Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік экономикалық аудандастыруға сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 16:03, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Солтүстік Қазақстанның географиялық – экономикалық жағдайына жалпы сипаттама беру. Солтүстік Қазақстанның аудандарын бөліп қарастыру және оған мәлімет жасау.
Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, және негізгі мәселелелерді қамтитын II тараудан тұратын, біріншісі – ауданына жалпы сипаттама, екіншісі – экономикалық – географиялық жағдайына сипаттама беру, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қосымшалар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.
Жұмыстың теориялық негізі: Бұл жұмысымда Е. А Ахметов пен Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік география оқулығы мен Ұлттық энциклопедия кітабын негізге ала отырып,қолдандым.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3-5
Негізгі бөлім
1. Солтүстік Қазақстанның ауданына жалпы сипаттама
1.1.Географиялық орны. Қазақстан шаруашылығындағы орны............5
1.2.Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары...................................5-7 1.3.Халқы....................................................................................................7-8
2. Солтүстік Қазақстан экономикалық географиялық – жағдайы
2.1.Шаруашылығына жалпы сипаттама....................................................9
2.2. Ауыл шаруашылығы ...................................................................9-13
2.3. Өнеркәсібі........................................................................................13-16
2.4. Көлік кешені....................................................................................16-17
2.5. Ірі қалалары.....................................................................................17-24
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая работа.doc

— 232.00 Кб (Скачать документ)

    Павлодар ауыл шаруашылығы - астық өндіруге, ет – сүт бағытындағы ірі қара, ет – жүн бағытындағы қой, жылқы, шошқа, құс өсіруге маманданған. Барлық ауыл шаруашылығына пайдаланылған жердің аумағы 2,67 млн.га болды. Ауыл шаруашылығымен 3050 фермер айналасады. Олар 2002жылы облыста 242,9 мың бас ірі қара, 185,7 мың бас қой мен ешкі, 48,3 мың бас шошқа, 48,1 мың бас жылқы, 624,1 мың бас үй құсы болды.

    Петропавл ауыл шаруашылығы - ауыл шаруашылығының басты саласын дәнді дақылдар мен етті  - сүтті бағытындағы мал және шошқа өсіру құрайды. Солтүстік Қазақстан республика аумағының тек 3,4%-ын ғана қамтығынымен, оның егістік жерінің 18,5 %-ын, дәнді дақылдар егісінің 21,6%-ын, ірі қара мал басының 7,0%-ын, жылқының 6,7%-ын құрайды. Облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 8,4млн.га. Шабындық жердің аз болуына байланысты облыста мал азықтық дақылдарды өсіруге едәуір көңіл бөлінген. Біршама аумаққа көкөніс (26,1) пен жеміс-жидек дақылдары (4,9га.) егілді. Мал шаруашылығы негізінен ірі қара мал, шошқа, жылқы, құс өсіруге бағытталған. Облыста 311,9мың ірі қара мал,186,1 мың шошқа, 68,3 мың жылқы, 1743,4 мың құс болады.

 

2.2. Өнеркәсібі

     Өнеркәсіптің қалыптасуы мен дамуы ерте кезден бастап – ақ ауыл шаруашылық шикізаттарын өндеумен байланысты болып, ал ауыр өнеркәсіп XX ғасырдың 60-шы жылдарынан кейін ғана дами бастады.     Аграрлық – өнеркәсіптік кешеннің индустриялы циклі салаларынан Солтүстік Қазақстанда ет, сүт, май шайқау, ұн – жарма тарту, сондай – ақ былғары илеу, тері – тон тігу және пима- киіз басу салалары барынша дамып келеді. Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің жаңа салалары тігін, аяқ киім, құрғақ сүт шығару, өнімді мал үшін құрама жем жасау салалары дамуда. Бұл салалардың кәсіпорындары барлық жерде- облыстық қалаларда, өнеркәсіп орталықтарында және ауылдық жерлерде орналасақан.

Аудан өнеркәсібінде тамақ  және жеңіл өнеркәсіп жетекші  орын алады. Оның ішінде әсіресе тамақ  өнеркәсібінің маңызы зор .

