Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік экономикалық аудандастыруға сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 16:03, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Солтүстік Қазақстанның географиялық – экономикалық жағдайына жалпы сипаттама беру. Солтүстік Қазақстанның аудандарын бөліп қарастыру және оған мәлімет жасау.
Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, және негізгі мәселелелерді қамтитын II тараудан тұратын, біріншісі – ауданына жалпы сипаттама, екіншісі – экономикалық – географиялық жағдайына сипаттама беру, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қосымшалар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.
Жұмыстың теориялық негізі: Бұл жұмысымда Е. А Ахметов пен Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік география оқулығы мен Ұлттық энциклопедия кітабын негізге ала отырып,қолдандым.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3-5
Негізгі бөлім
1. Солтүстік Қазақстанның ауданына жалпы сипаттама
1.1.Географиялық орны. Қазақстан шаруашылығындағы орны............5
1.2.Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары...................................5-7 1.3.Халқы....................................................................................................7-8
2. Солтүстік Қазақстан экономикалық географиялық – жағдайы
2.1.Шаруашылығына жалпы сипаттама....................................................9
2.2. Ауыл шаруашылығы ...................................................................9-13
2.3. Өнеркәсібі........................................................................................13-16
2.4. Көлік кешені....................................................................................16-17
2.5. Ірі қалалары.....................................................................................17-24
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая работа.doc

— 232.00 Кб (Скачать документ)

    Қазіргі астана – республиканың маңызды өнеркәсіп және мәдениет орталығы, ірі темір жол және автомобиль көлігі торабы. Қала өнеркәсібі ауылшаруашылық шикізаттарын ұқсатумен қатар, ауыл шаруашылығы мен көлік құралдарының мұқтаждығына қызмет етеді. Мұндағы кәсіпорындар кең алымды шөп шабатын, эрозияға қарсы қолданылатын техникалар – сыдыражыртқыш, қопсытқыш, жер өндейтін қондырғылар, сондай – ақ пішенді механикандырылған әдіспен жинауға арналған машиналар шығарады. Қаланың кейбір кәсіпорындары мал фермаларындағы еңбекті көп керек етеін процестерді механикаландыруға және тұрғын үйлерді газдандыруға қажеті машиналар мен жабдықтар, сонымен қатар химия зауыттары үшін конденсатор сорғыларын шығарады. Мұнда қуатты құрылыс индустриясы жасалған.

     1998 жылы маусымның 10-нда Астанада республиканың бас қаласы болуына байланысты ресми түрде салтанатты «тұсау кесер» тойы өтті. Оған көптегн қоңақтары мен делегациялар қатысты. Қазір мұнда Қазақстан Президентінің қабылдау сарайы, өкімет орындары, министрліктер мен республикалық басқармалардың басым көпшілігі жайласқан. Осыған байланысты қалада көптеген әсем ғимараттар жаңадан салынды, бұрынғы облыс әкімшілік үйлері, мейрамханалар, т.б. жаңартылды. Сөйтіп, Астана соңғы кезде күннен – күнге көркеюде, көшелері кеңейтіліп, жаңа жолдар, алаңдар пайда болды.қазір мұнда өкімет орындарымен қатар екі университет, екі академия, екі театр, үш музей, бес жеке меншік жоғарғы оқу орындары, қырықтан астам жалпы білім беретін мектептер, оннан астам спорт мекемелері бар.

    Павлодар (331 мың тұрғыны бар) – Солтүстік Қазақстанның аса ірі қаласы. Ол Ертістің оң жағасына, оның Оңтүстік Сібір темір жол магистралімен түйіскен жеріне орналасқан. Қаланың негізі орыс әскери бекіністерінің Ертістегі Коряков тірегі деген атпен 1720жылы қаланып, кейін қалаға айналады да, 1862 жылы павлодар қаласы болып өзгертіледі. Ол алғашында мал шаруашылық, егіншілік және өнеркәсіп өнімдерін алмастыратын шағын айырбас пукті және тұз сақтайтын орын болады. Ертісте кеме қатынасының дамуына байланысты Омбыдан Павлодарға бірінші кеме 18620жылы клкеді – бұл жерден өзен арқылы төмен қарай көп мөлшерде тұз, ал кейінірек астық, май, жүн, тері жөнелтіліеді. Қалада шағын кәсіпорындар – жүн жуатын, сабын және сыра зауыттары, жел диірмен және кеме жөндейтін шеберханалар пайда болды. Осыған қарамастан, революцияға дейінгі Павлодар шалғайдағы мещанкөпестердің уездік қаласы болыпқала берді.

