Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2015 в 20:46, курсовая работа
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтамасыз етуде және өз еңбек күштерімен кәсіппен айналысуға көптеген заңдастырылған жолдар қарастырылған. Еңбек мақсатқа сәйкестікпен, іс әрекеттің ұсынылуымен сипатталады, ол қашанда белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталып, бұл нәтиженің бейнесі адамның басындағы ойға алған мақсаты ретінде алдын-ала қалыптасады.
КІРІСПЕ...........................................................................................................3-4
1 ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................5-17
1.1 Еңбекақы түрі, жүйесі және еңбекақы есебінің міндеттері...................5-10
1.2 Еңбекақы есептеу тәртіптері.....................................................................11-14
1.3 Еңбекақы ұйымдастырудағы шет ел тәжірибесі.....................................15-17
2 ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.............................................................................18-25
2.1 Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі.........18-21
2.2 Еңбекақыдан ұсталымдар және шегеру сомалар есебі..........................21-23
2.3 Есеп айырысудың синтетикалық және аналитикалық есебі.................23-25
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................................27
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....................
1.1 Еңбекақы түрі, жүйесі және еңбекақы
есебінің міндеттері...................
1.2 Еңбекақы есептеу тәртіптері...
1.3 Еңбекақы ұйымдастырудағы шет
ел тәжірибесі.................
2 ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК
ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.......................
2.1 Қызметкерлердің құрамы мен
жұмыс уақытын пайдалану есебі.
2.2 Еңбекақыдан ұсталымдар және
шегеру сомалар есебі.........................
2.3 Есеп айырысудың синтетикалық
және аналитикалық есебі.......
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтамасыз етуде және өз еңбек күштерімен кәсіппен айналысуға көптеген заңдастырылған жолдар қарастырылған. Еңбек мақсатқа сәйкестікпен, іс әрекеттің ұсынылуымен сипатталады, ол қашанда белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталып, бұл нәтиженің бейнесі адамның басындағы ойға алған мақсаты ретінде алдын-ала қалыптасады. Қоғамдық еңбекке бірігіп қатысудағы өндіріс мүшелерінің арасындағы байланыстар мен қатынастар еңбекті ұйымдастырудың әлеуметтік жағын білдіреді. Еңбекті ұйымдастырудың қоғамдық формасы адамның табиғатпен қатынасынсыз, белгілі бір техникалық еңбек жағдайынсыз мүмкін емес. Сол сияқты, еңбектің техникалық ұйымдастырылуына да қоғамдық жағдай үлкен әсер етеді. Қазақстан Рспубликасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында да еңбек етушілердің еңбек жалақысын өсіруге де көп мән беріліп, ол жүзеге асу үшін біраз жұмыстар жасалуда. Елбасының 18 жолдауындағы халықты қуантқан 10 жаңалықтың қатарында жалақы мен жәрдемақылардың жоғарылауы бар. 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап көптеген салаларда жалақы көтеріледі. Сондай-ақ, елбасы мүгедек жандарды қолдауды да назардан тыс қалдырмау керектігін айтты. Тіпті, қалтасы қалың азаматтар мен компанияларға жарымжан адамдарға жұмыс беру жайын айтып, құлаққағыс қылды. «Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен бюджеттік мекемелердің кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізуді жалғастыру қажет. Үкіметке «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің еңбекақысын 2015 жылғы 1 шілдеден бастап – 15 пайызға, ал 2016 жылғы 1 шілдеден бастап – тағы 15 пайызға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырамын» деген болатын елбасымыз.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Кез-келген кәсіпорын бухгалтериясында қызметтің маңызды бағыттарының бірі жұмысшылар еңбекақысының есебі болып табылады. Бухгалтер жұмысының неғұрлым күрделі және жауапты учаскесі болғанына байланысты еңбек және еңбекақы есебі кәсіпорынның есептік жүйесінде басты орындардың бірін алады.Еңбекақы шығындары өнімнің өзіндік құнының маңызды элементі болып табылады, сондықтан оның есебін дұрыс ұйымдастыру еңбек өнімділігінің артуына, өзіндік құнның төмендеуіне, халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына әсер етеді.