    Ет тамақ өнеркәсібінің маңызды, ежелгі саласының бірі болып, ет комбинаттары облыс орталықтары, Екібастұз, Рудный, Жетіқарада орналасқан. Аудан ет, ет консервісін, шұжық, тамақтық майы, т.б. өнімдер береді. Оның ішінде ең ірісі петропавл ет комбинаты

    Сүт және май шайқау маңызы жөнінен ет өнеркәсібінен кейін екінші орнында. Ол сары май, ірімшік, брынза, құрғақ сүт т.б. сүт өнімдерін шығарады. Оның ірілі – ұсақты кәсіпорындары мол болып, соның бірі Павлодар сүт – консерві зауыты, құрғақ сүт өнімінде шығарады.

     Қазақстанның дербестік даму жағдайында ұн тарту өнеркәсібінің ролі арта түсіп, даярланған астықты өз кәсіпорындарымызда өңдеу жүзеге асада. Ұн тарту комбинаттары Ақмола, Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Қостанайда орналасқан, олар жоғары сапалы ұн, жарма, мал азықтық құрама жем т.б. өнімдер береді.

     Солтүстік Қазақстанда сыра қайнату, спирт өндірісі едәуір орын алады. Оның ірі кәсіпорындары Петропавл спирт комбинаты, Лисаков арақ, Көкшетау маңындағы Айдабол спирт – арақ зауыттары.

     Солтүстік Қазақстанда ауыр өнеркәсіптің әр түрлі пайдалы қазба өндіретін тау – кен өнеркәсібі елеулі орын алады. Қостанай темір рудасы бассейнінде соколов – Сарыбай, Лисаков,Қашар кен – байыту комбинаттары жұмыс істеп, темір рудасын баыта отырып, оның концентратын шығарып, онымен Қарағанда және Орталық, Оңтүстік оралдың қара металлургиялық комбинаттарын қамтамасыз етеді.

      Қостанай темір кенді алабы Торғай қолатындағы Қостанай облысының сорлтүстігі мен орталығын алып жатқан темірлі белдем. Қазақстандағы барланып , зерттелген темір кендерінің 85%-ы осында шоғырланған. Зерттеу жұмыстары 1946 жылдан басталады. Бұл жерде орналасқан кең орындарының жалпы саны 50-ден астам, кен орындарының кен бөлінімдер – 3. Кен жаратылуына байланысты 4 түрге бөлінеді. Олар: магматикалық  кен орындары (2) , метасоматикалық (33), скрандық стратиформдық жоспарлы метаморфты (5) және шөгінді кендер ( 17). Негізгі темір кендерінің өндірістік мөлшері барланған және қорлары анықталған. Бұл кенді белдем солтүстіктен оңтүстікке қарай Қашар темір кені, Соколов темір кені, Ломоносов темір кені, Қоржын көл – Елтай темір кеңді торабы, Шағыр көл , Адай, Бенқала, Жаңадәуір, т.б. бірнеше кең торабтарына бөлінеді. Бұл аудандардағы темір кеңдерінің жалпы қоры 17 млрд. т-дан асады. Кең орындарының көбі және ірілері скарэндық типке жатады. Шөгінді кең орындары аса көп емес. Ондағы кең қоры 2 ірі кеңіште (Әйет Лисаковск) шоғырланған. Қазіргі кезде Лисаковск кеңішінен «Испат Кармет» комбинаттарына жылына 1,38 млн. т. байытылған концентрад балқытылуға өткізіледі. Бұл кең қоры комбинаты алдағы 53 жылға дейіншикізатпен қамтамасыз ете алады. Кең тастың минералдық құрамы гидрогетитті, гидрогетит-сиделит-лептохлолитті, глоуконитті. Кең тастағы көмірдің мөлшері 35 – 37% фосфор-0,4%, күкірт – 0,7%. Магмалық кеңдердің геологиялық қоры 965 млн. т. Оның 945 млн. т-сы Қашар тау кең байыту комбинатына жақын орналасқан. Давыдов кең ішінде, Довыдов кең орнында темір кең тасынан басқы кобальт, никель, мырыш бар.

