Қаржы нарығы және делдалдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2013 в 12:39, курс лекций

Краткое описание

Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.

Содержание

Тақырып 1. Қаржы нарығының инфрақүрылымы және оның негізгі элементтері
1Қаржы нарығы, делдалдары түралы түсінік.
2.Қаржы нарығы және оның қүрылымы.
3.Қор биржалары және олардың қаржы нарығындағы ролі
Тақырып 2. Капитал нарығы
1 Капитал нарығы түралы түсінік.
2.Жай акциялар. Облигациялар. Вексельдер
3 Капитл нарығының қатысушылары.
Тақырып 3. Ақша нарығы
1Ақша және ақша нарығы туралы түсінік
2 Қысқа мерзімді қазыналық вексельдер және оларға мінездеме.
3 Депозиттік сертификаттардың түрлері және оларды шығару ерекшеліктері.
Тақырып 4 Валюталық нарықтар
1 Валюталық нарықтың дамуы
2 Валюталарды айырбастау
3 Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары
Тақырып 5 Туынды бағалы қағаздар нарығы
1 Туынды бағалы қағаздар туралы түсінік
2 Форвардтық, опциондық, фьючерстік келісімдер
3 Туынды бағалы қағаздарды шығару мен орналастырудың ерекшеліктері
Тақырып 6 Әлемдік қаржы нарығы
1 Әлемдік қаржы нарығының қалыптасуы.
2 Евронарық және шетелдік валюта нарығы.
3 Әлемдік ақша орталықтары.
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі
1 Қаржы нарығы инфрақұрылымындағы банктердің ролі.
2 Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар бойынша операциялары
3 Коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында эмитенттер және инвесторлар ретінде.
Тақырып 8 Зейнетақы қорлары
1Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі.
2 Жинақтаушы зейнетақы қорын дамытудың проблемалары
Тақырып 9 Сақтандыру компаниялары
1Сақтандырудың экономикалық мәні.
2 Сақтандырудың жіктелуі
3 Сақтандыру компаниясының комерциялық қызметі
Тақырып 10 Инвестициялық компаниялар және қорлар
1 Инвестициялық компаниялар мен қорлардың күрылуы мен қызметі
2 Инвестициялық компаниялар мен қорлардың экономикадақы рол
3 Түрақты және өзгермелі бағалы қағаздар коржыны (портфелі)
Тақырып 11 Қаржы нарығындағы брокерлік-дилерлік қызмет
1 Қор нарығындағы кәсіби қызмет
2 Брокерлер,дилерлержәне трейдерлер
3 Биржалық мәмілелер,фъючестік контрактілер және опционда
Тақырып 11 Қаржы нарығындағы брокерлік-дилерлік қызмет
1 Қор нарығындағы кәсіби қызмет
2 Брокерле, диллерлер және трейдерлер
3 Биржалық мәмілелер, фьючерсті келісімдер және опциондар
Тақырып 12 Қазақстан Республикасының Үлттық банкі –қаржы нарығын реттеуші орган
1 Үлттық банктің қызметтері, өкілеттілігі және міндеттері
2 Реттеуші органның негізгі қызметтері : бағалы қағаздар нарығының қарқынды дамуын қамтамасыз ету
3 Заңдар, нормативтік актілер және нүсқауларды дайындауға қатысу
Тақырып 13 Өзін-өзі реттеуші ұйымдар
1 Қаржы нарығындағы кәсіби қатысушыларының өзін-өзі реттеу ұйымдарының ролі
2 Өзін-өзі реттеу ұйымдарының мәртебесі
3 Коммерциялық банктердің, мемлекеттік емесзейнетақы қорлардың брокер-дилердің,тіркеушілердің ассоциациялары
Тақырып 14 Қазақстанның қаржы нарығының даму стратегиясы
1 Қазақстан Республикасында қаржы нарығының негізгі бағыттары
2 Инвистициялық салымдарды ынталандыру
3 Қаржы нарығын дамытудың мемлекеттік қолдауы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қаржы нарығы және делдалдар.doc

— 725.00 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік жинақтау зейнетақы  қорынан мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорының айырмашылығы – мемлекет зейнетақы төлемдерінің сақталуын қорғайды: зейнетақы активтерін тәуекелділігі аз  және біршама табысы аз тетіктерге инвестициялайды.

Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының активтерінің негізгі бөлігі активтерді басқару  компаниялары арқылы мемлекеттік бағалы қағаздарға және банкі депозитттеріне инвестициялай арқылы жұмсайды. Қалған бөлігі Қазақстан қор биржасының  А  листингі бар қазақстандық кәсіпорындардың акцияларын алу арқылы отандық  кәсіпорыдардың даму  инвестициясы жұмсалады.  А листингі бар  кәсіпорындарға халықаралық аудит  станедартына өткеніне 2 жылдан асқан кәсіпорындар жатады.

         Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы  қорлары мемлекеттік жинақтау  қорларына қарағанда инвестициялық  табыстан жоғары процент мөлшерінде  табыс беріп отыр.

Мемлекеттік емес зейнетақы  қорларында зейнетақы жинағының  сақталуы Үкіметпен қабылданған бірқатар шаралар арқылы қамтамасыз етіледі.

        Ең маңызды сақтау деңгейі  зейнетақы активтерін бөлек заңды  тұлға – зейнетақы активтерін  басқару компанияларының инвестициялауды  жүзеге асыруын айтуға болады.  Одан басқа, барлық инвестициялау операциялары арнайы лицензиясы бар кастодиан-банктер арқылы өтеді.

Ал өз кезінде кастодиан  – банктер және зейнетақы активтерін басқару компанияларының қызметін бақылауға жүзеге асыратындар. Еңбек  және әлеуметтік қорғау министірлігінің  жинақтау зейнетақы  қорларының қызметін реттеу комитеті. Бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі зейнетақы төлемдерінің ең жоғарғы деңгейде сақталуын қаматамасыз етеді.

       Бірақ,  сонымен қатар жинақтау зейнетақы жүйесінде проблемалар да жоқ емес.

        Бірінші проблема -  халықтың қорларға  сенімінің бірден қалыптасуы. 2000 жылдан бастап қана жинақтау  зейнетақы жүйесінің қатысушылары  көбейе бастады. 2000 жылдың  1 шілдесінде  салушылардың саны 3359 мыңға дейңн жетті. Бұл көрсеткіш 1999 жылмен салыстырғанда 12,2%–ке көп. Ерікті зейнетақы жарналарын салушылардың да санының өсуі байқалады: 10 мың жеке тұлға және 43 заңды тұлға.

         Жалпы зейнетақы  жарналарының  сомасы 77,7 млрд теңге болды, соның ішінде 2000 жылдың 1- жартысында 21,1 млрд теңге салынды.

         Қазақстанның 2030 жылға даму стратегиясына  сәйкес жинақтау зейнетақы жүйесі  зейнетақы активтерінің айналымын  артттыру, халықаралық бухгалтерлік  есеп стандартына сәйкес зейнетақы қорларымен қолданылатын мадақтау және зейнетақы қорларына жоғары сапалы шетел қаржы активтеріне инвестициялауды еркіне беру арқылы нығайтылады.

         Зейнетақы қорларының және зейнетақы  активтерін басқару компанияларының  қызметін дамыту үшін ішкі  нарықта оларға зейнетақы активтерін инвестициялайтын қаржы инструменттерінің тізімін ұлғайтуға қажет.

          Жинақтау зейнетақы қорларының  инвестициялық қызметін зерттеу  оның ерекшеліктері мен маңызды  белгілерін айқындауға мүмкіндік  береді.

        Қазақстанда жинақтау зейнетақы қорларының қаржы нарығының жеткіліксіз дамуы, инвестициялаудың жоғары деңгейдегі тәуеклділігі және заңдылық базасының жетілмегендігінен инвестициялық қызметінің мүмкіншілігі шектелген.