    Революциядан кейінгі уақытта Павлодар қарыштан өсті, оған 1923 жылы Құлынды – Павлодар және 1953 жылы Павлодар – Астана темір жолының салынуы зор ықпалын тигізді. Темір жолдың кеме қатынысы бар Ертіспен қиылысында орналасқан Павлодар көмірлі Екібастұз, Орал және Сібірмен, сондай – ақ алюминий зауыты үшін кейінірек бокситті жеткізіле бастаған Арқалықпен жақсы байланыс орнатты. Қала өнеркәсібінің бұрыннан келе жатқан салалары өздерінің негізгі салалар ретіндегі маңызынан айырылғанына көп уақыт өткеніне қарамастан, қазіргі кезде де дамып келеді. Ертіс бойында Екібастұздың арзан көмірі негізінде қуатты энергетикалық – өнеркәсіптік кешеннің құрылуына байланысты60- жылдардың ортасынан бастап Павлодар өнеркәсіптің энергины, су мен металды көп керек ететін салалары – глинозем – алюминий, трактор және химия өнеркәсібі салалары пайда болды. Қала өнеркәсібінің негізгі мамандануы қазір, міне, осы салаларға байланысты, оларға көп кешікпей автомобиль жасау өнеркәсібі қосылатын болды. Басқаша айтқанда, Италияның «Фиат»концернінің «Панда» үлгісімен жылына 200 мың жеңіл автомобиль шығаратын зауыт қазіргі трактор зауыты негізінде салынады. Сөйтіп, Павлодар Ертіс бойында қалыптаса бастаған Павлодар – Екібастұз аумақтық – өндірістік кешенінің ұйымдастырушысы орталығына айналды.

Павлодардың қазіргі өнеркәсібінің қалыптасуына шетелдік және республикалық маңызы бар машина жасау мен металл өңдеу, түсті металлургия, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі, энергетика, құрылыс материалдары салалары күшті ықпал етуде. Өнеркәсіп кәсіпорындары тиісінше бірнеше акционерлік қоғамдар мен серіктестіктерге біріккен. Электр қуатын өндіру саласында құрамында Екібастұз көміріне негізделген қуатты 3 ЖЭС және ЖЭО жұмыс істейді. Машина жасау мен металл өңдеу саласы трактор, арнаулы құрал-саймандар, кеме және автомобиль жөндеу з-ттарынан, түсті металлургия Торғай бокситі негізінде жұмыс істейтін алюминий з-тынан, мұнай өңдеу өнеркәсібі Омбы қаласынан (Ресей) тартылған ұзындығы 400 км мұнай құбыры негізінде жұмыс істейтін мұнай-химия зауытынан, химия өнеркәсібі 1965 жылдан бастап тұз байланатын көлдер негізінде тыңайтқыштар шығаратын химия зауытынан, құрылыс материалдары өнеркәсібі бірнеше құрылыс басқармалары мен комб-тарынан тұратын “Павлодаржилстрой” тресінен, кірпіш, асфальт-бетон шығаратын кәсіпорындарынан, тамақ өнеркәсібі ет, сүт, ұн-жарма, нан, арақ-шарап, сыра, сусындар және балық кәсіпорындарынан, жеңіл өнеркәсіп саласы екі тігін фабрикасынан және хром з-тынан тұрады. Сырттан әкелінетін шикізат негізінде жиһаз фабрикасы мен картон-рубероид зауыты жұмыс істейді. 
Павлодар – республикадағы темір жол, өзен, автомобиль және әуе жолдары түйіскен ірі жол тораптарының бірі. Ертіс өзені арқылыСемей мен Омбы (Ресей), Өскемен және басқа қалалар арасындағы жүк және жолаушылар тасымалы жүзеге асырылады. 
Павлодар – Алматы және Павлодар – Бішкек жедел поезы 2002 жылдан бастап жүре бастады. 
Павлодар республикадағы мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау мен кадрлар даярлаудың маңызды орталықтарының бірі.

     Петропавл (241 мың тұрғыны бар) – Солтүстік Қазақстан облысыеың орталығы, республиканың «Солтүстік қақапасы». Петр мен Павелдің Жаңа Есілдегі орыс әскери бекіністерінің басты қамалы ретінде есілдің биік оң жағасында 1752 жылы негізі қаланған. 1807 жылы бекініс Петропавл қаласы деп аталды.

