Кәсіпорынның қаржы ресурстары туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2014 в 09:24, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2009 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: «Біз әділ бәсекелестік орта қалыптастыру мен экономикалық ойыншылардың бәріне бірдей жағдай туғызу жөніндегі жұмысты тиянақтауға тиістіміз.»– деп айтқандай, нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйін орнықтылығының негізі оның өзінің қаржы ресурстарын тиімді қалыптас-тыра білуінде және орынды пайдалана білуінде болып табылады. Яғни ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен өткізудің үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатындай етіп өзінің қаржы ресурстарын үйлесімді басқаруды білдіреді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

СӨЖ last.docx

— 124.17 Кб (Скачать документ)

Сонымен жалпы капитал  құрамындағы элементтердің біршамасы  есепті жылы өскенін көреміз.       

Енді оның құрылымына көз  салайық: жалпы міндеттемелер мен  капиталдың барлығының құрамында 2010 жылы капитал үлесі 44,32% болса, 2012 жылы 71,53%-ға дейін жеткен, ал міндеттемелер үлесі 2010 жылмен салыстырғанда 27,22%-ға төмендеген, яғни 2010 жылы – 55,68%, ал 2012 жылы – 28,46% құраған.

Қаржылық тұрақтылықтың  абсолютті көрсеткіштері деп  тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу  көздерімен қамтамасыз етілу деңгейін көрсететін көрсеткіштерді айтамыз.

 

Кесте 4.«Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның қаржыландыру көздерінің құрамы мен           

                       құрылымы

 

Көрсеткіштер

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

мың теңге

% үлес

мың теңге

% үлес

мың теңге

% үлес

1. Капитал

168733696

44,32

173732563

39,81

525757815

71,538

1.1. Жарғылық капитал

11761130

3,089

11792208

2,702

259276481

35,279

1.2. Басқа капитал

1315825

0,346

   

92249

0,0126

1.3. Бөлінбеген табыс

154162438

40,49

161860819

37,09

266383385

36,246

1.4. Компания акционерлерінің  капиталы

167239393

 

173653027

 

525752115

 

1.5. Азшылық үлесі

1494303

0,392

79536

0,018

5700

0,0008

2. Міндеттемелер

212019928

55,68

262651145

60,19

209179574

28,462

2.1.Ұзақ мерзімді  міндеттемелер

118050040

31

117928068

27,02

100843962

13,721

2.1.1 Қарыздар

50758435

13,33

54028740

12,38

37972387

5,1668

2.1.2 Кейінге қалтырылған  табыс салығы

18485814

4,855

14197680

3,253

10715701

0,549

2.1.3 Резервтер

48805791

12,82

49701648

11,39

52155874

7,0966

2.2. Ағымдағы міндеттемелер

93969888

24,68

144723077

33,16

108335612

14,741

2.2.1 Қарыздар

18100418

4,754

21121175

4,84

21695307

2,952

2.2.2 Табыс салығы бойынша  міндеттемелер

20390400

5,355

46994090

10,77

25551751

3,4767

2.2.3 Саудалық және басқа  кредиторлық қарыз

34646110

9,099

51167595

11,73

40457729

5,5049

2.2.4 Резервтер

20832960

5,472

25440217

5,83

20630825

2,8072

Міндеттемелер мен капитал барлығы

380753624

100

436383708

100

734937389

100


Ескертпе –  2010-2012 жылдар аралығында «Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.

       Кәсіпорын қызметінің тұрақтылығы оның жалпы қаржылық құрылымымен, сыртқы кредиторлармен және инвесторлармен қатынас деңгейіне байланысты. Осылай қызметтің үрдісі барысында көптеген кәсіпорындар меншікті капиталмен бірге біршама қарыз қаражаттарының соммасынан тартады. Бірақ қарыз міндеттемелерінің едәуір ұлғаюы нәтижесінде, егер бірнеше кредитор бір уақытта өз қаражаттарын қайтаруды талап етсе, банкроттыққа ұшырауы мүмкін.

  • Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бейнелейтін негізгі көрсеткіштердің бірі баланс валютасында меншікті қаражаттардың үлесін анықтайтын тәуелсіздік коэффициенті болып табылады:

 

= ,                                                                    (2)

мұндағы, СК – меншікті капитал, мың теңге;

∑К – капиталдың жалпы  сомасы, мың теңге.

Оның өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігінің ұлғаюын, болашақта  қаржылық қиыншылықтар тәуекелінің төмендеуін білдіреді.

Қарстырылып отырған кәсіпорында  бұл көрсеткіш келесі мәндерге ие:

2010 жылы: = = 0,44бірлік;

2011 жылы: = = 0,39бірлік;

2012 жылы: = = 0,71бірлік.

«Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз»  АҚ мысалында берілген коэффициент 2010 жылы 0,44 құрады, бұл кәсіпорынның сыртқы кредиторлар мен инвесторлар қаржылық ықпалынан біршама тәуелсіз қызмет етуін білдіреді. Бірақ 2011 жылы жалпы активтерге қарағанда меншікті капитал жеткіліксіз болғандықтан, бұл көрсеткіш 0,39-ға дейін төмендеді – ұсынылған қалыпты деңгейден төмен, ал  2012 жылы көрсеткіш мәні күрт өсті, яғни тәуелсіздік коэффициенті 0,71-ге өсті, яғни мысалға алынған жылдар аралығындағы кәсіпорынның тәуелсіздік коэффициенті динамикасы 2011 жылды есепке алмағанда кәсіпорынның қалыпты жағдайын және банкроттыққа әкелуін мүмкін емес екенін бейнеледі.

  • Тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын тәуелділік коэффициенті келесідей анықталады:

 = немесе  = 1 - ,                                        (3)

Берілген коэффициент  авансталған капиталдың жалпы сомасындағы  қарыздың үлесін сипаттайды. Оның үлесі  жоғарлаған сайын кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздеріне тәуелділігі  сәйкесінше ұлғаяды.

Қарастырылып отырған  кәсіпорында бұл көрсеткіш келесі мәндерге ие:

2010 жылы: = 1 – 0,44 = 0,56бірлік;

2011 жылы: = 1 – 0,39 = 0,61бірлік;

2012 жылы: = 1 – 0,71 = 0,29бірлік.

«Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз»  АҚ-да оның үлесі 2010 жылы – 0,56, 2011 жылы – 0,61, 2012 жылы – 0,29. Екі көрсеткіштің өзгеру себептерін «Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның қаржыландыру көздерінің құрамы мен құрылымын бейнелейтін кестеден көруге болады. 2012 жылы 2010 жылға қарағанда қарыз капиталы 1,019 есе төмендеген, соның ішінде ұзақ мерзімді міндеттемелер 1,17 есе төмендеген. 2012 жылы тәуелсіздік коэффициенті 0,71 бірлік, ал тәуелділік коэффициенті 0,29 бірлік, яғни кәсіпорынның тәуелсіздігі қарыз капиталының төмендеу әсерінен жоғарылаған.

  • Қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын келесі көрсеткіш қаржыландыру коэффициенті болып табылады, оның формуласы:

= ,                                                         (4)

мұндағы, ЗК – қарыз капиталы, мың теңге.

Коэффициент кәсіпорынның қызметінің қай бөлігі меншікті қаражаттар арқылы, және қай бөлігі қарыз қаражаттары  арқылы қаржыландырылатынын көрсетеді. Оның мәні ≥ 1 болуы қажет.

Қарастырылып отырған  кәсіпорында бұл көрсеткіш келесі мәндерге ие:

2010 жылы: = = 0,79бірлік;

2011 жылы: = = 0,66бірлік;

2012 жылы: = = 2,51бірлік.

Талданатын уақыта аралығында қаржыландыру коэффициенті 2010 жылы 0,79-дан 2011 жылы 0,66-ға дейін төмендеп, 2012 жылы 2,51-ге дейін ұлғайды. Бұл 2010-2011 жылдары кәсіпорын мүлкінің едәуір бөлігі қарыз қаражаттары арқылы қалыптастырылғанын білдіреді. Ал 2012 жылы коэфициент мәні қалыпты болып келеді.

  • Қарыз және меншікті қаражаттар арақатынас коэффициенті меншікті капиталдың 1 теңгесіне активтерге салынған қанша қарыз капиталы тартылғанын сипаттайды:

 

K = .                                                         (5)

Бұл көрсеткіштің қалыпты  шегі K ≤ 1.

Қарастырылып отырған  кәсіпорында бұл көрсеткіш келесі мәндерге ие:

2010 жылы: K = = 1,25бірлік;

2011 жылы: K = = 1,51бірлік;

2012 жылы: K = = 0,39бірлік.

 

Сонымен талдау көрсетіп отырғандай, кәсіпорын 2010 жылы қарыз қаражаттарының жалпы соммасы 212019928 мың теңгеден күрт  262651145 мың теңгеге өсті, нәтижесінде есептелген коэффициент мәні жалпы қабылданған шектен 1,25 асып түсті, берілген жағдай кәсіпорын үшін қатерлі болып табылады. Салыстырмалы тұрақты меншікті капиталдың 1 теңгесіне қарыз қаражаттардың өсуі үдей түскендіктен, 2012 жылы көрсеткіш мәні 1,51-ге дейін ұлғайды. Осы 2010-2011 жылдары «Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ сыртқы қарыз қаражаттарына тәуелділігі жоғары болды. Дегенмен, 2012 жылы меншікті қаражаттардың әрбір теңгесіне активтерге салынған 0,39 теңге қарыз қаражаттарын тартты, есептелінген мән қарыз және меншікті капитал арақатынас коэффициентінің шекті мәнінен өте төмен, бірақ оны кәсіпорын үшін жағымды деп санауға болады.

