Ресей Федерациясының экономикалық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2013 в 22:06, реферат

Краткое описание

Ұсақ кәсіпкерлер өзара еркін бәсекелесті. Бұл еркін бәсеке дәуірі еді. ХІХ – шы ғасырдың ІІ – ші жартысынан бастап ҒТР – ның әсерінен акционерлік (корпоративтік) қоғам түрі қалыптаса бастады. Ал, ХХ – шы ғасырдың басынан мемлекеттік меншік үлесі кәдімгідей өсе бастады.
Қазіргі уақытта жетілмеген (еркін емес) бәсеке жағдайында, нарықты реттеу дәуірінде меншік түрлерінің құрылымы кәдімгідей өзгерді: жеке
меншік 30 – 35 % көлемін, корпоративті (ұжымдық) меншік көптеген бөлігін, яғни 50% – ын және мемлекеттік меншік 15 – 20% - ды құрайды.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3

1. Ресей Федерациясының экономикалық ерекшеліктері........................................4
1.1Ресейдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, қаржы жүйесі..4
1.2 Ресейдің экономикалық бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы...............7
1.3 Ресейдің салық жүйесі......................................................................................9

2. Шаруашылығы және өнеркәсібі...........................................................................11
2.1 Шаруашылығына жалпы сипаттама..............................................................11
2.2 Отын-энергетика кешені.................................................................................12
2.3 Металлургия және машина жасау..................................................................14
2.4 Өнеркәсіптің басқа салалары..........................................................................17

3. Ауыл шаруашылығы.............................................................................................18
3. 1 Ауыл шаруашылығының жалпы сипаты......................................................18
3.2 Өсімдік шаруашылығы...................................................................................19
3.3 Мал шаруашылығы.........................................................................................21

4. Ресейдің экономикалық аудандары мен сыртқы экономикалық байланыстары.............................................................................................................23
4.1 Экономикалық аудандары..............................................................................23
4.2 Cыртқы экономикалық байланыстары..........................................................23

Қорытынды.................................................................................................................25

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

экон теория.docx

— 175.30 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе...........................................................................................................................3

 

1. Ресей Федерациясының  экономикалық ерекшеліктері........................................4

1.1Ресейдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, қаржы жүйесі..4

1.2 Ресейдің экономикалық  бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы...............7

1.3 Ресейдің салық жүйесі......................................................................................9

 

2. Шаруашылығы  және өнеркәсібі...........................................................................11

2.1 Шаруашылығына жалпы  сипаттама..............................................................11

2.2 Отын-энергетика кешені.................................................................................12

2.3 Металлургия және машина  жасау..................................................................14

2.4 Өнеркәсіптің басқа  салалары..........................................................................17

 

3. Ауыл шаруашылығы.............................................................................................18

3. 1 Ауыл шаруашылығының  жалпы сипаты......................................................18

3.2 Өсімдік шаруашылығы...................................................................................19

3.3 Мал шаруашылығы.........................................................................................21

 

4. Ресейдің  экономикалық аудандары мен сыртқы  экономикалық байланыстары.............................................................................................................23

4.1 Экономикалық аудандары..............................................................................23

4.2 Cыртқы экономикалық  байланыстары..........................................................23

 

Қорытынды.................................................................................................................25

 

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................26

 

Кіріспе

 

Экономикалық жүйе - экономиканың өзара байланысқан және реттеліп жүйелендірілген элементерін айтамыз. Экономиканың жүйелі мінездемесінен тыс  экономикалық байланыстар мен институттар  дұрыс жүргізілмей, экономикалық процестердің теориялық зерттеуінің негіздері  анықталмай қалар еді. Ал бұл жағдайда мемлекеттің нақты мақсаттарға  бағытталған тиімді саясаты болмаған еді.

Қандай да бір экономикалық жүйедегі әртүрлі меншік түрлерінің арақатынасы қандай болу керек? ХІХ  – шы ғасырдың ІІ – ші жартысына  дейін өмір сүрген еркін нарықтық экономика дәуірінде (монополистік капитализмге дейінгі жүйе), ұсақ жеке меншік артығырақ сипатқа ие болады. Ұсақ кәсіпкерлер өзара еркін  бәсекелесті. Бұл еркін бәсеке дәуірі еді. ХІХ – шы ғасырдың ІІ – ші жартысынан бастап ҒТР – ның әсерінен акционерлік (корпоративтік) қоғам  түрі қалыптаса бастады. Ал, ХХ –  шы ғасырдың басынан мемлекеттік  меншік үлесі кәдімгідей өсе бастады.

