Баға және табыс бойынша икемділік. Баға – нарықтық экономиканың негізгі элементі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2014 в 08:00, курсовая работа

Краткое описание

Рынок механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi “сұраныс” пен “ұсыныс” болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар iс-әрекетi болып табылады. Рыноктық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Кез келген тұтынушы нарықта ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандырады деп есептелiнедi.

Содержание

Кіріспе

I. Сұранысқа әсер ететін факторлар, сұраныс және ұсыныс заңы, өзара байланысы

1.1. Сұраныс және сұранысқа әсер ететін факторлар Сұраныс аспектілері
1.2. Сұраныс заңы
1.3. Ұсыныс заңы

II.Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы
2.1.Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы
2.2.Тепе-теңдік баға мен оның графикалық көрінісі

III.Баға және табыс бойынша икемділік. Баға – нарықтық экономиканың негізгі элементі
3.1. Икемділік ұғымы. Баға және табыс бойынша икемділік
3.2. Баға – нарықтық экономиканың негізгі элементі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Турсынбекова Финансы.docx

— 247.17 Кб (Скачать документ)

Кешегі Кеңес  экономикасы тұтынушы емес, дәл осы  енім өндірушіге бағдарланғаны, тарихта  бұрың болып көрмеген "шығындық" экономика жасағаны құпия емес. Осыдан да отандық саяси экономия сөз  жүзінде экономиканың төрт сатылы құрылымын ("өндіріс" - "бөлу" - "айырбас" -"тұтыну") мойындап, ал іс жүзінде  өндірістік процестерді талдаумен  шектелді, айырбас тіпті тұтынудағы айырбас туралы "үн шығаруды" артық  санады. Осыған қарамастан экономикалық тиімділіктің жалпы формуласы ("нәтиженің" және "шығындардың" ара қатынасы) экономика салаларына тәуелді түрде  өзгеріп отырады. (5 тақырыпқа арналған сызбаны қараңыз).

Бұл формулаға  ортақ нәрсе: "бөлгіш" (қорытынды) қаншалықты аз болса тиімділік те, өндіріс те, тұтыну да соншалықты жоғары болмақ.

Экономика тиімділігінің  өсуі өндірілген өнімнің саны сатып  алған тауарлардың санымен, ал өнім өндіруге кететін шығындар көлемі - тауар сатып алуға жұмсалатын шығындар көлемімен дәл келетін  беталыспен (тенденция) сипатталынады. Сөз бұл жерде жалпы экономикалық сипаттағы  "беталыс"     туралы     ғана     екені     түсінікті.

Шындығында да коғамдық өндірістін әрбір жаңа сатысы осы екі формуланың - алымы да (және "бөлгіш" де) барынша көп  сәйкес келуін білдіреді. Бірақ, тәжірибеде өндірілген өнімнің саны әрқашанда  сатып алынған тауарлардың санынан  асып түсетін болады, себебі, кез  келген тауар өндірілген өнім болып  табылады, бірақ, кез келген өнім өндіруге кеткен шығын көлемі әрқашан да тауарды  сатып алуға кеткен шығындар көлемінен  асып отыратын болады.

Осыдан да өндірісті  де, тұтынуды да келістіріп, біріктіретін экономикалық тиімділіктің нарық жағдайындағы формуласы қоғам жұмсаған барынша  шығындардың ең аз нәтижелерге қатынасы болып табылады. Нарықтық экономикада "ең аз нәтиже" - бұл сатып алынған  тауарлар саны, ал, "барынша шығындар" - бұл өнім өндіруге кеткен шығындар көлемі осыдан да.

 

 

Қаралып отырылған  категориялардың барлығы -тиімділік  те, сұраным да, әлдеқандай бөлектелінген, дербес қөлемдер емес - тәуелділіктер, байланыстар, қарым-қатынастар екенділігінін  ұғыну маңызды. Осының өзі экономика  ғылымына математикалық аппаратты  кеңінен қолдануға мүмкіндік  береді.

Сұраныс деп   тұтынушылардың   белгілі   бір   өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады. "Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты   көрсетеді.   Олардың   бірнеше   баламалы   мүмкіндіктерін кесте түрінде былай көрсетеді.

 

 

1.2 Сұраныс заңы

 

Сұраныс - нарықтық экономиканың аса маңызды санаттарының бірі, нарықта  ұсынылған игіліктерге (тауарларға, көрсетілетін қызметтерге) төлем кабілеті бар қажеттіліктерді көрсетеді, яғни тұтынушы белгілі бір бағамен  және белгілі бір уақыт кезеңінде  сатып алуға келісетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, мөлшері. Нарықта әрекет ететін сұраныс  заңы бойынша — баға неғұрлым жоғары болса, тұтынушылар сатып алуға  келісетін игіліктердің көлемі де солғұрлым  аз болады және осыған керісінше. Нарықта  тауарларды қажетсіну ақшалай нысанда  көрсетіледі және ақшалай қаражатпен қамтамасыз етіледі. Сұраныстың мөлшері  халықтың ақшалай табысының денгейіне  және өндірушілердің ендіріс құрал-жабдығын сатып алуға бөлетін сомасына, сондай-ақ тұтынушылардың талғамына  немесе артықшылықтарына, нарықтағы  сатып алушылардың санына, тұтынушылардың ақшалай табысына, сабақтас тауарлар- дың бағасына, тұтынушылардың болашақтағы  баға мен табысқа катысты үмітіне  байланысты. Сұраныс тауар өндірісінің  көлемі мен құрылымын айқындайды, яғни тек тұтыным деп танылған нәрсе ғана өндіріледі. Экономикалық зерттеулерде сұраныс ұсыныспен  өзара ықпалдастықта қаралады. Сұраныс  мен ұсыныс капиталдың неғұрлым тиімді жұмсалу бағыты мен аясын көрсететін бағдар болып табылады. Сұраныс жекелеген  игілікке жеке, нарықтық сұраныс, сондай-ак жалпы ел шеңберінде біріктірілген  сұраныс ретіндегі жиынтық сұраныс  болып бөлінеді. Сұраныстың көлемі мен құрылымы экономикалық, әлеуметтік-саяси, демографиялық, мәдени-тарихи, табиғи-климаттық  факторларға байланысты. Сұраныс  көлемі- сатып алушының тауарлардың (қызметтердің) осы көлемін (осы бағамен) сатып алуға дайын болуы. Сұраныс  инфляциясы - сұраныс жағындағы факторлар тудырған инфляция.

Сұраныс заңы

Егер де қандай да болмасын қажеттілік, тек қана тиісті тауарды (қызмет түрін) төлеу арқылы қанағаттандырылса, онда бұл төлеудің (тауар бағасының) көлемі сатып алынатын тауарларды тандауға да, оларды сатып  алу көлеміне де тигізеді.

Шартты мысалды  қарастырып көрейік. Сатуға тауардың алты (дана) бірлігі ұсынылды делік. Төлем  қабілетті сұраным да алты ақша бірлігіне  тең деп есептейік. Сонда біз  ұсынымның көлемі сатып алынған  тауарлардың көлеміне сәйкес  келеді  деп  айта   аламыз  ба?  Бұлай  деп  айтуға болмайды - бәрі де баға деңгейіне тәуелді.

Шынында да, егер тауар бірлігінің бағасы алты ақша бірлігіне тең болса онда сатып  алушылар тауардың бір бірлігін ғана сатып ала алады (үш, екі және бір  ақша бірлігі бағасы жағдайында тиісінше екі, үш және тауар бірлігі сатылып  алынады).

Бір тәуелділіктер  қатарын көрнекті түрде көсетіп  көрейік:

Тауар ұсынымы  (тауар бірлігі)

Бағасы

Төлем қабілетті  сұраным (ақша бірлігі)

Сатып алынған  тауарар саны

6

1

6

6

6

2

6

3

6

3

6

2

6

6

6

1


 

Осы мысал арқылы сұраным заңын түйіндеп айта аламыз. Бірақ алдын-ала біздің тәуелділікті сызба түрінде бейнелейік (5 тақырыпқа  арналған I - сызбаны қараныз), тік сызық осы бойынша бағалар деңгейіне "Р" әрпімен белгілей отырып (ағылшының "рrісе" - "прайс", яғни баға деген сөзінен шыққан) ал, көлбеу сызық бойынша - сатып алынған тауар санын, яғни өткерілген сұраныс көлемін "Q" әрпімен белгілейміз (ағылшынның "Quantity" "квонтити", яғни сан сөзінен шыққан және оны "d" бас әрпімен (ағылшынның "demand" - "дәмандн", яғни сұраныc сөзінен шыққан) қоса белгілейміз, себебі, "Q" символы сұраныс көлемін ғана емес, ұсынымның келемін де білдіре алады, сонда оған "S" (ағылшының "Suррlеу" - ''съплай" (яғни ұсыным сөзінен шыққан) қосылады. "Бұл символды "Qs" келесі тақырыпта пайдаланатын бoламыз.