     Екібастұз, Майкүбі және Торғай бассейінің Обаған, Құсмұрын кең орындарынан тас, қоңыр көмір өндіріледі. Екібастұз көмірінде Қазақстан, Ресейдің Орал және Батыс Сібір аудандарының 20 астам жылу электр станциялары жұмыс істейді.

     Арқалықта боксит өндіріліп, ол суы және электр энергиясы мол Ертіс жағалауындағы Павлодар глинозем зауытыны жіберіліп мұнда алюминий тотығы алынады.

    Ақмола  облысының Ақбейіт, Бестөбе Жолынбет, Степняк, Васильков Павлодар облысының Майқайын, кең орындарының алтын өндіріледі. Павлодар облысының  босшакөл кең орнынан мыс рудасы, Коряковск, Таволжан, Қалқаманда ас тұзы шығарылады.

     Павлодар облысының Ақсу қаласында Орталық және Батыс Қазақстанның марганец, хромит рудаларын оларды тасымалды квартитпен ұштастырып пайдалану барысында сапалы болат шығаратын феррро қорытпа зайыты жұмыс істейді.

     Химия өнеркәсібін дамытуда Майкүбі қоңыр көмірі, Павлодар маңы тұзы оның шикізат базасы болып табылады. Қостанайда тасымалды шикізатта штапель жасанды талшық комбинаты, Павлодарда Батыс Сібір мұнайын өндеу зайыты бар.

     Солтүстік Қазақстанда тас, саз, құм, известняк сияқты құрылыс материалды мол, соның негізінде құрылыс материалдары өнеркәсібі қалыптасқан. Шортанды, атбасарда тас карьерлері, Қостанай мен Астанада саликат кірпіші, темір бетон конструкциясы зауыты болса, жергілікті асбест шикізаты негізінде Жетіқара асбест комбинаты асбест трубасы, шифер, плита т.б. өнімдер шығарады. Астанада фарфор  - фаянс зауыты орналасқан.

     Аудан электр энергиясының негізін жылу электр станциялары құрап, мұндай қуатты кәсіпорындар Петропавл, Қостанай, Астана, Рудный, Екібастұз, Павлодарда жұмыс істейді. Әрқайсысының қуаты 4 млн кв.т. Екібастұз МАЭС – 1,2 және қуаты 2,4 млн квт. Ақсу, сонымен бірге Павлодар т.б. ЖЭС – ры өзімен бірге басқа аудандарды да қамтамасыз етеді.

     Солтүстік Қазақстанда бірнеше өнеркәсіптік топтары қалыптасқан. Павлодар – Екібастұз аумақтық – өндірістік кешені құрамына Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Қалқаман қалалары, сонымен бірге Крояковск, Таволжан, Мақайын, Босшакөл қала типтес поселкалары кіреді. Кешеннің қалыптасуында Екібастұз тас көмірі, Майкөбен  қоңыркөмірі маңызды орын алады. Сонымен қатар трактор, мұнай өндеу, глинозем, ұн тарту, құрғақ сүт, Ақсу фероқорытпа зауыттарының да алатын орны ерекше.

    Қостанай өнеркәсіп торабы темір рудасы, асбест, қоңыр көмір өндіру негізінде қалыптасқан Қостанай темір рудасы бассейнінде Соколов – Сарыбай, Лисаков, Қашар кен байыту комбинаттары қалыптасқан, кешен құрамына Қостанай, Жетіқара, Рудный қалалары кіреді.

      Петропавл өнеркәсіп торабы – қара металлургияға жабдық механикалық - электр оқшаулағыш бұйым шығару, ет, спирт т.б. ауыл шаруашылық шикізаттарын өндейтін табақ және жеңілөнеркәсіп салалары жөнінен көзге түседі.

     Астана өнеркәсіп торабының негізін мұндағы ауыл шаруашылық машиналарын жасау, фарфор – фаянс, сондай – ақ ауыл шаруашылық шикізаттарын өндеу кәсіпорындары алады.

     Көкшетау өнеркәсіп торабында ауыл шаруашылық шикізаттарын өндеумен айналысатын жеңі және тамақ өнеркәсіптері, оттегі –демалу аппараты мен таразы жасау зауыттары көзге түседі.

     Боксит өндіру негізінде Арқалық торабы қалыптасуда. Аталынған аумақтық – өндірістік кешендер, өнеркәсіп тораптары, олардың құрамына кіретін кәсіпорындар жұмыс істеу барысында жергілікті, еліміздің және ТМД – ның түрлі кәсіпорындарымен өндірістік байланыстар жасайды.

 

 

2.3.Көлік кешені

    Автомобиль көлігі Солтүстік Қазақстанда маңызды орын алып, онымен жүктің 70 пайыздан астамы тасымалданып, ол жүк айналымының 10пайызын орындайды. Көліктің бұл түрі аудан ішілік және шаруашылық аралық байланысты орындап, негізінде темір жорл станцияларына астық, мұнай өнімі, құрылыс материалдары, халықтың тұтыну заттары жеткізіледі.

    Жүк айналымының 80 пайызы темір жол көлігіне келеді. Аудан шаруашылығында , оның байланысын жүзеге асыруда Ұлы Сібір, Оңтүстік және Орта Сібір ендік бағыттарғы және ТрансҚазақстан меридиандық бағыттағы темір жолдар маңызды орын алады. Сонымен бірге аталынған негізгі магистралдардан ауданның ішкі бөліктеріне таралған темір жол тармақтары бар.

     Аудан аумағымен тасымалданатын жүктің басымы транзиттік болып, ендік бағыттағы темір жолдадға Кузбасс және Қарағанды көмірін Оралға тасымалдайтын ең  ауыр жүк тасымалы келеді. Темір жолмен тасыиалданатын жүктердің басымы темір рудасы, тас көмір және астық. Ауданның сыртқа шығарылатын жүктер әкелуден басым. Ауданға әкелінетін жүктерге тас көмір, минералдық құрылыс материалдары, ағаш, мұнай және мұнай өнімдері жатады.

Ауданның көлік  байланысында  Ертіс өзені елеулі орын алып, ол арқылы құрылыс материалдары, астық, тұз сыртқа шығарылып, өзіне  мұнай өнімдері әкелінеді. Ертіс  өзенімен жолаушы тасымалы да жүзеге асады.

     Солтүстік Қазақстанның облысы мен оның орталығы – Петропавлоск қаласының экономикасының дамуына бұрыннан қалыптасқан көліктік – экономикалық байланысар көп әсер етті. Облыс аумағынан 1894 жылы пайдалануға берілген омбы темір жолы деп аталған трассібір темір жолы магистралінің тармағы өтті. Одан кейінгі уақытта облыс жері бойынша көптеген темір жолы және автомибиль жолдары салынды, әуе жолы мен көлік түрлерінің географиясы түгелдей өзгерді. Қазіргі кезде облыс аумағын ендік бағытта Оңтүстік Сібір және Қостанай – Көкшетау – Қарасу темір жолдары, ал бойлық бағытта Қорған – Новоишим, ТрансҚазақстан және Булаев – Молодогвардейск темір жолы есіп өтеді. Автомобиль жолдарының маңыздылары: Петропавлоск – Қостанай, Петропавлоск – Көкшетау, Петропавлоск – Сергеевка. Әуе көлігі Петропавлоск қаласын республиканың барлық облыс орталықтарымен байланыстырады. Облыс бойынша жүк және жолаушылар тасымалдауға қызмет ететін 33 кәсіпорын жұмыс істейді. Темір жолдың жалпы ұзындығы883 км, автомобиль жолы 7533 км, өзен жолы 50 км-ді құрайды

      Қостанай көлік кешені Қостанай облысының аумағы арқылы электрлендірілген Астана – Қарталы темір жолы магистралі Қостанай – Тобыл – Жетіқара, Қостанай – Золотая Сопка, Қостанай – Көкшетау, Горняцкое – Қашар – Жаркөл; Тобыл – Красногор темір жолымен Қорған – Пески темір жолының телімі өтеді. Олардың жалпы ұзындығы 1355 км. Негізгі автомобиль жолдары: Қостанай – Троицк, Қостанай – Троебратский, Қостанай – Әулиекөл – Шолақсай – Амагелді, Қостанай – Әулиекөл – Қосағал – Аралкөл – Торғай, Қостанай – Әулиекөл – Есіл – Арқалық, Қостанай- Сарыкөл – Көкшетау. Әуе көлігі облыс орталығы Қостанай қаласын Астана, Алматы және басқа облыс орталықтарымен және көптеген шет ел қалаларымен қосады. Бұхара – Орал газ құбырынан газ тармағын және тобыл мен Есіл өзендерінен су құбырлары жүйелерін тартуға байланысты облыста құбыр тасымалы дамуда.