     Аса маңызды екі жолдың – Сібір мен Түркістан керуен жолының түйілісіне қолайлы орналасқан қала алғашында әкімшілік орталығы және ірі сауда пункті ретінде өсті. Ұлы Сібір темір жол магистралінің салынуына байланысты (1894ж) Петропавл маңызды жүк тиеу, түсіру пунктіне айналды. Мұнда Қазақстанның дала және ормаудандарынан Ресейдің орталық қалаларына жөнелтілетін көптеген ауылшаруашылығы жүктері жеткізілді, ал орталық ресейден қоныс аударушы шаруалар келе бастады. Қалада жөнеду – механика шеберханаларының ірі ұн тарту өнеркәсібінің және мал шаруашылық шикізаттарын ұқсататын кәсіпорындардың пайда болуы да осы тұсқа сәйкес келеді.

     Бүгінгі Петропавл – маңызды өнеркәсіп және мәдениет орталығы, ірі темір жол торабы. Мұнда революциядан кейінгі жылдарда көптеген жаңа кәсіпорындар өсіп шықты, ескі кәсіпорындар ұлғайтылып, қайтадан құрылды. Қазір Петропавл бүкіл Солтүстік Қазақстан облысы өндіретін өнеркәсіп өнімнің 9/10-ын береді. Оның аса ірі комбинаты қуаты жөнінен республикада Семей ет комбинатын ғана алдына салады. Шағын литражды двигательдер зауыты да қаладағы маңызды кәсіпорын болып табылады. Ол өзінің өніміне қоса, жылжымалы электр станцияларын шығарады. Электроника саласында қолданылатын оқшаулағыш шығаратын зауыт кеңінен мәлім. Қалада жеңіл өнеркәсіп те дамып келеді.

Қазіргі кезде Петропавловск Қазақстандағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды. Қалада 174 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде ірі кәсіпорындарға “Еуразия”, “Вита”, “Молочный союз” АІ-тары, нан комбинаты, ликер-арақ зауыты, “Сұлтан”, “Тонус” т.б. жатады. Қала бюджеті қаржысының 10%-н шағын бизнес береді. Саудада еңбекпен қамтылғандардың үлесі 47,8%, өндірістік салада 17,4%, оның ішінде құрылыста 6,6% болды, 35 кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейді. Қалада 110 шағын құрылыс кәсіпорны, 49 көлік және байланыс кәсіпорындары жұмыс істейді. Жалпы білім беретін 49 мектеп, 2 муз., 5 спорт мектебі, 3 кәсіптік-техникалық мектеп, 5 арнайы оқу орны мен колледждер, одан басқа 2 мемлекеттік (Солтүстік Қазақстан университеті мен ҚР Ішкі істер министрлігінің әскери мектебі) жоғарғы оқу орны тіркелген. 12 аурухана, 10 емхана, 199 дәріхана халыққа қызмет көрсетеді. Петропавловскте 3 театр, филармония, 3 музей, кинотеатр, 4 мемлекеттік кітапхана, 5 мәдениет сарайы, т.б. жұмыс істейді. Қалада 4 стадион, 34 әр түрлі спорт ғимараттары бар. Облыстық және қалалық газеттер, жарнамалық басылымдар шығып тұрады. Сонымен бірге 3-телерадиокомпания жұмыс істейді.

     Қостанай  (224 мың тұрғыны бар) – облыс орталығы. Тобыл өзенінің сол жағасына орналасқан. Оның негізін 1879 жылы бұл жерге Еділ бойы мен орынбор губерниясынан қоныс аударып келген орыс және украин шаруалары қалаған. 1893 жылдан бастап Қостанай Торғай облысының уездік орталығы болды. Ол кезде Қостанай, ең алдымен, өнеркәсіп және сауда орталығы тез даиыды. Мұнда жыл сайын – көктемде және күзде жәрмеңкелер ұйымдастырылған, ұсақ кәсіпорындар – бу диірмендері, қасапхана, былғары зауыттары жергілікті ауылшаруашылық шикізаттарымен жұмыс істеді.

    Революциядан кейінгі уақытта Қостанай облыстың ірі өнеркәсіп және мәдениет орталығына айналды. Тың және тыңайған жерлерді игеруге, сондай – ақ мұнда, Соколов – Сарыбай кен орнының темірі мен Жетіқараның асбесін өндіру, негізінде, жаңа өнеркәсіп торабының қалыптасуына байланысты 50-жылдардың ортасынан бастап қала ерекше қарқынмен өркендеді. Республиканың осы бөлігінде темір жолдың салынуы да қаланың дамуына себепші болды.

