Кәсіпорынның қаржы ресурстары туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2014 в 09:24, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2009 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: «Біз әділ бәсекелестік орта қалыптастыру мен экономикалық ойыншылардың бәріне бірдей жағдай туғызу жөніндегі жұмысты тиянақтауға тиістіміз.»– деп айтқандай, нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйін орнықтылығының негізі оның өзінің қаржы ресурстарын тиімді қалыптас-тыра білуінде және орынды пайдалана білуінде болып табылады. Яғни ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен өткізудің үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатындай етіп өзінің қаржы ресурстарын үйлесімді басқаруды білдіреді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

СӨЖ last.docx

— 124.17 Кб (Скачать документ)

        Қаржы менеджментінің басты мақсаты – кәсіпорынды қажетті және жеткілікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес нарық талаптарына сай және кәсіпорынның мүмкіндіктеріне сай қаржы саясаты қалыптасады. Мұнда жауапкершілік орталықтарына және жұмыс бағыттарына қарай қаржы ресурстарын қалыптастыру міндеттері анықталады және бөлінеді.

      Қаржы ресурстарын басқару стратегиясы басты мақсатқа жетудің алуан түрлі әдістері мен әрекеттерін қамтиды, атап айтқанда:

  • қаржы ресурстарының қалыптасуы және оларды орталықтандырылған түрде стратегиялық басқару;
  • оларды орындау үшін шешуші бағыттарды анықтау және күштерді жұмылдыру;
  • мақсаттарды саралау және оларға қол жеткізу;
  • қаржылық қызметтің кәсіпорынның экономикалық жағдайына және материалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келуі;
  • әрбір кезеңдегі қаржылық-экономикалық жағдайды және кәсіпорынның қаржылық жағдайын объективті түрде ескеру;
  • стратегиялық резервтерді әзірлеу және қалыптастыру;
  • өзінің бәсекелестері мен әріптестерінің экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерін ескеру;
  • бәсекелестер тарапынан негізгі қауіп-қатерді анықтау, оның алдын алуға негізгі күштерді жұмылдыру және қаржылық операциялардың бағыттарын дұрыс таңдау.

Осылайша, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы: қаржы стратегиясының теориясы мен тәжірибесінің тиімді қатынасының нәтижесінде; қаржылық стратегиялық мақсаттардың кәсіпорынның нақты экономикалық және қаржылық мүмкіндіктеріне  сәйкес келген уақытында қамтамасыз етіледі.

Жекелеген мақсаттарға қол  жеткізу стратегиясы басты стратегиялық мақсатты жүзеге асыруға бағытталған  қаржылық операцияларды дұрыс орындаумен сипатталады. Осы орайда қаржы стратегиясының міндеттеріне келесілер жатады:

  • нарық жағдайларындағы қаржы ресурстарының қалыптасу заңдылықтарын зерттеу; қаржы ресурстарын қалыптастыру нұсқаларын әзірлеуге жағдайлар жасау және қаржылық тұрақсыздық, дағдарыс жағдайларындағы қаржы менеджерлерінің әрекеттерін анықтау;
  • тұтынушылар мен жабдықтаушылар, бюджеттер мен банктер және басқа да қаржы институттарымен қаржылық қарым-қатынастарды анықтау;
  • өндірістік негізгі және айналым құралдарын барынша тиімді қолдану үшін резервтерді анықтау және ресурстарды оңтайландыру;
  • өндірістік-шаруашылық қызметке қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
  • барынша жоғары табыс алу мақсатында кәсіпорын қолындағы уақытша бас қаражаттарды тиімді инвестициялануын қамтамасыз ету;
  • табысты қаржы стратегиясын жүргізу және қаржылық мүмкіндіктерді ұтымды қолдану әдістерін анықтау, сондай-ақ кәсіпорын жұмысшыларын жан-жақты дайындау, олардың ұйымдық құрылымын жетілдіру және кәсіпорынды техникалық жасақтау;
  • мүмкін болатын бәсекелестердің стратегиялық көзқарастарын және олардың экономикалық, қаржылық мүмкіндіктерін зерттеу, олармен күресте өзінің қаржылық тұарқтылығын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу және жүзеге асыру.