Павлодар  көлік кешені облыс жерін солтүстігінде батыстан шығысқа қарай орта Сібір мен Орталық өңірінде Оңтүстік Сібір (Маралды – Тұз, Спутник – Ақсу, Корякова – Сольветка) темір жолы басып өтеді. 2002 жылы Ақсу – Конечная темір жолы Шығыс Қазақстан облысындағы Шар қаласына дейін ұзартылды. Оңтүстік Сібір темір жолы бойында павлодар, екібастұз сияқты ірі темір жолы стансалары өсіп қалаыптасты. Темір жолдың ұзындығы 800 км – ден астам. Өзен көлік қатынасы (420 км) ертіс өзені бойынша іске асырылады. Автомобиль жолының ұзындығы 5150 км.

 

2.4. Ірі  қалалары

     Революцияға дейін Солтүстік Қазақстанда бес қала және уезд орталықтары болған. Мұнда қазаіргі уақытта 75-тей қала мен қала үлгісіндегі елді мекендер бар. Жаңа қалалық елді мекендер ескі шағын кеніш қоныстарынан немесе кен байлықтарының жаңа орындарын игеруге байланысты өсіп шыққан. Олардың кейбіреулері бұрынғы ауылдарды қалалық елді мекендерге айналдыру жолымен пайда болған немесе жаңа орында тұрғызылған. Солтүстік Қазақстанның барлық облыс орталықтары әдетте көп қырлы қызметі бар қалалар болып табылады, бірақ мұнда таза өнеркәсіптік қалалар да бар. Мысалы, Рудный және Екібастұз қалаларын атауға болады. Сонымен қатар темір жол көлігіне қызмет көрсете отырып, аудандық  әкімшілік орталықтарының қызметін де атқаратын қалалар бар. Қала үлгісіндегі мекендердің көпшілігі темір жол бойындағы станциялық қоныстардан өсіп шыққан.

      Астана (277 мың тұрғыны бар) – республиканың бас қаласы. Қала Есілдің көтеріңкі оң жағасына, өте маңызды екі темір жол магистралінің қиылысында орналасқан. Қазақстан аралық Петропавл – Қарағанды – Шу темір жол магистралі республиканың солтүстігі мен оңтүстігін байланыстырады және оңтүстік Сібір темір жол магистралі Оралды Қазақстанмен және Батыс Сібірмен жалғастырады.

     Астана 1824 жылы есілдегі әскери бекіініс ретінде пайда болған, ал 1868 жылы қала мәртебесін алған. Қала географиялық қолйлы жерде, Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне және оңтүстік – шығысына қарай өтетін керуен жолдарына да орналасқандықтан, қысқа мерзім ішінде Дала өлкеісінің ірі сауда орталығына айналды. Ол кезде Қазақстанның бүкіл солтүстік бөлігі Дала өлкесі аталатын. Қазақтар бұл жерге Омбы, Ташкент, Қарқаралы жақтан сатуға мал, жүн мен тері әкелсе, қоныс аударған орыс және украин шаруалары маңайындағы қыстақтардан астық, ағаш, қара май, көмір жеткізетін. Қала өнеркәсібі, негізінен, ауылшаруашылық шикізаттарын ұқсатумен айналысатын.

    Қазан революциясынан кейінгі жылдары Астана қауырт өсті. Оған қазақстанаралаық және Оңтүстік Сібір темір жолдарының салынуы айтарлықтай әсер етті. 50 – жылдардың ортасында Астана  Қазақстанның солтүстігінде тың және тыңайған жерлерді игеруде негізгі ұйымдастырушы орталықтардың бірі еді, ал 1997 жылдың желтоқсан айынан бері республиканың бас қаласы, саяси орталығы болды.

Информация о работе Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік экономикалық аудандастыруға сипаттама