Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2014 в 08:00, курсовая работа
Рынок механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi “сұраныс” пен “ұсыныс” болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар iс-әрекетi болып табылады. Рыноктық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Кез келген тұтынушы нарықта ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандырады деп есептелiнедi.
Кіріспе
I. Сұранысқа әсер ететін факторлар, сұраныс және ұсыныс заңы, өзара байланысы
1.1. Сұраныс және сұранысқа әсер ететін факторлар Сұраныс аспектілері
1.2. Сұраныс заңы
1.3. Ұсыныс заңы
II.Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы
2.1.Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы
2.2.Тепе-теңдік баға мен оның графикалық көрінісі
III.Баға және табыс бойынша икемділік. Баға – нарықтық экономиканың негізгі элементі
3.1. Икемділік ұғымы. Баға және табыс бойынша икемділік
3.2. Баға – нарықтық экономиканың негізгі элементі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
II.Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы
2.1.Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы
Сұраныс пен ұсыныс –
бұл бағаның жоғарылауын немесе
төмендеуін шешетін бір-біріне қарсы
ықпал ететін күш. Сұраныс пен
ұсыныстың даму беталысына және ерекшеліктеріне
қарай рыноктағы бағаның тепе-
Рынок – ол сатушы мен сатып алушының бәсекелестік күресі жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың жүзеге асырылатын сферасы. Саиып алушы қолында бар белгілі бір ақша сомасына төмен бағадағы тауар сатып алу мақсатында рынокқа барады. Тауарды сатып алуға арналған барынша жоғары бағаның шегі, яғни сатып алушының сатып алуға келісетін бағасын экономикалық теорияда сұраныс бағасы дейді. Белгілі бір мөлшердегі ақшаға тауарды сатып алушы қанша төмен бағаға сатып алса, сонша бағаға көбірек тауар сатып алады.
Тауар сатушы ( тауар өндіруші) рынокқа қарама-қарсы мақсатпен барады. Оның мақсаты – тауарды мүмкіндігінше ең жоғарғы бағамен сату. Тауар сатушының тауарды сатуға дайындаған бағасының төменгі шегін ұсыныс бағасы деп атайды. Бұл баға ішкі өндіріс шығынынан немесе өзіндік құннан төмен болса, мқндай тауар өндірісінің ешқандай мәні болмас еді. Өйткені тауар өндірушісі ешқандай пайда таба алмайды, шығыны да ақталмайды. Міне, осылай, рынокта тауарды сатушы мен сатып алушының арасында әрқайсысының өзіне тиімді бағаға байланысты бәсекелестік күрес жүріп жатады. Осындай күрес салдарынан баға теңестіріледі, яғни сатушы мен сатып алушының мүддесіне сәйкестелініп баға қалыптасады. Мұндай бағаны тепе-теңдік баға деп атайды.
Сұраныс заңы бойынша сатып алушының тұтыну мінезіне сәйкес ұсыныс бағасы айтылады, яғни, осы баға бойынша тауар өндіруші өзінің тауарын ұсынады. Ұсыныс бағасы сұраныс бағасымен салыстырылады, яғни, бұл баға бойынша тауарды тұтынушы сатып алғысы келетінін білдіреді. Сатушы мен сатып алушының келісімі тауарға берілген рынок бағасы арқылы шешіледі. Рынок бағасы арқылы тауар сатылады және сатып алынады. Рыноктық бағаны баға тепе-теңдігі немесе баға сәйкестігі деп атайды. Өйткені, бұл баға бойынша тауарды сатуға, ал сатып алушы тауарды сатып алуға келісім береді.
Рынокта сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігі тауар қорының мөлшері, баға экономикасына, халықтың ақшалай табысына, сауданың ұйымдастырылу дәрежесіне, жарнамаға және басқа да факторларға байланысты.
Сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің қалыптасуы сатып алушылардың тауар мөлшерін сатып алу қажеттігімен, тауар сатушылардың тауарды сату мөлшерімен сәйкестенген кезінде қалыптасады. Осыған сәйкес, рынокта баға тепе-теңдігі қалыптасады, бұл жағдайда ұсыныс сұранысқа сәйкестендіріледі.
Сұраныс қоғамға қажетті
өнімнің мөлшері мен жүйесін
білдіреді, ал ұсыныс рынокқа сату үшін
түсетін өнімнің жиынтығын
К.Маркстің сөзімен айтқанда, сұраныс пен ұсыныс «қоғамның қозғаушы күші» болып саналады.