Еңбек ақы есебін жетілдіру сапалы мамандандырылған еңбек түрлерінің тиімді ара қатынасын белгілеуден, өндіріс процесінде кәсіпорындардың құрылымдық бөлімшелер арасындағы, оның жеке орындаушыларының арасындағы белгілі бір өзара байланысты орнатудан көрінеді.
Курстық жұмыс тақырыбының мақсаты - нарықтық экономикада еңбек ақыны ұйымдастырудың теориялық аспектілерді жалпылау, ерекшеліктерін зерттеу, сондай-ақ қызметкерлермен есеп айырысу жолдарын анықтау және Қазақстан Республикасында кәсіпорындардағы еңбекті ұйымдастыру процесі, еңбекақы төлеу жүйесі болып табылады.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегі міндеттер орындалады:
- Еңбекақыны
ұйымдастырудың теориялық
- Қызметкерлермен есеп айырысу есебі;
- Еңбекақыны төлеудің жетілдіру жолдарын қарастыру
-Еңбекақының
аналитикалық және
Курстық жұмыстың пәні-еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі
Курстың жұмыстың зерттеу нысаны: . экономикалық әдебиеттерде еңбек ұғымы, еңбекті ұйымдастыру және жұмысшыларға еңбекақы төлеу жөнінде бірнеше еңбектер бар.
Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері- отандық, шетелдік экономистердің еңбектері. Жұмыста тақырыпқа байланысты экономикалық оқулықтар, журналдар, нормативтік-құқықтық құжаттар қолданылады. Адамзат өміріндегі еңбектің алатын орны, еңбекақы түрлері, халықтың еңбекақысын қалай төлеу керек, еңбекті ұйымдастыру жөніндегі теориялық және практикалық ұсыныстарды жасауға маңызды үлес қосқан белгілі келесі ғылым экономисттерді атап көрсетуге болады. Н.К.Мамыров, С.Н.Нысанбаев, К.А.Сагадиев, А.Сатыбалдин, Ө.Қ.Шеденов, Ғ.Ж.Нұрышев т.б. жатады. Еңбек қатынастарының жалпы дамуына арналған еңбектердің маңызы өте зор.
Курстық жұмыстың құрылымы – кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден және 3 кестеден тұрады.
Кіріспеде – курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері туралы жазылған. Бірінші бөлімінде еңбек ақы түрлері, жүйесі, нысаны, есептеу тәртіптері, ұсталынатын ұсталымдары туралы талқыланған. Екінші бөлімде қызметкерлермен есеп айырысу туралы айтылған. Курстық жұмысты көлемі 27 бетті қамтиды.
1 Еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Еңбекақы түрі, жүйесі және еңбекақы есебі міндеттері
Еңбек төлемінің нысаны. Жалақы — бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім-шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады[1].
Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, “Еңбек ақы төлеу туралы” ережесін дербес әзірлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, “Қызметкер туралы” ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім-шартын жасау үшін де қажет. Төлем жеке немесе ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін.
Бұл жағдайда жұмыс берушінің белгіленген жалақысының деңгейі заңда белгіленген ең төменгі жалақының деңгейінен төмен болмауы керек.
Жалақы екі түрге бөлінеді:
- негізгі;
- қосымша.
Негізгі – бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалаулар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы. Оның құрамына:
- жұмыс істеген
уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы,
кесімді бағалаулар немесе
- қызметпен өткерген жылдар үшін үстеме;
- жұмыс жағдайының
өзгеруіне байланысты кесімді
ақы алушыларға үдемелі
- ақшалай
және натуралды сыйақылар және
сыйақы берудің бекітілген
- мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
- түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;
- жұмысшының кінәсі жоқ тыс жағдайда тұрып қалуға төленетін төлемдер.
Қосымша - бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес есептелетін жалақы. Қосымша жалақының құрамына кіретіндер:
- балаларын
тамақтандырушы аналардың
- жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем;
- мемлекеттік
және қоғамдық міндеттемелерді
орындауға жұмсалған жұмыс
- негізгі
және қосымша демалыстар
- пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
- шыққанда берілетін жәрдемақы.
Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын 2 нысаны қолданылады[1].
Мерзімді еңбекақынақты істеген уақыты үшін еңбекақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының нысанын атайды.
Мерзімдік еңбекақының нысаны жай-мерзімділдік және сыйақылық-мерзімділік болып бөлінеді.
Жай мерзімділік жүйесінің кезінде өзіне
берілген тарифтік мөлшерлемесі немесе
нақты істеген уақыт бойынша еңбеккерлерге
еңбекақы есептейді. Практикада осы табыстарды
есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады:
- сағаттық;
- күндік ақы;
- айлық ақы.
Енді осы жүйеге сандық және сапалық көрсеткіштері үшін қосымша еңбекақы сыйақылы-мерзімділік төлем болып табылады.
Кесімді еңбекақы төленген кезде алдын-ала белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді (дана, т, цн, килограмм т.б.). Кесімді еңбекақы нысаны келесідей еңбекақы жүйесіне бөлінеді:
Тікелей кесімді еңбекақы жүйесі әрбір өнім бірлігі бойынша бағасын қою арқылы белгіленеді;
Кесімді-сыйақылық - бұл қосымша марапттау төлемін қарастырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады;
Кесімді-прогрессивті (үдемелі) еңбек ақы төлемі. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан тыс артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойыншща есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін үдемелі (прогрессивті) бағалар бойынша есептейді.
Жамана кесімді еңбекақы төлемі. Мұнда қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскесінің, цехтың негізгі жұмысшыларының төлем-ақысына шаққандағы пайызымен анықталады;
Еңбекақы төлемінің аккордтық жүйесі. Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемі нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің (уақытының, өндірім нормаларының) орындалуы және алдын ала кешендік жұмыстың тұтастай орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы бойынша анықтайды. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда және жұмыстың орындалу мерзімдерін қысқартуда, олардың материалдық ынталылығын күшейтуге ықпал ету үшін пайдаланады. Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақыт нормалары, өнімдер) мен бағалар негізінде белгілейді, ал олар болмаған жағдайда — онда ол осы тәріздес жұмыс үшін қолданып жүрген, нормативтік тапсырмалар мен баға бойынша белгіленеді. Еңбек төлемінің бұл жүйесі бойынша аккордтық тапсырманы мерзімінен бұрын орындағаны үшін сыйақы беру тәртібі белгіленуі мүмкін[2].
Еңбек есебінен маңызды элементі болып еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбекақының мөошері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:
Тарифтік
кесте – жұмысшылардың және
қызметкерлердің әрбір
Тарифтік
мерзімді еңбекақы мөлшері 1 сағатқа
белгіленеді. Кесімді еңбек бағасы
белгілі тарифтік баға бойынша
1 сағатқа белгіленген немесе 1 сағатқа
тиісті еңбекақы мөлшерні сол
сағатта өндірілген өнім
Тарифте
мамандықтар бойынша
Еңбек ақының 2 түрі қалыптасады:
Номиналды еңбекақы нақты бір мерзімге жұмысшыға есептелінген және төленген еңбекақының бағасы.
Нақты еңбекақы ол тауарлар мен қызметтердің нақты бір база деңгейіндегі көлемін, сатып алуға мүмкіншілігі бар жұмысшының еңбекақысы.
Номиналды еңбекақыға мемлекет белгілеген еңбекақының минималды мөлшері әсер етеді.
Нақты еңбекақыға тауарлар мен қызметтердің бағалары әсер етеді.
Ынталандыру сипаттағы төлемдер. Өндіріс тиімділігін және орындалатын жұмыстың сапасын арттыну мақсатында еңбеккерлердің материалдық мүддесін күшейту үшін сыйлық пен марапаттау жүйесін енгізу керек, ал ол жыл соңының нәтижесі бойынша және басқа да көрсеткіштер бойынша берілуі мүмкін.
Сыйлық еңбеккерлердің жеткен жетістігі үшін ақшалай қолдап дем беру және оның одан әрі өсу қарқынын ынталандыру болып табылады. Сыйлық, негізінен үстеме төлем ретінде берілуі мүмкін.
Информация о работе Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі