Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік экономикалық аудандастыруға сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 16:03, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Солтүстік Қазақстанның географиялық – экономикалық жағдайына жалпы сипаттама беру. Солтүстік Қазақстанның аудандарын бөліп қарастыру және оған мәлімет жасау.
Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, және негізгі мәселелелерді қамтитын II тараудан тұратын, біріншісі – ауданына жалпы сипаттама, екіншісі – экономикалық – географиялық жағдайына сипаттама беру, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қосымшалар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.
Жұмыстың теориялық негізі: Бұл жұмысымда Е. А Ахметов пен Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік география оқулығы мен Ұлттық энциклопедия кітабын негізге ала отырып,қолдандым.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3-5
Негізгі бөлім
1. Солтүстік Қазақстанның ауданына жалпы сипаттама
1.1.Географиялық орны. Қазақстан шаруашылығындағы орны............5
1.2.Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары...................................5-7 1.3.Халқы....................................................................................................7-8
2. Солтүстік Қазақстан экономикалық географиялық – жағдайы
2.1.Шаруашылығына жалпы сипаттама....................................................9
2.2. Ауыл шаруашылығы ...................................................................9-13
2.3. Өнеркәсібі........................................................................................13-16
2.4. Көлік кешені....................................................................................16-17
2.5. Ірі қалалары.....................................................................................17-24
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая работа.doc

— 232.00 Кб (Скачать документ)

     Халқының жалпы саны және орташа тығыздығынан Солтүстік Қазақстан елімізде оңтүстік Қазақстанға ғана жол беріп, бір шаршы шақырымға 7,2 адам болып келеді. Аудан аумағында халық жалпы біркелкі қоныстанған. Мұндай қоныстану егіншілікті орманды дала және дала зоналарына тән болып келеді. Халықтың жоғарғы жиілігі Солтүстік Қазақстан облысы, Көкшетау қаласы маңы, Ұлы сібір және ТрансҚазақстан темір жолдары бойы, оның ішінде Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері аңғарларына таяу жатқан аудандар. Мұндағы халықтың бір шаршы шақырымға жиілігі 15-30 адамнан. Мұнда халқының саны 500-де 1000адамға дейінгі ірі ауылдар басым.

    Сонымен бірге 10-15 адамнан келетін жиілік Ақмола облысының солтүстік және орталық бөліктеріне келіп, мұнда халықтың саны 300-500, не 1000 адамдай ірі елді – мекендер кездесіп, олар негізінде Есіл өзені, оның салалары және тұщы көлдер бойында орналасады. Осындай жиілік Павлодар облысының оң жағалық ертіс бойында тән болып келеді.

      Ауданның оңтүстік, оңтүстік – шығыс, оңтүстік – батысындағы суарусыз тәлімі егіншіліктің жағдайы нашарлау бөліктерінде аумақ бойында сирек және әркелкі қоныстануы байқалады.

     Солтүстік Қазақстанның шөлейтті аудандары, яғни Қостанай облысының оңтүстік, негізінде Торғай өңірі, Павлодар, Ақмола облыстарының оңтүстік – батысы сирек қоныстанған. Мұнда бір шаршы шақырымға 0,1-0,5 адамнан, тіпті оданда аз келеді. Көптеген жерінде тұрақты халық болмайды. Бұл аймақтарда халқының саны 50-100 адамдық елді – мекендер басым.

