Ресей Федерациясының экономикалық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2013 в 22:06, реферат

Краткое описание

Ұсақ кәсіпкерлер өзара еркін бәсекелесті. Бұл еркін бәсеке дәуірі еді. ХІХ – шы ғасырдың ІІ – ші жартысынан бастап ҒТР – ның әсерінен акционерлік (корпоративтік) қоғам түрі қалыптаса бастады. Ал, ХХ – шы ғасырдың басынан мемлекеттік меншік үлесі кәдімгідей өсе бастады.
Қазіргі уақытта жетілмеген (еркін емес) бәсеке жағдайында, нарықты реттеу дәуірінде меншік түрлерінің құрылымы кәдімгідей өзгерді: жеке
меншік 30 – 35 % көлемін, корпоративті (ұжымдық) меншік көптеген бөлігін, яғни 50% – ын және мемлекеттік меншік 15 – 20% - ды құрайды.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3

1. Ресей Федерациясының экономикалық ерекшеліктері........................................4
1.1Ресейдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, қаржы жүйесі..4
1.2 Ресейдің экономикалық бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы...............7
1.3 Ресейдің салық жүйесі......................................................................................9

2. Шаруашылығы және өнеркәсібі...........................................................................11
2.1 Шаруашылығына жалпы сипаттама..............................................................11
2.2 Отын-энергетика кешені.................................................................................12
2.3 Металлургия және машина жасау..................................................................14
2.4 Өнеркәсіптің басқа салалары..........................................................................17

3. Ауыл шаруашылығы.............................................................................................18
3. 1 Ауыл шаруашылығының жалпы сипаты......................................................18
3.2 Өсімдік шаруашылығы...................................................................................19
3.3 Мал шаруашылығы.........................................................................................21

4. Ресейдің экономикалық аудандары мен сыртқы экономикалық байланыстары.............................................................................................................23
4.1 Экономикалық аудандары..............................................................................23
4.2 Cыртқы экономикалық байланыстары..........................................................23

Қорытынды.................................................................................................................25

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

экон теория.docx

— 175.30 Кб (Скачать документ)

Ресей үшін аса маңызды  саланың бірі — картоп өсіру. Өйткені  ол, ең алдымен, халыктың ежелден азық ретінде қажетін өтеп келеді, сондай-ақ мал азығы үшін және крахмал шикізаты есебінде кеңінен қолданылады. Картоп ылғалсүйгіш, алайда жылуды аса көп  қажет етпейтіндіктен орман зонасының  оңтүстігі мен орманды дала зонасында, сондай-ақ ірі қала маңдарында шоғырланған.

Техникалық  дақылдар

Техникалық дақылдардың  таралу аудандары оларды өңдейтін кәсіпорындар маңайында және агроклиматтық ресурстар  мүмкіндігіне қарай орналасқан. Аса  маңызды дақылдың бірі — зығыр. Сапалы талшық алу үшін аса ыстық емес, ылғалды климат қажет. Сондықтан  зығыр Ресейдің еуропалық бөлігінің  солтүстік-батысында, Орталық экономикалық аудан мен Алтай өлкесінде  өсіріледі. Қант қызылшасы мен күнбағыс Орталық қара топырақты аудан, Солтүстік  Кавказ бен Волга бойында өсіріледі.

Көкөніс пен  бақша өнімдері

Көкөніс пен бақша өнімдері елдің барлық бөліктерінде дерлік (қиыр солтүстіктегі аралдардан басқа) өндіріледі. Жалпы өнім көрсеткіші жөнінен Орталық  экономикалық аудан жетекші орында, одан кейін Орал мен Волга бойы және Солтүстік Кавказ аудандары  тұр.

Бақ және жүзім  шаруашылығы

Бақ және жүзім шаруашылығы, негізінен, Ресейдің оңтүстік өңірлеріне тән. Әсіресе Солтүстік Кавказ бен  Волга бойына елдегі жиналатын өнімнің  тең жартысынан астамы тиесілі. Ресейде  өсірілетін барлық жүзім алқаптары  Дағыстан мен Краснодар өлкесінде  жинақталған. Жемістердің басым  бөлігі оңтүстіктегі шекаралас елдерден әкелінеді. Субтропиктік жемістер мен  темекі Солтүстік Кавказдың тауалды  бектерлерінде, ал шай Краснодар  өлкесінің Қара теңіз жағалауында  ғана өсіріледі.жө

 

3.3 Мал шаруашылығы

 

Ресейдің мал шаруашылығындағы жетекші салаларға ірі қара өсіру, шошқа және қой шаруашылықтары жатады. Соңғы он жыл ішінде Ресейде мал  басының саны 2—3 есеге дейін кеміп  кетті (косымшадағы 12-кестені қараңдар). Мал шаруашылығының өркендеуіне  мал азығының жеткілікті дайындалмауы, мал тұқымын асылдандыру шараларының  өз дәрежесінде жүргізілмеуі кедергі  жасайды.

