Мемлекеттік бюджет және мемлекеттік қарыз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2012 в 09:34, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Мемлекеттік қарыз және мемлекеттік бюджет». Тақырыптың негізін ашу үшін, алдымен қысқаша мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарызға шолу жасаймын.

Содержание

Кіріспе .................................................................................................................... 3
І. Мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарыздың теориялық негіздері
1. 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны ...................................... 4
1. 2. Мемлекеттік қарыздың сипаты мен түрлері ............................................... 7
2. Қазақстан Республикасының бюджеті мен қарызының ерекшеліктері
2. 1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі ........................................... 10
2. 2. Қазақстан Республикасы қарыздарының ішкі және сыртқы жағдайы ... 13
2. 3. Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістері мен шығыстары және мемлекеттік қарызды басқару ............................................................................ 17
3. Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығын жою және мемлекеттік қарызды өтеу жолдары .................................................................. 24
Қорытынды............................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................32
Қосымшалар...........................................................................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарыз.doc

— 147.50 Кб (Скачать документ)

 

Жоспар

Кіріспе .................................................................................................................... 3

І. Мемлекеттік бюджет пен  мемлекеттік қарыздың теориялық  негіздері

1. 1. Мемлекеттік бюджеттің  экономикалық мазмұны ...................................... 4

1. 2. Мемлекеттік қарыздың  сипаты мен түрлері ............................................... 7

 

2. Қазақстан Республикасының  бюджеті мен қарызының ерекшеліктері

2. 1. Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі ........................................... 10

2. 2. Қазақстан Республикасы  қарыздарының ішкі және сыртқы  жағдайы ... 13

2. 3. Қазақстан  Республикасы бюджетінің кірістері  мен шығыстары және мемлекеттік  қарызды басқару ............................................................................ 17

 

3. Қазақстан Республикасындағы  бюджет тапшылығын жою және  мемлекеттік қарызды өтеу жолдары  .................................................................. 24

Қорытынды............................................................................................................30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................32

Қосымшалар...........................................................................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Мемлекеттік қарыз және мемлекеттік  бюджет». Тақырыптың негізін ашу  үшін, алдымен қысқаша мемлекеттік  бюджет пен мемлекеттік қарызға  шолу жасаймын.

Қаржылық  байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды.

Мемлекеттік қарыз бюджеттің жеткіліксіз болуынан халықаралық қаржы ұйымдары мен шетелдерден несие алуының нәтижесінде орын алады. Мемлекеттік қарыздың өзі екіге бөлінеді. Ішкі және сыртқы. Ішкі дегеніміз – мемлекеттік құнды қағаз иегерлеріне, ал сыртқы – өзге мемлекеттер мен халықаралық қаржы ұйымдарына қарыз болуы. Қарызсыз ел болмайды. Барлық дамыған елдердің өзі дерлік қарыздан көз ашпайды. Ең бастысы сол қарызды тиімді пайдаланып, соның арқасында ел экономикасын дамыту.

Курстық жұмыстың мақсаты: Мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарыздың теориялық негіздерін ашып, олардың проблемаларын, яғни бюджет тапшылығын жою амалдарын және мемлекеттік қарызды өтеу жолдарын қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1. Мемлекеттік  бюджеттің және мемлекеттік қарыздың  теориялық негіздері

1. 1. Мемлекеттік  бюджеттің экономикалық мазмұны

Бюджет – ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысумен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.

Қазақстан Республикасының  Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келсідей түсінік берілген: «Бюджет  – ол мемлекеттің міндеттері мен  функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы – қаржылық жоспар, материалдық негізі – орталықтандырылған қор, экономикалық негізі – жалпы экономикалық қарым – қатынас, заңнамалық белсендіруі – заң.

Бюджет әр мемлекетте өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негіззі бар өндірістік қарым-қатынаста жатыр.

Бюджет қаржы  жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде «қаржы» жалпы ақша қарым-қатынас  жүйесі болса, яғни мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда «бюджет» өз алдына ақша қарым-қатынас жүйесін құрады, яғни бюджеттік қорды қалыптастыру және пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық қажеттілік шығындарды (әлеуметтік, қорғаныс, т. б.) қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Экономикалық  әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде «бюджет» термині әр түрлі ұғымды пайдаланады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен  шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет – ол қаржылық жоспар; бюджет – ол басқарушылық жоспар; бюджет – ол заңнамалық құжат; бюджет – ол коммуникация құралы; бюджет – ол бюджеттік салық саясатты дәлелдейтін құжат деген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері, бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді.

«Бюджет» деген  көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей  түсініктемелерден қалыптасады  деп айтуға болады:

  • ол өз алдында жеке бір экономикалық категория;
  • ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
  • ол экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттік механизм арқылы);
  • ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
  • ол барлық бюджеттік қарым-қатынасқа қатысушылар міндетті түрде орындайтын заң.

Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен  объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, бірікке экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.

Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген – ол «республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет». Сонымен қатар, «мемлекеттік бюджет» термині – мемлекет құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланады.

Бүгінгі күні мемлекеттің  бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы  әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ымыраға келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.

