Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2012 в 09:34, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Мемлекеттік қарыз және мемлекеттік бюджет». Тақырыптың негізін ашу үшін, алдымен қысқаша мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарызға шолу жасаймын.
Кіріспе .................................................................................................................... 3
І. Мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарыздың теориялық негіздері
1. 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны ...................................... 4
1. 2. Мемлекеттік қарыздың сипаты мен түрлері ............................................... 7
2. Қазақстан Республикасының бюджеті мен қарызының ерекшеліктері
2. 1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі ........................................... 10
2. 2. Қазақстан Республикасы қарыздарының ішкі және сыртқы жағдайы ... 13
2. 3. Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістері мен шығыстары және мемлекеттік қарызды басқару ............................................................................ 17
3. Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығын жою және мемлекеттік қарызды өтеу жолдары .................................................................. 24
Қорытынды............................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................32
Қосымшалар...........................................................................................................33
3) негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер (республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік босалқы қорлардан, резервтерден тауарларды, материалдық активтерді сатудан түсетін ақшалар);
4) ресми трансферттердің түсімдері (облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен алынған ресми трансферттер, Ұлттық қордан республикалық бюджетке алынған мақсатты трансферттер).
Республикалық бюджетке республикалық бюджеттен кредиттерді өтеуден, республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, Үкіметтік қарыздарды өтеуден түскен түсімдер есепке алынады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы республикалық бюджет кірістерінің құрамы мен құрылымы мына мәліметтермен сипатталады (Қосымша – 1).
Кестеден көрініп тұрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғыдай қосылған құнға салынатын салық пен корпорациялық табыс салығы болып табылады. Республикалық бюджет кірістерінің басқа едәуір көзі—салықтық емес түсімдер және капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер.
Бюджеттің шығыстары — бұл бектілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражаттар.
Республикалық бюджеттің шығыстары мына бағыттар бойынша жұмсалады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету: Қазақстан Республикасы Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету, Парламенттің, Үкіметтің және Конституциялық кеңестің жұмыс істеуі, сайлаулар мен референдумдар өткізу, мемлекеттік бюджетті болжау мен республикалық бюджетті жоспарлау, салық службасы органдарының қызметі, республикалық меншікті басқару, мемлекеттің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік қаржылық бақылау, кеден қызметтері, мемлекеттің сыртқы саяси қызметі, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу мемлекеттік статистикалық есеп, мемлекеттік службаның бірыңғай жүйесін ұйымдастыру, заңнамаларға сәйкес қызметтің әр түрлі салалары мен қызмет сферасында мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау және басқалары.
2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік: мемлекеттің қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, лаңгестікке және экстремизм мен сепаратизмнің басқадай көріністеріне қарсы күрес, Қазақстан аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, паспорт және виза жұмысын жүзеге асыру, жедел іздестіру, тергеу қызметі, азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру, экономикалық және қаржы сфераларындағы құқық қорғау қызметі және басқалары.
3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі: әділет сферасындағы қызмет, азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін құқықтық қорғау, зандылық пен құқықтық тәртібін қамтамасыз ету, соттың сараптамалық қызметі, сот жүйесінің жұмыс істеуі және басқалары.
4) білім беру: білім берудің республикалық ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру, республикалық мектеп олимпиадаларын өткізу, республикалық деңгейде орта кәсіби білімі бар мамандарды даярлау, жоғары кәсіби жөне жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіби білімі бар мамандарды даярлау, республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, білім берудің республикалық ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету, республикалық маңызы бар білім беру ұйымдарында балаларды оңалту және басқалары.
5) денсаулық сақтау: жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру, ерекше қатерлі инфекцияларға қарсы іс-ерекет, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның компоненттері мен препараттарын өндіру, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығын республикалық деңгейде және мемлекеттік шекара мен көлікте қамтамасыз ету, сот-медицина және сот-психиатрия сараптамасын жүргізу және басқалары.
6) әлеуметтік
көмек және әлеуметтік
7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:
8) ауыл, су, орман,
балық шаруашылығы және
9) өнеркәсіп,
жер қойнауын пайдалану,
10) көлік және коммуникациялар:
11) экономикалық қызметті реттеу: стандарттау, метреология және сертификаттау, патенттерді, тауар белгілерін тіркеу және қорғау, мемлекеттік инновациялық саясат, мемлекеттік экспорттық және импорттық бақылау, саудалық және демпингке қарсы реттеу, бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу.
12) басқа да бағыттар: облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне, Ұлттық қорға берілетін ресми трансферттер, үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу, мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау.
Республикалық бюджеттен сонымен бірге барлық мемлекеттік органдардың және басқа мемлекеттік мекемелердің қызметтін қамтамасыз етуге (кадрларды қайта даярлауды және бұл мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қоса алғанда), бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, сондай-ақ қолданбалы ғылыми зерттеулерге, мемлекеттік басқарудың орталық органдардың заңнамалық актілері мен көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады(Қосымша-2).
Орталық мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін ұстауға жұмсалатын шығындар Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен бекітілетін штат саны лимиті мен Үкімет бекітетін натуралдық нормалар негізінде жоспарланады.