     Солтүстік Қазақстанның халқы көп ұлтты. Мұнда қазақ, орыс, украин, татр, неміс, мордва, еврей, чуваш, поляк, және т.б. халықтар тұрады. Олар бұл ауданға темір жолдар салу, пайдалы қазба кен орындарын және тың жерлерді игеру кезінде қоныстанған. Халықтың басымы славян тілді халықтар. Олар ауданды терең қоныстану және оны егіншілік тұрғыда игеруде кезінде қоныстанған. Халықтың басымы славян тілді халықтар. Олар ауданды терең қоныстану және оны егіншілік тұрғыда игеруде маңызды орын алды. Байырғы қазақтар аудан халқының 25 %-н құрап, олар негізінде отарлы мал шаруашылықты оңтүстік аудандарда басым. Соңғы жылдары еліміз астанасының Астанаға ауысуы оған мемлекеттік мекемелермен бірге жоспарлы қоныстануымен байланысты қазақтардың үлесі едәуір артуда. Солтүстік Қазақстанда қала халқының үлесі аудан халқы 50 %-ы ғана. Бұл ауданда шаруашылығы мен өнеркәсіптің бірдей жақсы дамығандығын көрсетеді.

2.  Солтүстік Қазақстан экономикалық  географиялық – жағдайы

2.1.  Шаруашылығына жалпы сипаттама

     Қазақтар көптеген ғасырлар бойы Солтүстік Қазақстанның ұлан – байтақ аумағын жазғы мал жайылымы ретінде пайдаланып келді. Сарыарқаның, Есіл мен Құлынды даласының бай, әрі шырынды өсімдіктер жамылғысы жеткілікті су көзімен ұштаса отырып мал шаруашылығына қолайлы болып келді. Қысқы мал жайылымы ретінде Торғай аңғары, Теңіз – Қорғалжын көлдер ауданы, тіпті бетпақдала арқылы сарысу және Шу өзендері бойы пайдаланылды.

     XVIII ғасырдың аяғында бұл жерге сібір қазақтарының және әсіресе XIXғ. аяғымен XXғ. басында орыс – украин шаруалары көшіп келуден кейін егіншілік дами бастады. Қазан революциясы қарсаңында дәнді дақылдар егісі кең аумақты қамтыған және дамыған етті – сүтті мал шаруашылықты аудан болды. Астық мол жиналған қолайлы жылдары, оның басым бөлігі Ұлы Сібір темір жолы арқылы Ресейдің ішкі базарларына шығарылды. Ал ішкі аудандарда астық жергілікті қажеттілікке пайдаланылып, кейде Ақмола, Атбасар, Баянауыл т.б. жәрмеңкелерінде сатылды.

     Солтүстік Қазақстанда революцияға дейін жеткілікті өнеркәсіп болмай, одан тек ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындар ғана жұмыс істеді. Екібастұзда көмір, Степняк пен Жетіқара аудандарында алтын, Ертіс маңындағы көлдерде тұз өндіріліп, Павлодар мен Петропавлде жөндеу – механикалық шеберханалары жұмыс істеді. Революцияға дейін Солтүстік Қазақстан аграрлы бағытта ғана дамыған аудан болды.

 

 

2.2.Ауыл шаруашылығы

     Революциядан кейінгі жылдары Солтүстік Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіп барынша дамып, ірі кен өнеркәсібі қайтадан құрылды. Алайда аудан экономикасында қазіргі кезде де аграрлық - өнеркәсіптік кешен салаларының және ең алдымен бүкіл ауыл шаруашылығының жиынтығы жетекші орын алады. 50 – жылдардың ортасында тың және тыңайған жерлерді игеруден кейін бұл аудан басқа мемлекеттерге жыл сайын тұтас алғанда бүкіл Украинадан көп астық сататын болды.

     Егіншілік – Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығының басты саласы, ал астық шаруашылығы – оның маманданған негізгі саласы. Ауданда егістік жер көлемінің 78%-дан астамына дәнді дақылдар, негізінен алғанда, жаздық бидай егіледі. Мұндағы жыл сайын өндірілетін астықтың иөлшері АҚШ-та бір жылда өндірілетін астық мөлшерінің үштен біріне тең келеді. Ауданда сондай-ақ тары, арпа, күздік қара бидай, қарақұмық, балауса жүгері егіледі. Техникалық дақылдардан барлық жердедерлік майлы өсімдіктер –күнбағыс, шашақты зығыр, қыша және сора кең тараған. Өзен аңғарлары мен қалалардың маңында көкөніс, картоп, бақша дақылдары өсіріледі. Кең алқапқа мал азықтық дақылдар егіледі

