Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2013 в 22:06, реферат
Ұсақ кәсіпкерлер өзара еркін бәсекелесті. Бұл еркін бәсеке дәуірі еді. ХІХ – шы ғасырдың ІІ – ші жартысынан бастап ҒТР – ның әсерінен акционерлік (корпоративтік) қоғам түрі қалыптаса бастады. Ал, ХХ – шы ғасырдың басынан мемлекеттік меншік үлесі кәдімгідей өсе бастады.
Қазіргі уақытта жетілмеген (еркін емес) бәсеке жағдайында, нарықты реттеу дәуірінде меншік түрлерінің құрылымы кәдімгідей өзгерді: жеке
меншік 30 – 35 % көлемін, корпоративті (ұжымдық) меншік көптеген бөлігін, яғни 50% – ын және мемлекеттік меншік 15 – 20% - ды құрайды.
Кіріспе...........................................................................................................................3
1. Ресей Федерациясының экономикалық ерекшеліктері........................................4
1.1Ресейдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, қаржы жүйесі..4
1.2 Ресейдің экономикалық бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы...............7
1.3 Ресейдің салық жүйесі......................................................................................9
2. Шаруашылығы және өнеркәсібі...........................................................................11
2.1 Шаруашылығына жалпы сипаттама..............................................................11
2.2 Отын-энергетика кешені.................................................................................12
2.3 Металлургия және машина жасау..................................................................14
2.4 Өнеркәсіптің басқа салалары..........................................................................17
3. Ауыл шаруашылығы.............................................................................................18
3. 1 Ауыл шаруашылығының жалпы сипаты......................................................18
3.2 Өсімдік шаруашылығы...................................................................................19
3.3 Мал шаруашылығы.........................................................................................21
4. Ресейдің экономикалық аудандары мен сыртқы экономикалық байланыстары.............................................................................................................23
4.1 Экономикалық аудандары..............................................................................23
4.2 Cыртқы экономикалық байланыстары..........................................................23
Қорытынды.................................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................26
Көмір өндіру жөнінен Ресей дүниежүзінде 5-орын алады. Өндірілген көмірдің басым бөлігі ішкі тұтынуға жұмсалады.
Мұнайды өңдеу, млн тонна
Электр энергиясын өндіру
жөнінен 4-орын алады. Электр энергиясын
өндіруде жылу электрстансыларының
үлесі (65%) жоғары. Еуропалық бөлікте
олар, негізінен, газ бен мазутты,
ал азиялық бөлікте көмірді
Елдегі өндірілетін электр энергиясының 20%-ға жуығын су электрстансылары береді. Жалпы, Ресейдің су-энергетикалық қоры аса мол болғанымен, оның 4/5 бөлігі аз игерілген аудандарда шоғырланған. Қазіргі кезде осы қордың тек 20%-ы ғана пайдаланылады. Аса ірі Саян, Краснояр (Енисейде), Братск, Усть-Илим (Ангарада) су электрстансылары елдегі ең қуатты (22 миллион кВт) Ангара — Енисей каскадын құрайды.
Атoм электрстансылары елде өндірілетін электр энергиясының 15%-ын береді. Олар жергілікті шикізатты пайдаланып жұмыс істейді. Ресейдегі алғашқы АЭС 1954 жылы іске қосылған болатын, қазір олардың саны 11-ге жетті. Ең ірілері — Ленинград, Курск және Балаков стансылары, олардың әрқайсысының қуаты 4 миллион кВт-ты құрайды.
2.3 Металлургия және машина жасау
Металлургия кешені металл кендерін өндіру мен байытуды, металдарды балқыту мен прокат өндірісін қамтиды.
Қара металлургия
Қара металлургия темір, марганец, хром сияқты қара металл кендерін өндірумен және оларды өңдеумен айналысады. Бұл металдарды өндіру көлемі жөнінен Ресей әлемде Жапония, Қытай және АҚШ-тан соң 4-орын алады. Қазіргі кезде Ресей жыл сайын 83 млн т темір кенін, 45 млн т шойын, 70,6 млн т болат өндіреді, 47 млн т шамасында қара металдардың дайын прокаты, 5,4 млн т болат құбырлар жасалады.
