Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік экономикалық аудандастыруға сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 16:03, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Солтүстік Қазақстанның географиялық – экономикалық жағдайына жалпы сипаттама беру. Солтүстік Қазақстанның аудандарын бөліп қарастыру және оған мәлімет жасау.
Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, және негізгі мәселелелерді қамтитын II тараудан тұратын, біріншісі – ауданына жалпы сипаттама, екіншісі – экономикалық – географиялық жағдайына сипаттама беру, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қосымшалар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.
Жұмыстың теориялық негізі: Бұл жұмысымда Е. А Ахметов пен Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік география оқулығы мен Ұлттық энциклопедия кітабын негізге ала отырып,қолдандым.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3-5
Негізгі бөлім
1. Солтүстік Қазақстанның ауданына жалпы сипаттама
1.1.Географиялық орны. Қазақстан шаруашылығындағы орны............5
1.2.Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары...................................5-7 1.3.Халқы....................................................................................................7-8
2. Солтүстік Қазақстан экономикалық географиялық – жағдайы
2.1.Шаруашылығына жалпы сипаттама....................................................9
2.2. Ауыл шаруашылығы ...................................................................9-13
2.3. Өнеркәсібі........................................................................................13-16
2.4. Көлік кешені....................................................................................16-17
2.5. Ірі қалалары.....................................................................................17-24
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая работа.doc

— 232.00 Кб (Скачать документ)

 

Қостанай мемлекеттік  педагогикалық институты

Жаратылыстану – математика факультеті

Биология  және география  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

Рыспаева Айгерим  Рашидовна

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік экономикалық аудандастыруға сипаттама

 

 

 

Курстық жұмыс

      

 

 

 

 

 

 

 

                                                             Ғылыми жетекшісі: Баймағанбетова  Қ.Т.,

                                                                                                аға оқытушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай

2012

 

Мазмұны:

 

Кіріспе...................................................................................................................3-5

Негізгі бөлім

         1. Солтүстік Қазақстанның ауданына жалпы сипаттама

          1.1.Географиялық орны. Қазақстан шаруашылығындағы орны............5

1.2.Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары...................................5-7                                                                                                                                                                                                                                                  1.3.Халқы....................................................................................................7-8

         2.  Солтүстік Қазақстан экономикалық географиялық – жағдайы

        2.1.Шаруашылығына жалпы сипаттама....................................................9                                                       

        2.2. Ауыл шаруашылығы    ...................................................................9-13

         2.3. Өнеркәсібі........................................................................................13-16

         2.4. Көлік кешені....................................................................................16-17

          2.5. Ірі қалалары.....................................................................................17-24

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

    Экономикалық аудан – жалпы ел аумағының тұтастай бірігіп жатқан ірі бөлігі. Ол өз кезегінде бірнеше әкімшілік-аумақтық бөлініс бірліктерін қамтиды. Экономикалық Аудан бір-бірінен жер аумақтарының экономикалық-географиялық орналасу жағдайының, табиғат және еңбек ресурстарының, шаруашылығының кешенділігі мен оның салалық мамандануының, өндіріс орындарының өзара ауданішілік тұрақты байланыстарының бірыңғайлы үйлесуімен, әрі олардың ел экономикасындағы маңызына қарай ерекшеленеді. Әдетте халқының еңбек дағдысына және табиғат жағдайына байланысты белгілі бір аумақтағы шаруашылықтың тиімді салалары бағытында дамуы барысында географиялық еңбек бөлінісі туындайды. Олармен тығыз байланыста басқадай қосалқы қызмет көрсетуші өндіріс салалары пайда болуы арқылы үлкен аумақты қамтитын Экономикалық Аудан дүниеге келеді. Кейбір Экономикалық Аудан бір бағыттағы өнімдер өндірсе, екіншісі көп салалы болады. Осылайша Экономикалық Аудан арасында үнемі қызмет пен өнімдер алмасуы нәтижесінде ауданаралық экономикалық байланыстар орнығады. Ел ішіндегі Экономикалық Аудандар жиынтығы, сол мемлекеттің жалпы ұлттық экономикасын құрайды. Халық шаруашылығының дамуы барысында Экономикалық Ауданның мамандану бағыты да өзгеріп отырады. Мысалы, жаңа кен байлықтарының үлкен қорлары ашылуы немесе ірі өндіріс орындарының салынуларына байланысты. Осы себепті, Экономикалық Аудан құрамында іргелі өзгерістер болып, оның орналасу шекараларының өзгерісі нәтижесінде жаңа Экономикалық Аудан қалыптасады. Қазақстан, жер аумағының кеңдігіне және табиғи ресурстарының молдығына, табиғат жағдайларының әр түрлілігі мен әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктеріне қарай 5 ірі Экономикалық Ауданға (Батыс, Солтүстік, Орталық, Шығыс,Оңтүстік) бөлінген. Еліміздің жер аумағын экономикалық география ғылымы тұрғысында аудандастырудың негізін қалаған ғалым-географтарға Н.Н. Баранский, Б.Я. Двоскин, т.б. жатады. 