    Солтүстік Қазақстанды басқа аудандармен салыстырғанда, Солтүстік Қазақстанда етті-сүтті мал шаруашылығы барынша дамыған, мұнда қой шаруашылығының да маңызы зор. Ауданның солтүстігінде, негізінен алғанда, Сүтті бағыттағы даланың қызыл сиыры мен биязы жүнді қой тұқымы кең таралған. Оңтүстікке қарай етті бағыттағы ірі қарадан қазақтың ақбас сиыры мен етті – майлы бағыттағы қойдың еділбай тұқымының үлес салмағы арта түседі. Жылқы барлық жерде өсіріледі, орманды дала мен дала зоналарында бұрыннан шошқа және құс шаруашылығы дамыған.

        2008 жылы облыстың ауыл шаруашылық және қайта өңдейтін кәсіпорындары агро өнеркәсіп кешенді дамытуда белгілі нәтижелерге жетті. 2008 жылға жалпы өнім өндірісінің көлемі 193,8 млрд. теңгені (2007 жылы — 147,5 млрд. теңге) құрады.

Жыл сайын 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылып  жатыр. Ауыл еңбеккерлерінің материалдық  жағдайын нығайтуға және олардың өмірлік деңгейін арттыруға, аграрлық сектордың экономикасын тұрақтандыру жағдай туғызды.

2008 жылға республикалық  бюджет есебінен 4,8 млрд. теңге қаражат  бөлінді. Ал, өткен жылмен салыстырғанда, 1,8 млрд. теңгеге артық және олар  толығымен игерілді.

Облыстық бюджеттен 150,2 млн. теңге соммада жоспарланған тиесілі қаржы игерілді.

Жалпы жарғылық капиталдың 316,6 млн. теңге сомасымен  он үш кредиттік серіктестіктер несие  қаражаттарын береді.

Жылына олармен 2508 млн. теңге берілген, ол 2007 жылдың 1308 млн. теңгеге артық. Үй шаруашылықтарын дамыту үшін, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы 2008 жылы 208 млн. теңге соммаға (2007 жылға қарағанда 95 млн. теңгеге артық) 801 үй шаруашылығына несие берген болатын.

Шағын кредиттеу ұйымдар жүйесін дамыту іс-шаралар жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу үшін мемлекеттің қатысуымен алты ШКҰ ашық, олармен 132,7 млн. теңге соммаға 462 шағын кредит берілген болатын.

Өсімдік шаруашылығын диверсификациялау бойынша оның іс бағыты бәсекелестік қабілеттілігі бар және экспорттық нысаналы дәнді дақылдарды өсіруге, облыста мақсатты және үнемі жұмыс жүргізіліп отырады.

2008 жылы тыңайған  жерлердің айналымына тартылған  нәтижесінде, ауыл шаруашылық  дақылдардың барлық егістік көлемдері 4146,1 мың гектарды құрады, ол 2007 жылға қарағанда 399 мың гектарға артық.

2008 жылы дәнді  дақылдардың көлемдері 3704,2 мың  гектарға жетті, ол өткен жылға  қарағанда 376 мың гектарға артық.  Майлы дақылдар 114 мың гектарға  орналасқан, ол 2007 жылға қарағанда 4 мың гектарға артық. Бидайдың жалпы түсімі 5 млн. тоннадан астам құрады, өнімділігі барысында 13,5 ц/га, майлы дақылдар 72 мың тонна.

Картоптың егістік  көлемі 4,2 мың гектарға кеңейтілді және 25,9 мың гектарды құрады, 4,7 мың гектар көкөніс дақылдары себілген, кеңейту 800 гектарды құрайды.