Мемлекеттік бюджеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған орта мерзімді перспективаға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаттарын қалыптастыру мен пайдалану тұжырымдамасына сәйкес 2006 жылдан бастап орта мерзімді фискалдық саясат шеңберінде мемлекеттік бюджеттің мұнайлық емес кірістері мен шығыстарының жаңа құрылымы көзделді. (Қосымша – 3)
Мемлекеттік қарызды басқару мемлекеттік займ алуды реттеуші орган ретіндегі Қаржы министрлігінің арнайы қызметтерімен сипатталады.
Мемлекеттік және мемлекет кепіл берген займдар мен қарыздардың алдағы 10 жылдағы жағдайы мен болжамына жыл сайын баға беріліп отырылады. Бұл бағалау өтеу мен қамтамасыз ету көлемі, үкіметтік қарыздың лимиті, жергілікті атқарушы органдардың займдары мен қарыздары, мемлекеттік кепілдікті ұсынуды белгілейтін көрсеткіштерді анықтайды. Бұл құжат Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен және мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын дайындайтын өкілетті мемлекеттік органдармен біріге отырып, елдің экономикалық дамуының ұзық мерзімді болжамы жинақталған мемлекеттік және мемлекеттік кепіл берген қарыздардың көлемі мен құрылымы, ссудалық капитал нарығындағы өзгерістерді болжау негізінде дайындалады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің займ алу шарттары мен нысандарын, көлемін, үкіметтік қарызды өтеудің және қамтамасыз етудің көлемі мен шектерін, жергілікті атқарушы органдардың қарыздарының шегін анықтайды. Бұл көрсеткіштер республикалық және жергілікті бюджеттерде сәйкес жылға бекітіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің займдары бойынша мұндай процедураларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің займдарын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдарының займдарын тіркейді, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының займ шарттарына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарыздарына, көрсетілген займдарды өтеуді қамтамасыз ету және алуға бақылау мен мониторинг жүргізеді.
Басқару шеңберінде қарыз құрылымын оптималдау жөнінде шараларды өткізу және дайындау жүргізіледі, соның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша мемлекеттік займ алудың тәуекелділігін басқару жатады.
3. Қазақстан
Республикасындағы бюджет
Шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.
Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:
1) елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
2) қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
3) айналысқа
тауар жиынымен жабылмайтын
4) бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдылығы;
5) әскери-өнеркәсіп
кешенін ұстауға жұмсалатын
6) «көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;
7) ұлттық шаруашылықтағы
өнімсіз щығыстар мен
Бюджет тапшылығын
1) шығыстар тұрақты, кірістер өседі;
2) кірістер тұрақты, ал шығыстар азаяды;
3) кірістер өседі, ал шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырақ төмендейді).
Тапшылықты қаржыландыру – оны
жабу үшін қосымша ақша
Бюджет тапшылығын
1) Ақша белгілерін шығару. Бұл
жол теріс әлеметтік-экономикал
2) Мемлекеттік қарыздар. Бұл жағдайда
қаржыландыруға бос ақша
3) Шетелдік қарыздар. Оларды Дүниежүзілік валюта қоры, басқа халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді;
4) Ұлттық байлықты пайдалану.
Бұл орайда мемлекет басқа
субъектілерге өзінің
Салықтардың мөлшерлемелерін көбейту бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдісі емес, оны қысқартудың амалы болып табылады.
Бюджеттің кірістерін
Бюджеттік тапшылықты жабу
- мемлекеттік несие;
- салық салу жүйесін қатайтады;
- мемлекетті басқару шығындарын қысқартады.
Бюджет тапшылығын ақша эмиссия
-мемлекеттік қарыздар шығару;
-кредит ресурстарын пайдалану.
Тапшылықты азайту немесе жою мақсатымен секвестрлеу — ағымдағы қаржы жылының қалған уақыты ішіңде барлық баптар бойынша (қорғалатындарынан басқа) белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді төмендету — пайдаланылады. Бюджеттердің атқарылуы процесіңде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесін республика Парламенті мен биліктің жергілікті оргаңдары анықтап, бекітеді. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетгі қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Кез келген мемлекеттің сыртқы қарызы бар және ол үлкен көлемде болады. Бірақ Қазақстан Республикасынан айырмашылығы, бұл мемлекеттер алған қарыздарын ұтымды, әрі тиімді пайдалануда. Бұл мемлекеттер алған қарыздарын нағыз табыс, пайда әкелетін өнеркәсіп салаларына жұмсайды. Мысалы, біз білетініміздей, Қазақстанның, толып жатқан пайдалы қазбаларды шикізат көзіне айналдыру үшін керекті құрал-жабдықтары жоқ. Сондықтан оны шет елдердің инвесторлары өз құрал-жабдықтарымен өңдеп жатыр, соның үстінен Қазақстанның шикізатынан түсетін пайданы шет ел инвесторлары көріп отыр. Менің ойымша, бұдан құтылатын тиімді жол алған қарыздарымызды нағыз тиімді, пайда әкелетін жаңа техника-технологияларға, заманауи құрал-жабдықтарға жұмсаған жөн.
Информация о работе Мемлекеттік бюджет және мемлекеттік қарыз