     Экономикалық аудандастыру елдің жеке бөліктерінің шаруашылығын жоспарлауда, олардың даму келешегін анықтауда маңызды орын алады.

     Экономикалық аудандастыру дегеніміз - аумақтық еңбек бөлінісі ортақ, өзара байланысты экономикалық аудандарға топтастыру. Экономикалық аудандастыру карта мен жер бетінде экономикалық аудандарды белгілеу.

Экономикалық  аудан - аумақтық еңбек бөлінісі нәтижесінде қалыптасып, бір-бірінен шаруашылықтың мамандануы және дамуы жөнінен айырмашылық жасайтын елдің бір бөлігі.

      Қазақстанның түрлі бөліктері арасында революцияға дейін –ақ, яғни XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында шаруашылықтың аумақтық айырмашылықтары байқалады. Ол кезде бүкіл Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы, солтүстік далалық алқапта дәнді дақылдар, сүтті-етті мал шаруашылығы, ал оңтүстікте суармалы және тәлімі егіншілік, бау-бақша, орталық, батыс, шығыста тау-кен өнеркәсібі дами бастады.

     Кеңес Үкіметі жылдары аумақтың еңбек бөлінісі,көлік қатынасы дами түсіп, елдің жеке бөліктернінің шаруашылығының мамандануы байқалды. Ел аумағында өндіргіш күштердің ұтымды орналастырылуы ішкі экономикалық - географиялық айырмашылықтардың онан әрі дами түсуіне және республика ішіндегі экономикалық аудандардың пайда болуына әсер етті.

     Экономикалық аудандарды шаруашылықты аумақтық ұйымдастырудың нәтижесі ретінде қарау керек. Экономикалық аудандаршаруашылықтың кешенді дамуымен сипатталады.

    Экономикалық – географиялық белгілеріне қарай Қазақстан аумағы: Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандарына бөлінді.

     Экономикалық аудандардың ішінде – ең негізгі сүті – еті мал шаруашылығы дамыған аса маңызды астықты аудандардың бірі – Солтүстік Қазақстан Бұл ауданда Қазақстанның аграрлық – өнеркәсіптік кешенінің салары барынша қанат жайған. Мұнда соғыстан кейінгі жылдары қазба байлықтарды пайдалануға және жергілікті қажеттілікті өтеуге байланысты кең өндіру, металлургия және машина жасау өнеркәсібі тез дамыды. Осының нәтижесінде ауданның республика өнеркәсібіндегі маңызы да өсті.

     Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Солтүстік Қазақстанның географиялық – экономикалық жағдайына жалпы сипаттама беру. Солтүстік Қазақстанның аудандарын бөліп қарастыру және оған мәлімет жасау.

        Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, және негізгі мәселелелерді қамтитын II тараудан тұратын, біріншісі – ауданына жалпы сипаттама, екіншісі – экономикалық – географиялық жағдайына сипаттама беру, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қосымшалар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.