Ресейдегі ет өндіру, млн тонна

 

Ірі қара шаруашылығы

Ірі қара шаруашылығы өнім түріне қарай сүтті, сүтті-етті, етті және етті-сүтті бағыттағы шаруашылықтарға  жіктеледі. Сүтті, сүтті-етті бағыттағы  мал шаруашылығы өте құнарлы, шүйгін шөптер тән орман және орманды  дала зоналарында, ал етті, етті-сүтті  бағыттағы мал шаруашылығы ылғал  аздау түсетін дала мен шөлейт зоналарында кеңірек таралған. Сонымен  қатар сүтті, сүтті-етті бағыттағы  мал өсіру ірі қалалар мен  агломерациялар төңірегіндегі тауарлы  мал фермаларында шоғырланған.

Шошқа шаруашылығы

Шошқа шаруашылығы ірі  қалалар мен тамақ өнеркәсібі өркендеген аудандарда шоғырланған. Ондай  кешендерде тамақ қалдықтары негізінде 100 мың басқа дейін шошқа өсірілуі мүмкін. Алайда мұндай шаруашылықтар  арзан ет өндіргеніне қарамастан, қоршаған ортаны ластап, кері әсерін де тигізіп жатады. Шошқаның саны жөнінен  Краснодар елкесі алдыңғы орында, одан кейінгі орындарды Орал мен  Волга бойы аудандары иеленеді.

Қой шаруашылығы

Қой шаруашылығы жыл бойы жайылымға шығарып бағу мүмкіндігі бар аудандарда кең таралған. Ресейдегі  қой шаруашылығының негізгі бағыты — биязы жүнді қой өсіру. Жүн  жеңіл өнеркәсіп салаларын аса  маңызды шикізатпен қамтамасыз етеді. Ресейдің орталығы мен солтүстік-батысындағы  жүні сапалы емес қойлар (оңтүстікте —  қаракөл, солтүстікке қарай романов  тұқымы) еті мен терісі үшін өсіріледі. Сонымен қатар атақты орынбор  шәлілерін тоқитын бағалы түбіт  алынатын ангор ешкілерін өсіру  Оралдың оңтүстігіне тән.

Құс шаруашылығы

Құс шаруашылығы Ресейдің ірі қалалары маңайында және астықты  аудандарда көбірек шоғырланған. Өйткені  оның ең басты өнімі — жұмыртқа тез бұзылатын болғандықтан, тұтынушыға неғұрлым жақын орналастыруды қажет  етеді. Ірі құс фабрикалары толықтай механикаландырылған.

Жылқы өсіру

Жылқы өсіру еуропалың  бөліктің оңтүстігі мен Оралда жақсы  жолға койылған, әсіресе соңғы  жылдары асыл тұқымды жылқы өсіру  белең алуда. Солтүстік Сібір  мен Қиыр Шығыстағы бұғы шаруашылығы. ежелден қалыптасқан атакәсіп болып  саналады. Омарта шаруашылығы да Солтүстік  Кавказ, Оңтүстік Орал, Алтай өлкесінің  таулы бөліктеріндегі шалғындық  белдеулер негізінде ерте кезден бері тұрақты қалыптасқан сала болып  есептеледі. Сонымен қатар орман  зоналарының түрлі бөліктерінде терісі бағалы аңдарды өсіру де атадан балаға мирас болған кәсіп, үй қояндарын  өсіру де кең тараған. Ресейдің неғұрлым құрғақ аймақтары — қалмақ жері мен Астрахань облысында түйе өсірумен де айналысады.

Қорыта келгенде, Ресейдің ауыл шаруашылығының орналасуы мен  дамуының өзіндік заңдылықтары бар. Ауыл шаруашылығы салаларының аумақ  бойынша орналасуы көпшілік жағдайда зоналық заңдылықтарға негізделген. Ал оның даму әрі өркендеу қарқындылығы сөз жоқ, Ресей Федерациясының экономикалық, әлеуметтік және еңбек ресурстарының өлеуетше тәуелді.

 

4. Ресейдің экономикалық аудандары мен сыртқы экономикалық байланыстары

 

4.1 Экономикалық аудандары

 

Ресей аумағы ішкі экономикалық айырмашылықтарына қарай 11 экономикалық аудан мен бір еркін экономикалық зонаға бөлінеді. Олардың әрқайсысы  өзіне тән маманданған шаруашылық салалары бар кешенді құрылымдардың  күрделі жиынтығынан құралады:

    • Орталық экономикалық аудан;
    • Волга-Вятка экономикалық ауданы;
    • Орталық қара топырақты аудан;
    • Солтустік-Батыс экономикалық ауданды;
    • Солтүстік экономикалық аудан;
    • Солтүстік Кавказ экономикалық ауданы;
    • Волга бойы экономикалық ауданы;
    • Орал экономикалық ауданы;
    • Батыс Сібір экономикалық ауданы;
    • Шығыс Сібір экономикалық ауданы;
    • Қиыр Шығыс экономикалық ауданы;
    • Калининград облысы

4.2 Cыртқы экономикалық байланыстары

 

Сыртқы сауда

Ресей Федерациясының басқа  елдермен қарым-қатынасы, олардың жалпы  сипаты мен құрылымдық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы сауда байланысына  тәуелді. Ел экономикасы көптеген жылдар бойы жасанды саяси кедергілер әсерінен дүниежүзілік нарықтан тыс қалып  келген болатын. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап Ресей экономикасы ашық сипат  алып, халықаралық деңгейге бетбұрыс жасады.

1994 жылы Ресей мен Еуропалық  Одақ арасында серіктестік пен  достастық келісімге қол қойылды.  Соның нәтижесінде Ресей Еуропалық  Одақ елдеріне өз экспортының  үлесін 40 %-ға дейін көтерді. Сонымен  қатар Батыс Еуропаның жоғары  дамыған мемлекеттерімен арадағы  байланысты күшейтіп, оның үлесін 50—60 %-ға дейін өсірді. Ондай сауда  серіктестері қатарынан Германия, Италия, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания  мемлекеттерін көруге болады. Мұндай  сауда- экономикалық байланыстар  ТМД елдерімен де жаңа деңгейге  көтерілді. 2007 жылғы сыртқы сауда  айналымы 578,9 миллиард АҚШ долларын  құрайды, оның 355,5 миллиард АҚШ  доллары экспортқа, ал 233,4 миллиард  АҚШ доллары импорт үлесіне тиесілі. Олардың арақатынасы мен басты бағыттарына мәтіндегі картадан да айқын көз жеткізуге болады.

Ресейдің экспортқа шығаратын  тауарлары арасында отын-энергетикалық  және минералдық ресурстардың үлесі  басым. Мұнай мен мұнай өнімдерін  Германия, Италия, Швейцария, Ұлыбритания  мен Польшаға; табиғи газды Германия, Италия, Францияға; таскөмірді Жапония  мен Түркияға шығарады. 2004 жылғы  қорытынды бойынша осы тауарлардың  Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова  мен Украинадағы үлесі 24 %-дан 60 %-ға дейін ауытқыған. Сонымен қатар  осы жылғы қорытынды бойынша  Ресейдің ең басты сауда серіктестері ТМД елдерінен басқа Германия, Италия, Қытай және Нидерланд болып  отыр. Елде сыртқы саудамен қатар халықаралық  экономикалық қатынастардың басқа  да нысандары дамуда. Жоғары дамыған  елдермен, сондай-ақ Шығыс Еуропа елдерінің  көптеген компанияларымен бірлескен  кәсіпорындар қатары көбеюде. Ал шетелдерде Ресей компанияларының қатысуымен бірлескен кәсіпкерліктің дамуы  жедел қарқынмен жүруде. Елдегі сыртқы экономикалық байланыс түрлерінің бірі — туризм болып табылады.

Туризм

Ресей жері табиғат жағдайының алуантүрлілігі, әсіресе табиғаты көркем де көрікті жерлерінің көп болуымен ерекшеленеді. Ондай аудандар қатарына Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің жанға жайлы курорттары мен жағажайлары, Байкал көлі мен Сібір өзендерінің  табиғаты әсем жағалаулары, Орал, Алтай  және Саян тауларының баурайларындағы  таулық туристік базалар жатады.