1 - сызбадан көрініп  тұрғандай баға мен тауарларды  сатып алу сандары арасындағы  кіріс (немесе ұнамсыз) тәуелділік  бар. Бұл сұраныc заңы формуласын " " математикалық белгісі ("дельта" - "өзгеру", мұнда бұл белгінің  барлық өзгерістерді: өсу мен  кемуді де білдіретінін есте  ұстау манызды) қолданнып жаза  аламыз:

 

 

Сұраным заңының  мәнін қарапайым тұрде баяндауға  болады: тауардың бағасы қаншалықты төмен  болса, оның соншалықты көп саны сатып  алынатып болады (немесе көрісінші).

Сұраныс заңымен  бірінші рет танысқан адамның  таңдануын көзге елестетуге болады, ол "бұл дегеніңіз айқындылық қой" деп ойлайды. Әйткенмен, біздің алдымызда тұрғаны шынында да нарықтық экономиканың ең елеулі заңдарының бірі, экономикаға нарықтық сипат  беретін, тұтынушының аса қуатты қорғанышы. Міне, осы себептен де бұл  заңды талдауға кез-келген оқулықта жетекші орын берледі.

Сұраныс заңын  түсіну үшін тәуелділіктің "неден", "неге"байланысты екендігінің, мұнда  бағаның сұранымнан, немесесұранымның бағадан тәуелділігінің  қандайлығы  бейтарапкалдырар   нәрсе   емес.   Сұраныс   заңы   -   бұл   сұраныс бағамен   тек  қана   бағамен   анықталатын  экономикалық нұска болып табылады. Сұраныс заны-.бұл сұранымның баға деңгейіне үн қатуының тәуелділгінің  заңы, бағаның сұраным көлеміне ықпалы туралы заң. Және тағы бір жағы: - сұраныс  заңы сұранымның көлемінен түсетін   ұсыным   жағдайында   ғана   әрекет ететіндіктен нарықтық заң болып  табылады.

Сұраныс көлемі - сұраныска әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы, әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетеді.

2.1-кестеде    берілген    көрсеткіштерді    координаттар осіне  түсіріп,  бейнелеуге  де  болады.   Бұл   қисықты әрпімен белгілеп, оны сұраныс қисыгы деп атаймыз.

 

Экономикалық  еркіндік деңгейі, біріншіден, кәсіпкерлік  еркіндігі, екіншіден, сатушылар мен  сатып алушылардың таңдау еркіндігі, яғни сауда еркіндігі, үшіншіден  ресурстарды әр түрлі қолдану  сфераларына ауыстыру еркіндігі, төртіншіден, баға құру еркіндігінен тұрады. Нақ  осы экономикалық еркіндік рынокта  өзгермелі жағдайларға икемді бейімделуге  және жекелей де жалпы да тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сұраныс пен ұсыныс бір-бірімен өзара байланыста және қайшылықта болады. Қандай нарықтық экономикада  болмасын, сұраным мен ұсыным тепе-теңдігін орнықтыру және ұстап тұру жеңіл  міндет емес. Нарықтың тепе-теңдігін, сұраныс  пен ұсыныс тең болғанда қалыптасатын нарық жағдайы мен бағаның  белгілі бір деңгейі деп түсіну керек.

Сұраныс – тұтынушыларға  қажетті тауарлардың  ақшалай  сомасы түрінде  көрінеді. Әдетте тұтынушылар  тауарды арзандау сатып алуға, ал сатушылар оны қымбаттау сатуға тырысады. Бірақ нарықтық  баға сұраныс  бағасы  деп алатын баға шамасынан  жоғары  көтерім  алмайды. Сұраныс  баға деп, сатып алушылар тауарды  алуға келісетін шекті ең жоғарғы  бағаны айтады. Сұраныс бағасы мен  сатылатын өнімдердің санының арасында өзара байланыс болады: сатылатын  өнімдердің саны неғұрлым аз болса, соғұрлым сатып алушылар оны жоғары бағалайды  және оған көп сома беруге әзір, ал керісінше, сатылатын өнімдердің саны көп болса, соғұрлым сатып алушылар оны төмен  бағалайды және оның сомасы  ұлғаймайды . Егер  сұраныс бағасы жоғары болса, сатып алушылар көп болмайды, ал сатылу көлемі шамалы ғана болады. Сұраныс  бағасы төмендеген жағдайда тауар бойынша  арзан болады, сатып алушылардың  саны мен сатып алатын өнімнің  көлемі өседі.