Елдің қара металлургиясы жоғары деңгейде шоғырланған. Кеннің басым бөлігі аса ірі кеніштерде өндірілсе, дайын металдың жартысынан астамын толық циклді 8 комбинат береді. Темір қоры, негізінен, еуропалық бөлікте (Курск магнит аномалиясы, Орал, Мурман облысы мен Карелияда) шоғырланған. Батыс және Шығыс Сібірдегі, Қиыр Шығыстағы кен орындарының да болашағы зор. Темірмен салыстырғанда қоры мардымсыз марганец Кемерово және Свердлов облыстарында, ал хром Пермь облысында өндіріледі.
Түсті металлургия
Түсті металлургия елдегі өнеркәсіп өнімінің 8,5%-ын береді. Түсті металдарды өндіру жөнінен Ресей АҚШ-тан кейін 2-орын алады. Елде 70-тен астам түсті металл түрлері өндіріледі. Олар ерекшеліктеріне қарай негізгі (алюминий, титан, магний, мыс, никель, қорғасын, мырыш және т.б.), легирлеуші (сапалы болат алу үшін қара металдарға қосылатын вольфрам, молибден және т.б.), бағалы (алтын, күміс, платина) және сирек металдар (цирконий, германий және т.б.) деп бөлінеді. Түсті металлургияда алюминий өндірісінің үлес салмағы жоғары, жылына Ресей металл күйінде 3 млн т алюминий өндіреді. Негізгі шикізат қоры Ленинград, Свердлов, Челябі облыстарында, еуропалық бөліктің солтүстік- батысында, Краснояр өлкесінде шоғырланған. Алюминий өндірісі электр энергиясын көп қажет ететіндіктен, арзан электр энергиясын беретін СЭС маңдарында орналасады. Краснояр және Братск алюминий зауыттары бұл саладағы аса ірі кәсіпорындар болып саналады.
Ресейде металлургия өнімінің экпорты, млрд доллар
Ресей жылына 130 т алтын
өндіреді, оның басты орталығы Қиыр
Шығыс болып табылады. Алтын өндірісі
жөнінен ел әлемде 5-орын алады. Сирек
металдар Оңтүстік Сібірде, Оралда және
Кола түбегінде өндіріледі, өнімнің
80%-ы экспортталады. Түсті металлургия
саласына, әдетте, алмас өндірісін
де жаткызады. Ресейдегі алмастың 99%-ы
Саха республикасында өндіріледі. Жалпы
алғанда, түсті металлургияның негізгі
дамыған аудандары Орал, Шығыс
Сібір, Қиыр Шығыс болып табылады.
Мұндағы кәсіпорындар өз шикізатымен
қатар, Қазақстаннан әкелінетін алюминий
шикізатын (глинозем), қорғасын мен
мырыш концентраттарын
Машина жасау
Машина жасау — Ресейдің
экономикалық даму деңгейін анықтайтын
маңызды саланың бірі. Оның үлесіне
елдің өнеркәсіп өнімінің 20%-ы
тиесілі. Ресейде машина жасау саласы
бойынша 50 мыңнан астам кәсіпорын
жұмыс істейді. 1990 жылдары жеңіл
автокөлік жасаудан басқалары өнім
көлемін екі еседей қысқартты. Бұл
шетелдік машиналар мен жабдықтарға
қарағанда ресейлік өнімдердің сапасының
төмен болуымен түсіндіріледі. Ресейдің
машина жасау кәсіпорындарында таукен,
энергетика, химия, орман, жеңіл және
тамақ өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығына
қажетті машиналар мен құрал-
Автокөліктерді өндіру
Машина жасау кәсіпорындарының орналасуына бірнеше фактор әсер етеді.
Қазіргі заманғы машина жасау ғылымға негізделеді. Сондықтан ең жаңа және күрделі өндірістер (электроника, радиотехника, әуе-ғарыштық) ғылыми мекемелер мен тәжірибелік зауыттар шоғырланған ірі қалаларда (Мәскеу және оның айналасы, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Новосибирск) орналасады.
Ресейдегі вертолеттерді жасап шығару, бірлік
Көптеген машина түрлерін (әсіресе тау-кен, энергетикалық) жасау үшін металл көп қажет. Сондықтан оларды жасайтын кәсіпорындар металлургия базаларына жақын орналасады.
