Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2012 в 09:34, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Мемлекеттік қарыз және мемлекеттік бюджет». Тақырыптың негізін ашу үшін, алдымен қысқаша мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарызға шолу жасаймын.
Кіріспе .................................................................................................................... 3
І. Мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарыздың теориялық негіздері
1. 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны ...................................... 4
1. 2. Мемлекеттік қарыздың сипаты мен түрлері ............................................... 7
2. Қазақстан Республикасының бюджеті мен қарызының ерекшеліктері
2. 1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі ........................................... 10
2. 2. Қазақстан Республикасы қарыздарының ішкі және сыртқы жағдайы ... 13
2. 3. Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістері мен шығыстары және мемлекеттік қарызды басқару ............................................................................ 17
3. Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығын жою және мемлекеттік қарызды өтеу жолдары .................................................................. 24
Қорытынды............................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................32
Қосымшалар...........................................................................................................33
2. Қазақстан Республикасының бюджеті мен қарызының ерекшеліктері
2. 1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттерінің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан – федеративтік емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парлдаменті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында
жиынтығында мемлекеттік
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.
1991 жылы Қазақстан
Республикасының бюджет жүйесі
түбірлі өзгерістерге ұшырады.
Бұған дейін Қазақстанның
1 – сызба
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет – бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады.
Бюджет заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.
Тиісті қаржы
жылына арналған республикалық бюджет
Қазақстан Республикасының
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры – Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері.
2. 2. Қазақстан Республикасы қарыздарының ішкі және сыртқы жағдайы
Мемлекеттік қарыз бюджеттің жеткіліксіз болуынан халықаралық қаржы ұйымдары мен шетелдерден несие алуының нәтижесінде орын алады. Мемлекеттік қарыздың өзі екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы қарыздар.
Мемлекеттік сыртқы қарыз – бұл шетел мемлекеттеріне, мекемелеріне, азаматтарына төленетін қарыз. Қарыздың бұл түрі ел үшін ең ауыр, себебі оны төлеу үшін мемлекет құнды қағаздарды беруге немесе белгілі қызмет көрсетуге мәжбүр болады.
Мемлекеттік ішкі қарыз – бұл осы мемлекеттің халқына төленетін қарыз, табыстардың алдымен елдің ішінде қайта бөлінуін талап етеді.
Ең алдымен мемлекеттік ішкі қарыздарға тоқталайық. Дербестікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында меншікті ішкі қарыздарды қолдану басталды. 1992 жылы республика үкіметі Мемлекеттік ішкі қарыз шығарды, ол кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы айналысқа 20 жылға есептелінген Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі ұтыс қарызының бондары шығарылды. Қарыздар бойынша ұтыстар жыл сайын 25, 50, 500 мың теңге көлемінде 4 рет ойналады.
1996 жылы Қазақстан Республикасында резидент және бейрезидент-заңи және жеке тұлғалар арасында номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364 күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады. Мемлекеттік ішкі қарызының ұлттық жинақ облигациялары таратылды. Ұлттық жинақ облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын төленіп тұрады.
Мемлекеттің ішкі қарыздарының бүгінгі күнгі көлемі жөнінде аз айтылып жатқан жоқ. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Жәмішевтің айтуы бойынша: «Ішкі үкіметтік қарыз 820 млрд теңге, немесе мемлекеттік қарыздың 80,8% құрады. 2008 жылы ол 308 млрд теңгеге жетті. Оған себеп, республиканың бағалы қағаздар нарығында 2008 жылы 465 млрд теңге көлемінде мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар орналастырылды. Ал 158 млрд теңгесі өтелді».
Енді Қазақстанның сыртқы қарызы жайлы тоқталайық, бұл туралы баспасөз беттерінде соңғы кездері аз айтылып жүрген жоқ. Мұнан он жылдай бұрын, яғни 1999 жылы мұнай қымбаттағандықтан, экономикадағы құлдырау тоқтады дедік. Алайда осы тұста үкімет сыртқы қарыздың үстеме өсімі өсіп кетті, бюджетте оны төлейтін қаржы жоқ деп, біраз әлеуметтік жеңілдіктерді қысқартып тастады. Бірақ соған қарамай, біздің сыртқы қарызымыз жыл сайын өсіп барады.
Батыстың арнайы мамандандырылған қаржылық құрылымдары 1999-2003 жылдар аралығындағы Қазақстанның сыртқы қарызы екі есеге дейін көбейгенін, яғни 7-8 миллиард доллардан, 15-16 миллиард долларға дейін өскенін айтады (Қосымша – 4).
Қазақстан сыртқы қарызды жалдан-жылға көбейтіп барады, бұның түбі неге апаратыны әлі де белгісіз. Сыртқы қарыздың аты сыртқы қарыз. Себебі, сыртқы қарыз қайтарылуға тиіс және оған қосылатын өсімақы тағы бар. Бұл өсімақы өзге елдің экономикасын байытады. Сондықтан сырттан қарыз алғаннан гөрі, ішкі-ауыс-түйісті тиімді пайдалану анағұрлым пайдалы.