     Қостанай тамақ және жеңіл өнеркәсіп басым, мұнда ет және ұн комбинаты, тігін және аяқ киім фабрикасы, жасанды штапель талшықтары зауыты бар. Шұға комбинаты мен кондитер фабрикасы салынған. Металл өндеуші өнеркәсіп орындарынан механикалық зауыттарды атауға болады, олардың біреуі тау – кен жабдықтары зауыты болып қайта құрылған. Олар машина жөндеу және станок, мұнда двигательдерін, жүгері отырғызатын машиналар, ауылшаруашылық машиналары мен экскаваторларға қосалқы бөлшектер шығарумен айналысады.

останай — қала, Қостанай облысының әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы. Қазақстандағы аса ірі темір, әуе және автомобиль жолдары тораптарының бірі. Батыс Сібір ойпатының дала белдемі алып жатқан оңтүстік-батыс шетін құрайтын Қостанай жазығының орталық бөлігінде орналасқан. Тобыл өзенінің, оған Әбілсай мен Қостанай деген салалары құятын биік жарқабақты террасалы жағада орналасқан. Жерінің аумағы 8991 гектар. Тұрғыны 205,5 мың адам (2003). Қостанай осы атыраптағы байырғы елді мекендердің бірі. Оның іргесін 1897 ж. Ресей патшасының жарлығына байланысты қазақтың жергілікті руларынан тартып алынған «Қостанай» атты қоныста, Еділ бойы мен Орынбор губерниясынан көшіп келген орыс шаруалары қалаған. Алғашқыда «Николаевка» деп аталды. 1893 ж. Қазақстанның құрамында болған бұрынғы Торғай облысында жаңадан ендірілген уездік аумақтық-әкімшілік бөлінісіне сәйкес оған «Қостанай» атауы берілді де, Қостанай уезінің орталығына айналды. 1912 – 13 ж. Оңтүстік Сібір темір жолы магистралінің Челябинск –Троицк – Қостанай тармағының салынуына байланысты Қостанай Ресейде өнеркәсіптік дамуы бойынша біршама ілгері тұрған Орталық Ресей аудандарымен тікелей сауда-саттық байланыстар жасауға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде Қостанай Солтүстік Қазақстандағы ірі сауда орталықтарының біріне айналды. Қалада жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, бу және дизель отынымен жұмыс істейтін диірмендер, қасапханалар, тері заттары, т.б. пайда болды. 1917 – 19 ж. Қостанайда Кеңес өкіметі орнап, 1920 ж. сол кездегіАқтөбе облысындағы өзімен аттас округтің, 1925 ж. губернияның, 1936 ж. жаңадан құрылған Қостанай облысының орталығына айналды. Бүгінгі таңда мұнда жеңіл өнеркәсіпті құрайтын комвол-шұға комбинаты, «Большевичка» тігін, аяқ киім фабрикалары, тамақ өнеркәсібін құрайтын ет, сүт, ұн-жарма және нан комб-тары, құрылыс материалдар өнеркәсібінің темір-бетон комбинаттары мен қызыл және силикатты кірпіш заттары, құрылыс-монтаж құралымдар комбинат, машина жасау мен металл өңдеу өнеркәсібініңавиақозғалтқыш, автомобиль және ауыл шаруашылық техникасын жөндеу зауыттары, химия өнеркәсібінің химиялық талшық зауыты, электроэнергетика өнеркәсібіне қарасты жылу электр орталығы, автомобиль жөндеу зауыты, жиһаз жасау өнеркәсібі, тұрмыс қажетін өтейтін комб., т.б. жұмыс істейді. Қазір қаланың өнеркәсіп құрамындағы кәсіпорындарда салалық 10 АҚ, 9 ЖШС, 4 МҚК бар. 2000 жылғы деректер бойынша Қ-да барлығы 30 ірі кәсіпорын, т.б. бірлестік жұмыс істейді. Қалада Солтүстік Қазақстанның геологиябасқармасы мен оның орталық лабораториясы, А. Байтұрсынов атындағы мемлекеттік педогогика университет, ауыл шаруашылық институты, мемлекеттік ауыл шаруашылық және егіншілік жобалау институттарының, су құрылысын жобалау институтының бөлімшелері, кооперативтік, автомобиль, құрылыс колледждері, 2 қалалық кәсіптік-тех., мед. мекемелері, облыс тарихи және геология музей, гидрометеорология бюро, 59 мектеп, 2 мәдениет үйі, облыстық драма театр, филармония, 13 кітапхана жұмыс істейді. Денсаулық сақтау және сауықтыру мекемелерінен 12 аурухана (обл. және қалалық клиник. аурухана, теміржолшылар мен балалар клиникалық ауруханалары, облыстық және қалалық емханалар, онкология, туберкулез, психиатриялық, венерология диспансерлер, сүйек туберкулезі санаторийі, қалалық трахомоздық аурухана), 6 акушерлік пункт, 131 дәріхана, облыстық радио-телестудиялар, стадион тұрғындарға қызмет көрсетеді.