Машина жасау көп еңбекті қажет етеді. Сол себепті көпшілік кәсіпорындар халық тығыз қоныстанған аудандарда орналасады.
Дайын машина өнімдері көбінесе
алысқа тасымалданатындықтан машина жасау
кәсіпорындары ірі көлік
Ірі машиналар мен жабдықтарды
алысқа тасымалдау қиындық тудырады.
Сол себепті кейбір кәсіпорындар
тұтынушыларға жақын
Қорғаныс мақсатындағы өнім шығаратын әскери кәсіпорындар шекарадан шалғай, жетуі қиын кішігірім қалаларда орналасады.
2.4 Өнеркәсіптің басқа салалары
Химия өнеркәсібі
Ресей өнеркәсіп құрылымында химия, орман, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің маңызы зор. Елдің химия өнеркәсібінің құрамына мыңдаған түрлі өнім шығаратын кәсіпорындар енеді. Кейбір химия өнімдерін шығаруда Ресей әлемде алдыңғы орынды алады. Мысалы, күкірт қышқылын өндіруден — екінші, минералды тыңайтқыш бойынша бесінші орынды иеленеді. Химия өнеркәсібінде табиғатта жоқ, бірақ қасиеттері өзінің табиғи баламасымен салыстырғанда асып түсетін жаңа материалдар жасалады. Химия өнеркәсібі шексіз шикізат базасына ие болғандықтан, кәсіпорындарын барлық жерде бірдей орналастыруға болар еді. Бірақ қазіргі кезде олардың басым бөлігі мұнай және газ өндеудің өшмдеріне негізделген. Сол себепті мұндай кәсіпорындар көбінесе шикізатты өндіретін және өңдейтін аудандарда (Поволжье, Орталық) орналасады. Химиялық технологиялар алуан түрлі және күрделі болады. Кейде бір шикізаттан ондаған түрлі өнім алынады. Мұның өзі әртүрлі комбинаттардың қалыптасуына әсер етеді. Қазіргі кезде қоршаған ортаны ластайтын химиялық кәсіпорындарға қатысты экологиялық талаптар күшейтіліп келеді.
Орман өнеркәсібі
Ресей аумағының жартысына
жуығын орман алып жатыр. Елдегі ағаш
сүрегінің жалпы қоры шамамен 80 млрд
м3-ді құрайды. Сол себепті мұнда
орман өнеркәсібін дамыту үшін шикізат
қоры жеткілікті. Оның жеке салаларының
орналасуына әртүрлі факторлар
әсер етеді. Мысалы, целлюлоза мен
қағаз өндірісіне көп мөлшерде ағаш
сүрегі, таза су мен электр энергиясы
қажет болғандықтан, мұндай өндірістер
Карелия, Сібір мен Оралда орналасқан.
Ал жиһаз өндіру тұтынушыларға жақын
аудандарда орналасады. Ағаш сүрегін
неғұрлым толық пайдалану мақсатында
кешенді кәсіпорындар салынған. Мұндай
кәсіпорындар Архангельск, Сыктыквар,
Братск, Усть-Илимде жұмыс істейді.
Ресейдің орман өнеркәсібінің
Жеңіл өнеркәсіп
Жеңіл өнеркәсіп салалары
арасында, әсіресе жергілікті шикізатка
негізделген тоқыма өнеркәсібінің
маңызы зор. Шикізатты (жүн, зығыр) бастапқы
өңдеу өндірілетін аудандарда жүргізіледі.
Ал тоқыма кәсіпорындары ірі қалалар
мен олардың маңында
Тамақ өнеркәсібі
Тамақ өнеркәсібі — ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты салалардың бірі. Бұл саланың кәсіпорындары барлық аудандарда бар. Шикізатты алғашқы өңдеу барысында қалдық көп болады және кейбір ауыл-шаруашылық өнімдері (сүт, жеміс-жидектер және т.б.) алысқа тасымалдауға жарамсыз. Сол себепті оларды өңдейтін кәсіпорындар шикізат көзіне жақын орналасады. Бұл топқа май шайқау, қант, ұн-жарма өндірістерінен басқа, балық өнеркәсібі де жатады. Ресейде жылына шамамен 3 млн т балық ауланып өнделеді. Алғашқы өндеуден өткен шикізатты пайдаланып жұмыс істейтін кәсіпорындар тұтынушыларға жақын орналасады. Қалалар мен ірі елді мекендерде ет, сүт және макарон, кондитерлік өндірістер шоғырланған.