Сұраныс пен ұсыныс қоғамда төмендегідей экономикалық және әлеуметтік қызметті атқарады:
Сұраныс пен ұсыныс айырбас сферасында қалыптасатын тауар өндірушілер мен тауар сатып алушыларының арасындағы қатынастарды бейнелейді.
Сурет – 6. Сұраныс пен ұсыныс қисығы.
Сурет – 6 көріп отырғанымыздай, тепе-теңдік нүктесі сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысқан жерінде тұр. Тепе-теңдік нүктесіне сәйкес нарықтық баға – тепе-теңдік баға деп аталады .
2.2 Тепе-теңдік
баға мен оның графикалық
Тауардың бәсекелестік сұраныс пен ұсыныстың әрекет ету механизмі қалай жұмыс істейтінін және сұраныс пен ұсыныс тең болған деңгейде рыноктық баға қалай орнайтынын байқайық.
Рыноктық баға мен оған сұранысқа ие санының арасында барлық уақытта белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, онысатып алушылардың саны азаяды, яғни сұраныс деңгейі төмен болады (табыстардың сол деңгейінде) және, керсінше, баға төмен болған сайын сатып алушылардың саны мен сатылып алынған тауарлардың саны көп болады.
Бұл баға мен сұраныс көлемінің арасындағы байланысты график түрінде көрсетейік.
Егер абцисса рынокта сатып алынған тауар саны ал кординатада баға қозғалысын белгілесек, онда осындай нәтиже болады.
Q – қисығы
экономикалық әдебиетте
Пайда болған қисық сұраныстың біртіндеп азаю заңын бейнелеп көрсетеді, ал ол заңды былай тұжырымдауға болады ; егер қайсыбір тауардың бағасы өссе (ал басқа шарттары тұрақты болса), онда осы тауардың аз санына сұраныс болады. Бұл тәуелдікті басқаша да тұжырымдауғаболады, егер рынокқа қайсыбір тауардың үлкен тобы түссе, онда, тең шарттық жағдайда, ол онша жоғары емес бағамен өткізілуімен мүмкін.
Сұраныстың біртіндеп азаюы заңының барлық тауарға қатысы бар. Оның себептерін анықтау қиын емес: олар бәрінен бұрын сатып алушылардың табыстарының шектеулілігіне байланысты. Егер жоғары бағалы тауарды тек бай адамдар ғана сатып алса, бағаның төмендеуі, біріншіден, рынокқа жаңа сатып алушыларды әкеледі. Екіншіден, бағаның әрбір төмендеуі тауарды тұтынушыны қосымша сатып алуға итермелейді. Сонымен бірге мынаны да атап өту керек,осы тұтынушының сұранысының өсуі тоқтағаннан кейін де, бағаның одан әрі де төмендеуінде төмен деңгейдегі табысты адамдардың өз қажеттерін өтей бастауы себепті рыноктағы сатып алу сомасы ұлғая береді. Егер рыноктық жағдайды сатушылар немесе оны ұсыныс жағынан қарасақ, онда кері көрініс орын алады. Барлық сатушылар рынокта ең жоғары баға алуға ұмтылады. Сондықтан баға жоғары болған сайын, олар белсенді түрде көп тауар сатуға тырысады, яғни ұсынысты ұлғайтады.
Басқаша айтқанда, әрбір сатушының ұсыныс көлемі бағаға байланысты өзгеріп отырады, баға жоғары болған сайын басқалар тең жағдайда, осы тауардың рыногындағы ұсыныстың көлемі жоғары болады.
Сурет – 6 көріп отырғанымыздай, тепе-теңдік нүктесі сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысқан жерінде тұр. Тепе-теңдік нүктесіне сәйкес нарықтық баға – тепе-теңдік баға деп аталады .
Рыноктық тепе-теңлік
деп – сұраныс пен ұсыныстың
бәсекелік күштердің баға орнату
нәтижесінде олардың көлемдерін
теңестіретін қаьілетін айтады. Тауарлар
рыногындағы тепе-теңдіктің
Сұраныс пен ұсыныс
өзгеруіне қарай тепе-теңдік бағасы
да өзгереді . Нарықтық тепе-теңдік
бұзылуы экономикада
Бәсекелі нарықта баға тепе-теңдігі «Е» нүктесінде болады. Бұл жағдайда сұраныс мөлшері мен ұсыныс көлемі бірдей болады, яғни:
Xe = Xs = Xd
Енді баға тепе-теңдігінің
өзгеруін сұраныс пен ұсыныстың
тапшылығы мен артықшылығы
Нарықтық бағаның теңдігі қалыптасқан бағалар мен тауарлар саны жағдайында рынокта әрекет ететін күштерді байланыс тепе-теңдік болған кезде, яғни сатып алушылардың алғасы келетін тауардың мөлшерімен саны жағынан теңелген және баға мен тауарлар санын өзгертетін тенденциялар жоқ кезде пайда болады.