        Жалпы жинақтау зейнетақы қорларының  инвестициялық қызметі инфляция жағдайында салушылардың қаражатын сақтауға бағытталған. Осыған байланысты инвестициялау инструметтерін таңдау олардың сенімділігіне байланысты жүргізіледі. Қаражатты сақтау мақсатында төмен тәуекелді, өзі табысты инструменттерге салуға ұмтылады.

        Жәнеде, зейнетақы қорлдарының инвестициялық  мүмкіншілігінің дамуына әсер  ететін тағы бір жағдай - қаржы  нарығындағы мемлекеттің тұрақсыз  саясатына бағынуы. Мұндай жағдайда  инвестицияның қандай инструменттеріне  немесе мерзіміне қарамастан тәуекелділігі жоғарылайды.

        Қазіргі кезде мұндай жағдайдан  шығу үшін портфель құрылымын  тез өзгерту қажет. Бірақ, бұл  қазір қиынға түседі – зейнетақы  қорларының активтері өз бетімен  таратылмайды, ол активтерді  басқару  компанияларына қаражат жіберу арқылы жүзеге асырылады және компания инвесторларды инвестициялау процесіне қатыстырмауына да болады. Портфельдік инвестициялауды дамыту қазір орынды және инвестициялық саясатты басқару компаниясымен бірлесіп істеу нысанын және оның қызметін бақылау мерзімімен  қайта –қайта қарастырылуы қажет.

            Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы  қорларының инвестициялық қызметінің  ерекшеліктерін ескере отырып ,  мемлекет тарапынан зейнетақы  қорларының қаражатын ел зкономикасы  үшін өте маңызды инвестициялық бағдарламаларға орналастырған орынды болар еді. Зейнетақымен қаматамасыз ету жүйесінің қызметін реттейтін нормативтік құжаттардың зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің дамуына ешқандай жағдай жасамағанын көрсетеді. Мұндай жүйенің артықшылығы ретінде инвестициялық қызметке салық салудан жеңілдік беру немесе инвестициялық тәуекелділіктен сақтандыруды қарастыруға болады.

           Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы  қорларының сенімділігін көрсететін  негізгі және шындыққа негізделген  тәсілдердің арасынан,  қазіргі кезде  әлеутеттік – экономикалық жағдайға байланысты мына факторларды бөліп көрсетуге болады:

    • әртүрлі жағдайлардан салушылардың қаражаттарын сақтандыру
    • мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының жылжымайтын мүлік және зейнетақы төлемдерін сақтандыру
    • өзіндік резервтік өорларды құрып, оларды жарғылық қормен  байланыстыру

 

 

 

 

 

         Тақырып 10 Инвестициялық компаниялар  және қорлар

 

          1  Инвестициялық компаниялар  мен қорлардың қүрылуы мен  қызметі

          2 Инвестициялық процестегі компаниялар мен қорлардың ролі  

3 Түрақты және өзгермелі бағалы қағаздар портфелі

 

Инвестициялық компаниялар мен қорлардың қызметтері қандай?

Инвестициялдық компания - өз қолына шағын  салымдарды  шоғырландырумен айналысады. Ол қаржы  өндірісті  дамытуға бағытталады. Сондай-ақ бұл компания  құнды қағаздар  шығару, оны  тарату, құнды  қағаздарға қаржы жұмсау, өз атынан және өз есебінен құнды қағаздарды сатады, сатып алады.  Компанияның ресурстары  құрылтайшылардың меншікті қаражатынан, меншігіндегі құнды қағаздар  эмиссиясынан құралады.

Инвестициялдық қор инвесторлар ақша қаражатын жинақтау мақсатында акциялар  шығарудың және қор атынан ол  қаражатты құнды қағаздарға аударуды жүзеге асырады. Бұл қор  ашық және жабық нысанда болады. Жабық тұрпаттағы қор өз  акцияларын  инвесторлардың белгілі тобы үшін таратады, қор  жиналған  капиталды көлемі жағынан ұлғайтуға не оны акциялар есебінен  азайта алмайды. Ал ашық қор құнды қағаздарды  қайта сатып  алуға құқылы, ол акцияларды өз қалауынша шығара алады, сондықтан  ашық қор  ауыспалы капитал деп те аталады.