Ресейдегі тамақ өнімдерінің және темекінің өндірілуінің % индексі
3. Ауыл шаруашылығы
3. 1 Ауыл шаруашылығының жалпы сипаты
Ауыл шаруашылығы Ресейдің
экономикасын дамытудағы аса маңызды
буын болып саналады. Өйткені ауыл
шаруашылығы материалдық
Ресейдің агроөнеркәсіптік
кешендері әлі де даму, өркендеу
жағдайында тұр, олардың түрлі буындары
арасындағы байланыстар өз дәрежесінде
емес. Әсіресе өнімді өңдеу мен
қызмет көрсету салалары жетілдіруді
қажет етеді. Агроөнеркәсіптік кешеннің
жетекші әрі негізгі саласы —
ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының
басқа салалардан басты айырмашылығы
— оның өркен жаюы табиғат жағдайына,
агроклиматтық ресурстар
Ресейдегі ауыл шаруашылық өнім көлемінің % индексі
Ауыл шаруашылығы екі
маңызды саладан құралатындығын
сендер білесіндер, олар: өсімдік шаруашылығы
және мал шаруашылығы. Ресейде ауылшаруашылық
өнімдерінің үлесі жөнінен
3.2 Өсімдік шаруашылығы
Бидай жинауы
Ресейдің өсімдік
Дәнді дақылдар
Дәнді дақылдардан бидай, қарабидай, арпа, сұлы, жүгері, тары, қарақұмық, күріш өсіріледі. Астық өндіруден Ресей дүниежүзінде Қытай, АҚШ және Үндістаннан кейінгі 4-орында, әсіресе қарабидай, арпа, сұлы және қарақұмық жинаудан озық керсеткіштерге ие ("Өсімдік шаруашылығының географиясы" тақырыбын қараңдар). Негізгі өсірілетін дақыл — бидай (жалпы өнімнің 50%-ы), климат қаталдырына байланысты жаздық бидай басым егіледі. Күздік бидай алқаптары неғұрлым оңтүстікке қарай ығысқан. Аса ірі астықты аудандар қатарына Волга бойы, Орал, Орталық қара топырақты аудан, Солтүстік Кавказ және Сібірдің оңтүстік бөліктері жатады.
Аумағы мен өнім көрсеткіші
жөнінен 2-орында арпа тұр, ол жалпы
өнімнің 20%-ын құрайды. Арпа сыртқы орта
өзгерістері мен топырақ
Ресейдегі дәнді дақылдарды жинау, млн тонна
Өнім көрсеткіші жөнінен 3-орынды қарабидай (жалпы өнімнің 9%-ы) алады. Суыққа төзімді, тіпті қышқыл топырақта да өсе беретін болғандықтан, қарабидай алқаптарын орман зонасы таралған аймақтардан да кездестіруге болады.
Төртінші орындағы сұлы (жалпы өнімнің 8%-ы) да соншалықты күй талғамайтын болғандықтан орман зоналарына дейін таралған, алайда сұлы ылғалсүйгіш өсімдік. Малазықтық мәні зор, сонымен қатар тағамдық сұранысқа да ие. Одан сұлы үлпектері мен жармасы дайындалады.
Қарақұмық, тары және күріш
алқаптары аумағы жағынан шағындау
болып келеді. Қарақұмық, негізінен,
Орталық қара топырақты аудан
мен Волга-Вятка, Орталық ауданның
оңтүстік бөліктерінде, тары құрғақшылыққа
төзімді болғандықтан, Солтүстік
Кавказ бен Волга бойының құрғақ
аудандарында, ал күріш Кубань, Волга,
Дон өзендерінің
Сонымен қатар Ресей жерінде малазықтық және тағамдық мәні зор бұршақ тұқымдастардан кәдімгі бұршақ, үрмебұршақ, жасымық және қытайбұршақ өсіріледі.
Информация о работе Ресей Федерациясының экономикалық жүйесі