Қазіргі уақытта жетілмеген (еркін емес) бәсеке жағдайында, нарықты  реттеу дәуірінде меншік түрлерінің құрылымы кәдімгідей өзгерді: жеке

меншік 30 – 35 % көлемін, корпоративті (ұжымдық) меншік көптеген бөлігін, яғни 50% – ын және мемлекеттік меншік 15 – 20% - ды құрайды.

Қазіргі кезде жекелеген  елдер мен аймақтар әлемдік экономикада алатын орны жөнінен бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан елдердің нақты әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін салыстырып, сипаттауда сандық көрсеткіштер жүйесі кеңінен пайдаланылады. Жеке елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін сипаттауда:

1) ел экономикасының типі;

2) жерінің ауданы және  оның игерілу деңгейі;

3) халқының саны мен еңбек ресурстарының құрылымы;

4) жалпы жиынтық өнімнің  (ЖЖӨ) келемі мен құрылымы;

5) халықтың өмір сүру  деңгейі мен сапасы;

6) елдің халықаралық еңбек  белінісіндегі орны сияқты маңызды  көрсеткіштердің жиынтығы пайдаланылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Ресей Федерациясының экономикалық ерекшеліктері

 

1.1Ресейдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, қаржы жүйесі

 

Ресей Федерациясының соңғы  жылдарда макроэкономикалық көрсеткіштеріне  қысқаша шолу жасайтын болсақ, нақты 2010-2012 жылғы қаржылық көрсеткіштері төмендегідей болды:

Халық саны — 142,9 млн адам

Жұмыссыздар саны - 6153 мың  адам

Халықтың ақшалай табыстары (орташа жан басына шаққанда бір  айға) - 3949,8 рубль.

Халықтың ақшалай шығындары (орташа жан басына шаққанда бір  айға) - 38,805 рубль.

Экономика саласында еңбекпен қамтылғандардың жылдық орташа саны - 65359 мың адам.

Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) – 2,022 трлн доллар

Жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда – 13236 доллар

Өнеркәсіптік өнім көлемі - 6867,9 млрд рубль.

Негізгі капиталға күрделі  салымдар - 1758,7 млн рубль

Бюджет табыстары – 387 млрд доллар

Бюджет шығындары – 372 млрд доллар

Экспорт- 524,7 млрд доллар

Импорт – 312,6 млрд доллар

Экспорт және импорт көлемінің динамикасы

Экспорт құрылымында азық-түлік  тауарлары мен ауылшаруашылық шикізат  – 55,2%, минералды өнімдер – 2,6%, ағаш және қағаз өнімдері – 18,6%, химиялық өнеркәсіп өнімі – 1,4%, тері шикізаты мен бағалы бұйымдар – 4,6% құрайды. Ал импорт құрамының 36,2 %- машиналар мен жабдықтар, транспорттық құралдар, 5,3% - металдар мен бағалы тастар, 6,4% - аяқ киім және тоқыма бұйымдарынан тұрады. Күрделі салымдар мәселесі бойынша Ресей барлық ірі дамыған мемлекеттермен тығыз байланыста. Атап айтқанда, 2012 жылы күрделі салымдар құйған инвестор мемлекеттердің үлес салмағы: Нидерланды – 14,6%, Қытай – 6,8% , Германия – 6,9%, Италия – 6,2%, Турция –5,2%, Украина – 5,2%, Белоруссия – 4,7%, Польша – 3,8%.