Холдингтік компания басқа бір компаниядағы акцияларды бақылауға құқылы компания. Осы құқығы арқылы холдингтік компания бірлестікке енетін кәсіпорындарды басқарады, бақылайды.

Қолдағы құнды қағаздардан кіріс түрліше тәртіппен:

  • белгіленген пайыздық ретпен
  • пайыздық ставканы сатылап қолдану
  • құнды қағаздардың құны көрсетілген индексі бойынша
  • ұтыс заемдарын тарату арқылы
  • дивидендтерді пайдалану, тағы басқа да тәсілдер негізінде алынады.

Демек, құнды қағаздар иесі биржалардағы осы қағаздардың қозғалысын зерттеп, қадағалап отыруға тиіс.

Практикада, құнды  қағаздармен  байланысты  істерде тәуекелділік  жағдайы да жиі ұшырасады. Олардың  қатарына  тәуекелділіктің  мынадай  түрлерін  атауға болады:

  • ұдайы  кездесетін тәуекел. Бұл тұтастай алғанда құнды  қағаздар нарқы  дағдарысына  қатысты тәуекел: 
  • Ұдайы емес тәуекел. Ол құнды қағаздың нақтылы түрімен  байланысты;   
  • селективтік  тәуекел. Бұл портфел қорын  қалыптастыру кезінде  басқадай қағаздармен салыстырғанда  инвестициялауға арналған  бағалы қағаздарды дұрыс іріктеп алмасу салдарынан болатын тәуекел;
  • уақытша тәуекел.  Құнды қағаздарды сату және сатып алу мерзімін  дұрыс анықтамай, шығынға ұшырататын  тәуекел;
  • құнсыздану әрекетінен болатын  тәуекел. Бұл инвесторлардың  құнды қағаздардан алатын кірісінің мейлінше құнсыздануға ұшырататын  тәуекел.
  • құнды қағаздардың  бағаларының өзгеруі салдарынан болатын тәуекел.

Сөз жоқ, бұл тәуекелділік құнды қағаздар рыногының дамуына  үлкен кедергі жасайды. Халықтың да, кәсіпорындардың да  өз қаржысы қорын сақтауына зиян келтіреді. Сондықтан менеджерлер күнделікті экономикалық өріс құбылыстарын, ақша  нарығының деңгейін талдап, орынсыз тәуекелділікке ұшырмауды реттеп отырады. Менеджер қызметіндегі шешуші мәселелердің  бірі де осы.

Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет түрлері  қандай?

Қазақстан Республикасының  "Бағалы қағаздар нарқы" заңында  бұл саладағы кәсіби қызмет түрлері  атап көрсетілген.  Республикамыздың қаржыгерлері  мен менджерлері  сол қызмет  түрлері мен олардың міндеттерін жете білуге тиіс.

Ол қызметтер – брокерлер, дилерлік, депозитарлық, кастандиандық және :

  • құнды қағаздар портфелін басқару;
  • құнды қағаздармен операциялар бойынша өзара талаптар мен  міндеттемелерді айқындау;
  • құнды қағаздар ұстаушыларының тізімін жүргізу;
  • өкілетті органның  белгілеуі бойынша кәсіби  қызметін басқа да  түрлері;

Аталмыш Заңда  құнды  қағаздар  рыногын мемлекеттік  реттеу негіздері  талап көрсетілген.  

Олар – ең алдымен  құнды қағаздардың мемлекеттік  тіркеуден өткізілетіндігі:  

