгейін анықтайды. Автоматтандырылу принципі тек технологиялық процесте ғана емес, сонымен бірге оны басқаруда, өндірісті жоспарлау, бақылау, реттеу және қызмет көрсетуде де қолданылады. Кешенді автоматизация еңбек өнімділігін жоғарылату және еңбекті жеңілдетуге, өнім спасын жақсарту және өзіндік құнды төмендетуге бағытталға

  1. Өндірістік процесті ұйымдастыру

Құрамы мен сипаты бойынша біркелкі орындалатын операциялар  кеңістік және уақыт бойынша таратылады. Кеңістікте өндірістік процесті тарату дегеніміз – жұмыс орындауының  нақты санында өндірістік операцияларды  тарату.

Уақыт бойынша өндірістік процесті тарату - өндірістік процестің ұзақтығын анықтаушы әр түрлі операциялардың уақыт бойынша таратылуы. Мысалы, өндірістік процесс 20 операциядан тұрады делік. Олар 20 жұмыс орнында бірмезгілде орындалса, уақыт бойынша үйлесімді, кеңістік бойынша үйлесімді, уақыт бойынша үйлесімсіз. Өндірістік процесті кеңістік және уақыт бойынша тарату көптеген өндірістік жағдайларға, соның ішінде орындалатын жұмыс пен өндірілетін өнімнің құрамы мен ерекшелігіне, қолданылатын қондырғыларға, өндірісті механизациялау және автоматизациялау деңгейіне байланысты болады. Өндірістік операцияларды кеңістік және уақыт бойынша тарату өндірістік процесті ұйымдастыру формаларын анықтайды.

Өндірісті ұйымдастырудың 3 түрі ажыратылады: тізбекті, параллельдік, тізбекті – параллельдік.

Тізбекті  форма бойынша әрбір келесі операция алдыңғы операция толық аяқталған соң жүзеге асырылады. Өндірісті ұйымдастырудың тізбекті формасында өндірістік тапсырмаларды шешуге немесе өнім бірлігін өндіруге кететін уақыт неғұрлым көп болады. Сондықтан мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарында бұл форма көп қолданылмайдай.

 Параллельді форма өндірістік операциялардың уақыт бойынша үйлесімін көздейді. Бұл форманы иімді қолдану үшін қажетті жағдай – біртекті ұзақтылық және әрбір өндірістік операцияның жеке жұмыс орнында орындалу мүмкіндігі. Мұны жүзеге асыру қиын болғандықтан, өндірістік процесті ұйымдастырудың параллельдік формасын қолдану мүмкіндігі шектелген.

 Тізбекті  – параллельдік – бұл өндірістік операциялардың нақты бөлігі тізбекті түрде, келесі бөлігі параллельдік түрде жүзеге асырылады. Мұнай және газ өнеркәсібі, кәсіпорындарында көбінесе тізбекті – параллельдік форма қолданылады.

Дайын өнімді алудың барлық стадияларының жиынтығы өндірістік процестің құрылымын қалыптастырады, ал шикізатты өндірістік процеске жібергеннен бастап, дайын өнім алғанға дейінгі кезең өндірістік цикл деп аталады. Осылайша, өндірістік процестер орындалатын календарлық уақыт - өндірістік цикл. Мұнай өнеркәсібіндегі өндірістік цикл геологиялық барлау жұмыстары және ұңғыны бұрғылаудан тұрады.

Толық геологиялық  барлау циклы – геологиялық барлау тапсырмаларын шешуге қажетті мұнай және газ кендерін ашу және пайдалануға дайындық сияқты барлық өндірістік процестер орындалатын календарлық уақыт. Бұрғылау кезіндегі толық өндірістік цикл өзара байланысты процестер мен операциялардың күрделі жүйесін құрайды. Өндірістік процестерге кіретін жұмыстың жеке түрлеріне қарапайым өндірістік циклдер сай келеді. Мысалы: айсмобарлау партиясының циклын ұйымдастыру, механикалық шеберханаларда қандай да бір бөлшектерді дайындау циклы және тағы басқалар.

Циклдың ең маңызды сипаттамаларына  оның ұзақтығы мен құрылымы жатады.

Циклдың ұзақтығы – біріншіден, соңғы операцияларға дейін сай келетін процестердің календарлық уақыткезеңі.

Циклдың құрылымы – бұл циклдың жалпы ұзақтығын қосатын жеке уақыт шығынының арақатысы. Әрбір циклды өндірістік операциялар орындалатын уақытқа, яғни жұмыс уақытына және үзілістер уақытына бөлуге болады.

Үзілістер мына жағдайда болады: толық аяқталған бір циклдан  келесісіне көшкен кезде, аяқталған элементарлы бір циклдан келесісіне көшкен кезде.

Информация о работе Өндірісті ұйымдастыру