       Жұмыстың теориялық негізі: Бұл жұмысымда Е. А Ахметов пен Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік география оқулығы мен Ұлттық энциклопедия кітабын негізге ала отырып,қолдандым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1.Географиялық орны. Қазақстан шаруашылығындағы орны

     Солтүстік Қазақстан еліміздің қиыр солтүстігінде Есіл, Тобыл және Обаған өзендерінің бассейндерінде, шығыс бөлігі Ертіс өзенінің орта ағысында орналасқан. Ауданның құрамына Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары кіреді. Аумағы – 600,9 мың шаршы шақырым. Халқы – 4,6 млн адам. Солтүстік Қазақстан аумағының көлемі жөнінен Батыс  және Оңтүстік Қазақстан аудандарынан кейін үшінші орын алып, оған еліміз аумағының 22% келіп, ауданы Украина жер көлеміндей.

    Аудан  аумағына физикалық - географиялық жағынан Батыс Сібір жазығының оңтүстік, Қазақтың ұсақ шоқысының солтүстік бөлігі ене отырып, Солтүстік Қазақстан орманды дала зонасынан шөл зонасына өтпелі болып келеді. Каштан және қара топырақты жыртуға жарамды жерлері, жайылмалы шалғындары мен шабындықтары мол табиғат ресурстарымен ұштаса отырып көп салалы шаруашылықты дамытудың табиғи негізі болып табылады.

     Солтүстік Қазақстан қолайлы экономикалық – географиялық жағдайда орналасқан. Солтүстік Қазақстан солтүстігінде Ресейдің Орал, Батыс Сібір аудандарымен шектеседі. Аудан аумағы арқылы Ұлы Сібір, Орта Сібір, Оңтүстік Сібір және Қазақстанаралық Трансқазақстан темір жолы магистралдары өтеді. Бұл жолдар Солтүстік Қазақстанды Орталық Қазақстан және Орал, Кузбасс аудандарымен байланыстырып, сонымен бірге Ресейдің Европалық, Азиялық бөліктері және Оңтүстік Қазақстан ауданына шығуына мүмкіндік береді. Ертіс өзені арқылы түсті металлургиялы Кенді Алтай, Ресейдің мұнай – газды Батыс Сібір ауданымен байланыса алады. Ресейдің өнеркәсіпті аудандарымен көршілестігі Солтүстік Қазақстанда тау – кен, энергетика шаруашылықтарының дамуына елеулі әсері болады.

      Солтүстік Қазақстан еліміздің ең басты астық шаруашылықты және етті – сүтті мал шаруашылықты ауданы. Қазіргі нарықтық экономикаға көшудің қиындық жағдайындағы мал санының азаюы, өнімнің төмендеу кезеңінде де Солтүстік Қазақстан елімізде дәнді дақылдардың егіс көлемі, әсіресе жаздық бидай, мүйізді ірі қара және шошқа майы, мал майы және ет т.б. тамақ өнімдері жөнінен жетекші орын алады.

     Агроөнеркәсіп кешенімен бірге Солтүстік Қазақстанда темір рудасын, боксит, көмір, асбест, алтын т.б. кендер өндіру және байыту, оларды өндеу барысында ферроқорытпа, аллюминий балқытумен байланысты металлургия өнеркәсібі едәуір дамыған аудан.

 

1.2.Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары

     Ауданның солтүстігі мен батысына орта биіктігі 100 – 120 метр Батыс Сібір ойпатының оңтүстік сілемдері еніп, бұл негізінде тегіс жазықты жыртуға қолайлы болып келеді. Еліміздің шығыс және оңтүстік Қазақстан аудандарындағыдай мұнда биік тау жүйелері болмағандықтан жер бедері Батыс Қазақстан сияқты жазық. Міне, сондықтанда Солтүстік Қазақстанның табиғат жағдайы Батыс Сібірдің табиғатына ұқсас, барлық жерінде біркелкілеу болып келеді. Кей жерлерінде ойлы – қырлы тұщы және ащы көлдер орналасқан ойыстарда кездеседі. Ауданның шығысында Құлынды даласы, ал оңтүстігінде Қазақтың ұсақ шоқысы – Сарыарқа созылып жатыр.