Баға теңдігі
– ұсыныстың сұранысқа сай
келуі. Бәсекелістік нарықтың тепе-теңдігі
қисық сызықтары қиылысқан
Үш кедергі:
Біріншіден, сұраныс
ұсыныс қисық сызықтарын сала отырып,
біз басқа факторларды
Екіншіден, қисық сызық қозғалысымен қисық сызық бойымен қозғалыстың арасында айырма байланысты.
Үшіншіден, сұраныс және ұсыныс теңдік нүктесінде қай мағынада тең болады?
Астық шықпаған кезде оның бағасы өседі, өйткені ұсыныс қисық сызығын астықтың теңдік бағасын көтереді. Теңдік бағасының өте жоғары болуы сұранысты төмендетеді, тұтыну сұраныстың қисық сызығы бойымен қозғалады. Бірақ ешқандай өзгеріс болмайды, өйткені баға сұраныстың азаюына байланысты төмендейді деуге объективті негізі жоқ.
3. Теңдіктің мәні. Үшінші кедергіні былай айтуға болады:
Сұраныс ұсыныстың тепе-теңдігі баға теңдігін анықтайтын қандай негіз бар? Себебі , біреу қанша тауар сатса, сонша тауарды біреу сатып алады. Бағаға қарамастан, сан жағынан сәйкес келеді.тек осындай бағаға, яғни сатып алғысы келетін мөлшер мен сатылыс болмайды..
Сұраныс пен ұсыныс теңдігі неге әкеледі? Жалпы теңдікке. Тауарлар оларды тұтыну мүмкіндігі барлар арасында бөлінеді. Оны кім істейді?жоспарлаушы орындар ма? Заң шығарушылар ма? Жоқ. Нарық механизмі ғана баға белгілейді.
Нарық механизмі «нені» , «қалай», «кім үшін» өндіру проблемаларын шешеді, оларды көптеген өзара байланысты рыноктар үшін бір мезгілде шешеді, өйткені сұраныс ұсыныс қисық сызығы баға мен асн мөлшерін анықтайды дегенді мойындайды. Баға теңдігі мұндай өзара тәуелділігі рыноктың жалпы теңдігі болады, ол – сұраныс пен ұсыныс арқылы анықтайды.
Сұраныс пен ұсыныстың қисық сызығы рыноктың ойдағыдай көрінісі.
Енді сұраныс
пен ұсынысға негізделген баға
стратеиясын қарайық. Сұраныс –
тұтынушыларға қажетті
Енді нарықтағы жағдайды өндірушілердің,яғни сатушылардың тарапынан қарастырайық. Олардың бәрін ұсыныс біріктіреді: баға төмен сатушы аз тауар ұсынады, немесе тіпті оны ұстап қалады, ал баға жоғары болса - тауарды көбірек ұсынады, ал өте жоғары болса – тіпті сапаға қойылатын талапқа сай келмейтін кез-келген бұйымды өткізуге тырысады. Осылай ұсыныс бағасы, яғни сатушылар өздерінің тауарларын сатуға ынталы болатын шекті төменгі баға құрайдыКөріп отырғанымыздай сұраныс пен ұсыныс барлық уақытта қозғалыста болады. Ол процесс бір жағынан тауарларға сұраныстың көлемі мен құрылымының, ал екінші жағынан, олардың ұсынысының көлемімен құрлымымен арасындағы жалпы және дербес сәйкестікті сипаттайды.Баға тек қана экономикалық емес, сонымен бірге психологиялық факторлардың да әсерімен де қалыптасады. Мысалы бағаны белгілегенде нарықтық қатынастардың диллер, жабдықтаушылар, мемлекеттік органдар сияқты басқа да қатысушылардың реакциясын ескеру қажет. Дамыған нарықты экономикада сатушылар қолданып жүрген заңдылықтарды белгіленген баға қоюдан аулақ болу, бөлшек сауда бағасын ұстап тұру, баға дискриминациясына, кемсітушілігіне, алалауына жол бермеу, шекті ең аз бағадан төмен бағамен сату, алаяқтық мақсатта бағаны өсіру тағы басқаларын бұзбау керек.
Информация о работе Баға және табыс бойынша икемділік. Баға – нарықтық экономиканың негізгі элементі