      Көкшетау  (137 мың тұрғыны бар) – Ақмола облысының орталығы, темір жол станциясы мен автомобиль жолының торабында орналасақан қала. XIX ғасырдың басында Қопа көлінің жағасында әскери елді мекен ретінде пайда болған. 1824 жылдан бастап қала атанды, ал 1868 жылы уездік орталық мәртебесін алды. 1917 жылға дейін Көкшетауда май шыжғыратын шағын кәсіпорын, диірмендер мен қолөнер шеберханалары болды. Мұнда күзде жәрмеңке өтетін, осыған байланысты қала біраз жанданатын.1920 жылдан кейін Көкшетау қысқа мерзім ішінде Петропавл – Көкшетау темір жол желісі салынды. Бұл қаланың әрі өнеркәсіптік және мәдени дамуына түрткі болды. 1960 жылдардың басында қала арқылы Орта Сібір темір жолы өтті. Қалада жаңа кәсіпорындар салынып, ескілері қайтадан құрылды.

    Қазіргі уақытта әр түрлі таразылар мен басқа елдердің таразы зауыттары үшін циферблат қалпақшасы мен сөлшерлеуіш шығаратын механика зауыты – Көкшетаудағы ірі өнеркәсіп орындарының бірі. Қолдан тыныс алдыруға арналған аппараттар және басқа медициналық аспаптар жасап шығаратын оттегімен тыныс алдыру аппаратулары зауытының да маңызы зор. Сөйтіп, Көкшетау да осы замаңғы өнеркәсіп және мәдениет орталығына арналды. Мұнда университет, колледж, лицейлер тағы басқа оқу орындары бар.

Қазіргі Ақмола облысының солтүстігі мен оған шектесіп жатқан Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарын қамтиды. Орталық бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан. Осында шығыстан батысқа қарай Көкше, Жақсы Жалғызтау, Жаман Жалғызтау, Имантау, Жыланды, Сандықтау, Үлкентүкті, Бұқпа, Қошқарбай, Зеренді таулары, Айыртау, Сырымбет секілді таулар мен Шортанды, Бүркітті асуы, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Бурабай, Айнакөл, Айдабол, Зеренді, Қопа, Атансор, Майлысор, Мамай, Саумалкөл, Шалқар, Үлкен Қоскөл, Кіші Қоскөл, Жолдыбай, Қалмақкөл, Шағалалытеңіз, Сілетітеңіз, Теке, Үлкен Қараой, Кіші Қараой, Қалибек, т.б. көлдер орналасқан. Бурабай көлінің ортасында Жұмбақтас тұр. Бұл аймақтаОқжетпес, “Жеке батыр”, Кенесары үңгірі, т.б. тарихи орындар бар. Қыраттың батыс жағынанЕсіл өзені ағып өтеді. Көптеген ұсақ өзендер көктемде қатты тасығанымен, жазда суы азайып, көпшілігінің арналары кеуіп қалады. Қыста күн суық, қаңтар айындағы жылдық орташа температура мөлшері –16 – 19°С, шілдеде 19 – 20°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 230 – 400 мм.

Көкшетау – Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жақпартасты, орманды-көлді тау. Ең биік жері – Көкше шоқысы (947 м). Ақылбай кезеңі Көкшетауды екіге бөледі:

  1. солтүстігінде Көкше, Бура, Жеке батыр,
  2. оңтүстігінде Айыртөбе, Шортан шоқылары бар.

Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 276 км жерде, Көкшетау қыратының солтүстігінде, Қопа көлінің оңтүстік жағалауындағы көрікті жерде орналасқан. Қаланың аумағы 420,0 км2.

Информация о работе Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік экономикалық аудандастыруға сипаттама