Кез келген мемлекет сырттан қарыз алуға мәжбүр болған кезде, оны ішкі капиталын өсіріп, өз экономикасын нығайтуға жұмсау үшін алады. Сыртқы қарыз мақсатты түрде жұмсалмаса, бұл екі түрлі шығынға алып келеді. Біріншіден, қаржы өз мақсатында жұмсалмайды, уақтылы қайтарылмайды, бірақ оның өсімақысы өсіп жатады. Екіншіден, қаржы алғандағы басты мақсат орындалмай қалады. Ең соңында, сыртқы қарыз өсе берсе, ол дефолтқа ұрындырады.
Бүгін Қазақстанда сыртқы қарыз ел экономикасына қауіп төндіретін жағдайға жетті деген дабыл жиі қағылуда. Мұны республикалық бюджеттің орындалуын бақылау мен қадағалау үшін құрылған Есеп комитеті де жоққа шығармайды.
Бүгінде Қазақстанның барлық сыртқы қарызы 111 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Қазiрдің өзінде сыртқы қарыз iшкi жалпы өнiмнің көлемінен 100,8 пайыз артық. (Қосымша – 5)
Мұнан 10-11 жыл бұрын 7-8
миллиардтан басталған
Қазақстанның ең көп қарыз алған салалары қаржылық қызмет, геологиялық барлау мен құрылыс саласы, автомобиль жолдарының құрылысы екені ғана белгілі. Астана, Астанадағы әуе-жай құрылысына шетел инвестициясы көптеп жұмсалған. Ауыл шаруашылығы өнеркәсіптік секторындағы қаржының мақсатты түрде пайдаланылмағаны туралы ақпарат та бар. Дегенмен Есеп комитеті мұнан екі жыл бұрын үкіметке сыртқы қарызға бірте-бірте шек қою тетігін жасауды ұсынды. Бірақ Қазақстан сыртқы қарыз көлемін арттырмаса, кеміткен жоқ.
2010 жылы ғана бұрынғы қарыздың үстіне 25 миллиард АҚШ доллар қарыз қосылды. (Салыстыру үшін айтсақ, сыртқы қарыз 1999-2003 жылдар аралығында 7-8 миллиардтан 16 миллиардқа жеткен. 2004 жылы бұл көрсеткіш 32 миллиардқа, 2005 жылы 43 миллиардқа жетті. Бұған 2007 жылы 23 миллиард доллар, ал 2008 жылы 11 миллиард доллар қосылған. Сонда соңғы 10 жылдың ішінде, ең көп қарыз алу 2010 жылдың үлесіне тиеді).
Әлі де түсініксіз бір жәйт, бұл алынып жатқан қарыздар дұрыс пайдалануда ма? Сыртқы қарызды тиімді пайдалану болмаған жерде ең басты қатер өзге ел алдындағы экономикалық және саяси тәуелділік мәселесі туындайтыны белгілі. Рас, шетелге тәуелдi болмаудың бірден-бір жолы бар. Ол халықаралық валюта қорынан несие алу. Бiрақ билiк, неге екені белгісіз, халықаралық ұйымнан несие алғысы келмейді. Оның орнына жеке елдерден қарыз алудан тартынбайды. Ресми деректер бойынша, Қазақстан ең көп қарыз алған ел Нидерландия (49,8 миллиард доллар). АҚШ-тан 16,2 миллиард, Ұлыбританиядан 7,5 миллиард доллар қарыз алғанбыз. Қытайдан 7,3 миллиард доллар қарыз алдық. Оның 3,4 миллиарды банктік несие (Қосымша – 7).
Алайда Қытайдан
алынған қарыз бізге аса
Қазiрдiң өзiнде Қытай энергетика мен минералды ресурстарды иелене бастады. Ал экономикада шетел капиталының өсуi экономикалық және саяси қауiпсiздiкке қатер төндiретiнi сөзсіз.
2. 3. Қазақстан Республикасы
бюджетінің кірістері мен
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар— бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.
Бюджеттің кірістері — бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.
"Қазақстан
Республикасының Бюджет
1) салықтық түсімдер,
алымдар және басқа да
2) салықтық емес түсімдер республикалық меншіктен алынатын кірістер (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен Ұлттық банктің таза табысы бөлігінің түсімдері, республикалық меншіктегі: акциялар пакеттеріне дивидендтер, заңи тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер, мүлікті жалға беруден алынатын кірістер, Үкіметтің депозиттері, екінші деңгей банктерінің шоттарында орналастырылған мемлекеттік сыртқы қарыздар, республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер), қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер, республикалық меншіктен түсетін басқа да кірістер); республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер және осы мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден түсетін ақша түсімдері; мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және республикалық бюджетке түсетін басқа да салыққа жатпайтын түсімдер);
Информация о работе Мемлекеттік бюджет және мемлекеттік қарыз