Облыс тұрғындары толығымен өзіндік өндірісімен  картоппен және көкөністермен қамтылған, олардың картоп көлемдері 406,5 мың  тоннаны құрады, көкөністер – 148,2 мың  тонна. Жыл сайын ресурсты сақтайтын технологияларды енгізу көлемдері кеңейтіліп келеді.

2008 жылы алдыңғы  қатарлы технологиялар бойынша  егілген егіс көлемі 2 млн. 51 мың  га құрады, ол 2007 жылдың деңгейінен 2 есе артық. 

19 мың тоннадан  астам минералды тыңайтқыштар  енгізілген. Бүгінгі күні көрсеткіштердің сапалық тұқымдарына тексеріс жүргізілуде. Себілгеннен 55 % тұқым тексерілген. Барлық тұқымдар шартқа сәйкес сұрыпталған, сонымен қатар 1 және 2 сыныптағы 92%, ол өткен жылдан 10% артық.

Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында, ірі тауарлық өндірісті құруға нысаналы, шағын тауарлық шаруашылықтарды ірілендіру және топтастыру үдерісі жалғастырып келеді.

Өткізілген  іс-шаралардың нәтижесінде, шаруа қожалықтарының егістік көлемі 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап 21% дейін 40% дейін қысқартылған.

2004 жылдан бастап  «Алғашқы техникалық жарақтандыру  Бағдарламасы» жүзеге асырылуда. 

2008 жылы облысқа  20,6 млрд. теңге соммаға жаңа жоғары  өнімді техниканың 1700 астам бірлігі  түсті, ол 2007 жылдың деңгейінен  едәуір жоғары.

Агро лизингтің  шарттары «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы 5,7 млрд. теңгеге жаңа техника әкелінген болатын.

Қазіргі техникаға  қызмет көрсету үшін облыста 17 дилерлік және қызмет көсрету орталықтары  жұмыс істейді, оның 5-еуі 2008 жылы ұйымдасқан. Элеваторлардың алғашқы техникалық жарақтандыру бойынша және АҚК үлкен жұмыс атқарылған болатын. 8 инновациялық жоба жүзеге асырылған, ол элеваторлардың сыйымдылығын 211 мың тоннаға кеңейтуге жағдай туғызды.

Мал шаруашылығы  да тұрақты дамып келеді. 2008 жылы ауыл шаруашылық малдар мен құстардың барлық түрлері 2007 жылдың деңгейіне саны 2-ден 7 % дейін өсті.

Ет өндірісінің  көлемі 94 мың тоннаны құрады, сүт — 549 мың тонна, жұмыртқа — 260 млн. дана, ол 2007 жылдың деңгейінен 3-6 % жоғары.

Мал шаруашылығы  өнімділігі өндірісінің өсуі жаңа технологиялардың қолданумен, осы заманғы сүт кешендердің енгізуімен айқындалған.

«Зенченко және К» КС канадалық малды әкелумен 800 сиырға сүт кешені жұмыс істейді, облыста алғашқы рет бір сиырға сауын сүт 2008 жылы 6000 кг-ға арттырылды.

«Баско» ЖШС  шошқа кешені бірінші кезегі, онда жемдеудегі орташа тәуліктік қосымша салмағы 800 граммға дейін жетті.

Петропавлдың  бірінші орыны бройлерік құс  фабрикасы іске қосылды, оның өнімі  ақпан айында пайда болады.

«Тайынша-Астық» ЖШС-і сүт кешенінің алғашқы  кезектегі сиыр қорасының құрылысын аяқтады, Канададан 580 тайыншалар әкелінген болатын.

Облыста ауыл шаруашылық өнімді қайта өңдеу бойынша 232 кәсіпорындар жұмыс істейді.

Олармен 2008 жылы 29,5 млрд. теңге соммаға тағам өнімдері жасап шығарылған.