  • құнды  қағаздар субъектілері қызметіне міндетті талаптар  белгілейтін нормативтік актілер шығару;
  • эмиссиялық  құнды қағаздар шығаруды тіркеу мен  оларда көзделген шарттар мен міндеттерді эмитенттердің сақтауын  бақылауды жүзеге асыру;
  • құнды қағаздар нарқына  кәсіптік қатысушылар  қызметін лицензиялау;
  • биржадан  тыс нарық айналысындағы құнды қағаздардың  бағасын  белгілеуді және оның саудасын технологиялық  жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын қор биржалары мен  ұйымдардың қызметін лицензиялау;
  • құнды қағаздар нарқында инвесторлардың  құқықытарын  эмитенттер мен құнды қағаздар нарқына кәсіптік қатысушылардың  сақтауына  бақылау жасау;
  • құнды қағаздар нарқына кәсіптік қатысушылар қызметіне  бақылау жасау және құнды қағаздар нарқын реттейтін заңдарды бұзғаны  үшін тиісті  санкцияларды қолдау;
  • құнды қағаздар нарқында заңдарды бұзатын адамдарды  анықтау және  жауапкершілікке тарту жөніндегі шараларды қодау;
  • құнды қағаздар нарқына қатысушылардың кәсіптік және  білім деңгейін арттыру жөніндегі жүйелерді ұйымдастыру жолымен  жүзеге асырылады деп, басты-басты міндеттер көрсетілген;

Құнды қағаздар нарқы  саласында басты қызметпен  шұғылданушы  мамандар қатарында :

Брокер –комиссияның немесе тапсырыс негізінде клиенттің  тапсырмасы бойынша , соның есебінен құнды қағаздарды  сату-сатып алу ісімен шұғылданатын қаржылық делдал.Олар атқаратын  қызметіне қарай тіркелген, тәуелсіз, сауда залында атқарушы , несиемен айналысатын брокерлер деп аталады.

Дилер – құнды қағаздар нарқына қатысушы, өз есебінен және  тапсырма бойынша құнды қағаздарды сатушылар.

Сонымен, құнды қағаздар түрлері өзінің түрліше әрекетімен  қаржы қорын молайту, оны  әр  салада  ұтымды пайдалануға  елеулі үлес қосатын құралдар.

Қазіргі кезеңде техникалық  өркениеттің дамыған  жағдайында қағаздар нарқа тиімділігін арттыру, ол істі мейлінше  жүйелі  жүргізу мақсатымен нақ заманы компьютерлер  мен телекоммуникация  желілерін  қолдану өте-мөте жақсы.  Мұның өзі  осы құнды қағаздар   рыногына байланысты ақпаратты қолма-қол алып, нарық жағдайындағы өзгермелі әрекетін анықтап, іске тезірек өріс беретін ілкемді  шаралар белгілеуге көмектеседі.  Компьютерлердің  көмегімен биржалық, биржадан тыс құнды  қағаздар нарқы ауданындағы  істі білуге, сауда  қызметінің деңгейі мен ерекшілігін анықтауға, құнды қағаздар  түрлері, бағалар, басқа  да шешуші  бағдарламаларды біліп, нарықты  тиімді ұйымдастыруға негіз  қолайлы.

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы  вексель айналысы туралы" Заңында  құнды  қағаздардың бір  түрі –  вексельді пайдаланудың  тәртібі талдап көрсетілген. Вексельдің  түрлері, индоссамент, аваль туралы заңдық тұрғыдағы міндеттер нақты баяндалған.  Осыған байланысты  аталған құнды қағазға сәйкес  ерекшелікті атаған жөн. Айталық,  аударым векселі және жай вексельдің жасалуы  мен нысаны дәлме-дәл көрсетілген. Бұл заңда  аударым  векселінде қандай белгілер болатыны  түсіндірілген.  Мысалы мынадай талаптар белгіленген:

  • құжат мәтінінің өзіне енгізілген және осы құжат жасалған тілде  айтылған вексель атауы.
  • белгілі  бір ақша сомасын төлеуге ешқандай шарт қойылмаған бұйрық;
  • төлем төлеуге тиіс тұлғаның (төлеушінің) атауы;
  • төлем мерзімін көрсету;
  • төлем жасалуға тиіс орынды көрсеті;
  • кімге немесе кімнің бұйырығымен төлем төленуге тиіс тұлғаның атауы;
  • вексель шығарыатыны уақыты, оны қай ұйымда шығарылатынын көрсету;
  • вексель беретін тұлғаның (вексель берушінің) қолы болуға тиіа.

Информация о работе Қаржы нарығы және делдалдар