Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2015 в 20:46, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтамасыз етуде және өз еңбек күштерімен кәсіппен айналысуға көптеген заңдастырылған жолдар қарастырылған. Еңбек мақсатқа сәйкестікпен, іс әрекеттің ұсынылуымен сипатталады, ол қашанда белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталып, бұл нәтиженің бейнесі адамның басындағы ойға алған мақсаты ретінде алдын-ала қалыптасады.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................3-4
1 ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................5-17
1.1 Еңбекақы түрі, жүйесі және еңбекақы есебінің міндеттері...................5-10
1.2 Еңбекақы есептеу тәртіптері.....................................................................11-14
1.3 Еңбекақы ұйымдастырудағы шет ел тәжірибесі.....................................15-17
2 ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.............................................................................18-25
2.1 Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі.........18-21
2.2 Еңбекақыдан ұсталымдар және шегеру сомалар есебі..........................21-23
2.3 Есеп айырысудың синтетикалық және аналитикалық есебі.................23-25
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................................27

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВОЙ.docx

— 62.69 Кб (Скачать документ)

Жыл сайынғы және басқа да "Еңбек туралы " Заңға, ережелермен заң актісі, ұйымдық шарт және демалыс графигіне байланысты  қызметкерлерге берілетін демалыс туралы бұйрық шығарылады, оны кадр бөлімі екі дана етіп толтырып, біреуін кадр бөліміне қалдырып, екіншісін бухгалтерияға береді.Бұйрыққа не кәсіпорын басшысы немесе құрылыс бөлімі бастығы қол қояды.Осы бұйрық негізінде кадр бөлімі  қызметкерге  демалыс берілгендігі туралы оның жеке карточкасына белгі қояды, ал бухгалтерияда қызметкердің орташа еңбекақысы есептеліп, демалыс уақытына тиесілі төлемі анықталады.Қызметкер жұмыстан шыққан жағдайда жеке, еңбек шартының тоқтатылғандығы жайлы бұйрық шығарылып, оны кадр бөлімі екі дана етіп толтырып, бір данасын кадр бөліміне қалдырып, екіншісін бухгалтерияға өткізеді.Барлық қызметкерлер категориясы жұмыс уақытының пайдалану есебін, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақыты режімінің сақталуына бақылау жасау үшін, істелген жұмыс уақыты туралы ақпарат және еңбекақы есептеу үшін, жұмыс уақыты табельі жасалады.

Қызметкерлердің өнімділігі мен жұмыс уақытының орындалу есебі үшін жұмыс уақытының есеп табелі (Т-13, Т-13а) қолданылады.Бұл табельдің банкілері компьютерлік техника құралының көмегімен бөлек толтырылған деректемлерге мыналар жатады: кәсіпорын, цех, құрылымдық бөлімшелері, қызметкерлердің аты-жөні, кәсібі, табель номері және т.б.Бұндай жағдайда табель формасы қабылданған технологиялықөңделген деректерге сәйкес өзгертіледі.

Табель әр айдың 1-ші күнінен бастап жүргізіледі, оны жүргізуге уәкілетті тұлғаға бір данадан беріледі.

Табель тиісінше ресімдегеннен кейін оны кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын есептеуі үшін бухгалтерияға тапсырылады.

Табельдік номір кәсіпорында тәртіпке келтірілген сериялық жүйе бойынша тұтас белгіленеді, әрбір өндірістік бөлімдеріне тиесілі өздерінің барлық қызметкерлердің аты-жөні енгізіледі.

Табельде жұмысқа келмегендігінің себебі, толық емес жұмыс күн туралы, жұмыс уақытынан тыс істелген жұмыс уақыты мен басқа да тиісті жағдайдан ауытқулар тиісті құжаттар негізінде көрсетіледі (еңбекке жарамсыздық қағазы, мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындағандығы туралы анықтама және т.б.) .Жұмыс уақыты есебі табельде жұмысқа келмеген күндерін көрсету немесе тек ауытқуларын көрсету арқылы жүргізіледі.