 

 

 

 

1. 2. Мемлекеттік  қарыздың сипаты мен түрлері

Мемлекеттік кредиттің  негізгі нысаны кредит қатынастары болып көрінетін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарызгер ретінде болады.

Мемлекеттік қарыздар – нәтижесінде мемлекет белгілі бір мерзімге және белгілі бір ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір сомаларына алатын мемлекет пен заңи және жеке тұлғалар арасындағы қарыз қатынастары.

Қарыздардың салықтардан  айырмашылығы:

Қарыздар

Салықтар

1) ерікті сипаты;

2) мәжбүрлеудің  бүркемелі нысаны

1) мәжбүрлеме  сипаты;

2) мәжбүрлеудің  анық нысаны


Мемлекеттік қарыздар туралы сұрақтарға, нақты қаржы категорияларын экономикада пайдалануға, оның дамытуды реттеуге қолданылуына байланысты теориялық және әдістемелік сауалдарына, әсіресе мемлекеттік шығындарды несиелік қаржыландыру бағытына Р.Барро, Б.Д.Бернхайн, М.Персон, А.Смит, Д. Рикардо және басқалардың зерттеулері арналған. Орыс ғалымдары Е.П.Баранова, А.Вавилов, П.С.Гримберг, И.Б.Златкис, Д.И.Кокурин, А.Селезнев, А.Саркисянц, Б.А Хейфец және басқалардың еңбектері мемлекеттік қарыздың теориялық және практикалық мәселелерін талдауға, олардың экономикаға ықпал ету  шамасына байланысты мәселелеріне арналған. Мемлекеттік қарыздарды дамытудың мәселелері кең деңгейде қазақ ғалымдары Е.М.Арынов, А.К.Амринова, У.Б.Баймуратов, А.Е.Есентугелов, А.Б.Көшербаева, А.С.Обаева, В.Н.Шенаев, А.Д.Челекбай және тағы басқа авторлардың ғылыми еңбектерінен көрінеді.

Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей, ақша нысанында шығарылады, бірақ қажет болғанда заттай нысаны да болады.

Эмитентке қарай  қарыздар үкіметтің қарыздарына және биліктің жергілікті органдарының қарыздарына ажыратылады.

Табыстылық  түрлері бойынша қарыздар пайыздық (қарыз иелері жыл сайын тең  үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша  тұрлауды табыс алады); ұтыс немесе лотареялық (табыс облигациялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін.

«Мемлекеттік  және мемлекет кепілдік берген қарыз  алу және борыш туралы» Қазақстан  Рсепубликасының заңына, Бюджет кодексіне  сәйкес қарыз алудың мынандай түрлерін атауға болады: мемлекеттік қарыз алу және мемлекет кепілдік берген қарыз алу.

Қазақстан Республикасында  мемлекеттік қарыз алуды Қазақстан  Рсепубликасының Үкіметі, Ұлттық Банкі  және жергілікті атқарушы органдары  жүзеге асырады.

Үкіметтің қарыз  алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында, Ұлттық банктің қарыз алуы төлем балансын қолдау және Ұлттық банктің алтын-валюта активтерін толықтыру мақсатында, сондай-ақ елдегі жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатымен айқындалатын басқа да мақсаттарында жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға байланысты жергілікті бюджеттің тапшылығын жабу мақсатында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қарыздардың  мынадай түрлері мен нысандары  болады:

1. Қарызгерге қатысы бойынша:

- Қазақстан  Республикасы Үкіметінің қарыздары;

- Қазақстан Республикасы  Ұлттық Банкінің қарыздары;

- Жергілікті атқарушы  органдарының қарыздары болып  бөлінеді.

2. Несие капиталының  рыноктары бойынша:

- Сыртқы мемлекеттік  қарыздар;

- Ішкі мемлекеттік  қарыздар.

3. Қарыз алу  нысаны бойынша:

- Мемлекеттік  эмиссиялық бағалы қағаздар шығару;

- Қарыз шарттарын  (келісімдерін) жасасу болып бөлінеді.

4. Қолданылу  мерзімі бойынша мемлекеттік  эмиссиялық бағалы қағаздар:

- Айналыс мерзімі  1 жылға дейін, қысқа мерзімді;

- Айналыс мерзімі  1 жылдан 5 жылға дейін, орта мерзімді;

- Айналыс мерзімі  5 жылдан астам, ұзық мерзімді  болып бөлінеді.

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттық және құжатысыз  нысанда (оны ұстаушылар үшін тек  қана құжаттық нысанда), номиналды және дисконтталған құны бойынша, сыйақының бекітілген және бекітілмеген мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін.

Қарыз туралы келіссөздер  жүргізу, шарттарға қол қою тәртібін, оның атынан эмиссияланатын мемлекеттік  эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа түсіру, өтеу және оларға қызмет көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейді.

Мемлекеттік қарыздың әдістері әр түрлі және баяндалған нысандарға сай келеді. Бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың шарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістері, іс-қимылдың мерзімі, орналастыру амалдары (облигацияларды, бондарды еркін сатып алу және сату, жазылу, мәжбүрлеме орналастыру), өтеу амалы (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп (сатып) алу, мерзімсіз қарыздарда – пайыздық кірісті дүркіндік төлеу).

Информация о работе Мемлекеттік бюджет және мемлекеттік қарыз