2012 жылы барлық шетелдік  салымдар 19780 млн долларды құраса, олардың экономика салаларына  бөлінуі мынандай: өнеркәсіп –  37,1%, ауыл шаруашылыы – 0,2%, құрылыс  – 0,6%, транспорт -0,9%, байланыс  – 2,2%, сауда және қоғамдық тамақтану  – 44,5%, нарық қызметін қамтамасыз  ететін жалпы коммерциялық салалар  – 6,9%, қаржы, несие, сақтандыру, зейнеақымен қамтамсыз ету –  0,7%, тұрғын-үй шаруашылығы -0,1%. Яғни, күрделі салымдардың ауқымды  көлемі өнеркәсіп пен сауда  және қоғамдық тамақтандыру салаларына  бағытталады. Ресей федерациясының  қаржы жағдайын қарайтын болсақ, мемлекет деңгейіндегі табыстар  мен шығыстар көлемі, ара қатынасы  мынандай: 2012 жылы табыстар 3519,2 млрд  рубль, ЖІӨ-ге алғандағы мөлшері  - 32,4 % құрады; оның ішінде салықтық  табыстар – 3136,8 млрд рубль,  ЖІӨ - 32,4 % құрады. Ал шығыстар 3422,3 млрд рубль, ЖІӨ - 31,5 %, оның ішінде  мемлекеттік және жергілікті  өзін-өзі басқаруға – 149 млрд  рубль, халықаралық істерге –  34.2 млрд рубль, ұлттық қорғанысқа  – 294,4 млрд рубль, құқық қорғау  және мемлекет қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге – 240,4 млрд  рубль, өнеркәсіп, энергетика  және құрылыс салаларына –  324,5 млрд рубль, ауыл шаруашылығы  мен балық аулау саласына –  59,8 млрд рубль, қоршаған орта  мен табиғи ресурстарды қорғауға  – 16 млрд рубль, транспорт,  жол шаруашылығы, байланыс және  информатика саласына – 122,2 млрд  рубль, тұрғын-үй шаруашылығына  – 221,9 млрд рубль, білім беру  саласына – 409,4 млрд рубль,  денсаулық сақтау және дене  тәрбиесіне – 253,7 млрд рубль,  әлеуметтік саясат жүргізу шараларына  – 626,5 млрд рубль, мәдениет, өнер  – 48,6 млрд рубль, бұқаралық  ақпарат құралдарына – 18,6 млрд  рубль, муниципалды қызмет көрсетуге  - 243,7 млрд рубль, арнайы мақсатты  бюджет қорларына 169,3 млрд рубль  шығындар жұмсалған. Қәзіргі кезде  Ресейде әлеуметтік саясат бағытына  бөлінетін қаржы едәуір көбейіп,  ЖІӨ -ге қарағанда 5,8 % құрайды.

Қаржы өзінің экономикалық табиғаты жағынан және жалпы принципиалды бірлігі жағынан біртұтас. Алайда, қоғамның сан-алуан қажеттеріне  қызмет ететіндігіне байланысты қаржы  бірқатар салалардан тұрады. Нәтижесінде  өз ықпалымен бүкіл экономиканы  қамтиды. Қаржы қатынастарының саласы мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай қаржы  жүйесін құрады.

Қаржы жүйесі - бүл мемлекет пен кәсіпорынның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру және пайдалану процесіндегі қаржы  қатынастарының оқшауланған, бірақ  өзара байланысқан әртүрлі салалары мен буындарының, сондай-ақ оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.

Ресей Федерациясының қаржы  жүйесі қаржы қатынастарының біршама  дербес мына салаларынан тұрады:

•мемлекеттік бюджет;

•сақтандыру қорлары;

•қор нарығы;

•мемлекеттік несие;

•шаруашылық жүргізушілердің субъектілерінің қаржыларына;

•бюджеттен тыс қорлар.

Жоғарыда келтірілген  қаржы қатынастарын екі жүйеге бөледі. Шаруашылық жүргізу субъектілердің каржылары орталықтандырылмаған қаржыларға жатады жэне микродеңгейдегі экономикамен әлеуметтік қатынастарды реттеу мен  көтермелеу үшін пайдаланылады, ал жалпы  мемлекетікке орталықтандырылған каржылар жатады және макроденгейдегі экономика  мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады.

Қаржы жүйесін буындарға  болу себебі: әр буынның міндетіне  байланысты және де орталықтандырылған және де орталықтандырылмаған ақша қорын  қалыптастырумен байланысты. Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорларының ресурсы ұлттық пайданы бөлу және қайта бөлу арқылы құрылады.

Экономикалық-элеуметтік дамудағы мемлекеттің маңызды рөлі, оның қол  астындагы мөлшерлі көлемдегі қаржылық ресурстардың орталықтандыруына әкеледі. Бюджеттік және бюджеттен тыс  қорлар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етеді.

Ақша қорларының басқа  да формаларын пайдалану қаржы жүйесінің  несиелік және сақтандыру салалары арқылы жүзеге асырылады.

Орталықтандырылмаған ақша қорлары кәсіпорынның өздерінің  жинақтарынан және ақша пайдасынан құралады.