Қаржыны басқару стратегиясының жүзеге асырылуын бақылау табыстар табуды, оларды үнемді қолдануды тексеруге  мүмкіндік береді. Жақсы ұйымдастырылған  қаржылық бақылау ішкі резервтерді  анықтауға, шаруашылықтың рентебельділігін арттыруға, ақша қорларын ұлғайтуға  көмегін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

    Қорыта келгенде корпорациялардың қаржысы деп өнiм өндiрiп немесе қызмет көрсетiп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады. Оны осы курстық жұмыстың негізгі бөлімінде айқындап,нарықтық экономика жағдайындағы мәні мен мақсатын, құрамы мен құрылымын қарастырдық. Яғни қаржы ресурстары: амортизатция,жалпы пайда, қарыздық,тартылғандар және жергілікті бюджеттен қаржы бөлу және бюджеттік емес қорлардан келген түсімдерді көптеген бөлімдерге бөліп қарастырдық.Олардың қайнар көздерімен таныстық. Қаржы ресурстарының пайда болуына қарай олар ішкі (өзіндік) және сыртқы(тартылған) болып бөлінетінін, олардың құрылымы бірнеше этаптардан тұратынын білдік.

  Ал екінші бөліміне келетін болсақ,онда кәсіпорынның ұйымдастырушылық –экономикалық сипаттамасын, қаржы ресурстарының кәсіпорындағы ағымы мен пайдаланылуын зерттедік,мысал ретінде «Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамын аламыз.Оның 1.01.2010 ж.-31.12.2012 ж арасындағы көрсеткіштерді қарастырып өттік. Қаржы ресурстары мен капитал кәсіпорын қаржысын зерттеудің басты обьектісі болып табылады.

  Үшінші бөлім қаржылық стратегиямен толықты. Қаржылық стратегия – бұл кәсіпорынды ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету бойынша әрекеттердің басты жоспары. Ол қаржылардың құрылу теориясы мен тәжірибесі, олардың және нарықтық шаруашылық жағдайында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жоспарлау мен қамтамасыз ету сұрақтарын қамтиды. Қаржылық стратегия құрамы: негізгі және айналым қаражаттарын оптимизациялау, табысты бөлуді оптимизациялау, қолма-қолсыз есеп-айырысу облысында саясат, бағалы қағаздар облысында саясат. Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын қалыптастыруға байланысты ұсыныстар кәсіпорынды қаржылық талдау нәтижелеріне бойынша қорытындылар негізінде жасалады.

   Қаржылық стратегия жасау қадамдары келесі кезеңдерден құралады: дайындық кезеңі; қаржылық жоспарлаудың мақсаттарын анықтау және қалыптастыру; жоспарланатын кезеңге кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі критерийін таңдау; қаржылық стратегияны құруға қатысты ұсыныстарды жасау, сандық және сапалы бағалау және таңдау; кәсіпорынның болжамды қаржылық есептемесін құру; таңдалған ұсыныстарды есепке ала отырып, кәсіпорынның болжамды жағдайын қаржылық талдау; жоспарланатын кезеңге кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі критерийлеріне жетуді бағалау; кәсіпорынның жоғары басшылығымен қаржылық стратегиясының бекітілуі.

   Қорыта келгенде, кәсіпорын қаржысын тиiмдi ұйымдастыру кәсiпкерлiк қызметтi қаржыландыруды және оны несиелеудi жүзеге асырады. Оның басты мақсаты корпорацияның нарықтық ортада жоғары пайдаға жетуiн және шығындарын минималдауды қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша қаржы ресурстарының маңыздылығына көз жеткіземіз.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Мейірбеков А.Қ., «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2003
  2. Өсербайұлы А., «Корпоративтік қаржы», Алматы - 2005
  3. Жүйріков К.К., «Нарықтық экономикадағы қаржы ресурстары», Банки Казахстана, 2001, №6
  4. Үмбетәлиев А., «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік», Алматы – 2002
  5. Дүйсенбаев К.Ш., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», Алматы – 2001
  6. Жүйріков К.К., «Кәсіпорынның қаржы анализі», Алматы – 2003
  7. «Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» АҚ басты сайты , www.kmg.kz

 


Информация о работе Кәсіпорынның қаржы ресурстары туралы жалпы түсінік