Өндіріс арттырылған: 51 % сиыр етінен консервілер, 12 % ұн, 13 % сүт және кілегей, 7 % қышқылт сүт өнімдері, 11 % жарма. Қайта өңдейтін кәсіпорындарда қазіргі жабдықтар өндіріліп келеді, өнімнің жаңа түрлері өндірісі белсенді игерілуде.

9001 сериялы ИСО  халықаралық стандарттарға сәйкес, 2006 жылдан бастап менеджмент жүйесінің сапасын (МЖС) енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2009 жылдың басында ИСО 14 қайта өңдейтін кәсіпорындарға өндірген болатын.

Республикадағы  облыс бидайды ірі шетелге  шығарушылардың бірі болып табылады. 2008 жылға облыстан 1355 мың тонна бидай шетелге шығарылған, Қазақстанның басқа өңірлеріне — 1284 мың тонна бидай тиелген, ұн — 235 мың тонна. Рапстың майлы тұқымын шетелге шығару 27,4 мың тоннаны құрады. Құнсызданған үдерісін ұстау үшін облыстық және аудандық орталықтарда апта сайын ауыл шаруашылық жәрмеңкелер өткізіліп тұрады.

2008 жылы 517 млн.  теңге соммаға 76 жәрмеңке өткізілген  болатын. Облыстың азық-түліктік  қауіпсіздігін және оның шетелге  шығару әлеуетін қамтамасыз ету,  ауыл шаруашылық өнім өндірісінің көлемдерін арттыру есебінен 2009 жылы АӨК-нің алдында міндет тұр,

     Қостанай ауыл шаруашылық саласы - Бұл ауданның жетекші саласы – егіншілік болып табылады. Егіншілік кәсібі 4,5 миллион гектардан астам жаңа жерлерді игерумен байланысты ерекше дамыды. Қазіргі кезде егіс көлемі жағынан (5,2 миллион гектар) Қостанай облысы Қазақстанның басқа барлық облыстарының алдыңғы сапында.

     Облыста ауыл шаруашылығының екінші маңызды саласы мал өсіру. Кеңес өкіметі жылдары мал шаруашылығы едәуір жетістіктерге жетті. Малдың басының өсуімен қатар, оның өнімділігі де артты. Мал шаруашылығын дамытудың жүйесі мен құрылымы да едәуір өзгерді. Облыста ірі қара малдың сүтт- етті бағыттағы қазақтың ақбас сиырының тұқымы өсіріледі, ал облыстың оңтүстік бөлігінде қазақтың ақбас астрахань сиырлары өсіріледі. Сиыр малының саны жағынан Қостанай облысы республика бойынша бірінші орын алады.

     Мал шаруашылығының қой шаруашылығының үлес салмағы едәуір. Қой шаруашылығы негізінен алғанда оңтүстік аудандарда басым.

    Мал шаруашылығының басқа салаларынан шошқа, құс, түйе шаруашылығын атап өтеуге болады. Облыста жылқы өсіруде басты орында. Соңғы жылдары бау – бақша шаруашылығы едәуір дамыды.Оның ішінде  - Алматы апорттары, ранетка, алхоры, қара және қызыл қарақат, дала, құмды жерде өсетін шие, малина өсіріледі.

     Көкшетау ауыл шаруашылығы - Астық шаруашылығының маңызы зор, егіс далаларында 25 мыңнан астам трактор жұмыс істейді. Мұның өзі Бельгияға қарағанда анағұрлым артық және Испанияның барлық трактор паркіне тең. Тың игеру, астық шаруашылығын қауырт өркендету, мал шаруашылығын одан әрі дамытуға кең мүмкіншілігі бар аудан. Ауыл шаруашылығының табысын арттыруға омарта шаруашылығы, бау шаруашылығы, техникалық дақылдарды өндіру салалары маңызды болып табылады. Жеміс – жидектерден – алмұрт, малина, қарақат, жүзім тиімді, көп алынады.

Информация о работе Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік экономикалық аудандастыруға сипаттама