Жалпы мемлекеттік қаржылар халық шаруашылығының дамуын қамтамасыз ету, қаржы ресурстарын экономика  салаларымен елдің аймақтарында қайта бөлуде маңызды роль аткарады. Жалпы мемлекеттік қаржылар кэсіпорынның қаржыларымен тығыз байланысты.

Бір жағынан, бюджет пайдасының басты көзі ұлттық пайда болса, екінші жағынан, өндірісті көтермелеу үшін кәсіпорынның өзінің қаржыларымен ғана емес, жалпы мемлекеттік ақша қорларын банк несиелерін тарту арқылы дамытады. Кәсіпорынның өзінің жарғылық қоры жетіспеген жағдайда акционер негізінде басқа фирманың қаражаттарын тарту аркылы дамытуға болады.

Қаржы жүйесі арқылы орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша, жинақ  қорларына мемлекеттік несиенің, салықтардың, мемлекеттік бюджеттің  шығындары арқылы ықпалын тигізеді.

Мемлекеттік бюджет - қаржы  жүйесінің басты саласы. Ол мемлекеттің де басты саласы. Ол мемлекеттің басты кірістері мен шығыстарын біріктіреді.

Ресей Федерациясының негізгі  қаржы жоспары мемлекеттік бюджет болып табылады. Бюджет арқылы барлық меншік нысандарының, шаруашылық жүргізуші  субъектілерінің қаражаттары және ішінара халықтың табысы жұмылдырылады. Мемлекеттік бюджет арқылы мемлекет экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды  қаржыландыруға, елдің қорғаныс қабілетін  нығайтуға, мемлекеттік басқару  органдарын ұстауға және басқаларға бағытталады. Жалпы мемлекеттік  қаржының бірден-бір саласы бюджеттен  тыс қорлар болып табылады.

Бюджеттен тыс қорлар - федеративтік және жергілікті үкіметтің қаржылары.

1995 жылы жалпы бюджеттен  тыс қорлардың пайдасы 90,5 трлн, немесе мемлекеттік бюджеттің  63% құрады.

Қоғамның сан алуан  қажеттерін үздіксіз қанағаттандырып  отыру мақсатында мемлекет өзінің шығындарын жабуға шаруашылық құрылымдар мен халықтың қаражаттарын тартуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік несие  болып табылады, ол жалпы мемлекеттік  қаржылардың басты буындарының  бірі. Жеке және заңды тұлға, кәсіпорындар мен ұйымдар несиегерлер болып  келеді. Қаржы нарығында облигация  және де т.б. құнды қағаздарды сату арқылы қосымша қаржы ресурстарын тарта  алады. Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы болады.

Ресей Федерациясының ішкі карызы ұзақ мерзімді міндеттемені білдіреді. Яғни, Ресей Федерациясынан алынған  несие, мемлекеттік қарыз ұзақ мерзімді міндеттеме болып табылады.

 

1.2 Ресейдің экономикалық бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы

 

Қандай мемлекетте болмасын, оның қаржы жүйесінде басты орынға ие   мемлекеттік бюджет.

Ресей Федерациясының жаңа Бюджет заңы бюджет туралы анықтаманы төмендегідей береді:

Мемлекет өз қызметі мен  міндеттерін жүзеге асыру мақсатында қолданатын ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру мен жұмсау деп таниды. Мемлекеттің құрылымының түріне қарай мемлекеттің қаржы жағдайы, ақша ресурстары жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдаймен тікелей байланыста болады. Мысал үшін, экономиканың социалистік үлгісіндегі елдерде, соның ішінде бұрынғы Кеңес Үкімет елдеріндегі қаржылық билік толығымен дерлік мемлекет билігінде болатын, және де ең басты міндет - мемлекеттік мұқтаждарды қамтамасыз ету еді. Мемлекеттік қаржылар кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын, тіпті халықтың жинақтарын да толығымен өздеріне багындырған болатын.

Дегенмен, 80-90 жылдардағы Ресейдегі  саяси өзгерістер Ресей экономикасын толығымен өзгертіп жібергені анық. Меншіктің жаңа түрлері, шаруашылық субъектілерінің пайда болуы  ақша табыстары жүйесіне өзгерістер енгізді. Әкімшілік билік жойылған соң, қоғамның қаржы ресурстарын  заң шығарушы органдар мен атқарушы билік органдарының арасындағы құзырды  анықтау мәселесі туындады.

Информация о работе Ресей Федерациясының экономикалық жүйесі