    Солтүстік Қазақстанның климаты шұғыл континентальды, еліміздің басқа аудандарымен салыстырғанда жазы қоңыр салқын, қысы суық. Қыста аудан климатына қатаң солтүстік мұзды мұхиттың арктикалық, ал жазда Орта Азия мен Иранның ыстық тропикалық ауа массалары әсер етеді. Соған қарамастан температура жағдайлары дәнді, дәнді бұршақ тұқымдас және көкөніс бақша дақылдарының пісіп жетілуіне жеткілікті. Оған солтүстік аудандарындағы 160, ал оңтүстігіндегі 167 өсіп- өну кезеңі мүмкіндік береді.

    Аудан аумағының көп бөлігінде жылына 350 -  400мм жауын – шашын түсіп, оның басымы жылдың жылы мезгілдеріне келеді де, ол суарылмайтын егіншілікті дамытуға мүмкіндік береді. Ал ауданның оңтүстігінде жауын – шашын мөлшері 150 – 200 мм-ге төмендеп, өзен аңғарларында ғана суарылмайтын, қалған жерлерінде егіншілік тек суармалы жағдайда ғана дами алады.

    Солтүстік Қазақстан аумағы орманды дала, дала және шөлейт зоналарында орналасқан. Орманды дала ені 150-250 шақырым болып, ауданның солтүстік жиегін алып, бұған құрамындағы қара шірігі 10% шалғынды – қара топырақты Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарынң солтүстігі жатады.

     Ал дала зонасы солтүстігінде нағыз қара, ал оңтүстігінде оңтүстік қара топырақты Солтүстік Қазақстанның басым бөлігін алып жатыр. Мұндағы қара шіріктің үлесі 6-8% Дала зонасының оңтүстігі құрғақ далаға ауысып, қошқыл – каштан топырақ басым болып, әр жерінде мор, сортаңды жерлер кездеседі. Орманды дала, дала зоналары суарусыз тәлімі егіншіліктің дамыту мүмкін болып, бұл зона негізінде көктемгі және мал жайылымы ретінде пайдаланады. Сонымен ауданның топырақ – өсімдік зонасының сипаты егіншілікті кең көлемде дамытуға қолайлы. Аумағының басым бөлігін қара топырақты орманды дала және дала зонасы алып жатыр, ол толық жыртылып егіншілікке игерілген.

     Жыл бойында Солтүстік Қазақстан аумағында оңтүстік – батыс, оңтүстік аңызақ жерлері басым болып жазда ауа мен топырақты құрғатып, ал қыста қарды ұшырып әкетіп «қара боран» туғызады. Мұндай табиғат жағдайларының зиянды әрекетін бәсендету және болдырмау үшін ауданда егіс қорғау алқаптары отырғызылып, топыраққа ылғал жинау мақсатында қар тоқтатылады, жайылым мен шабындықтар суландырылады.

    Жер ресурсы – ауданның өте маңызды табиғи байлығы. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер көлемі 50млн га, соның 24 млн га жыртылған жер, 26 млн га мал жайылымы,шалғындық және шабындық жерлер. Бірақ соңғы жылдары нарықтық экономикаға көшудің қиындықтарымен байланысты ұзақ жылдардан бері қалыптасқан жыртылған егістік жерлер толық пайдаланылмай, оның көлемі жылдан жылға азаюда. Соның салдарынан ауыл шаруашылығы өнім көлемі де төмендеуде.

    Солтүстік Қазақстан аумағы жер бедерінің жазық болып келуіне қарамастан пайдалы қазбаға бай. Ауданның солтүстік – батысында Қостанай темір рудасы, оның маңында Жітіқара асбест, Торғай қоңыр көмір басейні, ал оңтүстігінде Арқалық боксит кен орныдары бар. Павлодар облысында Екібастұз тас көмір, Майкүбі қоңыр көмір, Бозшакөл мыс, Коряковск, Таволжан, Қалқаманда ас тұзы кездеседі. Солтүстік Қазақстанның әр жерінде, Жітіқара (Қостанай), Майқайын (Павлодар),  Жолымбет, Ақбейіт, Степняк, Васильков, Бестөбеде (Ақмола) алтын кені кездеседі.

Аудан аумағында  известняк, шыны құмы, отқа төзімді  маз т.б. құрылыс материалдары бар.

    Климаттың құрғақтығы, жазық жер бедерінің басымдығы Солтүстік Қазақстан аумағында су байлығының таралу ерекшелігін анықтап, өзен жүйесінің нашар дамып, ал көлдердің мол болуына мүмкіндік береді. Ертіс өзені, оның тек Есіл, Тобыл сияқты сол жақ салалары ғана мұхитқа құяды. Ал қармен қоректенетін Торғай, Сілеті, Шідерті, Шағалалы сияқты ұсақ өзендері ағынсыз көлдерге құяды. Олардың ағыны біркелкі болмай, кеме қатынасы, су электр стансалары салуға қолайсыз болып негізінде шабындық пен жайылымдарды лимандап (жайып жіберу) суаруға пайдаланылады.

   Солтүстік Қазақстанның кедірлі – жоталы және жазықты жер бедері көлдердің мол болуына мүмкіндік берген. Мұнда 13 мыңдай көлдер бар, ірілері Қостанай облысындағы Құсмұрын, Сарықопа, Ақмола облысындағы Теңіз, Қорғалжын, Шағалалытеңіз, Сілетітеңіз, Бурабай, Шортанды,т.б. көлдер тұрмыста, мал суаруға пайдаланылады. Ауданның шаруашылық мақсаты үшін есілдің басын алатын Есіл, Булаев, Пресновск жер асты су құбырлары жүргізілген. Оларды үздіксіз сумен жабдықтау үшін Сергеев, Вячеслав су қоймалары жасалынған.

 

1.3.Халқы

   Ежелден – ақ Солтүстік Қазақстан аумағында орта жүздің қазақтары көшіп – қонып жүрген. XVI ғ. Бастап ауданның оңтүстік және оңтүстік – шығыс бөлігін шығыстан келген жоңғарлар иеленген. Олар Солтүстік Қазақстан шегінен XVIIIғ.ортасында ығыстырылды. Шамамен осы уақытта және бұдан сәл ертеректе патшалық Ресей аудан аумағында қамалдары бар Ертіс және Жаңа Есіл бекініс шебін құрады, олардың маңында казактар өздерінің станциалары мен хуторларын ұйымдастырды. Алайда Солтүстік Қазақстан аумағында қоныстанып оның жер кеңістігін игеруге казактар емес, 1856 жылғы реформадан кейін іле – шала осында қоныс аударылған шаруалар басты роль атқарады. XIXғ. Аяғында Ұлы Сібір темір жол магистралінің салынуы ауданда шаруалардың қоныстануын жеделдетті. XXғ. басында мұнда көптеген орыс, украин, мордва, неміс және татар қыстақтары пайда болған. Қоныстанушы шаруалар, негізінен алғанда суарылмайтын тәлімі егіншілікті жүргізуге барынша қолайлы Есіл, Ертіс өзенінің аңғарына, Қостанай және Көкшетау маңына орнықты. Революциядан кейін де халықтың қоныс аударуы жалғаса игеру кезеңінде өзінің шырқау шыңына жетті. Тың жерлерді игерудің алғашқы жеті жылы ішінде ғана ауданның халқы бір миллион адамға өссе, кейінгі он жыл ішінде – тағы бір миллион адамға өсті. Соғыстан кейінгі жылдары Солтүстік Қазақстандағы халық санының тез өсуін осындай жағдайлармен түсіндіруге болады.

Информация о работе Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік экономикалық аудандастыруға сипаттама