 

Кесте 5.«Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз»  АҚ-ның өтімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

 Ақша және оның эквиваленттері, мың теңге

14127579

20187588

62459415

Саудалық және басқа дебиторлық қарыз

19826746

45918226

37356601

Тауарлы-материалды запастар

20848151

15409658

15131619

Ағымдағы міндеттемелер

93969888

144723077

108335612

Абсолютті өтімділік коэффициенті (Каө = (Ақшалай қаражаттар+Бағалы қағаздар)/Ағымдағы міндеттемелер)

0,1503416

0,1394911

0,5765363

Аралық өтімділік коэффициенті (Карө = (Ақшалай қаражаттар+Бағалы қағаздар+Дебиторлық қарыздар+Басқа активтер)/Ағымдағы активтер)

0,6354115

0,5275767

0,2894591

Жалпы өтімділік коэффициенті (Кжө = Ағымдағы активтер/Ағымдағы міндеттемелер)

0,9666315

0,9025745

1,7119924




 

  Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері  келесідей топтарға бөлінеді.

А1: өте өтімді активтер –  ақшалай қаражаттар және қысқа мерзімді салымдар ( қысқа мерзімді бағалы қағаздар).

А2: тез өтімді активтер –  дебиторлық қарыздар және басқа айналым  активтер.

А3: баяу өтімді активтер –  тауарлы-материалды қорлар.

А4: қиын өтімді активтер –  негізгі қорлар және басқа айналымнан тыс активтер.

Баланс пассивтері олардың  төлену жеделдігі деңгейіне байланысты топтастырылады:

П1: неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер – несиелік қарыздар және уақытында төленбеген кредиторлық борыш.

П2: қысқа мерзімді пассивтер  – қысқа мерзімді несиелер мен  қарыздар.

П3:  ұзақ мерзімді пассивтер  – ұзақ мерзімді несиелер мен қарыз  қаражаттары.

П4: тұрақты пассивтер - пассивтің  бірінші бөлімінің «меншікті  капитал» баптары./26, 184б./

Баланс өтімділігін анықтау  үшін актив пен пассив бойынша  келтірілген топтар жиындарын салыстыру  керек. Баланс толық өтімді деп келесі қатынастарда саналады:

А1 ≥ П1

А2 ≥ П2

А3 ≥ П3

А4 ≤ П4

Басқа сөзбен айтқанда, сол  алғашқы үш теңсіздігінің әрбір  тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер  тобын жапса немесе оған тең болса  баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

Компания балансының өтімділігін  анықтау 14 кестеде берілген.

2007 жылы: А1 < П1, А2 > П2, А3 < П3, А4 > П4;

2008 жылы: А1 < П1, А2 > П2, А3 < П3, А4 > П4;

2009 жылы: А1 > П1, А2 > П2, А3 < П3, А4 < П4 болғандықтан баланс өтімді емес.

 

 

 

 

III.Бөлім.Кәсіпорындардың қаржы ресурстарын басқару стратегиясы

      Кәсіпорындардың қызметінде қаржы ресурстарын басқару стратегиясы нарық жағдайларында кәсіпорындардың жоғары табыстарға жетуінің негізгі құралы болып саналады.

      Кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару стратегиясы – бұл кәсіпорынды қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету шараларының бас жоспары болып табылады. Ол қаржы ресурстарының қалыптасуының, оларды жоспарлаудың және қамтамасыз етудің теориялық негіздері мен тәжірибелік әдістерін қамтиды, шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Қаржы стратегиясының теориясы шаруашылық жүргізудің нарықтық объективті заңдылықтарын зерттейді, бәсекелестік жағдайларда өміршеңдікті қамтамасыз етудің әдістері мен нысандарын жасайды.

Қаржы стратегиясы келесілерді  қамтиды:

  • кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
  • негізгі құралдар мен айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын оңтайландыру;
  • табысты үлестіру (бөлу);
  • салық және баға саясаты;
  • құнды қағаздар жөніндегі саясат (инвестициялық саясат).

        Қаржыны басқару стратегиясы кәсіпорынның қаржылық жағдайын, ішкі және сыртқы факторлардың объективті сипаттарын жан-жақты ескереді. Егер қаржы саястаты кәсіпорынның қаржылық-экономикалық мүмкіндіктеріне және оның өнімінің нарығында қалыптасқан жағдайларына сәйкес келмесе, кәсіпорын банкротқа ұшырауы мүмкін.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржы ресурстары туралы жалпы түсінік