Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2012 в 09:34, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Мемлекеттік қарыз және мемлекеттік бюджет». Тақырыптың негізін ашу үшін, алдымен қысқаша мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарызға шолу жасаймын.
Кіріспе .................................................................................................................... 3
І. Мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарыздың теориялық негіздері
1. 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны ...................................... 4
1. 2. Мемлекеттік қарыздың сипаты мен түрлері ............................................... 7
2. Қазақстан Республикасының бюджеті мен қарызының ерекшеліктері
2. 1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі ........................................... 10
2. 2. Қазақстан Республикасы қарыздарының ішкі және сыртқы жағдайы ... 13
2. 3. Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістері мен шығыстары және мемлекеттік қарызды басқару ............................................................................ 17
3. Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығын жою және мемлекеттік қарызды өтеу жолдары .................................................................. 24
Қорытынды............................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................32
Қосымшалар...........................................................................................................33
Жалпы, ресми деректерге сүйенсек, Үкіметтің алған қаржысы инфрақұрылымды дамытуға, соның ішінде жол салуға жұмсалып жатыр екен. Банктер бұған дейін несиені құрылысқа, ипотекаға берді, ақыр аяғы түрлі тұрмыстық техника алуға таратты. Сауда-саттықты қыздырды. Экономиканы, өндірісті жандандыратын зауыт-фабрикалар салуға жұмсалған жоқ. Шетелден келген қарыздың аты – қарыз. Оны ертелі-кеш қайтару керек. Енді қарыз алатын болсақ, қайту-қайтпауы күмәнді несиеге бермей, өндіріске жұмсаған жөн дейді мамандар. Өйткені ел экономикасын тығырықтан шығаратын да, оны алға сүйрейтін де – өндіріс. Өндіріс жанданса, берген несиенің қайтарылатыны ақиқат (Қосымша – 8).
Мемлекеттің сыртқы қарыздарын өтеу өте ұзақ және күрделі процесс болып табылады. Ал Қазақстанның жағдайында бұл тіпті қиын жағдай туғызып отыр. Экономистердің есебі бойынша, Қазақстанның сыртқы қарыздарынан құтылу ұзақ уақытқа созылады. Егер шикiзат көздері шетелдiк инвесторларға сатылмай, өз қолымызда болғанда, мемлекет сыртқы қарызын он жыл iшiнде өтей алады екен. Бірақ билiк кезiнде шикiзат саласын шетелдiктерге арзан бағаға сатып жiберген. Қазiр бұл байлықтың қызығын шетелдiк инвесторлар ғана көрiп отыр. (Қосымша – 9)
Менің қарызды өтеу үшін ұсынатын тиімді жолым келесі: мысалы, біз Нидерланды мемлекетіне ең көп қарыздармыз, сол қарыздарымызды өтеу үшін Нидерланды мемлекетімен экономикалық қатынастарымызды, сыртқы сауда қатынастарын, экпорт, импортымызды жақсартсақ. Дәл сол сияқты АҚШ-мен, Ұлыбританиямен, Қытай мемлекетімен сауда қарым-қатынастарын одан әрі дамыту керек.
Тағы да бір ұсынатын жолым, 2006 жылы елімізде «Қазақстанның коллекторлық агенттігі» деп аталатын жаңа компаниялар құрылды. Ол сыртқы қарыздарын кері қайтарып ала алмай жүрген жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік мекемелердің мәселесін шешуде зор рөл атқарады. Бұл компаниялар қарызгерлерді деңгейлеріне байланысты бірнеше топтарға бөліп, олармен жұмыс атқарады, қарызын қайтаруға көмектерін тигізеді, олар үшін арнайы қарызды өтеу бағдарламаларын құрады. Бұндай компаниялар басқа мемлекеттерде де жұмыс жасауда. Мысалы, ең дамыған ел АҚШ-да 7 мыңнан астам осындай агенттік жұмыс істейді. Қазіргі уақытта осындай коллекторлық компаниялар жұмысы Шығыс Еуропа елдері мен көршілес Ресей елінде өте қарқынды дамып келеді. Бұл агенттіктер өз жұмыстарын жақсы атқарып, қарыздарды үлкен көлемде қайтарып жатыр. Осындай агенттікті неге халықаралық деңгейде құрмасқа. Осылай бірнеше мемлекеттің ірі банктері бірігіп, халықаралық агенттік құрып, әр мемлекеттің сыртқы қарыздарын өтеуге көмектесіп, тиісінше қарыз берген мемлекеттерге қарызын қайтарып алуға көмектесіп, әр мемлекетке жеке арнайы бағдарлама, жоспар жасаса, менің ойымша кез келген мемлекет үшін бұл тиімді, пайдалы болып, бұл агенттіктер оларға үлкен көмектерін тигізеді.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, бюджет тапшылығы да, мемлекеттік қарыз да мелекеттің үлкен деңгейдегі проблемасы болып табылады. Бюджеттік тапшылық мемлекеттік қаржылардың терең сәйкессіздігінің салдары. Сонымен қатар, олар ақша айналысының айтарлықтай берекетсіздігімен де байланысты. Бюджеттік тапшылықтарды реттеу қазіргі мемлекеттің экономика саласындағы ең күрделі проблемасына айналды. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңдестірген, яғни баланстаңдырған дұрыс. Баланс — бұл тепе-теңдік болып табылады. Шығыстардың кірістерден (шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан) асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды. Сондықтан бұл жағдайды болдырмау үшін мемлекет тарапынан күрделі экономикалық жұмыстар жасалуы тиіс. Сондай-ақ бюджет тапшылығымен қатар, мемлекеттің тағы бір үлкен масштабтағы проблемасы бұл – мемлекеттік қарыздар. Мемлекеттік қарыз дегеніміз белгілі бір күнде немесе белгілі бір мерзімнен кейін пайыздарымен бірге өтелуі тиіс, бірақ өтелмеген, шығарылған мемлекеттік займдар сомасы. Мемлекеттік қарыз қаржы жүйесінің құрылымдық элементі болып табылады (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және Қаржы министрлігінің құрамдарында мемлекеттік қарызды реттейтін органдар жұмыс жасайды). Мемлекеттік қарыздардың қызмет етуі жаңа займдар мен қарызды өтеуге байланысты қатынастар жиынтығымен сипатталады. Мемлекеттік қарыздарын төлей алу үшін ол займдарды нақтылай алады. Нақтылау барысында: займ табыстылығына (пайызды түсіру) – конверсияға; мерзіміне қатысты талаптарға – консолидацияға байланысты мәселелер де нақтыланады.
Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз тығыз байланысты. Мемлекеттік қарыз – белгілі уақыт мерзімінде өткен жылдардағы жиналған бюджет тапшылығының сомасы. Мемлекеттік қарыздар қысқамерзімдік, ортамерзімдік, ұзақмерзімдік болып бөлінеді.
Мемлекеттік сыртқы қарыз – бұл шетел мемлекеттеріне, мекемелеріне, азаматтарына төленетін қарыз. Қарыздың бұл түрі ел үшін ең ауыр, себебі оны төлуе үшін мемлекет құнды қағаздарды беруге немесе белгілі қызмет көрсетуге мәжбүр болады.
Мемлекеттік ішкі қарыз – бұл осы мемлекеттің халқына төленетін қарыз , табыстардың алдымен елдің ішінде қайта бөлінуін талап етеді.
Қазіргі уақытта
Қазақстан Республикасының
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қ.Қ. Ілиясов, С.Құлпыбаев, «Қаржы» Алматы 2005 ж.;
2. Н.Қ.Мамыров, М.Ә.Тілеужанова «Макроэкономика», Алматы, 2003ж.;
3. В. Д. Мельников, Д. Ли «Қаржының жалпы курсы»;
4. Б. С. Өтебаев «Мемлекеттік бюджет»;
5. С.Құлпыбаев,
В. Д. Мельников «Қаржы
6. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және кепілденген мемлекеттік займдар және қарыздар туралы» заңы;
7. «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесі», 2005 жыл;
8. «Егеменді Қазақстан» газеті 2003 жыл 7 шілде, 2-бет;
9. «Егеменді Қазақстан» газеті 2004 жыл 3 қаңтар, 3-бет;
10. «Егеменді Қазақстан» газеті 2004 жыл 3 ақпан, 3-бет;
11. «Егеменді Қазақстан» газеті 2006 жыл 23 маусым, 4-бет;
12. «Экономика» журналы 2010 жыл 24-30 маусым, 1-бет;
13. «Заман Қазақстан» газеті 2009 жыл 28 мамыр, 5-бет;
14. «DAT» бағдарламасы №37 2010 жыл 20 қазан;
15. «Қазақстан бүгін» 2 ақпан 2010 жыл, Астана;
16. «Айқын» газеті 3 маусым 2009 жыл;
17. Интернет сайты www. kazgazeta. kz;
18. Қазақстан
Республикасының статистика
www. stat. kz.
Қосымша – 1
2003-2007 жылдардағы ҚР-ның жалпы сыртқы қарызының серпіні
Көрсеткіштері |
4 тоқ. 2003 |
4 тоқ. 2004 |
4 тоқ. 2005 |
4 тоқ. 2006 |
1 тоқ. 2007 |
2 тоқ. 2007 |
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыз |
3 622,6 |
3 132,9 |
2 175,0 |
3 124,6 |
4 122,9 |
5 098,3 |
Қарыздың жалпы сомасындағы үлесі, %-бен |
15,8 |
9,6 |
5,0 |
4,2 |
5,0 |
5,5 |
Мемлекет кепілдік бермеген сыртқы қарыз |
19297,6 |
29580,3 |
41253,5 |
70898,1 |
77812,5 |
86977,1 |
Қарыздың жалпы сомасындағы үлесі, %-бен |
84,2 |
90,4 |
95,0 |
95,8 |
95,0 |
94,5 |
Қортындысы: |
22920,2 |
32 713,2 |
43 428,5 |
74 022,7 |
81 935,4 |
92 075,5 |
ҚР-ның Ұлттық Банкінің деректері бойынша |
Қосымша – 2
ҚР-ның жалпы сыртқы қарызының құрылымы
ҚР-ның Ұлттық Банкінің деректері бойынша
Информация о работе Мемлекеттік бюджет және мемлекеттік қарыз