Сонымен қатар тарихи және сәулет ескерткіштері, мұражайлар, өркениет мұралары сақталып қалған ежелгі қалалар  мен қазіргі ғылым мен мәдениеттің  озық үлгілерін жинақтаған әсем де асқақ қалалар Ресейдің аса құнды  ұлттық байлықтары болып саналады. Осы құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап әрі туристерге барлық қырынан  толықтай таныстыруда түбегейлі  өзгерістер жүзеге асырылуда. Ресейдің аса ірі қалалары мен туристік-рекреациялық мүмкіндіктері жоғары аудандарда инфрақұрылымдар жаңартылып, заман талабына сәйкестендірілуде. Ол шараларды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қордан өте қомақты қаржы бөлінуде.

Осы шаралар нәтижесінде  соңғы жылдары халықаралық туризм жылдам дамуда. Анықтамалық мәліметтер бойынша Ресейге келетін туристердің  ішінде алыс шетелден келетіндер саны XX ғасырдың 90-жылдарындағы 13%-дан соңғы  жылдары 29%-ға дейін көтерілген.

 

Қорытынды

 

Қазіргі кезде жекелеген  елдер мен аймақтар әлемдік экономикада  алатын орны жөнінен бір-бірінен  үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан  елдердің нақты әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін салыстырып, сипаттауда сандық көрсеткіштер жүйесі кеңінен  пайдаланылады. Ел экономикасының ауқымы, ең алдымен, жалпы жиынтық өнім көлемімен  анықталады. Жиынтық өнімнің екі  түрі бар: жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) және жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ). ЖІӨ жыл  ішінде белгілі бір аумақта өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтің  жалпы құнын көрсетсе, ЖҰӨ көлемін  анықтауда аумақтағы шетелдік кәсіпорындар үлесі есептелмейді. Ресей географтары  дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейіне, әлемдік экономикадағы  орнына қарай экономикасы дамыған  елдер, өтпелі экономика тән елдер  және дамушы елдер деп үлкен үш топқа бөледі.

Ресей экономикасы ЖІӨ бойынша  дүние жүзінде 6 орын алады (2012ж). 2011 жылы 9 орында болды. Ел экономикасы  көптеген жылдар бойы жасанды саяси  кедергілер әсерінен дүниежүзілік нарықтан тыс қалып келген болатын. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап Ресей экономикасы  ашық сипат алып, халықаралық деңгейге бетбұрыс жасады. Ресейдің экспортқа  шығаратын тауарлары арасында отын-энергетикалық  және минералдық ресурстардың үлесі  басым. Мұнай мен мұнай өнімдерін  Германия, Италия, Швейцария, Ұлыбритания  мен Польшаға; табиғи газды Германия, Италия, Францияға; таскөмірді Жапония  мен Түркияға шығарады. 2004 жылғы  қорытынды бойынша осы тауарлардың  Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова  мен Украинадағы үлесі 24%-дан 60%-қа дейін ауытқыған.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қабдиев Д. Қ., Оралтаев Т. Қ., Ескендіров Ә. Е., Бекмолдин С. Қ., Хабибулин Б. Х., Темірбекова А. Б., Беленов А. Т. – Экономикалық саясат.- Алматы: Экономика, 2002ж.
  2. Кеулимжаев К.К., Әжібаева З.Н., Кұдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. Қаржылық есеп — Алматы: Экономика, 2001.
  3. Куликов А. Экономикалық теория негіздері.-Шымкент,1994
  4. Қалдыбаев о., Теміров Е. Нарықтың экономикалық анықтамалығы.- Алматы,1993
  5. Медешев Б. Нарықтық экономика теориясына кіріспе.-Алматы, 1995
  6. Микроэкономика: Оқулық.-Алматы, 2006
  7. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория: оқу құралы.-Алматы, 2008
  8. Тоқсанбай   С.Р.   Толық  экономикалық  орысша-қазақша  сөздік. Алматы: - Сөздік-Словарь, 1999.
  9. Экономикалық теория негіздері:оқулық/ред. басқ. Я. Әубәкіров.-Алматы, 2004
  10. http://kk.wikipedia.org/wiki/  - Уикипедия ашық және тегін энциклопедия

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым  министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

 

 

Кәсіпорын экономикасы кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ресей Федерациясының экономикалық жүйесі

 

 

 

Орындаған: Төлеу Әйгерім

ТТ-12-1 тобының  студенті

Қабылдаған: Тажибекова К.Б.

э.ғ.к., доцент

 

 

 

 

 

 

 

 

2013

 


Информация о работе Ресей Федерациясының экономикалық жүйесі