Мезгілден тыс жұмысқа кеткен уақыт есебі бұл жұмысты орындаған тұлға тізімінде жүргізіледі.Тізімдерді құрылымдық бөлім бастығы жасайды.Соның мезгілден тыс нақты істелген жұмыс сағаттарының сапасы туралы басшы белгі соғады.Тізім негізіндегі мұндай белгілеу табельге негізіледі.

Егер жұмыс уақытында істелінетін жұмыс болмай қалса, осының салдарынан бос өткен жұмыс уақыты да табельге енгізіледі.

Табельге бұл деректер құрылымдық бөлімше басшысы жұмыс болмай қалу себебін  бос өткізілген жұмыс уақыты туралы жазылған құжаттар негізінде енгізіледі.Сондай-ақ, табельдік есепті табельдік таңбаны қолданып, карточкалық әдіспен- бақыланған сағаттарды пайдалану арқылы; рұқсаттамалық әдіспен- тапсыру және беру жолмен; бақылау- рұқсаттамалық құрылғының көмегімен және т.б. жүргізуге болады.

Қызметкердің жеке құрамы туралы есепті кадр бөлімі немесе арнайы тағайындалған тұлға жүргізеді. Жұмысқа қабылданған әрбәр қызметкерге жеке карточка толтырылып, оған өзінің жеке табельдік номірі жазылады.Бұйрық негізінде немесе кәсіпорын басшысының өкімімен бухгалтерия әрбір қызметкерге дербес шот ашады.Онда қызметкердің анықтамалық деректері көрсетіледі, тапқан табысы мен еңбекақысынан ұсталған сома туралы барлық мағлұматтар жазылады.

Өнім өндіру есебі өндірілген өнім саны, аяқталмаған өндіріс және жіберілген ақау; әрбір қызметкердің атқарған жұмысына қарай еңбекақы мөлшерін дұрыс әрі уақытылы анықтау; өңдеуге жіберілген жартылай өңдеген өнім және материялдар санымен өндірілген өнімнің сәйкестігін бақылау; өндірістегі тораптар мен агрегаттардағы детальдар қозғалысын бақылау туралы нақты және уақтылы деректермен қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

Еңбекақы төлеу жүйесі, өнім сапасын бақылау, есепті компьютерлендіру деңгейі және басқа ерекшеліктерді қолдану барысындағы өндірістің ұйымдастыру мен сипатына қарай есеп бастапқы құжаттардың, бағдарлық құжат, өнімділік туралы рапорты және т.б. әр түрлі есептік әдістері мен формалары қолданылады.Есепті оңайлату мақсатында  көп күндік бастапқы құжаттар, аптаға арналған жүктелімдер, декада(он күндік), бір ай, жұмыс кезеңі қолданылуы мүмкін[10].

Өндірістің жаппай- тасқынды( массово-поточное производства) жағдайында өнімділік дайын өнімдерді қабылдау бойынша ескріледі.Әр бригада мүшелерінің өндірген өнімі мастер немесе бригадир толтырған өнімділік туралы рапорт негізінде есептелінеді.Бұл рапорттардың негізінде бртгада мүшелерінің еңбекақысы есептелінеді.

Өнімділік туралы рапорт (жинақтаушы)(Т-28 және Т-28а формалрады) әр түрлі кезең сайын қайталанатын жұмысты орындайтын бір немесе бірнеше жұмысшының еңбекақысы мен өнімділік есебі үшін жаппай өндірісте қолданылады.

Өнімділік есеп тізімдемесі (ведомосы) (Т-29 формасы) бір текті жұмысты бір ай ішінде орындаған жұмысшылар тобы үшін толтырылады.Өнімдік есеп тізімдемесі (30 формасы) бір ай ішінде әр түрлі жұмысты орындаған жұмысшылар тобы үшін толтырылады.

Өндірістік серия сипатында- өнімділік ауыстыру үшін өнімділік рапортымен ұштастырылған бағдарлық құжаттың көмегімен ескеріледі.Егер бұйымды өңдеу ұзақтығы бір ауысымнан аспаса, онда бір рапортпен де шектеуге болады.

Бағдарлық құжат (Т-23 формасы) өндірістегі детальдар қозғалысының оперативтік есебі өнімділік есебі мен еңбекақының біртұтас құжаты ретінде қолданылады Бағдарлық құжат (Т-23а формасы) ауысым үшін өнімділік  рапортымен (Т-22 формасы) ұштастырылып қолданылады.

Ауысым үшін өнімділік рапорт өнімді нақты жасалуын көрсетуге арналған  және жұмысшыларға еңбекақы есептеу негізі болып табылады.

Жеке немесе ұзақ сериялы өндірістегі- өнімділік есебі мен еңбекақы есебі кесімді еңбек төлеміне арналған жүктелімде (наряд) (Т-41 формасы – жекелік, Т-41а - бригадалық) жүргізіледі.Орындалған міндеттің ұзақтығына байланысты жүктелім ауысымға немесе одан да ұзақ мерізімге (бір айға дейін)  көшіріледі.Көшірілімнің негізі етіп технологиялық карта немесе учаскенің (цехтың)  өндірістік бағдарламасы алынады.

Тексеріліп қабылданғаннан кейін осы құжаттар негізінде еңбекақыны есептеу бойынша есеп айырысу-төлем тізімдемесі жасалады.Жұмыс уақыты мен өнімділік есебі бойынша құжат бухгалтерияға түскеннен кейін есептік өңдеуден өткізуге жіберіледі.

 

 

2.2  Еңбекақыдан ұсталынатын  ұсталымдар мен шегеру сомалар  есебі

 

Жұмыс беруші еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әртүрлі ұсталымдар жасайды.Осы күнгі қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақысынан тек заңмен белгіленген ұсталымдарды ұстап қалуға болады. Жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақысынан бухгалтерия арқылы ұстауға болатын ұсталымдар:

- Жинақталатын  зейнетақы  қорына аударылатын  сома — 10%.

- Табыс салығы (белгіленген заңға сәйкес).

- Заң, сот  органдарының үкім қағаздары  бойынша ұсталымдар (алимент және  айыппұл және тағы басқалар).

- Әртүрлі  жарналар.

- Дербестік  сақтандыру шарттарына сәйкес  қызметкердің жазбаша өтініші  бойынша жеке басын, жанұя мүшелерін, мүлкін және тағы басқаларын  сақтандыруға байланысты жарна  аудару.

- Еңбекақы  есебінен алдын ала берілген  төлемдер, аванстар.

- Банкіден  алынатын несиелер үшін ұсталымдар.

- Шаруашылық  субъектісіне келтірген зияндары  үшін өтемақылар.

- Қызметкердің  жазбаша өтініші бойынша өзі  жұмыс істейін субъекті қарамағындағы, яғни меншігіндегі үйде тұрғаны  үшін төленетін төлемдер және  балабақшаға балалары үшін төлемдер[11].

2004 жылдың 1 қаңтарынан салық кодексі бойынша  кез-келген  еңбек ақыдан 10% зейнетақы  қорына жарна және жеке табыс  салығы ұсталынады. Осы салық  кодексі бойынша, салық салынатын  табыстарына мынадай ставкалар  бойынша салық салынуға тиіс:

 

 

 

Кесте-2-Табыс салығының ставкалары:

Салық төлеушінің салық салынатын табысы

Мөлшерлеме

1) 15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке  дейін

табыс сомасынан 5%

2) 15 еселенгеннен бастап 40 еселенген  жылдық есептік көрсеткішке дейін

15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен  салық сомасы + одан асатын сомадан 8%;

3) 40 еселенгеннен бастап 200 еселенген  жылдық есептік көрсеткішке дейін

15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен  салық сомасы + одан асатын сомадан 8%;

4) 200 еселенгеннен бастап 600 еселенген  жылдық көрсеткішке дейін

200 еселенген жылдық көрсеткіштен  салық сомасы + одан асатын сомадан 15%;

5) 600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен  бастап және одан жоғары

600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен  салық сомасы + одан асатын сомадан 20%.


 

Салық агенттері жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты салық органына салық төленетін жер бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей табыс етеді[12].

