Баға және табыс бойынша икемділік. Баға – нарықтық экономиканың негізгі элементі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2014 в 08:00, курсовая работа

Краткое описание

Рынок механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi “сұраныс” пен “ұсыныс” болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар iс-әрекетi болып табылады. Рыноктық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Кез келген тұтынушы нарықта ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандырады деп есептелiнедi.

Содержание

Кіріспе

I. Сұранысқа әсер ететін факторлар, сұраныс және ұсыныс заңы, өзара байланысы

1.1. Сұраныс және сұранысқа әсер ететін факторлар Сұраныс аспектілері
1.2. Сұраныс заңы
1.3. Ұсыныс заңы

II.Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы
2.1.Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы
2.2.Тепе-теңдік баға мен оның графикалық көрінісі

III.Баға және табыс бойынша икемділік. Баға – нарықтық экономиканың негізгі элементі
3.1. Икемділік ұғымы. Баға және табыс бойынша икемділік
3.2. Баға – нарықтық экономиканың негізгі элементі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Турсынбекова Финансы.docx

— 247.17 Кб (Скачать документ)

Бәсеке негізіндегі  нарықтық  бағаны  реттеуді қамтамасыз  ету  мүмкіндігі  жақын  уақытта  өте  шектелі  болып отыр. Бізде  қазірде бір тектес  немесе ұқсас  тауарлар  және  қызметтермен нарыққа  шығатын  бәсекелестер  жоқтың  қасы  деуге  болады. Тіпті меншіктің  жаңа формаларын  заңды  түрде  қабылдау – шын мәніндегі  бәсекенің  негізі болып  табылатын  жан-жақты  дамыған  кәсіпкерлікті автоматты  түрде  енгізе алмайды.Мемлекеттік  монополистік «еркін монополист»  болуынан бәсекеге қажетті жағдай тумайды, ал тауар тапшылығын оның молшылығын жасау  арқылы емес, тек қана «естен тандыру  терапиясының» жәрдемімен ғана жоюы  мүмкін  болады. Сондықтан да  нарықтан  өтудің алғашқы кезеңінде  бәсекеге негізгі бағыт бола алмайды. Осы  нарықтық қатынастарының даму процессінің тереңдеуі және нарық  инфрақұрылымын жасау барысында, яғни нарықтық экономиканың дамуының келесі кезеңдерінде ұстану қажет.Баға белгілеудің жалпы бағытын таңдауда, өнім өткізу, тауар айналым  көлемін ұлғайту  үшін жаңа және шығарылып жатқан өнім бұйымдар мен қызметтерге бағаны анықтауда маркетингтің алатын орны зор. Қазіргі кезде жаңа бұйымдар мен қызметті нарықта тиімді өткізу үшін  кәсіпорындарға бағаның негізгі алатын  түрін қолдануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Баға және табыс бойынша икемділік. Баға – нарықтық экономиканың негізгі элементі

 

3.1. Икемділік ұғымы.  Баға және  табыс бойынша икемділік

 

Сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің  тауардың  рыноктағы  бағасына тәуелділігі  нақты  қарауды  керек етеді. Әр  түрлі тауарлар бір-бірінен  сұраныс пен ұсыныстың  бағаның өзгеруіне  жауап беру  деңгейімен ерекшеленеді.

Рыноктағы сүраныс  көлемінің баға төмендегенде  қандай  мөлшерде  өсетіндігі  немесе баға  өскенде кемитіндігі бағаға байланысты сұраныстың икемділігінің  дәрежесін  сипаттайды.

Сұраныс икемділігін  бағаға  байланысты  коэффициенті (Ed), сұраныстың өзгеруінің осы өзгерісті  шақырған бағаға өзгерісіне қатынасын  көрсетеді:

 

 

Икемділік коэффиценті  тауарға сұраныстың мөлшері тауар  бағасы бір процентке өзгергенде қанша процентке өзгеретінін  көрсетеді. Бағаның кемуі дәлме-дәл  сүраныстың өсуімен өтелгенде, ал   жалпы саудадан түсірген сома өзгермегенде  сұраныстың аз өсуін шақырса, сұраныс  икемділігі (Ed >1).

Бағаның кемуі  сұраныстың артық өсуін шақырса, онда сұраныс икемділігі туралы айтамыз.

Сұраныстың  икемділігі туралы пайымдаулар жалпы  бағаның  ұсынысқа әсерін талдағанда да  қозғалуға  болады.  Ұсыныстың  икемділігі ол рынокқа шығарылған  тауардың   санының бәсекелік  бағаның салыстырмалығы өзгеруіне сәйкес салыстырмалы өзгеруінің  көрсеткіші.

 

 

Тауар ұсынысының икемділігі көп факторға тәуелді: әр түрлі кәсіпорындардағы жекелеген  шығындардың  жіктелуінен, өндірістік қуаттардың толық істеуінен, еркін  жұмыс күшінің болуынан  капиталдың бір саладан екінші салаға  тең  ауысуынан және тағы да басқалар.

Сұраныс пен ұсыныс икемділігі туралы айтқанда, яғни баға өзгергенде сұраныс пен ұсыныстың  қанша өзгеретіні туралы айтқанда, біз бұл өзгерістер бір уақытта  болатынын, сондықтан уақыт икемділіктің бір факторына айналатындығын есте сақтауымыз керек. Осыған байланысты рынок  тепе-теңдігі түсінігін сұраныс  пен ұсыныстың келісуін уақытты  еске ала отырып талдауымыз керек.

Айталық, бір  тауарға кенеттен сұраныс көбейді. Бұл тауарға ұсыныс бірден көбеюі мүмкін емес болғандықтан, лезделік тепе-теңдік жағдайы бағаның жоғарлауымен ғана сипатталады. Ұсыныс қисығы нөлдік икемділк тік  сызық болады және  сұраныс  қисығының жағдайына ауысуы  тепе-теңдіктің  Р2 бағасын өсіреді.

Қысқа мерзімдік  тепе-теңдік  (7,б - сурет) жағдайында осы рынокта істейтін кәсіпорындардың  саны өзгермейді. Бірақ үсыныс біршама  ұлғаяды және d2 қисығы сәл ғана еңкейген болады, өйткені кәсіпкерлер бар  өндірістік қуаттарды қарқынды пайдаланады. Бұл жағдайда үсыныс көлемі Q3-ке  дейін азырақ өседі, ал тепе-теңдік бағасы төмен болады.

Ұзақ тепе-теңдікті (7б-сурет) қарағанда ұсыныс өзгерген сұранысқа толық  бейімделеді. Жоғары бағалар жаңа қуаттар жасауға  жағдай жасайды, ал салаларға жаңа кәсіпкерлер  келеді, үсыныс көлемі  Q4-ке дейін  өседі және тепе-теңдіктің бағасы бұрынғыдан да  көп төмендейді.

Сонымен, үсыныс икемділігі қаралып отырған уақыт  кезеңі ұлғайған сайын өседі, ал ол қарапайым бағалардың қалыптасуына жәдемдеседі. Сұраныс пен ұсыныстың  игілікке керісінше мәні ретінде  анықталуы бағаның икемділігі  ұғымына байланысты.

Ол сұраныс  пен ұсыныстың өзгеруінің бағаға әсерін білдіреді.

 

 



 

7-сурет (б)

7-сурет (в)

 

Сұраныс әңгіме болғанда, әрине төлем қабілеті бар  сұраныс туралы болады. Сондықтан, жоғарыда көрсетілгендей сұранысқа әсер ететін аса маңызды факторлардың  бірі табыстар деңгейі. Табыстар өзгергенде тауарларға сұраныс  та әр қалай  өзгереді. Бұл жағдайда табысқа байланыс сұраныстың икем ділігі туралы айтамыз.

Мысалы, бәрімізге  жақсы белгілі, сатып алушылардың  табыстарының өзгеруі, азық –түлік тауарларын сатып алуға ұзақ пайдаланатын тауарларды сатып алуға көп әсерін тигізеді. Басқаша айтқанда, өнеркәсіп тауарларына  сұраныс икемділігі әдетте үлкен  болады.

Икемділік коэффициенті табыстың сұранысқа әсерімен анықталады:

 

Бұл жерде Ed - сұраныс икемділігінің табысқа байланысты коэффициенті, L – сатып алушылардың табысы.

Тауарлардың басым  бөлігінде табыстар мен сұраныстың арасындағы тікелей тәуелділік бар, яғни табыс өсуімен сұраныс көбееді. Алайда, кейбір жағдайларда  кері тәуелділік болуы мүмкін. Әдетте , мұндай елдің  кедей бөлігі тұтынатын , тұтыну қасиеттері төмен, тауарларға қатысты. Табыстар өскен  сайын картоп , нан сияқты тағам  өнімдеріне сұраныс азаяды, өйткені  тұтынушылар өз рациондарына көп  ет, көкөніс және жеміс-жидектер кіргізуге  мүмкіндік алады.

Сұраныс икемділігімен  тауарлар  бағаларының тербелуі басқа тауарлардың  бағаларының  өзгеруіне әр қалай әсер етеді . Мысалы , икемсіз сұраныс пен тауар  бағасы өссе, онда осы тауарды сол  тауарды сатып  алу шығыны өседі, ал бұл тұрақты табысқа басқа  тауарларға сұранысты азайтады және олардың бағасын төмендетеді.

3.2. Баға – нарықтық  экономиканың негізгі элементі

 

Баға - көп функционалды экономикалық құбылыс, (ведущая) алдағы нарықтық категория. Бағаның өзгеруінен көбінесе әлеуметтік, экономикалық, сонымен қатар саяси  қайшылықтар туындайды. Сондықтан  да басқару құрылымдары (властные структуры) және маркетингтік қызметтер ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғам  бағалар туралы барлық жақты және объективті ақпараттарға, олардың өзгеруінің заңдылығы мен тенденциясының терең  анализіне қызығушылықпен қарайды.

Баға-тауар бірлігіне  берілетін ақша соммасы, тауардың ақшаға айырбасының эквиваленті.

Бағалар, олардың құралу және өзгеруінің процестері өзімен статистикалық  зерттеулердің пәнін көрсетеді. Баға статистикасы-нарық статистикасына және әлеуметтік-экономикалық статистикаға олардың құрама бөлігі ретінде кіретін  жеке (самостоятельный) блок. Баға бойынша  ақпараттардың екі қайнар көзі белгілі. Біріншісі, тұтыну нарығындағы тарифтердің  бағаларының өзгеруін қадағалау. Екіншісі, халықтың тұтынуын, шығындары мен  табыстарын таңдамалы статистикалық  зерттеулердің бір түрі ретінде  бюджеттік зерттеу. Осы қайнар көздердің  негізінде негізгі тұтыну тауарлары  мен қызметтерін фиксталған (фиксированному) жинау (набор) бойынша тұтыну бағаларының  индексі (ТБИ) (кейде өмір құнының  индексі деп аталады) есептеледі. Көп елдер (стран) үшін есептеу әдісі  бірдей болып келеді. Бұл ТБИ-нің  халықаралық салыстыруларын (сопоставления) жүргізуге көмектеседі.

Баға түсінігі, оның экономикалық табиғаты нарықта баға ойнайтын екі  рольде сипат алады (проявляются). Ол мына түрде болады:

-нарық конъюктурасы мен  саясатын көрсететін индикаторы  ретінде (сұраныс пен ұсыныс  байланысы (соотношения), саудалық  және экономикалық тәуекел, қаржы-несиелік  жағдайлар, нарықтағы бәсекелестіктің  дәрежесі және т.б.);

-сұраныс пен ұсынысқа, нарықтың құрылымына, теңгенің сатылымдық  қасиетіне және т.б. әсер ететін  нарықтың маркетингтік реттеуіші  (регулятор) ретінде. Бағаның реттеуіш  ретінде ресурстарды қолдануды  шектеуге көмектеседі және ол  өндіріс үшін мотивация болып  табылады.

Нарықтық баға әр түрлі  функциялар атқарады. Баға-бұл тауарларды ақшаға ауыстыруда (соизмеритель) және делдал. Баға-нарық конъюктурасының  маңызды көрсеткіші, сұраныс пен  ұсыныстың байланысы мен құрылымының, деңгейінің факторы. Баға-тиімділікті (эффективность) басқарудың және пайда  табудың құралы, салық салудың  факторы. Баға-бұл инфляциялық процестердің маңызды құраушысы, инвестициялық  саясатқа әсер ету құралы (бағаның  көтерілуінен (өсуінен) инвестицияның (привлекательность) өседі). Баға-еңбек  нарығына, тұтынудың көлемі мен құрамына, әр түрлі әлеуметтік топтардың нақты  табыстарының деңгейіне әсер ететін халықтың өмірінің дәрежесінің күшті (мощный) факторы. Сонымен қатар, баға-бұл  бәсекелестік күрестің қаруы.

Бағаның түсінігін түсінудің  тағы бір әдісі экономикада бағалардың ойнайтын ролін суреттейтін оның функцияларын қарастыру.

Бағаның алғашқы функциясы-өлшемдік (измерительная). Бағаның арқасында  тауардың құнын өлшеуге, анықтауға  болады, басқаша айтқанда, сатылған тауарлар үшін сатып алушы қанша  ақша беру керектігін анықтау. Бағалар  ақшаға төлем құралы ретінде сату-сатып  алу актінде сандық анықтамалыққа (количественная определенность) ие болуға мүмкіндік береді. Тауарлардың бірлігінің даналық, көлемдік, салмақтық бағасын  біле отырып және оны сатушының сататын  көлеміне және сатып алушының алатын бірлігіне көбейте отырып, біз  тауарлар мен қызметтерге ақшалай  төлемдердің көлемін анықтаймыз. Еңбектің, жұмыс күшінің бағасын  есептей отырып, жалақы есептеледі.

Бағаның өлшемдік функциясынан басқа әр түрлі тауарлардың құндылықтарын  салыстыра қарама-қарсы қоюға  бағытталған (соизмерительная) функциясы  бар. Бағаларды салыстыра отырып, біз өте немесе кішкене қымбат, қымбат және арзан тауарларды ажыратуға  мүмкіндік аламыз.

Өлшемдік функциясының арқасында  баға есептік (учетная) функцияға ие болады. Физикалық бірліктерді өлшенген материалды-заттық түрдегі тауарлардың  сандық және сапалық көрсеткіштерін ақшалай бірліктерде өлшенген (адекватные) көрсеткіштерге ауыстырсақ, баға есептің  қосалқы құралына айналады. Кәсіпорынның мүліктік кешенінде 5 қондырғы бар екендігі бекітілгенге қарағанда, есептің жалпы  соммасы 15 млн. ақшалай бірлік болатын  әрбіреуінің бағасы 3 млн. ақшалай  бірлік болатын 5 қондырғы бар екендігін  куәландыруы ыңғайлы. Бағаның есептік  функциясы өнім өндіруге кеткен шығындарды да есепке алуға мүмкіндік береді.

Есеппен қатар баға өлшеуіш  ретінде көрсеткіштері ақшалай  түрде қолданылатын талдаудың (анализ), болжаудың, жоспарлаудың маңызды құралдарының бірі бола алады.

Бағалардың жоғарыда аталған  функцияларынан оларды экономикалық процестерді  реттеудің құралы ретінде қолдану  мүмкіндігі туады. Сонымен, нарықтық экономикада  баға-бұл тұтынушы немесе сатып алушының жауапты реакциясымен олардың төлеміне тауарларды сатушы немесе өндірушінің  ақшалай сауалын (запрос) ұштастыратын сұраныс пен ұсыныстың теңесуінің негізгі құралы. Реттеуші баға реттеу процесінде пайда болады және оған бұл мағынада реттелетін болуы тән. Сондықтан да дәрежесі сұраныс пен  ұсынысты теңестіруге сәйкес келетін  тең (равновесные), яғни өзі қалыптасатын (самоустанавливающиеся) бағалар көмегімен  тауар-ақша процестерін реттеу (саморегулирования) функциясы туралы сөз қылған нақтырақ болатын еді.

Баға үлестіру (распределительная) функциясын атқара алады. Оның мәні өнімнің  бағасымен байланысты сол немесе басқа өнімге сұранысты қайта  үлестіру арқасында тауар ұсынысына, жетіспейтін (дефицит) тауарладың өндірісін  кеңейтуге және артық (избыточный) тауарлардың  өндірісін қысқартуға әсер ету мүмкіндігінде. Соның арқасында инвестициялар ескі салалардан ағып шыққан қаржылар арқасында өндірістің аз дамыған салаларына көбірек бағытталады.

Баға өте маңызды әлеуметтік функцияны атқарады. Баға және оның өзгеруімен жанұяның тұтыну (потребительский) бюджеті, өмір деңгейі (уровень жизни), өмір сүру минимумы, шығындары, қызметтер  мен игіліктерді тұтыну көлемі мен  құрылымы байланысты. Бағаның деңгейі  мен оның өсуіне адмдардың әлеуметтік реакциясы сезімтал және жоғары. Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бөлшектік (розничные) бағаларды тұрмыстық  қабылдауда (восприятие) адамдар бағаның  өскені өмір деңгейін төмендетеді, ал бағаның төмендеуі өмір деңгейін жақсартады деп ойлайды. Бұл жағдайда әдетте тұтыну құрылымы, табысьар, тауарлардың  нарықта болуы сияқты басқа, бағалық  емес факторлар ескерілмейді.

Еліміздің халықтық шаруашылығында іске асырылатын ішкі функцияларымен қатар, бағалар елдер арасында өзара  есептеулердің (расчеты), сыртқы төлемдердің, сауда келісімдерінің құралы ретінде  сыртқы экономикалық функциялар атқарады.

Өндірушінің сатудан түсетін  түсімді ұлғайту үшін өнімнің  сапасы мен өндіріс көлемін үлкейтудегі  қызығушылығына әсер ете отырып, бағалар  ынталандыру функциясын атқарады. Бұл  әсер етудің механизмі өндірушінің  тауарлар мен қызметтер, өнімдер  бағасымен байланысты кіріс пен  табысты ұлғайту мүддесі арқылы өтеді. Бұл функцияның бәсекелестік нарықтық және дефициттік бәсекелессіз экономикада көрініс табуларының  арасындағы айырмашылық, бірінші жағдайда, өндіруші тауар көлемін, сапасын  және бағаны, ал екіншісінде-тек қана бағаны көтеруге тырысуында.

Информация о работе Баға және табыс бойынша икемділік. Баға – нарықтық экономиканың негізгі элементі