Енді нарықтағы  жағдайды өндірушілердің,яғни сатушылардың тарапынан қарастырайық. Олардың  бәрін ұсыныс біріктіреді: баға төмен  сатушы аз тауар ұсынады, немесе тіпті  оны ұстап қалад, ал баға жоғары болса -  тауарды көбірек ұсынады, ал өте жоғары болса – тіпті сапағақойылатын  талапқа сай келмейтін кез-келген  бұйымды өткізуге тырысады.

1.3 Ұсыныс  заңы

Ұсыныс дегеніміз  – сату үшін рынокқа жеткізілген  өнімдер.

Ұсыныс – ол өндірушілердің сату үшін рыноққа ұсынатын тауарларының мөлшері.

Ұсыныс заңы дегеніміз  – баға мен ұсынып отырған өнім мөлшерінің арасындағы тікелей тәуелділік.Ұсыныстың  құрамы үнемі өзгерісте болады, оның мөлшері өсіп, жаңаланады және құрамында  жаңа тауарлар пайда болады. Мәселен, ақпарат, лицензия, патенттер, ноу-хау, тағы басқалар.

Ұсыныс тек  сұранысты туындатып қоймайды, сонымен  қатар, ұсыныс сұранысқа белсенді түрде  әсер етеді. Белгіленген өнімді толық өндірмеу айырбастық қатынас жүйесінде тауарды сатып алушыларды тауар өндірушілерге тәуелді етіп қояды. Ал тауарды артық өндіру тауарды сатып алушылардың тауар өндірушілерге үстемдік жасауына, сұранысты азайтып, бағаны төмендетуге, тауар өндірушілердің табысының бір бөлігін жоғалтуға әкеледі

Ұсыныстың өзгеруіне екі  фактор әсер етеді. Бірінші фактор –  тауар бағасының өзгеруі болып  табылады. Екінші фактор – бағаға байланысты емес факторлардың әсері болып табылады.

Бағаға байланысты емес факторлардың ұсынысқа әсерін қарастырайық:

  1. Ресурстар бағасы. Ресурстар бағасының кемуі өндіріс шығындарын азайтады.
  2. Технология. Технологияның жетілуі ресурстар бағасын түсіреді.
  3. Салықтар мен демеуқаржылар. Салықтың көбеюі өндіріс шығындарын ұлғайтады, ал ұсынысты азайтады.
  4. Басқа тауарлардың бағасы. Олар ұсыныс мөлшерін қалай да болса жылжыта алады.
  5. Рыноктағы тауар сатушыларының саны.
  6. Тауарды сатудың қолайлы жағдайын тосу.

Бұдан басқа да ұсыныс мөлшеріне  әсер ететін көптеген экономикалық факторлар  жұмыс істейді. Оныі ішінде кәсіпкерлердің тауарды сатудан түскен ақшалай  кірісі, рыноктағы экономикалық конъюнктура, бесекелестік, салық саясаты, сауда  жағдайы.

Ұсыныс қисығын қарастырайық:

 

3-сурет – Ұсыныс  қисығы.

 

Жоғарыда көрсетілген  кесте шығарылатын өнім көлемінің (х)нарықтық бағадан (Р) тәуелділігін көрсетеді.

Баға –Р1, өнім -Х1 сәйкес, ал баға- Рс және Р2 –ге дейін  төмендесе онда өнім- Хс және Х2 –ге  дейін азаяды. Баға Р1 >Р2, ұсыным көлемі Х1 >Х2-ге сәйкес басқаша айтқанда тауардың бағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оны өндіру пайдалы, соғұрлым өндірушілер  оны көбірек өндіруге және нарықта  сатуға дайын болады.

Ұсыным мөлшерінің көбеюі ұсыным қисығының сызығын  оңға қарай (S2S2) ал ұсыным мөлшерінің азаюы  солға қарай (S1S1) жылжытады. Оны 4- суреттен көре аламыз.

Информация о работе Баға және табыс бойынша икемділік. Баға – нарықтық экономиканың негізгі элементі