Төлем кезінен ұсталатын жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бюджетпен есеп айырысуды патент негізінде жүзеге асыратын салық төлеушілер мынадай тәртіппен жүргізеді:

1. ағымдағы  салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына  дейінгі кезең үшін есептелген  сомалар 20 қазаннан кешіктірілмейтін  мерзімде төленеді;

2. 1 қазан  мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең  үшін есептелген сомалар есепті  кезеңнен кейінгі салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей төленеді.

Әлеуметтік салықтар Қазақстан Республикасының бюджет кірісіне маңызды әсер етеді, олар бюджеттің тұрақты түсімі болып отыр. Бюджет түсімдерінің өсуінің бір себебі өндіріс немесе тауарды, қызмет пен жұмысты өткізу көлемінің артуы.

Әлеуметтік салық экономикалық мәні жағынан салық салу жүйесіне кіреді. Әлеуметтік салықтардың тауар бағасын ставкаға тең сомаға арттыратыны белгілі, яғни егер әлеуметтік салық ставкасы жоғары болса, отандық кәсіпкердің бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер етеді және сауда көлемін азайтады. Ал салық ставкасының төмендеуі салық төлеушілердің салықтық ауыртпалығын төмендетеді, соынмен қатар кәсіпорынның айналым құралдарын үнемдеуге және бейресми экономиканың бір бөлігінің ресми экономикаға өтуіне алғысшарт болып табылады.Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, әлеуметтік салық 11 проценттік ставка бойынша есептеледі. Арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлерүшін тиісті қаржы жылына арналған републикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде және әрбір қызметкер үшін айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді.

Компанияда еңбек ақы айына екі рет төленеді: аванс және соңғы айлық. Компанияның жұмыскерлері еңбек ақыны шығыс касса ордерімен алады.

Мекеме тіркелген салық комитетіне тоқсан сайын бір рет жалпы еңбек қоры жайлы және ұсталынған табыс салығы жайлы, зейнетақы қорына аударымдар туралы есеп беріп отырады. Жылдың аяғында әрбір жеке тұлғаның төленген табысы туралы, ұсталынған табыс салығы және зейнетақы қорына аударымдары туралы тізім өткізіледі.

Және еңбек ақыдан заң сот органдарының үкім қағаздары бойынша ұсталымдар: алимент, қарыздар ұсталынып, екінші тұлғаға ауларылады. Үкім қағаздарында ұсталым мөлшерінің пайызы, мерзімі, аударыду түрі және кімге екені жазылады. Бухгалтерия ұсталынғаннан кейін үкім қағазын толтырып, сотқа қайтарып береді. Егер үкім қағазы бойынша жұмыста жоқ адамға және мүмкіншілігі жоқ болған жағдайда сотқа хабарлайды. 2005 жылғы “Неке және отбасы туралы” заңына сәйкес сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері ай сайын мынадай мөлшерде: 1 балаға — ата-ана табысының және өзге де кірісінің — төрттен бірін, 2 балаға — үштен бірін, 3 және одан да көп балаға — тең жартысын өндіріп алады[13].

Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып, кемітуі немесе көбейтуі мүмкін. Нотариалды куәлендірген алимент төлеу туралы келісімнің негізінде алимент осындай келісімнің және атқару құжаттарының негізінде ұсталып қалатын жалпы сома алимент төлеуге міндетті адам жалақысының және өзге де кірісінің 50%-нан асқан жағдайда да ұсталып қалуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы” Заңының 79 бабында, жалақыдан ұстап қалу былайша көрсетілген: қызметкердің жалақысынан ұстап қалу сот шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайда жүргізіледі. Қызметкердің жалақысын бір немесе бірнеше атқарушы құжаттар бойынша өндіріп алған кезде оның жалақысының кемінде 50% сақталуға тиіс.

 

 

2.3 Есеп айырысудың синтетикалық және аналитикалық есебі

 

Кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлердің бәріне және олардың әрқайсысына бір айға төленуге тиісті әңбекақының жалпы сомасын табу ұшін алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстарға және қосымша төлемдер мен еңбекақыларына қоса төленетін жалпы соманы анықтап одан ұсталуға тиісті сомаларды алып тастау керек. Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталынатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлеу тізімдемесі деп атайды. Ұйымдарда бұл тізімдеме әрбір цехтар, бөлімшелер бойынша толтырылады. Еңбекақы жөніндегі есеп айырысу төлеу тізімдемесі әрбір жұмысшы мен қызметкер бойынша есептелген еңбекақымен басқа да төлем сомаларын және одан ұсталынатын ұсталым сомаларын жинақтаушы құжат болып табылады. Бұл тізімдеме жұмысшы-қызметкерлердің аты-жөні, табельдік нөмері, оларға есептелген негізгі және қосымша еңбекақылары мен одан ұсталынатын ұсталымдардың түрлері бойынша сомалары және сол айдың басы мен соңындағы кәсіпорынның жұмысшылар мен қызметкерлерге немесе жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорынға қарыс сомалары көрсетіледі.Жұмысшылар мен қызметкерлер осы есеп айырысу төлу тізімдемесі бойынша ұйымның кассасынан өзіне тиісті еңбекақыны алып, қол қояды. Кейбір ұйымдарда есеп айырысу-төлеу тізімдемесі мен дербес шоттың орнына есеп айырысу тізімдемесі ғана толтырылып жүргізіледі. Бұл есеп айырысу тізімжемесі журнал түрінде жасалып, негізгі және қосымша беттерден тұрады.Негізгі бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген негізгі және қосымша еңбекақылары мен жәрдемақыларының сомасы олардан ұсталатын ұсталымдарды есептеуге керекті мәліметтері көрсетіледі. Тізімдеменің қосымша беттерінің саны бұл журналдың қандай мерзімге ашылғандығы байланысты болады. Бұл тізімдеменің титулдық бетінде жұмысшылар емн қызметкерлерге төленген және депотентелген еңбекақы сомалары жазылады. Тізімдемені толтыру барысында оның ең осңғы бетіне жиынтық сомалары жазылады. Бұл жоғарыда аталған құжаттарды толтырғанда жазылған сомалардың алдымен жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілген сомаларына сәйкестігін тексеру қажет. Бұл тізімдеме бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомаларының лдан ұсталынатын ұсталымдарды және қолдарына берілуге тиісті сомаларының дұрыстығын анықтау үшін тізімдеменің тік және көлденең жақтарының жиынтық сомалары арифметикалық жолмен тексерілуі тиіс. Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» деп аталатын синтетикалық, пассивті шотта есептеліп жүргізіледі[14]. Бұл шот бойынша деректер мен ақпараттар үлгілі түрі №10 және №10-1 журнал-ордерінде көрсетіледі.Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істегендері, қызмет атқарғандары және өнім өндіргендері үшін  есептеліп төленетін еңбекақы өндіріс шығындарының бір элементі ретінде еңбекті пайдалану бағытына қарай шығындарды есептейтін төленетін еңбекақы өндіріс шығындарының бір элементі ретінде еңбекті пайдалану бағытына қарай шығындарды есептейтін белгілі бір шотқа оның ішінде тиісті өндірістік өнімге апарылуы керек. Сонымен қатар бұл туралы еңбек қоры жайлы тиісті орындарға есеп берілуі қажет. Сондықтан да рапорттар мен өнімдерді өндіру тізімдемелері, тебельдер және тағы да басқа алғашқы құжаттар негізінде әр цех бөлімше бойынша есептелген еңбекақы олардың түрлері және қызметкерлердің санаттары бойынша толтырылады. Бұл топтау журнал-ордерлердің үлгі түрі №3 және №4 өңдеу кестелерінде жүргізіледі, ол кестенің сол жағында дебиттеленетін шоттар номерлері, ал оң жағында жұмысшы-қызметкерлерінің мамандық дәрежелеріне сәйкес оларға есептелген еңбекақы сомалары түрлері бойынша бөлініп жазылады. Ұйымдарда есептелген еңбекақы сомасы бөлу тізімдемесінің негізінде шығындар есептелетін шоттарға былайша жазылады[14]:

Информация о работе Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі